Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін (әрі қарай - Басқарма).
2. Басқарма басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 114-2213 қаулысына
қосымша
«Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының әкімі (бұдан әрі – Әкім) анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу саласында іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар жазылған мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі банкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Басқарманың құрылтайшысы Әкімдік болып табылады.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша Басқарма басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны шегінде Әкімдік белгілейді.
7. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
8. Басқарманың толық атауы: «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, қызметтері,
құқықтары мен міндеттері
12. Басқарманың миссиясы Әкім анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізуге бағытталады.
13. Басқарманың міндеттері Әкім анықтаған бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
14. Қызметтері:
1) Әкім анықтаған бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді іске асыру;
2) Электронды мемлекеттік сатып алуларды жүргізу ережесімен белгіленген құжаттардан тұратын мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізуге тапсырыс беруші ұсынған тапсырманы қарастыру;
3) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттарды әзірлеу және бекіту;
4) тапсырыс берушінің өкілдері енетін конкурстық немесе аукциондық комиссия құрамын анықтау және бекіту;
5) конкурстық немесе аукциондық құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
6) мемлекеттік сатып алуларды жүргізу туралы хабарландыру орналастыру;
7) тапсырыс берушіге тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында автоматты түрде тіркелген конкурстық немесе аукциондық құжаттардың техникалық ерекшелігі және (немесе) мемлекеттік салып алулар туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттар алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді бағыттау;
8) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алулар жеңіскерлерін анықтау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайда мемлекеттік сатып алуларға әлеуетті жеткізушілерді алақол қатысушылар деп тану туралы сотқа жүгінулер жолдау;
10) конкурстық құжаттамалар және аукциондық құжаттамалар ережелерін түсіндіру;
11) жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарастыру;
12) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мемлекеттік сатып алулар мониторингін іске асыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.
15. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
1) қаланың даму мақсатын, басымдылығын және стратегиясын анықтау жөніндегі ұсыныстарды Әкімдікке енгізу;
2) өз құзыретінің шегінде бұйрықтарды әзірлеу және қабылдау;
3) шетел елдері жұмысының тәжірибесін тәжірибелі пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттік бағдарламалар немесе Астана қаласының әкімі белгілейтін тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпарат, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары туралы, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің техникалық спецификациясы, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы, тартылған сарапшылар немесе сараптау комиссиясы, сондай-ақ өзге де қосымша ақпаратты сұрау;
5) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
16. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын орындауға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
19. Басқарма басшысының өкілеттігі:
1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
4) Өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;
7) Басқарма жұмысының регламентін бекітеді;
8) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Басқарма қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға Басқарма басшысының бірінші қол қою құқығы бар;
10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөнінде шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады.
Басқарма Басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған басшы жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасарларының бірі атқарады.
20. Басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
21. Басқарманың мүлкі коммуналдық меншікке жатады және ол оған жедел басқару құқығында тиесілі.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқарма бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастырған немесе таратқан жағдайда мүлікті қайта бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.