Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 «Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса беріліп отырған:
1)
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2)
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3)
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4)
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5)
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6)
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
4.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. Р.Кемалова
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 233 қаулысымен бекітілді
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау
4.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекеттер) бастау үшін негіздеме еркін нысандағы өтініш болып табылады.
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдау мен оларды тіркеуді жүзеге асырады;
2)
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 15 (он бес) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады.
Нәтиже - баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін сипаттау
6.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
7.
Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденеді.
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттерінің, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет–ресурсында орналастырылды.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттерінің) реттілігін сипаттау
блок-схемасы

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік; көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекеттері;

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 233 қаулысымен бекітілді
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру:
1)
көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
3.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» білім беру ұйымына қабылданғаны туралы, көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама келеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау
4.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекеттер) бастау үшін негіздеме еркін нысандағы өтініш болып табылады.
порталға - көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
портал арқылы жүгінген кезде білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама алу үшін – бес жұмыс күні ішінде;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
бірінші сыныпқа – 1 маусымнан бастап 30 тамыз аралығында.
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 (он) минут ішінде қабылдау мен оларды тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына құжаттарды бұрыштама салуға жолдайды;
2)
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 5 (он бес) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтиже – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды жолдау.
3)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) минут ішінде түскен құжаттарды қарап, қолхат немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты рәсімдейді.
Нәтиже – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қолхат немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты қол қоюға жолдайды;
4)
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 5 (бес) минут ішінде қолхатқа немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды.
Нәтиже – қол қойылған қолхатты немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
5)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 (он бес) минут ішінде қолхатты немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты тіркейді және мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Нәтиже – қолхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін сипаттау
6.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7.
Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде өзара әрекет жасасу тәртібін, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігі тәртібін сипаттау:
1)
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) әне парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен қызмет алушы порталға тіркелуді жүзеге асырады;
9)
1-үдеріс – қызметті алу үшін порталда қызмет алушы ЖСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
10)
1-шарт – ЖСН және пароль арқылы тіркелген қызмет алушының мәліметтерінің дұрыстығын порталда тексеру;
11)
2-үдеріс - қызмет алушының құжаттарында бұзушылықтың болғандығына байланысты, авторизациядан бас тарту жөнінде порталда хабарламаны қалыптастыру;
12)
3-үдеріс – қызмет алушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін экранға сұраныстың нысаны шығарылады және де үлгі талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, қызмет алушы нысанды (мәліметтерді енгізу) толтырады, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар көшірмелерінің электрондық түрінде сұраныс нысанына жалғайды, сонымен қатар сұранысты куәландыру үшін қызмет алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;
13)
2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сонымен бірге сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН аралығын) тексеру;
14)
4-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ расталмағандығына байланысты, сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
15)
5-үдеріс – қызмет алушының сұранысын өңдеу үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұранысы) автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жолдау;
16)
3-шарт – қызмет беруші Стандартта көрсетілген қызмет көрсетуге негіз болатын қызмет алушының жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексереді;
17)
6-үдеріс – қызмет алушының құжаттарында бұзушылықтың болғандығына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
18)
7-үдеріс – қызмет алушы порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша анықтама) алады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызмет берушінің құзырлы тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекетінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасында көрсетілген.
9.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттерінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет–ресурсында орналастырылды.
«Бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім
берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық ағыныстылығына
қарамастан білім беру
ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттерінің) реттілігін сипаттау
блок-схемасы

«Бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім
берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру
ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының графикалық нысандағы диаграммасы

«Бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім
берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру
ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік; көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекеттері;

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 233 қаулысымен
бекітілді
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып құжаттарды қабылдау туралы қолхат табылады (еркін нысанда).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін
көрсетілетін қызметті алушының өтініші (еркін нысанда) негіз болып табылады.
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
1)
қызметті берушінің жауапты орындаушысы қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді (15 минуттан аспайды);
2)
қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (1 сағаттан аспайды);
3)
жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттарды қабылдау туралы қолхат дайындайды (15 минуттан аспайды);
Нәтиже – қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7.
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
8.
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара байланысы осы регламенттің 2-қосымшасындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығына сәйкес көрсетілген. Бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсында орналастырылады.
«Бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарына
денсаулығына
байланысты ұзақ уақыт
бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке
тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін
құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік
көрсетілетін қызметіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың
блок-схемасы

«Бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарына
денсаулығына
байланысты ұзақ уақыт
бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке
тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін
құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік
көрсетілетін қызметіне
2-қосымша
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 233 қаулысымен бекітілді
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1.
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) арнайы білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініші (еркін нысанда) негіздеме болып табылады.
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 5 минут ішінде құжаттарды қабылдау, тіркеу жұмыстарын жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды.
Нәтиже – көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2)
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (5 минут ішінде) құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны анықтайды және оған көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жолдайды.
Нәтиже – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жауапты орындаушыны анықтауы және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жолдауы;
3)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы 10 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі бойынша бұйрық жобасын дайындайды.
Нәтиже –көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау;
4)
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 минут ішінде қабылдау туралы бұйрыққа қол қояды.
Нәтиже – қызмет берушінің басшысының қолы қойылған қабылдау туралы бұйрық;
5)
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 5 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруі.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2)
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1–қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Арнайы жалпы білім
беретін оқу
бағдарламалары бойынша
оқыту үшін
мүмкіндіктері шектеулі
балалардың құжаттарын
қабылдау және арнайы
білім беру ұйымдарына
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың
блок-схемасы

«Арнайы жалпы білім
беретін оқу
бағдарламалары бойынша
оқыту үшін
мүмкіндіктері шектеулі
балалардың құжаттарын
қабылдау және арнайы
білім беру ұйымдарына
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 233 қаулысымен
бекітілді
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1.
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші (еркін нысанда) болып табылады.
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
1)
қызметті берушінің жауапты орындаушысы (2 минуттан артық емес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 4-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді;
Нәтиже - қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру.
2)
қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (3 минуттан артық емес);
3)
қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, қызметті алушыға қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрығын немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты дайындайды (5 минуттан арттық емес).
4)
қызметті берушінің басшысы қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрығы немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды (5 минуттан артық емес).
Нәтиже – қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын мемлекеттік қызметті көрсетуші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1)
қызметті берушінің басшысы;
2)
қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1–қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жұмыс берушінің құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекет етуінің бірізділігін нақты сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасы жұмыс берушінің интернет–ресурсында орналастырылады.
«Балаларға қосымша
білім беру бойынша
қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
Рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау блок-схемасы

«Балаларға қосымша
білім беру бойынша
қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға
қабылдау» регламентіне 2-қосымша
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасы

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары.

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 233 қаулысымен
бекітілді
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 .Жалпы ережелер
1.
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші (еркін нысанда) болып табылады.
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
1)
қызметті берушінің жауапты орындаушысы (15 минуттан артық емес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 4-тармағына сәйкес қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді;
Нәтиже - қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру.
2)
қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (1 жұмыс күнінен артық емес);
3)
қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты дайындайды (13 жұмыс күнінен артық емес);
4)
қызметті берушінің басшысы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды (1 жұмыс күнінен артық емес).
Нәтиже – қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын мемлекеттік қызметті көрсетуші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1)
қызметті берушінің басшысы;
2)
қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1–қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жұмыс берушінің құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекет етуінің бірізділігін нақты сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасы жұмыс берушінің интернет–ресурсында орналастырылады.
«Аз қамтылған
отбасылардағы
балалардың қала
сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде
демалуы үшін құжаттар
қабылдау және жолдама
беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
Рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау блок-схемасы

«Аз қамтылған
отбасылардағы
балалардың қала
сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде
демалуы үшін құжаттар
қабылдау және жолдама
беру» мемлекеттік
қызмет көрсету
регламентіне 2-қосымша
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамасы

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары.




