РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6863 болып енгізілген, 2011 жылғы 9 қыркүйектегі № 9, 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 33 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жариялаған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта:
49), 50)-тармақшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Т. Сұлтанов ___________
2014 жылғы 31 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
Қ.Н. Келімбетов ________
2014 жылғы 25 желтоқсан