Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № А-10/510 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 желтоқсанда № 4490 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.12.2015 № А-12/572 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. «Атбасар, Восточный, Бұланды зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3256 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2008 жылғы 22 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин