"Ақмола облысы Степногорск қаласының, Ақкөл, Ерейментау және Шортанды аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы" Ақмола облысының әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № А-3/149 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-12-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № А-10/517 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 5С-31-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 желтоқсанда № 4493 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Ақмола облысы Степногорск қаласының, Ақкөл, Ерейментау және Шортанды аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № А-3/149 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-12-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 тіркелген, 2013 жылдың 27 сәуірінде «Арқа ажары» газетінде, 2013 жылдың 27 сәуірінде «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      5 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «5. Ақкөл, Ерейментау аудандары Қырық құдық ауылын, Изобильное селосын әкімшілік-аумақтық бірліктер ретінде есептік деректерден шығарсын және жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін».
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сиссиясының төрағасы                       Т.Болатов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Н.Дьячек