Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 225/31-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 811 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Шешімнің қоса берілген тізбесіне сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «Ереже», «Ережемен», «Ережеде», «Ереженің», «Ережеге», «ережесіне», «ережесінде», «ережесінің», «ережесін» деген сөздер «Қағидасы», «Қағида», «Қағидамен», «Қағидада», «Қағиданың», «Қағидаға», «қағидасына», «қағидасында», «қағидасының», «қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы                            Қ. Жауханов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 27 қаңтардағы 
№ 225/31-V шешіміне    
қосымша           

Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 24 қаңтарында № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 11 «Вечерняя Астана» және 2011 жылғы 27-29 қаңтардағы № 10, 11 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      2. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 439/59-IV «Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 12 сәуірінде № 670 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 45 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 43 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      3. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 48/5-V «Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 31 шілдесінде № 737 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 тамыздағы № 92 «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 4 тамыздағы № 86 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      4. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 64/8-V «Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 2 қазанында № 746 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 қазандағы № 120 «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 9 қазандағы № 114 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      5. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 83/10-V «Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 12 желтоқсанда № 756 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 152 «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      6. Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 118/14-V «Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 24 сәуірде № 774 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 54 «Вечерняя Астана», 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 49 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      7. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 29 қазанында № 652 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашадағы № 135 «Вечерняя Астана», 2010 жылғы 20 қарашадағы № 129 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      8. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 46/5-V «Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 31 шілдесінде № 739 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 тамыздағы № 92 «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 4 тамыздағы № 86 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      9. Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 119/14-V «Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 3 мамырында № 775 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 мамырдағы № 57 «Вечерняя Астана», 2013 жылғы 9 мамырдағы № 52 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      10. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 114/18-IV/ «Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 15 тамызында № 540 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы № 102 «Вечерняя Астана», 2008 жылғы 21 тамыздағы № 99 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      11. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 114/18-IV «Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 357/48-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 3 маусымында № 638 болып тіркелген, 2010 жылғы 10 маусымдағы № 79 «Вечерняя Астана», 2010 жылғы 10 маусымдағы № 74 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).
      12. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 411/54-ІV «Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 114/18-IV «Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 12 қаңтарында № 665 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қаңтардағы № 9 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 22 қаңтардағы № 8 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған).