Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ «Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 256/36-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 тамызда № 828 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ «Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 28 сәуірде № 324 болып тіркелген, 2004 жылғы 8 мамырдағы № 56-57, 2004 жылғы 15 мамырдағы № 59-60 «Вечерняя Астана», 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63, 2004 жылғы 17 шілдедегі № 95-96 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау қағидаларында:
      бүкіл мәтін бойынша «өтемдік көгалдандыру», «өтемдік көгалдандыруға» деген сөздер тиісінше «өтемдік отырғызу», «өтемдік отырғызуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тарауда:
      1-тармақта:
      8), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) санитарлық-қорғаныш аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй – азаматтық мақсаттағы объектілерден бөліп тұратын аумақ;»;
      «12) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары – рұқсат етілген санитарлық кесуге, мәжбүрлі кесуге немесе рұқсат етілмей кесуге ұшыраған, оның ішіне сандық бөлігі, тұқымдық құрамы, көлемі, отырғызудың күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жобалық негізге байланған отырғызғылардың орналасуының кескіндік сызбасы кіретін жасыл желектердің көлемін бірдей өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;»;
      мынадай мазмұндағы 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37) тармақшалармен толықтырылсын:
      «22) ведомстволық нұсқаулық – Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы бекітетін, қала аумағында түгендеу мен орман патологиялық зерттеуді жүргізуді, техникалық қадағалау мен жасыл желектерді құру, қорғау мәселелерін регламенттейтін құжат;
      23) жасыл желектерді мәжбүрлі кесу – елді мекеннің бас даму жоспарын іске асыру және қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келтіру үшін жасыл желектерді кесу;
      24) жасыл құрылыс – қалада жасыл желектердің, өнеркәсіптік және басқа объектілердің ауданын құру, сақтау және ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жүйесі;
      25) жасыл желектерді түгендеу – (тәртіп бойынша ағашты санау) сапалық және сандық сипаттамалардың толық сипаттамасы бар көгалдандыру объектілерін есептеу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жобалық негізде көгалдандырудың әрбір элементінің кескіндік бейнеленуі;
      26) объект (желектің) жай-күйінің (өмірге қабілеттілігі) коэффициенті кесуге ұсынылған объектінің өмірге қабілеттілігін ескеретін жасыл желектердің сапалық жағдайы, оның одан әрі іс–әрекетінің әлеуетті қабілеттілігі;
      27) жасыл алаптардағы ландшафты кесу – қураған, фаутты, төмен декоративтік және рекреациялық әсерге нашар төзімді, ағаш сапасын жақсарту үшін басты жоғары декоративті тұқымның дамуына кедергі болатын ағаштар мен бұталарды кесу;
      28) жасыл желектерді орман патологиялық зерттеу – зиянкестер болуына арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, дің, тамыр жүйесі және бөрікбастың саңырауқұлақ аурулармен зақымдану белгілерін анықтау;
      29) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды өте қатты қысқарту, бүршіктерді сирету және реттеу, ересек ағаштарда кемінде 3,5 метр биіктікте, төбелер мен бұтақтардың кебу салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан сау ағаш діңімен жасарту үшін ағаш діңін кесу;
      30) санитарлық кесу – апаттық жағдайларды туындататын (электрлік желі, газ құбырлары үстінде жататын, ғимарат жабындысын бұзатын, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп туындататын) ауру, кепкен, қураған және зақымданған бұтақтарды жою;
      31) таңдаулы санитарлық кесу – құрғақ, өлі, жел құлатқан, қар құлатқан барлық жастағы ағаштар мен бұталарды кесу, сонымен қатар тамыр ысқышпен, орақпен және басқа да саңырауқұлақ аурулармен зақымданған ағаштарды кесу;
      32) жаппай санитарлық кесу – жасыл алаптарда, саябақтарда, шағынгүлбақтарда жел құлатқан, қар құлатқан, қураған және ауру ағаштардың үлкен көлемі бар (40 пайыздан артық) белгілі бір ауданда өткізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
      33) жеке тұлғалардың аралас аумағы – қалалық аумақтың ортақ пайдалану жерлерімен шекаралас жасыл желектер өсетін жеке тұлғалардың иелігіндегі аумақтардың учаскесі;
      34) жасыл желектерді сақтау – абаттандыру мен құрылыс жұмыстарына түсетін, жасыл желектердің аса құнды тұқымдарын сақтауға бағытталған іс- шаралар кешені;
      35) мамандандырылған ұйым – Жарғысында жасыл желектерді қорғау және күтіп - ұстау жұмыстарын жүргізу қызмет түрі болып айқындалған, қажетті материалдық және білікті еңбек қоры бар шаруашылық етуші субъект;
      36) техникалық қадағалау – жасыл желектерді құру (өтемдік отырғызуды қосқанда), күтіп ұстау, қорғау технологиясын сақтауды және жасыл желектерді отырғызу және күтіп ұстаудың белгіленген технологиясын, ережелерін қадағалау (бақылау);
      37) бөрікбасты түзу – жеке ағаштар, бұталар және қалыптауға келетін желілі желектердің бүршіктері мен бұтақтарын белгілі бір эстетикалық нысанға келтіру мақсатында кесу.»;
      2-тарауда:
      3-тармақтағы «осы Қағиданың 37-1-тармағымен қарастырылған өлшемдерге сәйкестiк негiзiнде Уәкiлеттi органмен белгiленген» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. Қағиданың іс-қимылы қолданыстағы жеке тұрғын үйдің аумағына, азаматтардың саяжай учаскелеріне және қаланың коммуналдық қызметтерінің қарамағындағы зираттардың учаскелеріне және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
      Санитарлық кесу, мәжбүрлі кесу, бөрікбасты түзу, жасарту және жасыл желектерді қайта отырғызу «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында реттелетін республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан басқа, олардың өз қалауы бойынша ортақ табиғат пайдалану тәртібінде, рұқсат беруді ресімдеусіз жүзеге асырылады.»;
      3-тараудың 16-тармағының 6) тармақшасындағы «қалыпты және санитарлық қию» деген сөздер «бөрікбастарды қалыптастыру, іріктемелі және жаппай санитарлық кесу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тарауда:
      20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кепілдік өтемдік отырғызулар және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарының жүргізілуін бақылауды ұйымдастыру;»;
      5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      5-тарауда:
      24-тармақтағы «осы Қағидамен қарастырылған критерийлер негiзiнде жасыл желектердi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен белгiленген» деген сөздер алынып тасталсын;
      29-тармақтағы «әкімшілігіне» деген сөз «әкімі аппаратына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      37 және 37-1-тармақтар алынып тасталсын;
      6-тарауда:
      38-тармақтағы «жоюға» деген сөзден кейін «және көшіріп отырғызуға» деген сөздермен толықтырылсын;
      төмендегі мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
      «39-1. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, мәжбүрлі кесуге, қайта отырғызуға рұқсат алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) қайта салынып немесе қалпына келтіруге жататын объектілер үшін:
      а) уәкілетті орган басшысының атына жасыл желектерді кесуге немесе қайта отырғызуға өтінім берушінің аты-жөні, мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген өтінім;
      б) объект құрылысына (қалпына келтіруге), соның ішінде жеке тұрғын–үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі;
      в) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
      г) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;
      д) өтінім беруші бекіткен және Астана қаласының тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген жасыл желектердің экспликациясы бар өтемдік отырғызу жоспары;
      е) жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмыстарын жүзеге асыру шартымен көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу жөніндегі кепілдік хат;
      ж) мамандандырылған ұйыммен өтемдік отырғызуға жасалған шарт;
      з) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде – мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      и) қайта отырғызылған жасыл желектерді жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмысын жүзеге асыру шартымен кепілдік хат;
      к) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде – қайта отырғызу жұмыстары жүргізілетін қала ауданының шегінде, Астана қаласы тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген қайта отырғызу орны белгіленген жоспардың немесе сызбанұсқаның болуы;
      2) жаңадан салынып жатқан инженерлік желілер үшін:
      а) уәкілетті орган басшысының атына жасыл желектерді кесуге немесе қайта отырғызуға өтінім берушінің аты-жөні, мекенжайы және байланыс телефоны көрсетілген өтінім;
      б) белгіленген тәртіпте келісілген инженерлік желілердің жобасы;
      в) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;
      г) өтінім беруші бекіткен және Астана қаласы тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген жасыл желектердің экспликациясы бар өтемдік отырғызу жоспары;
      д) жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмыстарын жүзеге асыру шартымен көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу жөніндегі кепілдік хат;
      е) мамандандырылған ұйыммен өтемдік отырғызуға жасалған шарт көшірмесі;
      ж) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде – мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      з) қайта отырғызылған жасыл желектерді жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмысын жүзеге асыру шартымен кепілдік хат;
      и) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде – қайта отырғызу жұмыстары жүргізілетін қала ауданының шегінде, Астана қаласы тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген қайта отырғызу орны белгіленген жобаның немесе сызбанұсқаның болуы;
      3) аумақты абаттандыру, сонымен қатар қолданыстағы объектілердің жасыл-желектерінің сапалық және түр құрамын жақсарту және эстетикалық түрге келтіру үшін:
      а) уәкілетті орган басшысының атына жасыл-желектерді кесуге немесе қайта отырғызуға өтінім берушінің аты-жөні, мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген өтінім;
      б) жер учаскесіне құқық беруші құжаттардың көшірмесі;
      в) өтінім беруші бекіткен және Астана қаласы тиісті аудан әкімі аппаратымен келісілген жасыл желектердің экспликациясы бар өтемдік отырғызу жоспары;
      г) жапырақты ағаштарды – бір жыл, қылқан жапырақты ағаш түрлерін – екі жыл күтіп-баптау жұмыстарын жүзеге асыру шартымен көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу жөніндегі кепілдік хат;
      д) мамандандырылған ұйыммен өтемдік отырғызуға жасалған шарт.»;
      40-тармақтағы «және экологиялық зиянның бағасы» деген сөздер алынып тасталсын;
      41-тармақтағы «Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен осы Қағиданың 37-1-тармағымен қарастырылған критерийлерге сәйкестігіне анықталған» деген сөздер алынып тасталсын;
      42-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      43-тармақта:
      2) тармақшадағы «құн алынбайды» деген сөздер «отырғызу қажет емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшасы алынып тасталсын;
      45-тармақтағы «тегін» деген сөз «өтемдік отырғызу есебінсіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
      46-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер құрғақ ағаштар мен бұталарды зерттеу кезінде ағаштардың өлімі қартаюы мен аурулардан емес, жеке немесе заңды тұлғаның кінәсінан болғанын анықтаса, онда өтемдік отырғызу кінәлі тұлғаның есебінен жүргізіледі.»;
      48-тармақтың екінші абзацында «құн», «төленбейді» деген сөздер тиісінше «отырғызу», «талап етілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      54-тармақтың 2-тармақшасындағы «жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен осы Қағиданың 37-1-тармағымен қарастырылған критерийлеріне сәйкестігіне анықталған» деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тарауда:
      55-тармақта:
      «ақшадай немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:
      «55-1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру белгіленген тәртіппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жасыл желектерді қорғау жөніндегі Уәкілетті орган құрылыс, қалпына келтіру немесе ағымдағы жөндеу аймағындағы жасыл желектерді мүмкіндігінше сақтап қалу мақсатында, мүмкіндік болса жасыл желектерді қайта отырғызуға басымдылық беруі керек.»;
      56-тармақтың 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүргізілген жасыл желектерді кесуге өтемдік отырғызу кесекпен бірге биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақ тұқымдас және кесекпен бірге биіктігі кемінде 2,0 метр қылқан жапырақты көшеттерді отырғызу арқылы жүргізіледі.
      Көшеттің жоғары тамыр жүйесінен діңгегінің диаметрі (діңгек бөлігі 1,3 метр биіктікте) 3 сантиметрден кем болмауы керек. Бұл ретте, кесу үшін өтемдік отырғызу екі реттік көлемде жүргізіледі.
      Қала аумағында одан әрі өтемдік отырғызу жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіпте келісілген арнайы учаскелерде (ортақ және арнайы пайдаланатын жерлерде) белгіленді.
      Жалпы және арнайы пайдаланатын жерлерде өтемдік отырғызу жасыл желектерді жалпы пайдалану жерлерде көгалдандыруды, кепілдік күтіп-баптау мен күтіп-ұстауды жүзеге асыратын тек мамандандырылған ұйымдар ғана жүргізеді (шарт негізінде);
      3) қайта отырғызу және өтемдік отырғызу кезінде топырақты құнарлы топыраққа ауыстырумен отырғызу жұмыстарын жүргізуді қарастыру.»;
      56-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұнды екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Жасыл желектер кесуі жүргізілген аумақта бос аудандар болмаған жағдайда, жасыл желектерді қорғау жөніндегі Уәкілетті орган Астана қаласының тиісті аудан әкімінің аппаратымен бірлесіп, одан әрі қарай өтемдік отырғызуды жүргізу үшін арнайы учаскелерді анықтайды.»;
      57- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Өтемдiк отырғызу, кiмнiң тiлегiмен жою жүргiзiлсе, сол азаматтар және заңды тұлғалар қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      Заңсыз жою, құрту, фактілері бойынша айыпкерді анықтау болмаған жағдайда, жасыл желектер табиғи опат болғанда өтемдiк отырғызу қала бюджетінің қаражатынан жүргізілетін болады.
      Өтемдік отырғызуды жасыл желектерді қорғау жөніндегі Уәкілетті органның келісімі бойынша анықтаған мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша азаматтар немесе заңды тұлғалар жүргізе алады.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Отырғызылған жасыл желектер өлген жағдайда, кесу жүргізген мүдделі тұлғалар немесе мамандандырылған ұйым (қолданыстағы кепілдік міндеттеме келісімі бойынша) жасыл желектердің қайталама отырғызуын жүргізеді және отырғызу жүргізілген мезеттен бастап екі жыл бойы оларға одан әрі қарай күтіп –баптауды қамтамасыз етеді.»;
      59-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалар есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстарын (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын, арық желілерін жөндеу және т.б.) іске асыру кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлерге) құрылыс жобаларында жасыл желектерді өтемдік отырғызу бойынша жұмыстары аяқталғаннан кейінгі екі жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын ескере отырып, қаржыландыруды қарастыруы қажет.»;
      Қағидаға «Ағаштар және бұталардың қайта санау тiзiмдемесi» деген 6-қосымшадағы «Өтемдік құны» деген бағанының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Отырғызылатын жасыл желектер саны мен түрлік құрамы».
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы
      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

С. Богатырев С. Есілов