"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспасөз басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
И. Тасмағамбетов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2014 жылғы "__"________
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
Т. Дүйсенова
2014 жылғы 26 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов
2014 жылғы 13 ақпан
Бекітемін
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Әкімшілік департаменті бастығының лауазымын
уақытша атқарушы
____________ Қ. Шекқалиев
2014 ж. "___" ___________
Тарату есебі:
1. № 5 үлгілік есеп - 593 дана
2. Резерв - 10 дана
Барлығы - 603 дана
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары
департаментінің бастығы
полковник Б. Мұхамеджанов
1 данада терілді
№ 1 дана – ҚР ҚМ ӘД-ге
Орынд. Ж.А. Сәтқұлов
тел. (8-7172) 72-16-06
2014 ж. 17.10.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығымен бекітілген |
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу,
сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Бастапқы әскери даярлықты қорғаныс, денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім беру саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады және тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы адамдарды бастапқы әскери даярлауды бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) 10 және 11-сыныптарында, бірінші-екінші оқу курстарында бастапқы әскери даярлықтың штаттық ұйымдастырушы оқытушылары жүргізеді. Бастапқы әскери даярлық курсы аяқталғаннан кейін оқитындармен оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындар өткізіледі.
Бастапқы әскери даярлық:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, мемлекеттің қорғаныс негіздерін зерделеу;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының арналуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті міндеті ретінде әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру;
3) әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен және тұрмысымен таныстыру;
4) қажетті әскери білімдер мен практикалық дағдыларды алу; төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру мақсатында жүргізіледі.
2. Бастапқы әскери даярлықты жүргізуді, сондай-ақ
оқу-материалдық базаны қалыптастыруды ұйымдастыру
3. Бастапқы әскери даярлықты жүргізуді ұйымдастыру кезінде қорғаныс саласындағы уәкілетті орган:
1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті әскери басқару және білім беру органдарының жастарды бастапқы әскери даярлауды ұйымдастыру және патриоттық тәрбиелеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметін тексеруді жоспарлайды;
2) білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді.
4. Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) оқитындарды бастапқы әскери даярлауды және патриоттық тәрбиелеуді үйлестіруді жүзеге асырады оны жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) бастапқы әскери даярлық бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді, аудио-бейне фильмдерді шығаруға жәрдемдеседі;
3) оқитындарды бастапқы әскери даярлауды жүргізудің және патриоттық тәрбиелеудің оң тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады.
5. Ішкі істер саласындағы уәкілетті орган:
1) адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздерін оқыту бойынша басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, "Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері" курсы бойынша бағдарлама бөлімін, сондай-ақ білім беру ұйымдарын азаматтық қорғаныс мүлкімен жабдықтау табелін әзірлейді.
6. Жергілікті әскери басқару органдары облыстардың, қалалар мен аудандардың аумақтарында:
1) бастапқы әскери даярлық бойынша есептілікті жүргізеді;
2) білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аумақтық органдармен бірлесіп, бір жыл үшін бастапқы әскери даярлықты жүргізу қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің жобаларын және жаңа оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді;
3) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылармен үш күндік оқу-әдістемелік жиындарын және бір күндік әдістемелік сабақтарды, білім беру органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықтың жай-күйін зерделеуді ұйымдастырады және жүргізеді;
4) білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аумақтық органдармен бірлесіп, оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындарды жоспарлайды және ұйымдастырады;
5) патриоттық тақырыптағы ғылыми-танымдық, хроникалық деректі кино, бейнефильмдерді көрсетуді ұйымдастырады;
6) қорғаныс саласындағы уәкілетті органды және жергілікті атқарушы органдарды білім беру ұйымдарындағы бастапқы әскери даярлықтың және патриоттық тәрбиелеудің жай-күйі туралы хабардар етеді;
7) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылар лауазымдарына кандидаттарды тағайындауды және оларды босатуды келіседі;
8) бастапқы әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған әскерге шақырылушылардың тіркеу куәліктеріне тиісті жазбаларды енгізеді.
7. Гарнизондардың бастықтары жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, әскери бөлімдерге, әскери оқу орындарына және жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға бастапқы әскери даярлықты, жастармен патриоттық және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және жүргізуде көмек көрсету үшін білім беру ұйымдарын бекітіп береді.
8. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері, әскери оқу орындарының, жоғары оқу орындары әскери кафедраларының бастықтары:
1) білім беру ұйымдарына бастапқы әскери даярлық және жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша ұдайы қамқорлық көмек көрсетеді;
2) жауынгерлік даярлық үздіктерінің жастармен кездесуін ұйымдастырады, оларды жеке құрамның тұрмысымен, бөлімшелердің
қару-жарағымен және әскери техникасымен таныстырады;
3) қамқорлық көмек ретінде сабақтарды өткізу үшін офицерлерді, сержанттарды (старшиналарды) бөледі;
4) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылармен практикалық, нұсқау беру-әдістемелік және көрсету сабақтарын өткізуде және жастарды патриоттық тәрбиелеуде жергілікті әскери басқару органдарына, білім беру саласындағы аумақтық органдарға көмек көрсетеді.
9. Білім беру ұйымдарының басшылары:
1) жастардың бастапқы әскери даярлығын және оларды патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыруға және оның жай-күйіне жауап береді;
2) жергілікті әскери басқару органдарының келісімі бойынша бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылар лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді және оларды босатуды жүзеге асырады.
Бұл ретте, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылардың лауазымдарын оларды запастағы офицерлермен жасақтау мүмкін болмаған кезде мамандық бойынша жоғары білімі бар, сарбаздар мен сержанттар лауазымдарында әскери қызмет өткерген жақсы даярланған және тәжірибелі запастағы сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылар қатарынан ауыстыра алады. Білім беру ұйымдары осы санаттағы бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушыларды біліктілікті арттыру курстарына жібереді;
3) оқу үдерісін уақтылы жоспарлауды және ұйымдастыруды, бастапқы әскери даярлық бағдарламасын толық және сапалы орындауды қамтамасыз етеді;
4) бастапқы әскери даярлықтың практикалық сабақтарын пысықтау үшін үй-жайлар, алаңдар мен орындар бөледі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 7574 тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықпен және жиһазбен жабдықтау нормаларына сәйкес оқу-материалдық базаны ұдайы жетілдіруге шаралар қабылдайды;
5) ұйымдастырушы оқытушыға оқу-әдістемелік көмек көрсетеді, үйірме жұмыстарын (факультативті) ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
6) ұйымдастырушы оқытушының бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтарды өткізуін, оқушылардың өткен материалды меңгеру сапасын бақылайды, оқу жылы ішінде бір реттен жиі емес бастапқы әскери даярлықтың және жастармен патриоттық жұмыстың жай-күйін талқылайды;
7) бастапқы әскери даярлық бойынша оқытудың басталғаны және аяқталғаны, взводтар мен бөлімшелер командирлерін тағайындау туралы бұйрықтар шығарады;
8) бағыныстылығы бойынша жергілікті әскери басқару және білім беру органдарына бастапқы әскери даярлық және жастармен патриоттық жұмыстың жай-күйі туралы есеп берулерді ұсынады.
10. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы:
1) білім беру ұйымының басшысына бағынады және оқитындардың бастапқы әскери даярлығына, сабақтарды өткізу кезінде белгіленген қағидалар мен қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына жауап береді;
2) оқыту уақытында бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді және факультативті түрде (сабақтан тыс уақытта) әскери іс негіздерін зерделеу жөніндегі үйірмелерге басшылық жасайды;
3) өзінің кәсіби және педагогикалық білімін жүйелі түрде арттырады, әдістемелік дағдыларын жетілдіреді;
4) білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен бірлесіп, оқитындарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
5) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою бойынша алдын ала жұмысты ұйымдастырады;
6) жергілікті әскери басқару органдарына әскери оқу орындарына түсу үшін жасөспірімдерді іріктеу бойынша көмек көрсетеді.
Білім беру ұйымының бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушысы балалармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушымен (директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен), дене шынықтыру мұғалімімен (дене тәрбиесінің жетекшісімен) және сынып жетекшілерімен (өндірістік оқыту шеберлерімен), педагогикалық ұжыммен байланыста жұмыс істейді.
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушының жұмысы сабақ кестесімен, сабақтан тыс уақытта өткізілетін іс-шаралар жоспарымен және білім беру ұйымының басшысы бекіткен оның жеке жоспарымен регламенттеледі.
Функционалдық міндеттерімен көзделмеген және жоспармен бекітілген бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушының жұмысы әрбір жекелеген жағдайда білім беру ұйымының басшысымен келісу бойынша орындалады.
11. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы:
1) бастапқы әскери даярлықтың және "Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері" курсының ерекшелігін ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді;
2) педагогика, психология негіздерін;
3) оқитындардың өмірі мен денсаулығын сақтау қағидаларын;
4) еңбек заңнамасының негіздерін;
5) еңбекті қорғау қағидаларын;
6) сақтандыру жүйесінің ұйымдық құрылымдарын және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды;
7) табиғи және экологиялық зілзала, ірі өндірістік авариялар, апаттар кезінде халықты қорғаудың, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың негізгі қағидаттары мен әдістерін;
8) алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білуі тиіс.
3. Бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу
12. Қыздармен білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлық бағдарламасы бойынша сабақтар ұлдармен бірге, "Медициналық білім негіздері" бөлімі бойынша бөлек өткізіледі. "Әскери іс негіздері" бөлімі бойынша практикалық сабақтарға қыздар тартылмайды.
13. Білім беру ұйымында барлық оқу жылына арналған апталық бастапқы әскери даярлықтан өту жоспары әзірленеді.
Бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтар жалпы сабақ кестесіне енгізіледі және сыныптар мен оқу топтары бойынша өткізіледі. Сыныптар мен оқу топтары взводтар деп аталады және үш бөлімшеге бөлінеді. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оқитындар қатарынан взводтар мен бөлімшелер командирлері тағайындалады.
14. Білім беру ұйымдарында маңызды саяси оқиғаларды және Қазақстан халқының, соғыстар батырлары мен ардагерлерінің жетістіктерін көрсететін патриоттық тақырыптағы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарына қатысты өзекті мәселені қамтитын материалдар ресімделеді.
15. Білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықтың толық курсын бітірген жасөспірімдердің тізімдері қорытынды бағаларымен жасөспірімдердің тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады.
16. Бастапқы әскери даярлық бойынша оқитындардың білімі басқа пәндер сияқты бес балдық жүйе бойынша бағаланады.
Бастапқы әскери даярлық бойынша оқитындар алған жылдық (курстық) бағалар негізінде қорытынды баға (денсаулық жағдайы бойынша бастапқы әскери даярлықтан босатылған адамдарды қоспағанда) орта білімі туралы аттестатқа, колледжді немесе кәсіптік лицейді бітіргені туралы дипломға, дипломға семестрлік және емтихан ведомостарынан үзінді-көшірмеге қойылады.
17. Білім беру саласындағы аумақтық орган жергілікті әскери басқару органымен бірлесіп, бастапқы әскери даярлық және оқитындардың материалды меңгеру сапасы мәселелері бойынша білім беру ұйымының жұмысын тексереді және бағалайды.
18. Білім беру ұйымдарындағы бастапқы әскери даярлықтың, сондай-ақ оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындарды ұйымдастыру және өткізу жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемесінің басшысы акт жасайды және тексеруші комиссия мүшелерінің қатысуымен оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындарды ұйымдастыру мен өткізу бойынша талдау жүргізеді.
19. Тексеру нәтижелері туралы білім беру саласындағы аумақтық органдар орындардағы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етеді.