Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына, облыс әкімдігінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 113 «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қайта құрылуы туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 156 «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымда «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтағы «және индустриялық-инновациялық даму» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтағы «облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Қ.Әбдібековке» деген сөздер «облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтағы «және индустриялық-инновациялық даму» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтағы «қосымшасына» деген сөздің алдына «1-» деген санмен толықтырылсын;
регламенттің қосымшасындағы «қосымша» деген сөздің алдына «1-» деген санмен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын «8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов
Облыс әкімдігінің
2014 жылы 20 мамырдағы № 156
қаулысына 2-қосымша
Облыс әкімдігінің
2014 жылы 8 тамыздағы № 287
қаулысына қосымша