Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
2.
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс бірінші әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
А.Мұхамбетов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің |
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Критерий атауы | Иеліктен шығару түрі |
---|---|---|
1 |
Мынадай критерийлер болған жағдайда: |
Сауданы аукцион формасында өткізу |
2 |
Мынадай критерийлер болған жағдайда: |
Коммерциялық тендер формасында саудаларды өткізу |
3 |
Алып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). |
|
4 |
Мынадай критерийлер болған жағдайда: |
Тікелей адрестік сату |
5 |
Мынадай критерий болған жағдайда: |
Қор биржасында саудаларды өткізу |