"Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № А-7/359 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қыркүйекте № 4347 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің   
2014 жылғы 12 тамыздағы № А-7/359
қаулысымен бекітілді     

«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт
басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде осы Ережеге қосымшада көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
      3. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекеме өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі,11а.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.
      15. Мiндеттерi:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
      2) спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру;
      3) дене шынықтыру-спорттық ұйымдар үшін мамандардың дайындығын ұйымдастыру және реттеу, олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ мамандарды ұтымды пайдалану, спорттық қозғалысты насихаттау.
      16. Функциялары:
      1) келесі cпорттық разрядтары мен санаттарын беру: спорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi;
      2) спорт түрлерінен облыстық жарыстар өткізу;
      3) спорт түрлерінен облыс құрама командаларының дайындығын және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
      4) облыс аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінің дамытуға қолдау көрсету;
      5)облыстық мамандандырылған оқу-спорттық орындарының қызметін ұйымдастыру;
      6) облыс аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру;
      7) облыстағы спорттық ұйымдарға әдістемелік және кеңестік көмек беру;
      8) облысының аумағында спорттық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін үйлестіру;
      9) Облыс аумағындағы спорттық ұйымдардың жұмысын үйлестіру;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықаралық, өңіраралық спорттық байланыстарды жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен, мамандарымен, жетекші жаттықтырушыларымен және спортшыларымен шарт жасау;
      12) белгіленген тәртіпте дене шынықтыру және спорттық ұйымдардың үздік қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру, оларды медальдармен, белгілермен, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау бойынша ұсыныстар енгізу;
      13) республиканың сыртына шығатын спортшыларға, спорттық ресми делегацияларға осы мәселелерге басшылық етуші ведомстволармен келісіп, іссапарға шығу құжаттарын рәсімдеу;
      14) Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының жобаларын және әкімнің шешімдерін, облыстық бағдарламаларды және облыстың әлеуметтік экономикалық даму жоспарларын әзірлеу;
      15) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
      16) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
      17) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
      18) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      19) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
      20) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
      21) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      22) Спорт клубтарын, мектептерін, секцияларын ашу, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде спорттық іс-шараларды өткізу, ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға спортшыларды даярлау және олардың қатысуы, тиісті инфрақұрылым жасау арқылы ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз етеді;
      23) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      облыстық басқармалар мен ведомстволардан, жергілікті атқарушы органдардан, меншік түріне тәуелсіз ұйымдар мен кәсіпорындардан ақпараттар, мәліметтер сұрау және алу;
      дене шынықтыру мен спортты насихаттау және дамытуға бағытталған бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау;
      кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, олардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету бағдарламаларын бекітуге және үйлестіруге, конференциялар, семинарлар, оқытудың және дене шынықтыру және спорт жөніндегі мамандармен тәжірибе алмасудың басқа да түрлерін ұйымдастыру;
      әкімдіктің, облыс, аудан активтерінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, облыстың мемлекеттік органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
      Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      17. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.
      18. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшының өкiлеттiгi:
      1) «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылық етеді;
      2) Заңға сәйкес «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын, ведомствоға бағынысты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарманың мүддесін қорғайды;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік атқарады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіліктерін анықтайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіннің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ақмола облысы дене шынықтыру
және спорт басқармасының 
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге қосымша     

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік ұйымдарының тiзбесі:

      1. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 1 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 2 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қажымұқан атындағы № 3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Триатлоннан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақкөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Аршалы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Астрахан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Атбасар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұланды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Егіндікөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Еңбекшілдер балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Есіл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жақсы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жарқайың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21.Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Зеренді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қорғалжын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Целиноград балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шортанды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шаңтөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Щучье балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ерейментау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      30. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оқжетпес» футбол клубы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      31. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бурабай» спорт сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      32. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорттың ойын түрлерінен спорт клубы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      33. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      34. «Арлан» кәсіби хоккей клубы жауапкершілігі шектеулі серіктестегі.