РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 01-30-309 ұсынысы негізінде, Тайбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі Тайбай ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап қүшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тайбай ауылдық
округінің әкімі Ж.А.Жаншуаков