Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 4520 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXХVI (кезектен тыс)
      сессиясының төрағасы                       Қ.Байбуров

      Аудандық мәслихат
      хатшысының
      міндеттерін атқарушы                       Ж.Бектұров

      КЕЛІСІЛДІ

      Бурабай ауданының әкімі                    Т.Ташмағамбетов

Бурабай аудандық мәслихаттың  
2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/10
шешімімен бекітілген     

Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің әкімі шақырады.
      Бурабай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
      5. Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округі шегінде бөлек жиынды өткізуді Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округі ауылдарының ауыл тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
      7. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы  Кенесары ауылдық округі ауылдарының ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағиданың қосымшасына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы  Кенесары ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Бурабай ауданы Кенесары    
ауылдық округінің бөлек    
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу қағидасына қосымша   

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны

Елді мекеннің атауы

Бурабай ауданының Кенесары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің  Кенесары ауылы

5

Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің  Баянбай селосы

3

Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің  Брусиловка ауылы

1