Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10240 тіркелді

Жаңартылған

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3)тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                        Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 12 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрдің міндетің атқарушы
      ________________ Ұ. Қарабалин
      2015 жылғы 08 қаңтар

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы   
№ 354 бұйрығымен бекітілген   

Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және магистральдық құбырларды (бұдан әрі – МҚ) пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақаулық - жабдықтың, объектінің, құрылыстардың жұмысқа қабілетті күйінің қысқа мерзімде бұзылуы нәтижесінде технологиялық режимнің өзгерісіне ұшырамаған оқиға;
      2) газ үлестіру станциясы (бұдан әрі - ГҮС) - магистральдық газ құбырларының құрамды бөлігі, оған: ғимараттар, жабдықтары, құралдары мен қысымды, тазалауды, иістендіруді және тұтынушыға ұсынар алдында газ мөлшерінің есебін реттеуге арналған жүйелері бар құрылыстар кіреді;
      3) жою - магистральдық құбырларды бөлшектеу және (немесе) қайта бейіндеу және одан әрі пайдалану үшін қоршаған ортаны адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жай-күйге келтіру бойынша іс-шаралар кешені;
      4) жөндеу - магистральдық құбырлардың және (немесе) оның объектілерінің желілік бөлігінде толық немесе жартылай пайдалану ресурсының қалпына келтіру жарамдылығы немесе жұмысқа қабілеттілігі бойынша іс-шаралардың (операциялардың) кешені;
      5) иістендіру жітілігі – тұтынушыға берілетін газдың шығуын анықтау және жою мақсатында газды иістендіру;
      6) компрессорлық станция (бұдан әрі - КС) - магистральдық газ жолының құрамды бөлігі, оған: ғимараттар, құрылыстар, техникалық құрылғылар, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі бойынша газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауды қамтамасыз ететін қысымды жасау және ұстап тұруға арналған жүйе мен құралдар;
      7) құбыр ішін диагностикалау - бұзылмайтын бақылаудың әр түрлі түрлері іске асырылған құбыр ішінің инспекциялық құралдарын (снарядтарын) қолдана отырып құбырлар ақаулары туралы ақпарат алуды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;
      8) құбырлардың ақаулары – құбырларды салу немесе пайдалану, кезінде туындаған қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттар талаптарының шеңберінен шығатын құбыр металы сапасының көрсеткіштері (дәнекерленген тігістің) немесе қабырғасының қалыңдығы, құбырлардың геометриялық немесе құрылымдық параметрлерінің ауытқуы;
      9) құбырлардың бұрылуы (тарамдану) - тасымалданатын өнімді магистральдық құбырлардан газ үлестіру станцияларының, елді мекендердің, жекелеген тұтынушылардың қабылдау-тапсыру пункттеріне дейін беруге арналған құбырлар;
      10) магистральдық құбыр объектілері – магистральдық құбыр объектілерінің құрамы мен техникалық параметрлеріне бірыңғай технологиялық процеспен байланысты жер учаскелерін алып жатқан құрылғылар, жабдықтар, құрылыстар, үйлер және ғимараттар жобалау құжаттамасымен айқындалады;
      11) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
      12) магистральдық құбырлардағы қақтығыс - магистральдық құбырлардың қауіпті өндірістік объектілерінде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы немесе тоқтатылуы, сондай-ақ технологиялық процес режимінен ауытқу;
      13) магистральдық құбырларды пайдалану - магистральдық құбырлардың үздіксіз, тиісінше және тиімді жұмыс істеуі үшін қажет, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қамтитын қызмет;
      14) магистральдық құбырлардың желілік бөлігі (бұдан әрі – МҚ ЖБ) – өнімді тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын жер асты, су асты, жер беті, жер үсті құбырлардың;
      15) магистральдық құбырлардың күзет аймағы - магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және үздіксіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде оны белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе) судағы) аумақ;
      16) магистральдық құбырлардың қауіпті өндірістік объектісі - магистральдық құбырлардың желілік бөлігі трассасының бойында орналасқан магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің учаскесі, бас және аралық сорғылар мен компрессорлық станциялар, ғимараттар мен құрылыстар, газ үйлестіру станциясы, құйылмалы сорғы станциясы, қысымды азайту станциялары, мұнайды жылыту станциялары, резервуарлық парк, құбырларды тоттанудан электр-химиялық қорғау қондырғылары, технологиялық байланыстың желілері мен құрылыстары, құбырлардың телемеханика құралдары, тоқ беру желілері және тірек арматура мен электр қорғауышты қашықтықтан басқаруға арналған тоқ тарату құрылғылары, жолдар, тікұшақ алаңдары және оларға кіреберіс;
      17) магистральдық құбырлардың объектісіндегі авария – технологиялық процесінің бұзылу немесе пайдалану мерзімінің өтуі нәтижесінде құбырлардың, резервуарлардың, техникалық құрылғылардың толық немесе жартылай бұзылуы;
      18) минималды аралық - ғимараттардан, құрылыстардан, техникалық құрылғылардан магистральдық құбырларға дейінгі аралық, бұл ретте тәуекел деңгейі қолайлы болып табылады;
      19) өнімді тасымалдау - өнімді жөнелтушіден қабылдау пунктінен бастап алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық құбыр бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, өнімді магистральдық құбырларға қотару, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;
      20) реконструкциялау - магистральдық құбырлардың сапалық көрсеткіштерін жақсартуды көздейтін, оны қайта орналастыру жөніндегі іс-шаралар кешені;
      21) рұқсат беру наряды – жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан өндірістік қаупі болатын немесе бар кезінде, әрекеттегі кәсіпорынның аумағында құрылыс-монтаждық жұмыстарда ресімделетін жұмыстарды жүргізуге тапсырма;
      22) сенімділік - магистральдық құбырлардың объектілерінің қасиеті белгіленген шектегі пайдалану көрсеткіштерінің белгіленген технологиялық регламент мәнінің уақыты бойынша сақтай отырып берілген функцияларды орындау;
      23) сорғы арқылы ауыстырып құю станциясы (бұдан әрі - САС) - тасымалданатын сұйық көмірсутектерді магистральдық құбырлардың желілік бөлігіне қабылдау, сақтау және беруге арналған құрылыстар мен техникалық құрылғылар, ғимараттар кешені бар магистральдық құбырлардың құрамды бөлігі;
      24) техникалық дәліз - магистральдық құбыр немесе қатар салынған магистральдық құбырлар мен коммуникациялар жүйесі өтетін аумақ;
      25) техникалық диагностикалау – магистральдық құбырларының техникалық жағдайын анықтау үшін жұмыстардың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың кешені;
      26) техникалық қызмет көрсету - магистральдық мұнай құбыры объектілерінің жұмыстық қабілетін және жарамдылығын қолдау бойынша, техникалық жағдайын бақылау, тазалау, майлау, реттеу және басқа да операциялар;
      27) технологиялық регламент - технологиялық процесті жүргізу тәртібін немесе оның жекелеген кезеңдерін (операцияларын), режимін және өнімнің өндіріс технологиясын, жұмыстың қауіпсіз шарттарын анықтайтын, техникалық басшымен бекітілетін құжат;
      28) топырақ үйіп қорғану - қауіпті сұйық заттардың төгілуінен қорғау үшін құбырлардың желілік бөлігінің жекелеген учаскелері, резервуарлық парк айналасындағы қоршау қабырғалары немесе жер білігі түріндегі құрылыс.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. МҚ қауіпті өндірістік объектілерді (бұдан әрі - ҚӨО) пайдалануға енгізу кезінде МҚ объектілерін пайдалануға, сондай-ақ авария салдарын оқшаулау және жою дайындығы тексеріледі.
      Барлық ҚӨО үшін пайдаланушы ұйым пайдалануды бастағанға дейін мүмкін болатын қауіптер мен аварияларды талдауды, авариялық-құтқару қызметтерімен келісілген аварияның салдарын ауыздықтау және жою бойынша қызметкерлердің шұғыл әрекетін, авария қаупін ескерту және жою бойынша шараларды қамтитын аварияны жою жоспарын (бұдан әрі - АЖЖ) әзірлейді және бекітеді.
      4. МҚ объектілерінде әзірленеді және мынадай жұмыс орындарында болады:
      1) пайдаланушылық және техникалық құжаттама;
      2) МҚ объектілерінің құрылыс жобасы;
      3) технологиялық регламент;
      4) АЖЖ, қауіпті факторларды ескеретін және персоналдың әрекетін реттейтін, авариялық жағдайларды жою үшін пайдаланатын құралдар мен әдістер, болжамды зардаптардың салдарын барынша азайту үшін апаттарды алдын-алу (оперативті бөлімнің үзінділері).
      5. Әрбір ҚӨО үшін паспорт жасалады, онда объектінің және құбырлардың технологиялық схемасымен белгіленген жабдықтардың негізгі сипаттамасы көрсетіледі. Паспортта ҚӨО аумағында қолданыстағы жаңа әлеуетті қауіпті объектілер мен құрылыстарды реконструкциялау және жаңғырту, құрылыс жұмыстары көрініс табады.
      Қауіпті өндірістік объектінің паспорты ҚӨО немесе аумақтық өндірістік бөлімшенің техникалық басшысымен бекітіледі.
      6. АЖЖ аумақтық-әкімшіліктік бөлуді, инфрақұрылым жағдайын, МҚ объектісінің орналасу өңірінің экологиялық, геологиялық, табиғи және басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып, сондай-ақ төмендегілер көрсетіле отырып әзірленеді.
      1) аварияның алдын алу және оқшаулау бойынша персоналдың шұғыл әрекетінің тәртібі;
      2) аварияны және оның салдарын жою әдістері мен тәсілдері;
      3) жанулар мен жарылулар мүмкіндігін болдырмау бойынша, аварияның мүмкін болатын салдарының ауырлығын төмендету бойынша әрекеттер тәртібі;
      4) аварияны жоюдан бос адамдарды қауіпті аймақтан тыс жерлерге көшіру тәртібі;
      5) МҚ объектілерінің географиялық орналасуы;
      6) жасанды және табиғи кедергілер арқылы өткелдің болуы;
      7) автомобиль, теміржол және су жолдары қатынасының және басқа да параметрлердің болуы және орналасуы;
      8) МҚ ЖБ параллель төселген учаскелердің саны және диаметрі.

2. Техникалық қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

      7. МҚ ЖБ МҚ кері әсерін тигізуі мүмкін аумақтың табиғи-климаттық ерекшелігін талдау, жақын тұрғын орындардың орналасуы, топырақтың гидрогеологиялық қасиеті, жақын орналасқан өндірістік объектілердің болуы, көлік жолдары мен коммуникациялары негізінде жобаланады және жүргізіледі.
      8. Әлеуетті қауіпті (сынамалы) учаскелер:
      1) тұрғылықты мекендерге жақын МҚ трассаларының учаскелері;
      2) электр тасымалдау қиылысы; инженерлік құрылыстар, автомобиль және теміржолдары арқылы өткелдер;
      3) жоба жолы бойымен жалғасқан құрылыстар;
      4) су өткелдері;
      5) ерекше табиғи жағдайларында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлері бойынша өтетін учаскелер МҚ ЖБ жобалау кезеңінде анықталады.
      9. Құбырлардың әлеуетті қауіпті учаскелерін жобалау кезінде қауіпті факторлардың әсерін төмендететін мынадай қауіпсіздік шаралары қарастырылады:
      1) құбыр қабырғаларының қалыңдығының ұлғаюы;
      2) құбыр орны тереңдігінің ұлғаюы;
      3) қорғаныс жабындысына қойылатын талаптар;
      4) қорғаныс футлярын пайдалану;
      5) тоннельде төсеу;
      6) қосымша топырақ үйіп қорғану мен қорғаныс қабырғаларының орналастырулары;
      7) топырақты бекіту (жағаларды);
      8) бағыттаушы жүйелер құрылғысы (арналар, жыралар, арықтар, үйінділер және кәзір жүйелері);
      9) құбырларды беріктігіне сынауда қойылатын талаптарды жоғарылату;
      10) құбырлардың күш-деформациялық көрсеткіштерінің техникалық жағдайына үздіксіз мониторинг және бақылау жүргізу.
      10. МҚЖБ орнатылатын тиектеулі арматура МҚ қашықтықтан және жергілікті басқару мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      МҚ жер асты төсеу кезінде арматура және желілік бекіту арматурасын бекіту жер бетіне шығарумен жобалануы тиіс.
      Ашық далада жабылусыз орнатылатын жабдықтар және арматура, алаңдық құрылыстардың климаттық орналасу ауданына сәйкес болуы тиіс.
      11. Жобамен АҚС/КС әрбір газ айдау агрегатының қашықтықтан басқарылатын қозғалтқышпен тиектеулі арматура арқылы ажырауы көзделуі тиіс.
      12. СҚС арасындағы қашықтық гидравликалық есептің нәтижесі арқылы анықталады.
      СҚС жабдықтарын орнату және жобалау шешімдері биіктігі кемінде 1,2 метр сыртқы аумақтың қоршауын қарастыруы тиіс.
      13. Жобалық құжаттама негізінде МҚ объектілерін консервациялауға және жоюға пайдаланушы ұйым жұмыстарды ұйымдастыру жоспарын дайындайды.
      Жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына осы Қағидаларға сәйкес МҚ объектілерін пайдалану, қорғау және жоюдан шығару бойынша ұйымдастыру және техникалық ic-шаралардың тізбесі, олардың орындалу тәртібі мен әдістері, жұмыс құрамы және көлемі кіреді.
      Жұмыстарды ұйымдастыру жоспарында барлық жүргізілетін жұмыстарды құжаттамалық рәсімдеу мәселелері, бақылау және есептік тәpтібі, жұмыстардың орындалу мерзімі қарастырылады.
      14. Жобалық құжаттама талаптарынан ауытқулар, жобалық құжаттамамен қарастырылмаған материалдарды пайдалану, жұмыстарды орындау тәртібі мен сапасының бұзылу факторлары анықталған кезде құрылыс-монтаждық жұмыстар тоқтатылады, ал пайда болған ақаулар жойылады.
      Іске қосу-реттеу жұмыстары мен кешенді байқап көру бойынша жұмыстар басталғанға дейін пайдаланушы ұйым қызмет көрсететін персоналмен және сәйкес біліктілігі бар мамандармен МҚ енгізілетін объектілерін жинақтастырады, жобалау ұйымы МҚ құрылысына арналған жобалық құжаттың құрамына кірмейтін МҚ пайдалану бойынша технологиялық регламентті әзірлейді.
      15. Технологиялық регламент МҚ объектілері жұмысының жағдайларына және нақты сипатына, жобалық техникалық шешімдеріне сәйкес келуі тиіс.
      МҚ объектілерін пайдалануға технологиялық регламент:
      1) МҚ, аумақтық объектілер жабдықтарының және айдап қотарылатын көмірсутектердің сипатын;
      2) МҚ жұмысының технологиялық режимдерін;
      3) қауіпті өндірістік факторлармен МҚ тұтастылығын бақылау тәртібін;
      4) ауытқуларды анықтау тәртібін;
      5) айдап қотару режимін бақылау тәртібін;
      6) айдап қотарылатын көмірсутектерді қабылдау, жеткізу және есепке алу тәртібін;
      7) МҚ ЖБ және аумақтық объектілердің сызбаларын (қағидаттық және технологиялық);
      8) МҚ ЖБ қысылған бойлық пішінін;
      9) МҚ ҚӨО қолданылатын техникалық құрылғылардың сипаттамасын;
      10) Технологиялық процесті, техникалық қызмет көрсетуді, авариялық жағдайларда персоналдың әрекетін қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша нормативтік-техникалық құжаттамалар тізбесін қамтиды.
      Технологиялық регламент объектіні пайдалануға енгізгенге дейін әзірленеді және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының, технологиялық процесті жүргізу параметрлері өзгеруі жағдайында қайта қаралады.
      16. МҚ объектілерінің орналасу аумағы жүк көтергіш және арнайы техниканы, жабдықтар мен құрылыс материалдарын қаттап қойып орналастыру орындарын пайдалана отырып құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
      17. МҚ өндірістік объектілерін газ тәрізді көмірсутектерді, газ конденсатын және сұйытылған көмірсутекті газдарды тасымалдау үшін оларды өндірістік және өндірістік емес сала объектілерінің, тұрғылықты құрылыстың салынуының, көпшілік жиналған орындардың көбіне ық жағына орналастыру қажет («желдің жылдық бағыты» бойынша бағыты басым желдерді ескере отырып).
      Аталған объектілерді табиғи нашар желдендірілетін жер рельефінің төмендетілген учаскелеріне, жылдамдығы 1 метр/секунд дейін желі басым, ұзақ және жиі қайталанатын тымықтары, өзгерулері, тұмандары бар (бір жылда 30-40 процент астам, қыс аралығында қыстық кезеңнің 50-60 процент астамы) аудандарға орналастыруға жол берілмейді.
      18. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау үшін алаңдық объектілер мен МҚ ЖБ трассасын жердің рельефі бойынша тұрғылықты мекендерден төмен орналастыруы тиіс.
      Мұнай мен мұнай өнімдері құбырлардың сенімділігін және тұтастығын қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдерді дайындау кезінде төгілген өнімді жинау бойынша құрылыстардың құбырлары бойына құрылысына жол берілмейді.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. АҚС/КС құбырлары, жүйелері, жабдықтары орналасатын аумағы, олардың техникалық жағдайын бақылау мүмкіншілігін қамтамасыз етуі тиіс.
      АҚС/КС құрылымдарын, құбырларын және жабдықтарының орналасуы сорғы және газ айдау агрегаттарының жұмысы барысында вибрациялық және динамикалық жүктемелерден құбыр қабырғалары температурасының және кернеудің өзгеруінен бойлай қозғалуларды қамтамасыз етуді ескере отырып орындалуы тиіс.
      20. Қысымды реттеудің қолданылатын әдісі ол үшін белгіленген шектерде сақталатын қысым жағдайында АҚС/КС жұмысын қамтамасыз етеді. Реттеу жүйесі шығу барысындағы қысымның үздіксіз бақылауын жүзеге асыруға тиіс және МҚ ЖБ шығыс қысымның шекті мәнінен артуына жол бермейді.
      Жабдықтар, құбырлар, арматура, КС-тің copу және аударма желілеріндегі ернемек жалғастырулар және қалыпты бөлшектер айдаудың барынша жоғары есептеу қысымы бойынша төзімділікке есептелуі тиіс.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Гидраттың түзілуіне қарсы шаралар ретінде газ құбырларына реагентті енгізу, газды жылыту құралдары арқылы газды жалпы немесе ішінара жылыту көзделуі тиіс.
      22. АҚС/КС жабдықтарының авариялық түрде герметизациясын жою барысында ажырату құрылғыларының қосылу уақыты орнатылған қысым көздерінің ажырау уақытынан кем болмауы тиіс.
      Үрлемелі, түсіру желілері және корғауыш қақпақшалардан газды түсіру желілері жүйелерін өзара қосуға рұқсат берілмейді.
      23. Шашырау білтесінен газды түсіру жүйелері жергілікті климаттық талаптарды, желдің бағытын ескере отырып, газдың шашырауының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді.
      24. ГҮС технологиялық жабдығы газ айдау жұмысының қысымы үшін есептелген.
      Газ қысымының реттеуішін әрбір редуцирлеу желісіне орнатқан кезде, реттеуіштен кейін жұмыс шығу қысымына ГҮС жабдығын таңдау жасалады.
      25. МҚ қорғалатын аймағындағы ауыл шаруашылық жұмыстардан басқа, кез келген жұмыстар жұмыс өндірушісіне тәуелсіз қорғау аймағында жұмыстарды жүргізуге рұқсатты ресімдеумен және пайдаланушы ұйым бақылауымен орындалады. Магистральдық құбырларды қорғау аймағында 35 сантиметрден астам егінді тереңдігі бар ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге рұқсат берілмейді.
      26. МҚ объектілеріне техникалық қызмет көрсету кезінде объектілердің жұмысқа қабілетін және жарамдылығын ұстау, қорғау аймағы мен желілік бөлігінің іргелес аумақтың және магистральдық құбырлар объектілерінің техникалық жағдайын тексеру қамтамасыз етіледі.
      Табиғи газ бен мұнайдың кемуі, құбырларынан түрлі тағайындалудағы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі минималды қашықтық аймағының бұзылуы, жер бетіндегі электр-химиялық қорғаныс, телемеханика, байланыс, ток тарату құралдарының бұзылуына жол берілмейді.
      Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін көмілмеген құбырлардың ашық учаскелері, құбырлардың көмілу тереңдігінің жоғарғы пайда болуына дейін минимум - 0,8 метрдің азаюына әкелген трасса бетінде шайылулар көміліп, қауіпсіз жағдайға келуі қажет.
      27. МҚ ЖБ-нің жер жұмыстары, пайдаланушы ұйымның жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
      Кеме жүзетін өзендермен, автомобиль және теміржол жолдарымен, басқа құбырлармен және жер асты коммуникацияларымен қиылысатын учаскелерде орнатылған ақпараттық тыйым салу немесе ескерту белгілері уақтылы жөнделуі немесе жаңартылуы тиіс.
      Құбырларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіретін ағаш өсімдіктерді егуге жол берілмейді.
      28. Құбырлардың жердегі қоршаулары (тиектеулі желілік арматура алаңшалары, құбырішілік құралдарды іске қосу - қабылдау тораптары), қорғаныс, су өткізгіш, эрозияға қарсы құрылыстары уақтылы жөнделіп қайта қалпына келуі тиіс.
      Желілік тиектеулі арматура тораптарына, тазалау құрылғыларын іске қосу-қабылдау торабына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін алаңға кедергісіз кіру мүмкіндігі болуы тиіс.
      Құбырішілік құралдарды іске қосу - қабылдау камераларының тиектеулі ірге тастарының, алаңшалардың, қоршаулардың, жапқыш құрылғылардың, сальниктер мен нығыздауыштың жағдайын тексеру, ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс.
      Құбырішілік құралдарды іске қосу - қабылдау алаңдарында найзағайдан қорғанысы, сондай-ақ электр химиялық қорғаныс жүйелерінің орнатылуы тиіс.
      29. Үрлеп тазарту шамдарының конструкциясы олардың атмосфералық жауын-шашындардан қорғанысын қамтамасыз етуі тиіс, тиектеулі арматура алаңшаларының және тасқынды сулармен іске қосу-қабылдау камераларының сумен басылуына жол берілмейді.
      МҚЖБ су кедергілерімен қиылысу учаскелеріне МҚ пайдаланушы қауіпті сұйықтықтардың ағуын оқшаулау үшін құралдармен жабдықталуы тиіс.
      Автомобиль және теміржолдармен қиылысу учаскелерінде соратын шамдардың, іргетасының, қорғаныс құтысының, тотығудан электр-химиялық қорғаудың бақылау-өлшеу аспаптарының, «құбыр - қорғаныс құтысы» әлеуеті айырмашылығының, су бұрғыш арықтардың жағдайын тексеру, ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
      30. Автомобиль жолдарымен қиылысатын МҚ қорғау аймағының учаскелерінде «тоқтауға тыйым салынған» жол белгілері орнатылуы тиіс.
      31. Көлденең және тік жазықтықтардағы құбырлардың жобадан тыс бүгілулеріне, жағалық және аралық тіреулердің төмен түсуіне және олардың өзгеруіне жол берілмейді.
      Жабдықтарға қызмет көрсету алаңшалары мен іргетастар, «жер-ауа» учаскелеріндегі құбырлар, компрессорлық және сорғы станцияларының автоматты өрт сөндіру жүйесі мен отқа қарсы қоршаулары жарамды жұмысқа қабілетті жағдайда болуы тиіс.
      32. Компрессорлық және сорғы станцияларының жабдықтарында ақпараттық жазулар мен нөмірлері көрсетіледі. МҚ объектілерінде орнатылған сақтандырғыш клапандары пломбаланып, жөнге келтіру туралы ақпараты бар биркалары болуы тиіс.
      МҚ объектілеріндегі жарылысқа қауіпті үй-жайлардың авариялық желдеткіші ауа кірмейтіндей болуы және жүйелі түрде (апта сайын) сынау іске қосу арқылы жүргізілуі тиіс.
      33. Газды тазалау торабы ыдыстарында тіркеу нөмірі, рұқсат етілген қысым, келесі сыртқы және ішкі қарау және гидравликалық сынау күні көрсетілген жазулардың болуы тиіс.
      Газды тазалау торабының ыдыстары жерге тұйықталуы тиіс, бірізді қосу схемасы рұқсат етілмейді.
      34. МҚ объектілерінде орнатылған техникалық құрылғылардың вахталық журналында өнімдерінің жанып кету, агрегат мойынтіректерінің, кіре берісте және осьтік компрессорға дейінгі, айдауға дейінгі және кейінгі, ауа температуралары, күш жұмсалатын мотосағаттардың температурасы, іске қосулар саны, агрегат мойынтіректерінің дірілі, айдаумен басқарылатын «май-газ» жүйесінің айырмасы, агрегат валының айналу жылдамдығы, отынды және жіберілетін газдың қысымы, майлауды реттеу және нығыздау жүйесінің май қысымы, осьтік компрессордан кейінгі ауа қысымы, өнімнің жану қысымы.
      35. Технологиялық құбырларды гидравликалық сынаулар үш жылда бір рет жүргізіліп, технологиялық құбырлардың тығыздығы мен беріктігіне сынау қысымы мынадай:
      1) 0,5 мегапаскальға дейін - жұмыс қысымынан 1,5, алайда кемінде 0,2 мегапаскаль;
      2) 0,5 мегапаскальдан жоғары - жұмыс қысымынан 1,25, алайда жұмыс қысымы өлшемінен кемінде 0,3 мегапаскаль сақталуы тиіс.
      36. Сорғының майы техникалық жағдайлар мен шығарушы зауыттың ұсынымдарымен уақытында ауыстыру (1,5 процент жоғары қоспалардың механикалық көрсеткіштері кезінде; 1,5 килограмм «КОН» 1 килограмм жоғары қышқылдықпен 0,25 процент жоғары ауыстыру) қажет. Май сынамаларын сұрыптап алу іріктеу кестелерінің сақталуымен жүргізіледі.
      Сорғыларға және компрессорларға дайындаушы зауыт іске қосу кезеңділігі мен негізгі және қосымша жабдықтардың тоқтатылуы көрсетілген паспорттарды және пайдалану нұсқаулығын толтыру қажет.
      Технологиялық режимді бақылау үшін сорғының және компрессордың сopу мен айдау құбырларында манометрлер орнатылады.
      37. ГТЖ шыға берістегі ажырату кранына дейінгі барлық технологиялық құбырлар мен жабдықтар (конденсатты жинау сыйымдылығын қоса алғанда) бұру газ құбырының ең жоғары рұқсат етілген жұмыс қысымына сәйкес болуы тиіс.
      ГҮС технологиялық сызбасы өз қажеттілігіне және оператор үйі үшін газды тұтыну жабдықтары мен құбырларды қосуы қажет.
      38. Өндірісі жоғары, жеке жоба бойынша салынған ГТЖ жоғарғы жағына, төменгі жағына, иістендіру түйініне, газды қыздыру мен метанолды енгізуге жеке технологиялық схемаларды ресімдеуге жол беріледі. Әрбір ГРС – ГТЖ жұмысы тәртібінің бақыланатын параметрлері, иістендіргіш зат шығыны, орнатылған орындардағы үй-жайдың газдануын үздіксіз тексеру бойынша жазбаларды жүзеге асыратын автоматтандырудың қағидаттық сызбасы ресімделеді.
      39. ГТЖ-да пневматикалық жетегі бар тиектеулі арматураны немесе бақылау реттеуішін қолдана отырып редукцияланған жіптерді автоматты қорғау көзделеді. Шыға берістегі қысымның төмендеуі кезінде резервтегі жіптің қосылуы тиіс.
      40. Резервуарлардың түрі және міндеті, оның жабдықталуы, тотығуға қарсы іс-шаралар, құрылыс әдісі өнімнің көлеміне, технологиялық процестің, климаттық шарттарға, ортаның сипаттамасына байланысты жобамен негізделеді.
      Резервуарлардың құрылысы мен пайдалануы дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру жобасы бойынша жүргізіледі.
      Резервуарлардың құрылысынан кейін іске қабылдау, қауіпті өндірістік объектінің иеленушінің бұйрығымен тағайындалған комиссиямен жүргізіледі.
      Резервуарларды іске қосу алдында беріктілік пен бітеулігіне сынау жүргізіледі, түбінің сыртқы контурының көлденеңдігі және геометриялық пішіні тексеріледі.
      41. Пайдаланудағы резервуарлар мынадай құжаттамалармен қамтамасыз етіледі:
      1) монтаждау және құрылыс жұмыстарының жобасымен;
      2) тиектеулі арматуралар, тыныс алу және қорғаныс қалқаншаларының паспорттарымен (сертификаттармен);
      3) пайдалану мерзімі көрсетілген резервуарлардың техникалық паспорттарымен (сертификаттарымен);
      4) понтонға арналған техникалық паспортпен;
      5) резервуардың градуирленген кестесімен;
      6) техникалық регламентпен;
      7) тот басудан қорғау схемасымен;
      8) өртке қарсы қорғаныс схемасымен;
      9) негіздерді нивелирлеу және тік резервуар геометриясы сызбасымен;
      10) найзағайдан қорғану және статикалық электрлер пайда болу құбылысынан резервуарларды қорғау схемасымен;
      11) жинақтау тізбесі мен резервуарлар қондырғыларының техникалық жағдайының актісімен;
      12) резервуарлар құрылысы және пайдалануға іске қосуға арналған орындау құжаттарымен;
      13) техникалық қызмет көрсету журналымен;
      14) жерге қосу жағдайын, найзағайдан қорғау құрылғыларын бақылау журналымен;
      15) пайдалану параметрлерін өлшеу актісімен;
      16) автоматтандыру жүйесі бойынша орындау құжаттарының жиынтығы (деңгейді өлшеу жүйесі, аварияға қарсы қорғаныс, автоматикалық өрт сөндіру жүйесі).
      42. Резервуарларды орналастыру қауіпсіздік ережелеріне сәйкес аумағын жоспарлау қатты жабуды, бекітуді, қоршауды, жолдарды, өтетін жолдарды, коммуникацияларды, жарықтандыру құрылғыларын көздейді. Коммуникацияларды салу және жөндеумен байланысты бекітулерді әзірлеу кезінде, осы жұмыстар аяқталған кезде бекітулерді қалпына келтіру жүргізіледі.
      43. Резервуарлық паркте жаяу жүретін жолдармен жүру қажет. Резервуарлық парк аумағына бекітудің немесе қоршаудың үстінен кіру үшін таяныштары бар, жеке тұрған резервуарлар үшін екіден кем емес резервуарлар топтары үшін төрттен кем емес баспалдақ өтетін жолдар орнатылады.
      Бекітулер арқылы басқа орындардан өтуге тыйым салынады.
      44. Резервуардың жоғары алаңының борт биіктігі 0,15 метрден кем емес биіктігі 1,25 метрден кем емес таянышы, таяныштарға қоса жапсырылған баспалдақтар болады.
      Тыныс алу және сақтандырғыш клапандарға, резервуар шатырында орналасқан люк және басқа арматураға қызмет көрсету үшін алаңның 0,6 метрінен кем емес өзара өтулермен қосылған темір алаң орнатылуы тиіс және өтулердің биіктігі 1,25 метрден кем емес жақтауы 0,15 кем емес таянышы болуы тиіс.
      45. Резервуарлық баспалдақтардың дұрыс жұмыс істеуіне, таяныштардың мықтылығына, шатырдағы қоршауларға тұрақты бақылау орнатылады. Алаңдар мен баспалдақтар сатылар таза ұсталады, мұзбен қардан биіктікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ағаш күректермен тазартылады.
      Баспалдақтар мен алаңдарда басқа заттар мен қондырғылардың бөлшектерін тастауға оларды резервуар шатырында тікелей орын алмастыруға жол берілмейді. Қолданыстағы резервуарлар мықтылығын бұзуға жол бермеу мақсатында соққы құралдарын (балға, кувалда) қолдана отырып, жұмыс істеуге жол берілмейді.
      46. Резервуарлар орнатылған қауіпті аймақта көлік қозғалысы 5 километр/сағат жылдамдықтан аспауы тиіс және түтін түтікшесінде өрт сөндіру қақпақшасымен жабдықталған автокөлікке объект басшысынан алынған рұқсаты болуы тиіс.
      Пайдаланылатын резервуарға автокөліктің кіруіне 20 метр артық емес қашықтықта жол беріледі.
      47. Мұнай өнімдерін құю орындарында тесік анықталған жағдайда сіңірілген топырақ тазартылады, бөлінген орынға алынып тасталады, ал қалыптасқан орын таза топырақпен немесе құммен жабылады.
      Резервуарлық алаң аумағында жанатын материалдарды сақтауға жол берілмейді. Жөндеу жұмыстарына арналған жер кен орындары және орлар қоршалады, ал жұмыстар аяқталған соң, алаңның жоспарлануымен жабылады.
      48. Резервуарлық парктер және жеке тұрған резервуарлар өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      Резервуарлық парктер және жеке тұрған резервуарлар алаңдарында темекі шегуге және ашық оттар пайдалануға жол берілмейді.
      49. Жарылыс өрт қауіпсіздігі орындауындағы жарықтандыру мен электр қондырғылар қолданылады.
      50. Резервуарлар газ теңестіруші жүйемен, тыныс алу және қорғаныс қалқаншаларымен, от шектеушілермен, деңгей өлшеуіштермен, сынама алушылармен, деңгейдің сигнал берушілерімен, артық құйылудың алдын алу құрылғыларымен, автоматика және телеметрия құралдарымен, бақылау-өлшеу құралдарымен және автоматикамен (бұдан әрі - БӨҚжА), өртке қарсы қондырғылармен, қабылдау–тарату құрылғыларымен, желдеткіш люктермен, баспалдақтармен, алаңдар мен қоршаулармен, дайындаушының техникалық құжаттарымен қамтамасыз етіледі.
      51. Қашықтықтан және телеметриялық басқару арматуралы жобаға, дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орнатылады.
      Автоматты және қолмен басқару кезінде ысырмаларды қосу басқару схемасына және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
      Тиектеулі арматуралар мен құрылғылар технологиялық схемаға сәйкес олардың қалыптары мен белгілерін көрсеткіштермен қамтамасыз етіледі.
      52. Резервуарлар сұйықтың шектік мәнінің және авариялық сигнал берулерімен, газдар, булар, ауа шығару, мұнай өнімдерінің ағуын жинау және көбікті өрт сөндіруді қоса алғандағы өрт сөндірудің стационарлық жүйесімен қамтамасыз етіледі.
      53. Тыныс алу арматуралары, ескерту және сигнал беру құрылғылары, БӨҚАҚ резервуарда рұқсат етілетін артық және сиретілген қысымға сәйкес орнатылады.
      54. Резервуарлар жобаға және дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес қатпайтын тыныс алу қалқаншаларымен және жылыту жүйелерімен жарақтандырылады. Резервуарлар арматураларын қыздыру бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі.
      55. Резервуарлық парктің технологиялық құбырлары топырақ үйіп қорғалған аймақтың ішіне қойылады. Іргелес резервуарлардың топырақ үйілген аймақтары ішінде технологиялық құбырларды қоюға жол берілмейді.
      56. Резервуарда бояумен технологиялық схемаға сәйкес келетін белгілер мен нөмірлер, резервуарды (деңгей өлшеу және өлшеу люктері маңында) толтырудың ең жоғары деңгейінің белгілері мен мәндері жазылады.
      Тереңдетілген резервуардың нөмірі мен белгілері орнатылған тақтайшада көрсетіледі.
      57. Әрбір резервуарға мынадай мәліметтер енгізілетін паспорт жасалады:
      1) резервуардағы сұйықтардың максималды және минималды деңгейі (сантиметрмен);
      2) резервуардағы сұйықты қыздырудың рұқсат етілетін максималды температурасы (Целсий градусында);
      3) тыныс алу және қорғаныс қалқаншаларының типі, мөлшері және өткізу қабілеттілігі;
      4) резервуарлардың (сағатына куб метрде) толтырудың және асып кетуінің максималды өнімділігі;
      5) іске қосылған бу су қыздырғыштардағы (сантиметрде) мұнайдың рұқсат етілген максималды және минималды деңгейі;
      6) пайдалануға енгізу уақыты;
      7) нормативтік қызмет мерзімі.
      58. Тиектеулі арматуралардың және резервуарды басқаруға және қауіпсіз қызмет көрсетуге арналған басқа құрылғылардың мақсаты мен белгілері технологиялық сызбада көрсетіледі.
      59. Резервуарлық парктер аумағы бекітудің сыртқы және ішкі жағынан таза ұсталады. Аумақтардың мұнай өнімдерімен, қалдықтармен ластануына жол берілмейді. Күзету аймағы шегінде өсімдіктер жойылады.
      60. Резервуарлық парк аумағында тәуліктің қараңғы кезінде тасымалданатын жарылыстан қорғалатын 12 Вольт шырақшамдар (аккумуляторлы және батареялы) қолдануға жол беріледі.
      Шырақтарды жағу және сөндіру резервуарлық парктің бекітуінен тыс жерде жүргізіледі.
      61. Резервуарларды БӨҚжА, бітегіш арматуралардың қорғаныс қалқаншаларының, сигнал беру құралдарының, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің, қоршаулардың газ теңгеретін жүйесінің, баспалдақтар, алаңдар мен басқа да элементтердің зақымданулары мен ақаулықтары, дұрыс жұмыс істемеуі анықталған кезде оларды жойғанға дейін пайдалануға жол берілмейді.
      Резервуарды толтыру және босатудың көлемділік жылдамдығы көзделген тыныс алу қалқаншаларының жіберу мүмкіндігінен артық болмайды.
      62. Резервуар ішінде бу немесе жылу қыздырғыштары орналасқан кезде сұйықтарды шығаратын құрылғылар қарастырылады. Қыздырғыштар тіреулерде бекітіледі, құбырларды қосу дәнекерлеумен жүргізіледі.
      Резервуарлардағы мұнай қыздырғышқа берілетін жылу тасымалдағышпен жылытылады. Қыздырғыш үстіндегі мұнай деңгейі 0,5 метр кем болмайды. Жылу тасымалдағышты іске қосу алдында қыздырғыштың өткізгіштігі тексеріледі, конденсат алынады.
      Жылу тасымалдағышты іске қосу кезінде ысырмалар біртіндеп ашылады. Жылытқыштар тұмшалануы жылу тасымалдағыш шығыны және қысымы бойынша бақыланады.
      Жылыту температурасы мұнайдың қайнау температурасынан төмен белгіленеді.
      Қызу температурасы бақыланады, мәліметтер журналға немесе электрондық мұрағат жүйесіне жазылады.
      Резервуарларды мұнаймен толытыру кезінде жылыту немесе ұзақ уақыт сақтау үшін оның деңгейі ыдыс биіктігінен 95 пайыздан аспауы тиіс.
      63. Резервуарлардан өнім астындағы суларды жобада, дайындаушының техникалық құжаттарда көрсетілген құралдармен алады. Өнім астындағы суларды төгу кезінде сумен мұнайдың ағуына жол берілмейді.
      Резервуарлардың су төгетін ысырмалары мен сифонды бұрандалары жанбайтын материалдан жасалған оқшаулармен оқшауланады.
      64. Резервуарлар люктерін ашу, мұнай деңгейін өлшеу, мұнай өнімінің сынамасын алу, өнім астындағы суларды ағызу және резервуарды ашумен және оны байлаумен байланысты басқа жұмыстар кезінде персонал жел бағыты бойынша люктің бүйір жағында болады.
      Сынамалар алу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
      Сынама алу және мұнай деңгейін өлшеу алдында мынадай қауіпсіздік талаптарын орындайды:
      1) арнайы киім (антистатикалық) және арнайы аяқ киім кию, ТО ЖҚҚ және тасымалданатын газ сигнал берушілердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру;
      2) сынамалар деңгейін өлшеу, алу және тасымалдау құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін тексеру;
      3) резервуар шатырында траптармен қозғалуға жол беріледі, резервуардың тікелей шатырында қозғалуға жол берілмейді;
      4) мұнай айдау және қайта айдау кезінде резервуар шатырында болуға жол берілмейді;
      5) резервуарлардан мұнай сынамаларын алу және деңгейін өлшеу газ байлауындағы газ теңгеретін жүйенің жабық ысырмасы кезінде жүргізіледі;
      6) зиянды булармен және газдармен улануды болдырмау мақсатында ашық люктер үстінде болуға жол берілмейді;
      7) резервуарларда мұнай деңгейін өлшеу кезінде өлшеу құралдары ұшқын пайда болуын болдырмау үшін қалып бағыты бойынша, баяу, жұлқусыз және соққысыз қозғалады;
      8) сынама алу ыдыстарынан сынамалар бітелген ыдысқа құйылады;
      9) резервуарға басқа құралдардың түсуіне жол берілмейді;
      10) өлшеу люктері арқылы резервуарға мұнай мен мұнай өнімдерін құюға жол берілмейді;
      11) люк қақпағын ашу және жабу кезінде оның ұрылуына жол берілмейді;
      12) түнгі уақытта қызметкерлер жарылыстан қорғалатын орындауда аккумуляторлы немесе батареялы шырақтар қолданады және оларды бекітуден тыс жерде немесе резервуардан 20 метрден кем емес қашықтықта іске қосады;
      13) қауіпті аймақта шырақтарды, батареяларды, аккумуляторларды іске қосуға және ажыратуға, жөндеу және ауыстыруға жол берілмейді;
      14) зертханашымен бірге тасымалданатын газталдағышпен жұмыс істеу орнындағы люктерді ашқанға дейін және одан кейінгі ауа ортасын бақылау;
      15) сынамаларды резервуарға мұнай айдау аяқталғаннан кейін екі сағаттан кем емес уақыттан ерте болмай өлшеу люктері арқылы алуға жол беріледі.
      65. Резервуарлардан мұнай деңгейін өлшеу және сынамасын алу жүргізілмейді:
      1) жұмыс орнының шекті рұқсат етілген зиянды шоғырланудан артық газдануы кезінде;
      2) мұнайды айдау және қайта айдау кезінде;
      3) күн күркіреу кезінде;
      4) жел жылдамдығы 8 м/с артық болғанда;
      5) көктайғақ және тұман кезінде;
      6) бақылаушы болмаған және қауіпсіздік жағдайларына сәйкес келмегенде.
      66. Резервуарлардағы өлшеу люктері ашуға арналған және ұшқын қауіпсіз тығыздағыш құрылғысы бар герметикалық қақпақпен қамтамасыз етіледі.
      Жұмыс аяқталғаннан кейін:
      1) егер сынама алу кезінде резервуар шатырына мұнай түссе, ол ластанудан тазартылады;
      2) газ теңгерім жүйесінің ысырмасын ашу;
      3) сынама алу, жинау құрылғысын тазарту және сүрту, тасымалдау үшін сүрту материалдарын сөмкеге немесе контейнерге жинау.
      Деңгей өлшеу немесе сынама алу аяқталғаннан кейін өлшеу люктерінің қақпағы құлау, соғылу және ұшқын пайда болуын болдырмай жабылады.
      Резервуарды пайдалану кезінде, оның үстінде жүруге болмайды.
      67. Резервуар негіздері жер үсті суларымен жуылудан қорғалады, ол үшін тазарту құрылғылары өнеркәсіптік кәріздер бойынша тұрақты ағумен қамтамасыз етіледі.
      Резервуарларды тазалағаннан кейін сұйықтықтарды кәріз жүйесіне жіберуге болмайды. Резервуарларды тазарту кезінде пайда болған ағынды сулар жеке құбырлар арқылы зиянды заттарды пайдаға асыру және бейтараптау үшін қоқыс жинағыштарға шығарылады.
      68. Резервуарлардың барлық ішкі жұмыстары, оның ішінде қарау, рұқсат беру наряды бойынша келетін және бағыттайтын құбырларға бітегіштерді орнату жүргізіледі.
      69. Қолданыстағы резервуарды ажыратады және мұнайдан босатылады:
      1) тікелей резервуардан мұнайдың ағуы анықталғанда;
      2) дренажды құдықтар немесе басқару камерасының бақылау құбырларынан мұнай анықталған кезде;
      3) қауіпті немесе авариялық жағдай пайда болғанда;
      4) резервуардың тұмшалануы бұзылғанда.
      70. Газ теңгерімдік жүйеге қосылған резервуарды пайдаланудан шығару кезінде:
      1) газ байламынан ажырату;
      2) газ реттеу жүйесінің ысырмаларын жабу;
      3) бітегіштер орнату.
      Бітегіштерді орнату және алу журналда тіркеледі.
      71. Пайдаланудағы резервуарлар техникалық жағдайын, жөндеу түрін, пайдаланудың қалдық мерзімін анықтайтын техникалық куәландыруға және диагностикалауға жатады.
      72. Резервуарды шөгінділерден тазалау, арнайы техникалық құрылғыларын қолданумен орындалады.
      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      73. Резервуарларды куәландырудан, ревизиялаудан және жөндеуден кейін техникалық жетекшінің жазбаша рұқсатынан кейін қабылдау актісі негізінде іске қосу жүргізіледі.
      74. Егер өлшеулер және басқа мәліметтер бойынша резервуарларды толтыру және босатудың қалыпты жағдайы бұзылғаны анықталған кезде, бұзушылықтар себептерін анықтау және оны жою жөніндегі шаралар қабылданады. Авариялық жағдайда операциялар АЖЖ сәйкес тоқтатылады.
      75. Резервуарларды толтыру және босату қызмет көрсету персоналы қайта айдаумен байланысты ысырмалар қалыптарының сәйкес келуін тексергеннен кейін жол беріледі. Ысырмаларлы ашу және жабу баяу жүргізіледі.
      Қолданыстағы резервуарларды іске қосу және ажырату жөніндегі ысырмалармен бір уақытта операциялар жүргізуге жол берілмейді.
      Резервуарларды қайта қосу кезінде толтырылатын резервуарлардағы ысырмалар ашылады және резервуардағы толтырудан ажыратылатын ысырма жабылады.
      Резервуарлық парктегі ысырмаларды автоматты қайта қосу құбырлардың қысымының артуынан қорғалған жағдайда жүргізіледі.
      Жергілікті және қашықтықтан басқару электр ысырмалары болған кезде ысырмалардың бітегіш құрылғысының қалыптарын көрсететін сигнал берулер көзделеді.
      Резервуарларда будың серпімділігі жобалықтан артық болатын өнімдерді айдауға жол берілмейді.
      76. Жер асты резервуарларын пайдалану дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.
      77. Пайдалану кезінде жарық люктер төсемдері бар қақпақтармен жабылады. Оларды жөндеу немесе ыдыстарды тазарту кезінде ғана желдету үшін ашуға жол беріледі.
      78. Жер асты камераларында (шахта) орналасқан арматуралар қашықтықтан басқарулармен қамтамасыз етіледі. Камераларға түсу үшін стационарлық металл баспалдақтар қолданылады.
      Камералар дефлекторлармен қамтамасыз етіледі.
      79. Жер асты ыдыстарын қалдықтардан тазарту арнайы техникалық құрылғылар қолдана отырып жүргізіледі.
      80. Резервуарда жерге тұйықтау мен жайтартқыш және тоттанудан қорғау болу керек.
      Резервуарларды жерге қосу құрылғыларының кедергісі топырақты барынша төмен өткізгіштігі кезінде жаз уақытында жылына бір реттен жиі емес өлшенеді. Резервуарлар статикалық электрлерден қорғаныспен қамтамасыз етіледі, оның дұрыс жұмыс істеуі ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша тексеріледі.
      81. Сыйымдылықтың ішіндегі жұмыстар құрамында үш адамнан кем емес бригадамен жүргізіледі – біреуі жұмыстарды жүргізеді, екеуі қадағалайды. Қадағалаушыларсыз жұмыстарды жалғыз жүргізуге жол берілмейді.
      82. Қадағалаушылар сыйымдылықтағы және аппараттағы жұмысшылардағыдай дайындықта және тез көмек көрсетуге дайын болуы тиіс.
      83. Резервуардың, сыйымдылықтың және аппараттың ішінде жұмыстарды жүргізу барысында қадағалаушылар сыртта орналасады, жұмыс жүргізушіні, ауа үргіш сорғыны қадағалайды.
      Газқағар шлангісінің шарбақ келтеқұбыры таза ауаның аймағына шығарылып желдің бағытына кері бекітіледі. Шлангіні майысудан, айналып кетуден, қысылып қалудан кесірі ауаның келмейтіндей қаупін болдырмайтындай орнатады.
      84. Сыйымдылықтың ішіндегі жұмыс кезінде жұмысшы тартқыштармен және оған қатайтылған жіптің бос ұшы сыртқа шығарылып, кежеуілшінің қолында орналасқан мықты дабыл-құтқарушы сақтау белдігін киеді.
      85. Кез келген (шлангінің тесілуі, ауа үргіш тоқталғанда, құтқару жібі үзілгенде және басқа) ақаулықтар анықталғанда, және сыйымдылықтың ішіндегі жұмысшы шлемді-газға қарсы масканы шешуге талпынғанда, сыйымдылықтың ішіндегі жұмыстар тоқтатылады, ал жұмысшы сыйымдылықтан шығарылады.
      86. Қайта айдайтын сорғыштар үшін кіріс және қысымды желілерде қашықтықтан, автоматты немесе жергілікті басқарылатын, бітегіш немесе кесу құрылғыларын қашықтықтан ажырату және орнату қарастырылады.
      87. Сорғыштарды тығыздау осы технологиялық ортаға арналған өндірістік процес кезінде тұмшалануды қамтамасыз етеді. Сорғыштарды пайдалану кезінде қондырғының тұмшалануы тұрақты бақыланады.
      Сорғыштың қауіпсіз жұмыс режимін бұзатын ақаулар анықталған жағдайда дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес оны тоқтату және жөндеу жүргізіледі.
      Сорғыштарды оның жұмыс істеу кезінде жөндеуге жол берілмейді.
      88. Барлық сорғыштар жоғары деңгей сигналын операторлық үй-жайға (диспетчерлік пункт) шығаратын пайдаға асырудың жабық жүйесіне дренаждалатын өнімді шығару үшін түптермен және дренажды құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
      Сорғыштарды тазарту және үрлеу кезінде сұйықтар құбырлары бойынша үй-жайдан тыс жерге бітелген ыдысқа, ал көмірсутек булар мен газдар газ жинағыш жүйеге шығарылады. Құбырлардың орналасуы қауіпсіз қызмет көрсетуді ескере отырып жүргізіледі.
      89. Құбырларда өнімдердің мақсаты мен қозғалу бағыты, сорғыштарда белгілер мен нөмірлер технологиялық схемаға сәйкес, сорғыштар мен электр қозғалтқыштарында айналу бағыты қысылу режимінде көрсетіледі.
      90. Сорғыштарға арналған арматуралар сорғыш паспортына және құбырлар сипаттамасына сәйкес шартты қысым бойынша таңдап алынады. Ортадан тепкіш сорғыштың айдама құбырында кері қалқанша, піспек сорғыштың айдама құбырында сақтық клапаны және пульсацияның сақтығы бар манометр орнатылады.
      91. Сорғының қозғалмалы бөлшектері және айналмалы қосындылар шеңбер мен айналу ұзындығы бойынша жабындымен жабылады. Айналу бөліктерінде қоршау болмаған жағдайда сорғыштарды іске қосу және пайдалануға жол берілмейді.
      92. Соратын сорғыштар корпустары сорғыштармен бір негізде болатын электр қозғалтқыштарына тәуелсіз жерге тұйықталады.
      93. Сорғыштарды пайдалану кезінде оның техникалық жағдайын сипаттайтын параметрлерді бақылау қамтамасыз етіледі. Дұрыс жұмыс істемейтін және БӨҚжА уақытында тексеруден өткізілмеген сорғыштарды пайдалануға жол берілмейді.
      Қозғалатын бөліктерді майлау, сальниктердегі, бүйір тығыздағыштарындағы және құбырлар қосылыстарындағы жіберулерді сорғыш жұмыс істеп тұрғанда жоюға жол берілмейді.
      Жұмыс істеп тұрған сорғыштардың қозғалатын бөліктерін майлауға жұмыстың тиісті қауіпсіз жағдайы болғанда жол беріледі. Сорғыштар мойынтіректері жиі майланады. Мойынтіректердің қалыптан жоғары қатты қызуына жол берілмейді. Мойынтіректер температурасы бақыланады.
      Сорғыштар мен арматураларды майлау үшін қатпайтын майлар қолданылады.
      94. Мойынтіректер мен герметизаторлардың корпустарын суыту үшін қатпайтын сұйықтар (антифриз) қолданылады. Суыту сұйықтары ретінде 30 градус Цельсийге дейінгі температурадағы суды пайдалану кезінде ағынды бақылау үшін ашық түтікшелер немесе кәріздермен жалғанған қарау құрылғылары қолданылады.
      95. Резервті сорғыш іске қосуға тұрақты дайындықта болады. Жұмыс істеп тұрған сорғыштан резервті сорғышқа көшу алдында тиісті ысырмалардың дұрыстығы мен сорғышты іске қосу дайындығы тексеріледі.
      96. Сорғыштарды сорғыш және қысымды коллекторлардан ажырату үшін ысырмалар қолданылады.
      Сорғыштарды тоқтату кезінде сұйық беретін құбырлар сорғыш герметизаторларын суыту үшін жабылады.
      97. Сорғыш үй-жайлардағы едендер мен лотоктар жуу құралдары қолданыла отырып сумен жуылады.
      Жанатын және зиянды заттар болатын ағынды сулар өндірістік кәріздерге ағызу алдында тазартылады.
      98. Персонал өтетін орындарды жабуға және қондырғыларды орналастыруға жол берілмейді.
      99. Қататын мұнай өнімдерін қайта айдау кезінде мынадай шарттар орындалады:
      1) айдаудың технологиялық процестері жұмысының үздіксіздігі;
      2) сорғыштар мен құбырлардың жылу оқшаулаулары мен жылытулары;
      3) сорғыштар және құбырлардың үрлеу және дренажды жүйесінің болуы.
      100. Ашық алаңдарда орнатылған сорғыштарды жоспарлы – алдын алатын жөндеу жылдың жылы мезгілінде немесе жылытылатын уақытша жабулар құрылғыларымен жүргізіледі.
      101. Сорғы үй-жайында және ашық алаңда жарылысқа дейінгі концентрацияларды стационарлық бақылау датчиктері және оператор панеліне және автоматтандыру жүйесіне көрсеткіштерді шығаруы бар өрт хабарламалары орнатылады.
      102. Сорғы үй-жайы кем дегенде екі шығу жолдарымен қарастырылады, есіктер мен терезелер сыртқы жағына ашылады. Есік орнында табалдырық орнатуға жол берілмейді.
      Сорғы үй-жайы ұшқын қауіпсіздігі бойынша жасалған мәжбүрлі желдеткішпен жабдықталады.
      Сорғы үй-жайында тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.
      103. Сорғыны қосып тоқтатқанда тиісті жапқыштардың дұрыс ашылуы және жабылуы тексеріледі. Баспа таспасында жабық жапқыш кезінде піспектік сорғыларды қосуға жол берілмейді.
      104. Бөлшектеп бұзуға жататын сорғыны электр қозғалтқыштан ажыратады, жапқыштар жабылып, бітеулер орнатылып құбырлардан ажыратылады.
      Сорғы үй-жайларынан (ғимараттардан) тыс сору және айдау құбырларында тиектеулі арматура орнатылады.
      Сорғы үй-жайы стационарлық жүк көтеру құрылғыларымен жабдықталады.
      105. Пайдаланудан уақытша шығарылған МҚ объектілері құралдарының дұрыстығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін объектіні қорғау бойынша ic-шаралар кешенін жүргізеді және оларға техникалық қызмет көрсету ұйымдастырылады.
      МК объектісі пайдаланудан шығарылатын кезеңде ұзақтығы, резервте болу жағдайлары (жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұру мақсатында жұмысқа кезеңдік қосу немесе қорғау) пайдаланушы ұйыммен орнатылады.
      Консервациялаудың мақсаттылығы мен қалдық ресурсты анықтау мақсатында алдын ала куәландырудан, диагностикалаудан өткен МҚ объектілерінің түзу жабдықтары консервацияға жатады.
      МК объектісін түзу күнінде тоқтатып ұстап тұру мақсатында консервациялаудың барлық мерзімі аралығында оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстар орындалады.
      106. Жұмыстарды ұйымдастыру жоспарында МҚ объектілерін консервациядан шығару мен пайдалануға жіберу бойынша, пайдаланушы ұйым жұмыстардың тізімін, оларды орындау мерзімі мен тәртібін көрсетеді.
      Консервациялаудан шығару кезінде нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына және дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес МҚ объектілері жабдықтарын қарау, зерттеу сынау, байқап көру және тексеру жүргізіледі.
      МҚ объектілерін сыналатын пайдаланудан кейін 72 сағат аралығында оны консервациялаудан шығару кезінде ұйымның техникалық басшысымен бекітілетін орындалған жұмыстар тізбесінің қосымшасымен объекті әрекетін енгізу туралы акт құрастырылады.
      107. Жоюға жатқызылған МҚ объектілердің пайдаланудан шығару бойынша жұмыстарды жүзеге асыруды бастар алдында аталған объектілердің жабдықтарын көмірсутектерден босату бойынша жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс.
      Жабдықтарды босату кезінде көмірсутектерді қоршаған ортаға жіберуге жол берілмейді.
      108. МҚ объектілерін жою аяқтағаннан кейін босатылған аумақтардың топырақ құнарлылығын қалпына келтіреді.
      109. Пайдалану шегіндегі МҚ объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету өндірілген бақылауды ұйымдастыру жүйесін үздіксіз жетілдіру мен жасақтауына негізделеді.
      Пайдаланушы ұйым МҚ объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша өндірістік бақылауды жүзеге асырады.
      110. Өндірістік бақылау кезінде:
      1) жобалық құжаттаманың, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының, МҚ объектілер пайдалану кезінде жауаптылықты сақтандыру, авария, қайғылы оқиғалар мен оқыс жағдайлардың себептерін техникалық тергеу актілерінің, авария салдарын оқшаулау және жою бойынша әрекеттерге дайындығының) тексерілуі жүзеге асырылады;
      2) құбырлардын жағдайларын бақылауды ұйымдастыруды;
      3) персоналдың дайындығы және жаттығуларды, оқу дабылды жүргізуді;
      4) құбырлар материалдарын, дайындаушы зауыт, дайындалған күнін, дәнекерленген тігістер бойынша мәліметтерді, бұзылмайтын бақылау нәтижелерін;
      5) құбырлардың қорғаныс жабындысының түрін, дайындаушы зауытты, жағу әдістері, жабындыны төсеу кезіндегі табиғат жағдайлары, оның сипаты, пайдалану шарттарына талаптар;
      6) жөндеу жұмыстарын жүргізу (жөндеу орны және түpi, кесілген немесе жөнделген ақаулар типі, құбыр жолының негізгі жабындысын жөндеу және жабындыны жөндеу ерекшелігі);
      7) құбырлардың трасса схемасына сәйкес орналасуы, төсемнің тереңдігі, тиектеулі арматура мен ернемектердің орналасуы;
      8) сынау нәтижесі есептері, құрылыс сызбалары, құбырішілік диагностикалау, коррозияны, катод қорғанысының жағдайын бақылау бойынша мәліметтер;
      9) авариялық ажырату және қысымды жіберу құрылғыларын тексеру актісін, тиектеулі арматураны тексеру нәтижелері актісін;
      10) өндірістік бақылау ескертулерін тексеру және жою бойынша мәліметтерді тексеру жүзеге асырылады.
      111. МҚ жағдайы мониторингісі мыналарды:
      1) МҚ жарылулар пайда болуы мен тот басу зақымдануының ішінен кесуін;
      2) құбырлардың қалыбы, МҚ ЖБ еркін иілулері бар шайылулар мен жабындылар;
      3) МҚ ЖБ басқа құбырларымен және шоғырсымдармен қиылысу жағдайларын;
      4) еңісті жерлердің, ангарлардың, жағалар мен құбырларына басқа да табиғи және антропогендік қауіптерінің жағдайын;
      5) бұзылулар мен үшінші тұлғалардың әсерін тексеру жатады.

3. Магистральдық құбыр объектілерін және желілік бөлігін жөндеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

      112. Басқа инженерлік коммуникациялармен бір техникалық дәлізде өтетін немесе олармен қиылысатын МҚ ЖБ жөндеуді жүргізу тәртібі мен уақыты бұл коммуникацияларды пайдаланушы ұйыммен келісіледі.
      113. МҚ қорғау аймағында объектілер құрылысына, құбыр өткізгіштің тағайындалуы басқа коммуникациялармен қиылысуына қатысты барлық өзгерістер, МҚ ЖБ құрылысының құрылымдық өзгерулері объектіні пайдалануға жіберумен бір уақытта пайдалану құжаттамасына және ҚӨО паспортына енгізіледі.
      114. МҚ объектілерін салу, қайта жетілдіру, күрделі жөндеу және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды орындаудың барлық кезеңдерінде тапсырыс беруші мердігермен бірлесе отырып, құрылымның, өнімдердің, материалдардың, жабдықтар мен техникалық құрылғылардың кіру бақылауын, жұмыстардың және барлық технологиялық операциялардың орындалу сапасын бақылауды ұйымдастырады. Кіру бақылауының нәтижелері тексеру актісі ресімделген кіру бақылауы журналына енгізіледі.
      Құбырларға, жабдықтарға, техникалық қондырғыларға дайындаушы зауытта жүргізілген барлық қабылдау сынақтары тапсырыс берушінің өкілінің қатысуымен, алдын ала жасақталып келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
      Дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау нәтижелері бойынша дәнекерленген қосылыстардың орнатылған талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ресімделеді.
      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      115. МҚ объектілерін қайта жетілдіру, техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігі, мерзімі мен әдістері оларды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету жағдайларынан және тасымалданатын өнімді жеткізу көлемінен шыға отырып иесімен анықталады.
      116. МҚ объектілерін күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу мерзімі, тәсілдері мен көлемі туралы шешімді олардың қызмет мерзімі ескерілген кешенді диагностикалық тексеру нәтижелерін талдау негізінде иесімен анықталады.
      Диагностикалық тексеру жұмыстарын атқару және қорытынды беру осындай жұмыстарды атқаруға құжаттары бар аттестациядан өткен арнаулы мекемелер ғана жүргізеді.
      117. Қайта жетілдіру және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу пайдаланушы ұйыммен дайындық іс-шаралары, жұмыстарды жүргізуге пайдаланушы ұйым басшылығының актісі және жазбаша рұқсаты бойынша мердігердің МҚ объектілерін қабылдау орындалғаннан кейін басталады.
      118. МҚ ЖБ қайта жетілдіру, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстардың орындалуы басталмас бұрын тапсырыс беруші мен мердігер олармен бірге техникалық дәлізде өтетін құрылыс иелерін жұмыстардың жүргізілуінің басталуы және мерзімі туралы хабарлап қояды.
      119. Құру, қайта жетілдіру және техникалық қайта жарақтандыру аяқталғаннан кейін МҚ объектілерін пайдалануға қабылдау жобалық құжаттамамен қарастырылған барлық құрылыстарымен кешенді жүргізіледі.
      120. Егер адамдардың қауіпсіздігін, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірге жүретін объектілердің құрылысы, қайта жетілдірілуі және техникалық қайта жарақтандырылуы аяқталмаған болса, МҚ объектілерін пайдалануға қабылдау (сондай-ақ кезеңдік) рұқсат етілмейді.
      121. МҚ ЖБ құрылысы, қайта жетілдірілуі, техникалық қайта жарақтануы аяқталуы бойынша беріктігіне және бітеулілігіне сыналады.
      МҚ объектілерін көміртектермен толтыру мен қосуды бастау күніне дейін олар актіні ресімдеумен жұмыс комиссиясымен қабылданады.
      122. МҚ объектілерін салу, қайта жетілдіру және техникалық қайта жарақтау және СБ беріктігіне сынау мен бітеулілігін тексеру аяқталуы бойынша оларды кешенді байқап көру жүзеге асырылады.
      123. Қабылдау комиссиясы құрылыспен қайта жетілдірілумен, күрделі жөндеу мен техникалық қайта жарақтандырумен аяқталған акті ресімделген МҚ объектілерін қабылдауды жүзеге асырады.
      Салынған МҚ және (немесе) оның бөлігін қабылдау алдында құбыр ішіне арнаулы ұйым диагностика жүргізеді. Диагностика кезінде анықталған кемшіліктерді жою құрылыс жұмыстарын атқарған ұйым жүргізеді.
      Құбыр ішіне диагностика жүргізуге қойылатын талаптар пайдаланудағы МҚ жөндеуге, желілік бөлігін ауыстыруға қолданылмайды.
      124. Пайдалануға енгізер алдында МҚ барлық объектілері және жұмыс орындары қазақ және орыс тілдерінде ресімделген жобалық және пайдалану құжаттамасымен, қосалқы бөлшектермен, жабдықтармен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

4. Магистральдық құбырлар объектілерін және желілік бөлігін техникалық диагностикалау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

      125. МҚ бүтіндігін анықтау мақсатында диагностика жүргізіледі, оның негізгі элементтері:
      1) құбырішілік диагностика;
      2) құбырлардың беріктігі мен бітеулілігіне сынау;
      3) тотығуды және қорғаныс жабындысының жағдайын бақылау;
      4) анықталған ақауларды ескере отырып МҚ қалған қызмет мерзімін жобалау.
      126. МҚ объектілерінің нақты техникалық жағдайын анықтау мақсатында мерзімді техникалық диагностикалау жүргізіледі.
      127. Пайдалану мерзімі аяқталған соң олардың одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін болатын мерзімін анықтау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы жүргізіледі.
      128. Диагностикалық тексеру нәтижелері негізінде қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған аттестатталған ұйыммен рұқсат етілетін жұмыс қысымының шамасы анықталады. МҚ пайдалану кезінде рұқсат етілетін жұмыс қысымының шамасы паспортта көрсетіледі.
      129. Сұйытылған мұнайлы газдары тасымалданатын МҚ объектілері екі жылда бір реттен жиі емес бұзылмайтын бақылау әдістерімен диагностикалауға ұшырайды. МҚ ЖБ құбырішілік диагностикалау жоспарлы негізде нормативтік–техникалық құжаттамаға сәйкес 5 жылда бір реттен жиі емес жүргізіледі.
      130. Резервуарларды диагностикалау:
      1) ішінара - 5 жылда бір реттен жиі емес;
      2) толық - 10 жылда бір рет жүргізіледі.
      131. Есептелген қызмет мерзімін өтеген немесе күрделі жөндеуден өткен резервуарлар үшін оларды одан әрі пайдалану кезінде диагностикалау кезеңділігі мамандандырылған ұйыммен айқындалады 4 және 8 жылдан артық емес (күрделі жөндеуден өткеннен кейін).
      132. Бірінші кезектегі диагностикалық тексеруге мынадай:
      1) авариялық жағдайдағы немесе авариядан кейінгі жөндеу жағдайындағы;
      2) 20 жылдан астам пайдаланудағы;
      3) конструкцияларды таситын металға қатысты тоттануы жоғары өнімдер сақталатын резервуарлар жатады.
      133. Ішінара диагностикалау резервуарларды пайдаланудан шығармай жүргізіледі, ал толық - оларды босатып, тазалап және газсыздандырып резервуарларды пайдаланудан шығарғаннан кейін жүргізіледі.
      134. Резервуарларды диагностикалау нәтижелері негізінде пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы бекітетін жөндеу кестесі (оның ішінде күрделі жөндеу) жасалады.