"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2014 жылғы 26 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығымен бекітілген |
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі
1. Жалпы ережелер
1. Осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі (бұдан әрі – тетік) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы тетікте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) энергетикалық аудит (энергия аудиті) - энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
2) энергетикалық тиімділік – өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну;
3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыретінің шегінде іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың қызметі бағалау объектісі болып табылады.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігі
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей осы тетікке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметі туралы электрондық тасығыштарда уәкілетті органға есеп береді.
5. ЖАО қызметін бағалау үшiн уәкiлеттi орган ұсынылған есептерге мынадай өлшемдер бойынша талдау жүргізеді:
1) өз құзыреті шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік мекемелерде энергия аудитін өткізуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттiк мекемелердi терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастыру;
5) мемлекеттік мекемелер үшін энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;
6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;
7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз ету;
8) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыру.
6. Энергия үнемдеу мәселелері бойынша ЖАО қызметін бағалауды уәкілетті орган осы тетіктің 7-тармағына сәйкес өлшемдердің балдары бойынша 40-балдық шкалалық жүйе бойынша жүзеге асырады.
Әрбір өлшем бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиiстi балдар шығарылады.
7. ЖАО қызметін бағалау өлшемдерінің көрсеткiштері мыналар болып табылады:
1) аумақтарды дамыту бағдарламасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы нысаналы индикаторлар мен міндеттердің пайыздық орындалуы (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
2) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауын мониторингілеудің пайыздық қамтуы (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
3) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттiк мекемелерде өткiзiлген энергия аудитінің жыл сайынғы саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);
4) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттiк мекемелерді терможаңғыртудың жыл сайынғы саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);
5) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерге арналған орнатылған энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарының саны (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
6) мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерге арналған жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің саны (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
7) саябақ және көше жарығының жалпы санына қатысты энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябаққа және көшеге жарық берудің үлесі (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
8) есепті кезеңде жоспарланып қойылған көлемге қатысты тұрғындарда пайдалануда болған, кәдеге жаратылған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдардың үлесі (0-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл).
8. ЖАО қорытынды бағасы барлық өлшемдер бойынша алынған есеп нәтижелерін қосу арқылы анықталады.
Қорытынды баға:
1) ең жоғары балдың 60 %-ынан төмен немесе соған тең болса "төмен";
2) ең жоғары балдың 61-85 % аралығында болса "орташа";
3) ең жоғары балдың 86 %-ға тең немесе одан жоғары болса "жоғары" болып саналады.
9. Бағалау нәтижесі бойынша уәкілетті орган жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 30 наурызынан кешіктірмей, осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қызметін бағалау нәтижелері туралы қорытынды дайындайды.
10. ЖАО энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша бағалау нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігіне 1-қосымша |
Нысан
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
мәселелері бойынша қызмет туралы есеп
_______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
__________________
(есепті кезең)
р/с № | Іс-шараның атауы | **Нысаналы индикатор/ жалпы саны | Оның ішінде | Есепті кезең ішінде орындалған жұмыс туралы ақпарат | |
Есепті кезең ішінде | Барлығы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Аумақты дамыту бағдарламасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нысаналы индикаторлар мен міндеттерді және өз құзыреті шегінде белгіленген нысаналы индикаторлардан мемлекеттік саясатты орындауы | ||||
2 | Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауын мониторингілеудің пайыздық қамтуы | ||||
3 | Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттiк мекемелерде өткiзiлген энергия аудитінің саны | ||||
4 | Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттiк мекемелерде өткізілген терможаңғыртулар саны | ||||
5 | Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттік мекемелерге арналған орнатылған энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарының саны | ||||
6 | Мемлекеттік мекемелердің жалпы санына қатысты мемлекеттік мекемелерге арналған жылу тұтынуды реттеудің орнатылған автоматты жүйелерінің саны | ||||
7 | Саябақ және көше жарығының жалпы санына қатысты энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябаққа және көшеге жарық берудің үлесі | ||||
8 | саябақ және көше жарықтың жалпы санына қатысты энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябаққа және көшеге жарық берудің үлесі | ||||
Ескертпе: * - осы жол үшiн 2-7 – бағаналарды толтыру мiндеттi емес; ** 3-бағанда (нысаналы индикатор/жалпы сан) көрсетіледі: 1-жолда сол немесе өзге нысаналы индикатор(лар); 2-6-жолдарда - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің мемлекеттiк мекемелерінің жалпы саны; 7-жолда - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте орналасқан саябақтар мен көше жарығының жалпы саны. |
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігіне 2-қосымша |
Нысан
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері
бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау
нәтижелері туралы қорытынды
_______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
__________________
(есепті кезең)
Р/с № | Бағалау өлшемдері | Әрбір өлшемді бағалау балдары |
1 | 2 | 3 |
1 | Өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру; | |
2 | Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру; | |
3 | Мемлекеттік мекемелерде энергия аудитін өткізуді ұйымдастыру; | |
4 | Мемлекеттiк мекемелердi терможаңғыртуды өткізуді ұйымдастыру; | |
5 | Мемлекеттік мекемелер үшін энергетика ресурстарын есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату; | |
6 | Мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату; | |
7 | Энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз ету; | |
8 | Тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыру. | |
Жалпы бағалау: | ||
Жалпы бағалаудың мәні: |
Бағалау өлшемдері бойынша жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін талдау:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қорытындылар мен ұсынымдар: ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Уәкілетті
органның басшысы _____________ _______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
Уәкілетті органның
тиiстi құрылымдық
бөлiмшесiнің басшысы _____________ _______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
20 ___ жылғы "____" ______________