РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10, 11 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Занының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Көкшетау қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Ақмола облыстық мәслихатының "Көкшетау қаласының жерлерін аймақтау схемасы мен тузету коэффициенттерін бекіту туралы" 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № C-22-6 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1508 тіркелген, "Арқа ажары" газетінде 2003 жылдың 4 наурызында № 29 және "Акмолинская правда" газетінде 2003 жылдың 20 ақпанында № 21 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Л.Багапова |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Н.Дьячек |
Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-6 шешіміне қосымша |
Ақмола облысы Көкшетау қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтардың шекаралары мен түзету коэффициенттері
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақмола облыстық мәслихатының 06.09.2019 № 6С-37-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аймақтың № | Бағалау аймақтардың шекаралары | түзету коэффициенттері |
1 | Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің су қорғау аймақтары | 2,0 |
2 | (I-I) Е.Н.Әуелбеков көшесі А.Пушкин көшесінің қиылысына дейін, А.Пушкин көшесінің бойымен П.М.Капцевич көшесінің қиылысына дейін, П.М.Капцевич көшесінен бастап Буденный көшесінің қиылысына дейін, Буденный көшесінің бойымен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесінің бойымен Ж.Ташенов көшесінің қиылысына дейін, Ж.Ташенов көшесінің бойымен Жамбыл Жабаев көшесінің қиылысына дейін, Жамбыл Жабаев көшесінің бойымен Ілияс Есенберлин көшесінің қиылысына дейін, Ілияс Есенберлин көшесінің бойымен П.М.Капцевич көшесінің қиылысына дейін, П.М.Капцевич көшесінің бойымен Н.Вавилов көшесінің қиылысына дейін, Н.Вавилов көшесінің бойымен Дзержинский көшесінің қиылысына дейін. | 2,0 |
3 | (II-1) Жамбыл Жабаев көшесі І.Есенберлин көшесінің қиылысына дейін, І.Есенберлин көшесінің бойымен П.М.Капцевич көшесінің қиылысына дейін, П.М.Капцевич көшесінің бойымен Сәкен Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін, Сәкен Сейфуллин көшесінің бойымен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Ш.Уәлиханов көшесінің бойымен Кенесары Қасымұлы көшесінің қиылысына дейін, Кенесары Қасымұлы көшесінің бойымен Жамбыл Жабаев көшесінің қиылысына дейін, Жамбыл Жабаев көшесінің бойымен Н.Вавилов көшесінің қиылысына дейін, Н.Вавилов көшесінің бойымен Сырымбет көшесінің қиылысына дейін, Сырымбет көшесінің бойымен Кенесары Қасымұлы көшесінің қиылысына дейін, Кенесары Қасымұлы көшесінің бойымен Проектируемая көшесінің қиылысына дейін, Проектируемая көшесінің бойымен Жеңіс көшесінің қиылысына дейін, Жеңіс көшесінің бойымен Садовая көшесінің қиылысына дейін, Садовая көшесінің бойымен 40 лет Октября көшесінің қиылысына дейін, 40 лет Октября көшесінің бойымен Гвардейская көшесінің қиылысына дейін, Гвардейская көшесінің бойымен Шахмет Құсайынов көшесінің қиылысына дейін, Шахмет Құсайынов көшесінің бойымен Жұмабек Ташенов көшесінің қиылысына дейін, Жұмабек Ташенов көшесінің бойымен Жамбыл Жабаев көшесінің қиылысына дейін. | 1,90 |
4 | (II-2) Жұмабек Ташенов көшесі Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Ш.Уәлиханов көшесінің бойымен Шахмет Құсайынов көшесіне дейін, Шахмет Құсайынов көшесінің бойымен Жұмабек Ташенов көшесінің қиылысына дейін. | 1,95 |
5 | (II-3) Н.Вавилов көшесі Қопа көлінің су қорғау аймағына дейін, су қорғау аймағының шекарасы бойымен Көкшетау – Қостанай автотрассасының жанымен "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасына дейін, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасы бойымен Көкшетау – Зеренді автотрассасына дейін, Көкшетау – Зеренді автотрассасының бойымен Н.Вавилов көшесіне дейін. | 1,65 |
6 | (ІІ-4) Аймақ Т.Сүлейменов көшесінің жанымен, Центральный және Васильковский шағын аудандары енгізіле отырып, Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің су қорғау шекарасының бойымен орналасқан. | 1,95 |
7 | (ІІІ-1) Кенесары Қасымұлы көшесі Сырымбет көшесімен қиылысқанға дейін, Сырымбет және Н.Вавилов көшелерінің бойымен Көкшетау – Зеренді автотрассасына дейін, Көкшетау – Зеренді автотрассасы бойымен "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі шекарасының бойымен және айналым жолының бойымен Кенесары Қасымұлы көшесінің қиылысына Сырымбет көшесінің қиылысына дейін. | 1,55 |
8 | (ІІІ-2) Кенесары Қасымұлы көшесі Проектируемая көшесінің қиылысына дейін, Проектируемая көшесінің бойымен Жеңіс көшесінің қиылысына дейін, Жеңіс көшесінің бойымен Садовая көшесінің қиылысына дейін, Садовая көшесінің бойымен – 40 лет Октября көшесінің қиылысына дейін, 40 лет Октября көшесінің бойымен Гвардейская көшесінің қиылысына дейін, Гвардейская көшесімен Шахмет Құсайынов және Біржан сал көшелерінің қиылысына дейін, Біржан сал көшесінің бойымен Солнечная көшесінің қиылысына дейін, Солнечная көшесінің бойымен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысына дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойымен айналым жолға дейін, айналым жолдың бойымен Кенесары Қасымұлы көшесінің қиылысына дейін. | 1,20 |
9 | (ІІІ-3) Шахмет Құсайынов көшесі Жұмабек Ташенов көшесінің қиылысына дейін, Жұмабек Ташенов көшесінің бойымен айналым жолының қиылысына дейін, айналым жолының бойымен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысына дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойымен Солнечная көшесінің қиылысына дейін, Солнечная көшесінің бойымен Біржан сал көшесінің қиылысына дейін, Біржан сал көшесінің бойымен Шахмет Құсайынов көшесінің қиылысына дейін. | 1,55 |
10 | (ІІІ-4) Ш.Уәлиханов көшесі айналым жолға дейін, айналым жолдың жанымен "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасына дейін, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасының жанымен Демещенко көшесінің қиылысына дейін, Демещенко көшесінің бойымен Шахмет Құсайынов көшесінің қиылысына дейін, Шахмет Құсайынов көшесінің бойымен Ш.Уәлиханов көшесіне дейін жалғасады. | 1,35 |
11 | (ІІІ-5) Аймақ Көкшетау – Красный Яр автожолының, "Маяк" баубақша серіктестігінің, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Көкшетау – Қостанай автожолы арасында орналасқан. | 1,15 |
12 | (ІV-1) Аймақ темір жол шекарасының жанымен өтеді, Чайкина көшесінің бойымен Кошевой көшесінің қиылысына дейін, Кошевой көшесінен Застанционный кентінің Никитин көшесінің қиылысына дейін. | 1,40 |
13 | (IV-2) Бірлік шағын ауданы "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасына дейін. | 1,25 |
14 | (IV-3) Аймақ Көкшетау – Зеренді айналым автожолының бойымен "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шекарасына дейін өтеді. | 1,15 |
15 | (IV-4) Аймаққа жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан Сарыарқа шағын ауданы кіреді. | 1,55 |
16 | (ІV-5) Аймаққа Галочья сопка қосымша шаруашылық объектісі енгізілген. | 0,80 |
17 | (ІV-6) Аймақ Шағалалы өзенінің су қорғау аймағының бойымен батыс бағытынан бастап өтеді, оңтүстік–шығысынан "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен шекаралас, солтүстік–шығысынан "Маяк" бау-бақша шаруашылығымен және 11 аймақпен шекаралас. | 0,80 |
18 | (І-П) Аймақ Буденный көшесінің бойымен П.М.Капцевич көшесінің қиылысына дейін, П.М.Капцевич көшесінің бойымен А.Пушкин көшесінің қиылысына дейін, А.Пушкин көшесінің бойымен Е.Н.Әуелбеков көшесінің қиылысына дейін, Е.Н.Әуелбеков көшесінің бойымен Мир көшесінің қиылысына дейін, Қылшақты өзенінің су қорғау аймағының шекарасына дейін, "Канди – Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шекарасынан Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Ш.Уәлиханов көшесінің бойымен Буденный көшесінің қиылысына дейін өтеді. | 1,65 |
19 | (ІІ-П) Аймақ "Жеке Батыр" базарының, гараждар мен қазақ педагогикалық колледжінің аудандарын қамтиды. | 1,55 |
20 | (ІІІ-П) Аймақ оңтүстік жағынан Қылшақты өзенінің су қорғау аймағы жанымен, батыс жағынан Т.Сүлейменов көшесінің бойымен қала шекарасына дейін, шығыс жағынан қаланың шекарасынан темір жол жанынан өтеді. | 1,55 |
21 | (IV-П) Аймақ солтүстік–батыс жағынан темір жолдың жанынан өтеді, 12 аймақпен шекаралас, шығыс жағынан 13 аймақпен, "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мекемесімен шекаралас, оңтүстік жағынан Қылшақты өзенінің су қорғау аймағының жанынан өтеді. | 1,55 |
22 | Темір жол аумағына кіретін аймақ | 1,65 |
23 | Станционный кенті | 1,95 |
24 | Шағалалы өзенінің су қорғау аймағын ескермегенде Краснояр ауылдық округінің Красный Яр ауылы. | 1,95 |
25 | Краснояр ауылдық округінің Шағалалы өзенінің су қорғау аймағына кіретін аумақ, соның ішінде бұрынғы Чайкино кентінің аумағын қамтиды. | 2,0 |
26 | Краснояр ауылдық округінің Кызыл жулдыз ауылы | 0,90 |