Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 тамызда № 4010 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) "Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

      
Облыс әкімі                                      А. Мұхамбетов





Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысымен бекітілген

"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық және Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру басқарманың және бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызмет алушылардың банктік есепшотына аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартынының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      - көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетін өтінімдерімен бірге қабылдайды (отыз минуттан артық емес);
      нәтижесі - Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша талон береді;
      - өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (үш жұмыс күнi iшiнде);
      нәтижесі - ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарауына енгiзедi;
      2) ВАК:
      - бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (үш жұмыс күнi iшiнде);
      - өскіндердің болуын шолып тексереді (екi апта мерзiмде);
      - тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (үш жұмыс күнi iшiнде);
      - актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (бес жұмыс күнi iшiнде);
      нәтижесі - оны аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
      3) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (екі жұмыс күні ішінде);
      4) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      - көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi (екi жұмыс күнi iшiнде);
      - басқармаға аудан әкімдері және Ақтөбе қаласының әкімімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (үш жұмыс күнi iшiнде);
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (бес жұмыс күні ішінде).
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      2) басқарманың жауапты орындаушысы;
      3) ведомствоаралық комиссия;
      4) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі.
      7. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсiмнің (әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемада келтірілген.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттерінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 



"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (әрекеттер) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы


 



"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 


 



Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысымен бекітілген

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық және Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру басқарманың және бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызмет алушылардың банктік есепшотына аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартынының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      - көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетін өтінімдерімен бірге қабылдайды (отыз минуттан артық емес);
      нәтижесі - Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша талон береді;
      - өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (үш жұмыс күнi iшiнде);
      нәтижесі - ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарауына енгiзедi;
      2) ВАК:
      - бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (үш жұмыс күнi iшiнде);
      - өскіндердің болуын шолып тексереді (екi апталық мерзiмде);
      - тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (үш жұмыс күнi iшiнде);
      - актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (бес жұмыс күнi iшiнде);
      нәтижесі - оны аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
      3) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (екі жұмыс күні ішінде);
      4) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      - көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi (екi жұмыс күнi iшiнде);
      - басқармаға аудан әкімдері және Ақтөбе қаласының әкімімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (үш жұмыс күнi iшiнде);
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы тізімдеме қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (бес жұмыс күні ішінде).
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      2) басқарманың жауапты орындаушысы;
      3) ведомствоаралық комиссия;
      4) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі.
      7. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсiмнің (әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемада келтірілген.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттерінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 



"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (әрекеттер) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы


 



"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 


 



Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысымен бекітілген

"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық және Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру басқарманың және бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызмет алушылардың банктік есепшотына аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартынының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      - көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетін өтінімдерімен бірге қабылдайды (отыз минуттан артық емес);
      - көрсетілетін қызметті алушының өтінімі немесе құжаттар көшірмелері келіп түскен күнінен бастап, ұсынылған өтінімдер мен құжаттар көшірмелерінің толықтығын тексереді (он жұмыс күні ішінде);
      - ұсынылған өтінімдердің немесе құжаттар көшірмелерінің толықтығын тексеру аяқталғаннан кейін, бюджеттік субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады (бес жұмыс күні ішінде);
      нәтижесі - оны аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
      2) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі аудан (Ақтөбе қаласы) бойынша тiзбені бекітеді (үш жұмыс күні ішінде);
      нәтижесі - бөлім аудан (Ақтөбе қаласы) бойынша бекітілген тізбені бір күн мерзімде басқармаға жібереді;
      3) Басқарманың жауапты орындаушысы:
      - аудандар (Ақтөбе қаласы) бойынша тізбелерді қарайды (бес жұмыс күні ішінде);
      нәтижесі - облыс бойынша бюджеттік субсидиялар алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылардың алдын ала тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;
      4) Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК):
      - егістікті тексеріп, құжаттардың сәйкестігін анықтайды, көпжылдық екпелерді отырғызу актісін және екпелерді тексеру актісін жасайды (айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде);
      - бюджеттік субсидиялар алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылардың түпкілікті тізбелерін қалыптастырады (тоқсан сайын, айдың 15-күніне дейінгі мерзімде);
      нәтижесі – бөлім көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін және түпкілікті тізбелерін аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
      5) Аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі аудан (Ақтөбе қаласы) бойынша түпкілікті тізбелерді бекітеді (үш жұмыс күні ішінде);
      нәтижесі – бөлім бір күн мерзімде аудан (Ақтөбе қаласы) бойынша бекітілген түпкілікті тізбелерді және әрбір көрсетілетін қызметті алушы бойынша басқа да қажетті құжаттарды басқармаға жібереді;
      6) Басқарманың жауапты орындаушысы:
      - көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін қарайды (он бес жұмыс күні ішінде);
      - көрсетілетін қызметті алушылардың бюджеттік субсидиялар алу үшін түпкілікті тізбесін жасайды (үш жұмыс күні ішінде);
      нәтижесі – оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;
      - өтінімдер берген көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны, теріс шешім болған жағдайда – өтінімді қайтару себебін көрсете отырып жібереді (үш жұмыс күні ішінде);
      - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған растаушы құжаттардың негізінде бюджеттік субсидиялар төлеу үшін ведомості қалыптастырады (үш жұмыс күні ішінде);
      - облыс бойынша бюджеттік субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкілікті тізбесін облыс әкімі бекіткеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (үш жұмыс күні ішінде);
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      2) басқарманың жауапты орындаушысы;
      3) ведомствоаралық комиссия;
      4) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі.
      7. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсiмнің (әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемада келтірілген.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттерінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 



"Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (әрекеттер) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы


 



"Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 


 



Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысымен бекітілді

"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық және Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру басқарманың және бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекетінің тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (бұдан әрі – Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіз болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны.
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      қызмет алушыдан өтінімдерді құжаттардың толық пакетін қабылдап алады және өтінімнің қабылданғаны туралы талон береді (30 минут);
      нәтижесі - өтінімнің қабылданғаны туралы талон береді;
      өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап оларды өңдеуді жүзеге асырады және ведомстоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына береді (10 жұмыс күні);
      нәтижесі – ВАК-тың қарауына береді;
      2) Ведомствоаралық комиссия:
      бөлім ұсынған құжаттарды қарайды және тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, қызмет алушылардың тізімін қалыптастырады (8 жұмыс күні);
      3) Аудан әкімі:
      қызмет алушылардың тізімін бекітеді (2 жұмыс күні);
      нәтижесі - қызмет алушылардың тізімінің бекітілуі;
      4) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      аудан әкімі қызмет алушылардың тізімін бекіткеннен кейін оны басқармаға береді (3 жұмыс күні);
      нәтижесі –қызмет алушылардың тізімін басқармаға береді;
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы:
      жиынтық тізілімін жасайды, қызмет алушыларға тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актіні жібереді (3 жұмыс күні);
      нәтижесі - қызмет алушыларға тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актіні жібереді;
      субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін береді (3 жұмыс күні);
      нәтижесі - аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімінің берілуі;
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      - бөлімнің жауапты орындаушысы;
      - басқарманың жауапты орындаушысы;
      - ведомствоаралық комиссия;
      - аудан әкімі;
      - аумақтық қазынашылық бөлімшесі;
      7. Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (әрекеттің) өту блок-схемасымен осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес сүйемелденеді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығына сәйкес осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 



"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметтің Регламентіне 1-қосымша

Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (әрекеттің) өту блок-схемасы


 



"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 


 



Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысымен бекітілді

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрстілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық және Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру басқарманың және бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекетінің тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (бұдан әрі – Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіз болып табылады.
      Құжаттар тізбесін қабылдау стандарттың 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны.
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      қызмет алушыдан өтінімдерді құжаттардың толық пакетін қабылдап алады және өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат береді (30 минут);
      нәтижесі - өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат береді;
      өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап оларды өңдеуді жүзеге асырады және ведомстоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына береді (10 жұмыс күні);
      нәтижесі – ВАК-тың қарауына береді;
      2) Ведомствоаралық комиссия:
      бөлім ұсынған құжаттарды қарайды және тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, қызмет алушылардың тізімін қалыптастырады (8 жұмыс күні);
      3) Аудан әкімі:
      қызмет алушылардың тізімін бекітеді (2 жұмыс күні);
      нәтижесі - қызмет алушылардың тізімінің бекітілуі;
      4) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      аудан әкімі қызмет алушылардың тізімін бекіткеннен кейін оны басқармаға береді (3 жұмыс күні);
      нәтижесі –қызмет алушылардың тізімін басқармаға береді;
      5) Басқарманың жауапты орындаушысы:
      жиынтық тізілімін жасайды, қызмет алушыларға тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актіні жібереді (3 жұмыс күні);
      нәтижесі - қызмет алушыларға тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актіні жібереді;
      субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін береді (3жұмыс күні);
      нәтижесі - аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімінің берілуі;
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      - бөлімнің жауапты орындаушысы;
      - басқарманың жауапты орындаушысы;
      - ведомствоаралық комиссия;
      - аудан әкімі;
      - аумақтыққазынашылық бөлімшесі;
      7. Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (әрекеттің) өту блок-схемасымен осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес сүйемелденеді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығына сәйкес осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
 



"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметтің Регламентіне 1-қосымша

Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (әрекеттің) өту блок-схемасы


 



"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы