"Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 ақпанда № 10200 тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6744 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 28 сәуірде № 141 (26562) жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережеде:
      6-7 – тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қойылған міндеттерге сәйкес наркологиялық ұйымдар мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
      1) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар сұраныстарына сәйкес наркологиялық көмек көрсетуді (ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігі, қол жетімділігі, көлемі мен сапалық сипаттамалары бойынша) қамтамасыз ету;
      2) халықтың әртүрлі топтарының арасында алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелділікке құмартушылықтың тиімді түрдегі алғашқы профилактикасы (алькогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға құмарлықтың қауіптілігі жоғары топтарына диагностика және қауіптілігі асқынған түріне тиімді түзету жасауды бірге қоса);
      3) халықтың әртүрлі топтарының арасында алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдармен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар ауруларының алғашқы білінуі мен кең таралған клиникалық сипатына диагностика жүргізу, наркологиялық көмек бағдарламасына қатысуға уәждемелеу;
      4) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалту уәждемесімен қоса, алғашқы наркологиялық көмек бағдарламаларымен толыққанды қамтуға қол жеткізу;
      5) ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан жеткізілген пациенттерді емдеуге жатқызу қажеттігі немесе жатқызуға қарсылық білдіру мәселесін шешу мақсатында алкоголь және (немесе) басқа да ПАЗ-дан мас болу (уыттану) деңгейіне диагностика жасау;
      6) ұзақ әрі тұрақты ремиссияға және рецидивке қарсы әрі қолдаушы терапия уәждемесіне қол жеткізе отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайда алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды тиімді түрде емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту;
      7) наркологиялық көмектің соңғы кезеңіндегі ремиссия жағдайында тұрған алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар арасында рецидивтердің тиімді профилактикасы (рецидивке қарсы және қолдаушы терапия);
      8) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды үнемі пайдаланудың мейлінше ауыр асқынулары мен салдарын тиімді профилактикалау (медициналық-коморбидті патологияның дамуы, АИТВ-ны қоса алғанда, мерзімінен бұрын мүгедектену, өлім-жітімділік, әлеуметтік тәртіп нысандарына қарсы әлеуметтік тәртіп үлгісі, қылмыстық белсенділік, күшпен басып алулар, аутоагрессиялар);
      9) наркологиялық ұйымның қызмет көрсету аумағындағы алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға наркологиялық көмек көрсету жағдайына талдау жүргізу және медициналық көмек сапасының индикаторларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген есептік және өзге де құжаттардың статистикалық өңделуінің негізінде баға беру;
      10) наркологиялық көмекті ұйымдастыру мәселесі бойынша консультациялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
      11) апиындық есірткілерден тәуелді адамдарға алмастырушы қолдаушы терапия түріндегі есірткіге тәуелділікті емдеуді ұсыну.
      7. Өзіне жүктелген қызметтерге байланысты наркологиялық ұйымдардың құрылымында мыналар ұйымдастырылуы мүмкін:
      1) диспансерлік (емханалық) наркологиялық бөлімше;
      2) балаларға арналған наркологиялық бөлімше (кабинет);
      3) жасырын емдеу жөніндегі наркологиялық бөлімше (кабинет);
      4) алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастардың жіті және жітілеу абстинентті жағдайларын дәрі-дәрмек арқылы емдеуге және уәждемелі терапия жүргізуге арналған стационарлы наркологиялық бөлімшелер, оның ішінде алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған бөлімшелер;
      5) медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі);
      6) уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы;
      7) күндізгі наркологиялық стационар;
      8) ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі;
      9) алмастырушы қолдаушы терапияны ұсыну пункті.»;
      3-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-параграф. Диспансерлік (емханалық) наркологиялық бөлімше»;
      3-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-параграф. Балаларға арналған наркологиялық бөлімше (кабинет)»;
      3-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-параграф. Жасырын емдеу бойынша наркологиялық бөлімше (кабинет)»;
      3-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-параграф. Жіті және жітілеу абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы емдеуге, алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарға уәждемелі терапия жүргізуге арналған стационарлық наркологиялық бөлімшелер, оның ішінде алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған бөлімшелер»;
      3-тараудың 5-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-параграф. Медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі)»;
      3-тараудың 6-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-параграф. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы»;
      3-тараудың 7-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-параграф. Күндізгі наркологиялық стационар»;
      3-тараудың 8-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-параграф. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім»;
      3-тараудың 9-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-параграф. Аудандық немесе қалалық емханаларда наркологиялық кабинет»;
      мынадай мазмұндағы 10-параграфпен толықтырылсын:
      «10-параграф. Алмастырушы қолдаушы терапияны ұсыну пункті
      47. Алмастырушы қолдаушы терапияны ұсынудың негізгі міндеттері:
      1) апиындық тәуелділігі бар пациенттердің өмір сапасын және әлеуметтік бейімделуін арттыру;
      2) заңсыз есірткі құралдарын тұтыну жиілігі мен көлемін төмендету;
      3) инъекциялық есірткіні тұтынышылардың арасында АИТВ-инфекциясының және басқа да қосалқы аурулардың берілу қаупін төмендету;
      4) апиыннан тәуелді АИТВ жұқтырған адамдардың ретровирусқа қарсы терапияға бейімділігін ұлғайту болып табылады.
      48. Алмастырушы қолдаушы терапияны ұсыну пункті денсаулық сақтау ұйымының ғимаратында үй-жайға жеке кіретін есігімен орналастырылады.
      49. Алмастырушы қолдаушы терапияны тағайындауға арналған көрсетілімдер:
      1) апиындық тәуелділік диагнозы (F 11.2);
      2) хабардар етілген келісім беру қабілеттілігі;
      3) 18 жастан жоғары;
      4) АИТВ-инфекциясының белгіленген диагнозы;
      5) жүктілік болып табылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Г.Ө. Құлқаева):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Р.Мусиновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                          Т. Дүйсенова