Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 қаңтарда № 10161 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 199 бұйрығымен    
бекітілді        

Мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік монополия
субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС-ны қоспағандағы баға, теңге

Орталық аппарат, Алматы қаласындағы «АЕО» РМК-ның филиалы

«АЕО» РМК-ның 14 облыстағы және Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары

1

Жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау

адам/сағат

958

526

2

Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектендіру

адам/сағат

3 564

0

3

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараттық-статистикалық жүйелерін, статистика тіркелімдерін сүйемелдеу

адам/сағат

3 050

524

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараттық-статистикалық жүйелерінің дерекқорларын және олардың тұғырнамаларын, интернет-ресурсын, аппаратты-техникалық құралдарын сүйемелдеу және әкімшілендіру

адам/сағат

2 725

535

5

Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру

адам/сағат

982

      Ескертпе:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «АЕО» РМК) Орталық аппараты, Алматы қаласындағы «АЕО» РМК-ның филиалы және 14 облыс және Астана, Алматы қалалары бойынша «АЕО» РМК-ның филиалдары көрсететін қызметтердің бағаларын көрсетілетін қызметтердің көлеміне, сипатына және мазмұнына байланысты бөлу.
      «Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектендіру» қызметін Орталық аппарат және Алматы қаласындағы «АЕО» РМК-ның филиалы көрсетеді.