Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 желтоқсанда № 10022 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Т. Жақсылықов

      2014 жылғы 27 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрінің

      міндетін атқарушы

      _______________ Ж. Қасымбек

      2014 жылғы 26 қараша

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 122 бұйрығымен
бекітілген

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2017 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

лауазымды адамдар мен радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың иерархиясы белгіленген өтініш берушінің ұйымдық құрылымы

өтініш беруші бекіткен графикалық схеманың немесе ұйымдық құрылымның мәтіндік сипаттамасының көшірмесі

еркін нысанда

2

мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

3

тиісті білімі, дайындығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген мамандардың бiлiктi құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4

құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензиялар

мынадай рұқсат етілген жұмыстармен осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
1. Жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде іргетас негіздерді орналастыру;
2. Объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде:
1) металл конструкцияларды монтаждауды;
2) монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрамабетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
3) шатыр жабу жұмыстарын қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлердің, көлiк эстакадаларының, тоннельдер мен жол өткізгілерінің, өзге де жасанды құрылыстардың) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салу.
3. байланыспен, апатқа қарсы қорғанумен, бақылау және дабыл беру жүйесімен, көліктегі, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектілеріндегі, өзге де тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі бұғаттаумен, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары.

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

5

ядролық қондырғыны және/немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасының физикалық қорғау жүйесі

ядролық қондырғыны және/немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасының физикалық қорғау жоспарының көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

6

сынау хаттамалары, жүйелерді және жабдықтарды пайдалануға қабылдау актiлерi, аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау актiлерi

өтініш беруші бекіткен қабылдау актілерінің және сынау хаттамаларының, жүйенің, жабдықтардың және персоналдың физикалық іске қосуға дайындығы жөніндегі актінің көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

7

объектiнiң қауiпсiздiгiн талдау бойынша алдын ала есеп

өтініш беруші бекіткен объектінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі алдын ала есептің көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

8

объектiнi пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспары

өтініш беруші бекіткен объектiнi пайдаланудан шығару алдын ала жоспарының көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

9

жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, тексеруді және сынауды қамтамасыз ететін қызметтер

мынадай құжаттардың:
еңбекке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулықтардың алдын алуға бағытталған жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, тексеруді және сынауды қамтамасыз ететін қызметті құру туралы бұйрықтың және қызмет туралы ереженің;
техникалық қызмет көрсетуді жүргізу нұсқаулығының;
техникалық қызмет көрсету жүргізу бағдарламасының және кестесінің көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

10

радиациялық қауіпсіздік қызметі

мынадай құжаттардың: өтініш берушінің радиациялық қауіпсіздік қызметін құру туралы бұйрығының, радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет басшысын тағайындау туралы бұйрықтың, радиациялық бақылау аспаптары мен өлшеу құралдарын тексеру сертификаттарының көшірмелері; радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу сертификаттарының көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

11

иондаушы сәуле шығару көздерi мен радиоактивтi қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес иондаушы сәуле шығару көздерi мен радиоактивтi қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған қойма туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

12

мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен сапаны қамтамасыз ету бағдарламасының көшірмесі

13

ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі, персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті жөніндегі нұсқаулықтар

өтініш беруші бекіткен мынадай құжаттардың:
радиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтың;
физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтың;
жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтың, персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті бойынша нұсқаулықтың көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

14

радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары

өтініш беруші бекіткен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

15

авария жағдайында персоналдың iс-қимылын пысықтауға арналған аварияға қарсы іс-шаралар жүйесі

өтініш беруші бекіткен авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтауға арналған әдістеменің, аварияға қарсы жаттығуларды өткізу бағдарламасы мен кестесінің көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

16

ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес ядролық материалдарды есепке алу және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

17

объектінің жобасында көзделген барлық жұмыс режимдерi үшін, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезiнде қажет көлемде объектiде, санитариялық-қорғау аймағында және байқау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесi

мынадай құжаттардың: өтініш беруші бекіткен радиациялық жағдайды бағалаумен өндірістік бақылау бағдарламасының;
радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін бекітетін құжаттың;
радиациялық бақылауды өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

18

өтініш берушінің персоналдың сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың, жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің, өлшеу жүргізу, аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген әдістемелердің, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің, тексеру және жеке сәулелену дозаларын өлшеу үшін жабдықтарды тексеру туралы сертификаттардың, жеке дозиметрлік өлшеу карточкаларының, жеке дозаларды есепке алу журналының көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

19

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

шарт жасасу мемлекеттік мекемелер үшін талап етілмейді

20

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

21

міндетті экологиялық сақтандыру шарты

2. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

лауазымды адамдар мен радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың иерархиясы белгіленген өтініш берушінің ұйымдық құрылымы

өтініш беруші бекіткен графикалық схеманың немесе ұйымдық құрылымның мәтіндік сипаттамасының көшірмесі

еркін нысанда және бұл тармақ белсінділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдың және плутонийдың изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне қатысты емес

2

мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ белсінділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдың және плутонийдың изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне қатысты емес. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

3

радиациялық қауіпсіздік қызметтері (немесе жауапты тұлға)

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; келесі құжаттардың:
радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының); өлшеу құралдарын және радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады; радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының көшірмесін ұсыну белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің және плутонийдің изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне ғана қажет

4

ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес ядролық материалдарды есепке алу және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі

5

ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесі

ядролық материалдарды физикалық қорғау жоспарының көшірмесі

осы тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес

6

экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесінің бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесі бағдарламасының көшірмесі

бұл тармақ ядролық материалдарды іске асыру жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты

7

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

мына құжаттардың: физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың; жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, артық тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың; мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың;
персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтың; өтініш беруші бекіткен радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының;
мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын анықтайтын мәлімделетін жұмыстарды орындау технологиялық регламентінің көшірмелері

физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, артық тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты ұсыну тек ядролық материалдарды қолдану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі.

8

өтініш беруші персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе өзінің жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың; аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген өлшем жүргізу әдістемесінің; зертханаларды түгендеу актілерінен үзінділердің; сәулеленудің жеке дозаларын өлшеу үшін жабдықтарды тексеру туралы сертификаттардың; дозиметрлік өлшеулердің жеке карточкаларының көшірмелері; жеке дозаларды есепке алу журналының көшірмелері

осы тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес

9

тиісті білімі, дайындығы және жұмыс тәжірибесі бар мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген мамандардың бiлiктi құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

осы тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес

10

меншік құқығындағы радиоактивтi қалдықтарға арналған қойма

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

осы тармақ тек ядролық материалдарды пайдалану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

11

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының көшірмесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

мемлекеттік мекемелер үшін шарт жасасу қажет емес және осы тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес

12

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

осы тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес

13

міндетті экологиялық сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

осы тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес

3. Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақты егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

2

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген мамандар мен техниктердің білікті құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді

3

радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және сақтау жүйесі жөніндегі қызметтер немесе (жауапты тұлғалар)

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
мынадай құжаттардың: радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының); радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды есепке алуға және бақылауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмелері

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады

4

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе өзінің радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда: радиациялық бақылау жүргізу жоспарының және соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының көшірмесі; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері

бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді

5

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

мынадай құжаттардың көшірмелері: мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың;
персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтардың;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісінен үзіндінің немесе өтініш берушінің балансында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды түгендеу актісінен үзінділердің көшірмелерін беру туралы кепілді хат;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын анықтайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентінің; радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының;
иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау нұсқаулығының көшірмелері

радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары радиациялық қауіптілігі I және II санаттағы объектілер үшін ғана ұсыну талап етіледі;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісінен үзінді көшірмесін радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу және табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметтерінің кіші түрлері үшін ұсыну талап етілмейді

6

өтініш беруші персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың, жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің, өлшеу жүргізу, аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген әдістемелердің, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің, тексеру және сәулелену дозаларын өлшеу үшін жабдықтарды тексеру туралы сертификаттардың, жеке дозиметрлік өлшеу карточкаларының жеке дозаларды есепке алу журналының көшірмелері

бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді

7

фирма ішіндегі экспорттық бақылау жүйесінің бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен фирма ішіндегі экспорттық бақылау жүйесі бағдарламасының көшірмесі

бұл тармақ мәлімделген қызмет құрамында уранды қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізу бойынша жұмыстар болған кезде табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметінің кіші түріне ғана қатысты

8

иондаушы сәуле шығару көздері жұмысының сапасын бақылауға және радиациялық шоғырларды калибрлеуді жүргізуге жауапты медициналық физиктер

мынадай құжаттардың: медициналық физиктердің шоғырды калибрлеуді жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломының және арнайы даярлығы туралы құжаттардың;
радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасының және шоғырларды калибрлеу және сапасын бақылау жүргізудің соңғы хаттамасының;
шоғырларды калибрлеу және сапаны бақылау үшін пайдаланылатын құралдарды тексеру сертификаттарының көшірмелері

бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларды пайдалану бойынша жұмыстарға ғана қатысты

9

радиоактивті заттарды, аспаптарды және қондырғыларды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау кіші қызметі үшін жеке меншіктегі қойманың болуы талап етіледі егер құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар аралық немесе уақытша жеке сақтауды қажет етпейтін болса және әрдайым пайдалану және қайта зарядтау барысында жұмыс орнында болса, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

10

құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттама

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізетін меншікті техник болған жағдайда; осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес техниктердің біліктілік құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық құралдар мен қондырғыларды және радиоизотоптық тексеру жабдықтарын пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты

11

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карталар

"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінен алғаны туралы белгісі бар иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карталардың көшірмесін немесе өтініш берушінің балансында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карталарының көшірмелерін беру туралы кепілді хат

бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді

12

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау үшін лицензия

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны немесе осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсету туралы қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақты мәлімделген қызмет құрамында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау операциясы болған кезде орындау талап етіледі

13

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

шарт жасасу мемлекеттік мекемелер үшін талап етілмейді

14

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

құрамында радиоактивті заттар бар өнеркәсіптік аспаптар мен қондырғыларға бұл тармақты орындау қажет

4. Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеу жөніндегі қызметке

      Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

егер өтініш беруші жұмыстарды тапсырыс берушінің аумағында жүргізсе, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

2

иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және сақтау жүйесінің радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметі (немесе жауапты тұлға)

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
мынадай құжаттардың: радиациялық қауіпсіздік бойынша қызмет туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы);
иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алуға және бақылауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмелері

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады

3

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе мынадай құжаттардың: меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда: радиациялық бақылауды жүргізу жоспарының; соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының;
радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері

4

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

мынадай құжаттардың: мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың;
иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісінен үзіндінің немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғылар сатып алғаннан кейін иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісінен үзінділердің көшірмелерін беру туралы кепілді хат;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайларын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентiнің; иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау нұсқаулығының көшірмелері

5

өтініш берушінің персоналдың сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың, жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің, өлшеу жүргізу, аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген әдістемелердің, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің, тексеру және сәулелену дозаларын өлшеу үшін жабдықтарды тексеру туралы сертификаттардың, жеке дозиметрлік өлшеу карточкаларының жеке дозаларды есепке алу журналының көшірмелері

6

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғылардың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу

атом энергиясын қолдану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптар мен қондырғылар сатып алғаннан кейін аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының көшірмелерін беру туралы кепілді хат

бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдалану және дайындау бойынша жұмыстарға ғана қатысты

7

персоналдың және пациенттердің жеке қорғану құралдары

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 8-қосымшасына сәйкес жеке қорғану құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты

8

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің білікті құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

9

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы құжаттамалар

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізетін меншікті техник болған жағдайда; осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес техниктердің біліктілік құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларды және қол жүгі мен багажды тексеруге арналған жабдықтарды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты

10

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карта

"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінен алғаны туралы белгісі бар иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карталар көшірмесін немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына ақпараттық карталардың көшірмелерін беру туралы кепілді хат

11

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

шарт жасасу мемлекеттік мекемелер үшін талап етілмейді

12

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

5. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

тиісті білімі, арнайы дайындығы бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктердің білікті құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және тәжірибелік дайындықтан өткенін растайтын (сертификаттар, куәліктер) құжаттардың көшірмелері

құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, кері монтаждау, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу кіші қызмет түрі үшін отандық зауыттар немесе олардың уәкілетті ұйымдары берген (сертификаттар, куәліктер) құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді

2

болжанған қызмет түрлері туралы түсіндірме жазба

мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрін жүзеге асыру кезінде өтініш беруші немесе лицензиат жұмысты жүргізуді болжайтын аспаптар мен қондырғылардың түрлерін көрсете отырып, барлық рәсімнің орындалуын жүйелі баяндау туралы түсіндірме жазба

еркін нысанда, түсіндірме жазбаға өтініш беруші немесе лицензиат қол қоюы тиіс

3

радиациялық қауіпсіздік қызметі (немесе жауапты тұлға)

мынадай құжаттардың: радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмелері; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады; бұл тармақ персоналды жеке дозиметрлік бақылау жөніндегі қызметтің кіші түріне қатысты емес

4

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық

өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі

бұл тармақ мынадай:
құрамында радиоизотоптық иондаушы сәулелену көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу; иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау бойынша қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты

5

мәлімделген жұмыстарға жіберілген өтініш берушінің персоналының сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың, жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің, өлшеу жүргізу, аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген әдістемелердің, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің, тексеру және сәулелену дозаларын өлшеу үшін жабдықтарды тексеру туралы сертификаттардың, жеке дозиметрлік өлшеу карточкаларының жеке дозаларды есепке алу журналының көшірмелері

бұл тармақ мынадай:
құрамында радиоизотоптық иондаушы сәулелену көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу; иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау бойынша қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты

6

қолданылатын аспаптардың әрбір параметрі бойынша сынау мерзімділігі бойынша тестілеудің түрлері мен әдістемелерін сипаттай отырып тестілік сынаулар жүргізу бағдарламасы

"Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын біліктілік талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11204 болып тіркелген) медициналық рентген жабдықтарының пайдалану параметрлеріне бақылау жүргізу талаптарына сәйкесетін, рентген аппаратының әрбір типінің тексерілетін негізгі параметрлерін, түсірілген суреттерді алу жүйесін және оларды бағалау шарттарын, пайдаланылатын қосалқы жабдықтарды сипаттай отырып сынау бағдарламасының көшірмесі

бұл тармақ иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау бойынша қызметтің кіші түріне ғана қатысты

7

мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанының 1-бағанында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері;

бұл тармақты құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, кері монтаждау, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу бойынша қызметтердің кіші түрлеріне орындау талап етілмейді

8

мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар,зертханалар

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің мөлшерін анықтау және персоналды дозиметрлік жеке бақылау бойынша жұмыстарды орындауға ғана қатысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

9

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы шарт

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

шарт жасасу мемлекеттік мекемелер үшін талап етілмейді және бұл тармақ персоналды дозиметрлік жеке бақылау бойынша қызмет түріне қатысты емес

6. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке

      Ескерту. 6-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

егер өтініш беруші жұмыстарды тапсырыс берушінің аумағында жүргізсе бұл тармақты орындау талап етілмейді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

2

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет (немесе жауапты тұлға) және радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға

мына құжаттардың:
радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының);
радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмелері;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады

3

жұмыс орындарында, ластанған жабдықтар, бұйымдарда, топырақта, қалдықтарда өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсету туралы осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе: меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда келесі құжаттардың: радиациялық қадағалауды жүргізу жоспарының; соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері

4

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

мына құжаттардың:
мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың;
персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтың; радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының;
радиоактивті қалдықтарды тіркеу журналының;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, қалдықтарды жинау, сұрыптау, сақтауға беру, өңдеу, қайта өңдеу, сақтау,көму тәсілдерін және кезеңдерін, үй-жайларды, жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыруды қоса алғанда, операцияларды орындаудың жүйелі тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайларын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентiнің көшірмелері

5

өтініш берушінің персоналдың сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйелері

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың, жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің, өлшеу жүргізу, аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген әдістемелердің, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің, тексеру және жеке сәулелену дозаларын өлшеу үшін жабдықтарды тексеру туралы сертификаттардың, жеке дозиметрлік өлшеу карточкаларының, жеке дозаларды есепке алу журналының көшірмелері

6

радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жоспардың көшірмесі

бұл тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты

7

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген техниктердің және жұмысшылардың бiлiктi құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

жұмысшылардың болуы қызметтің барлық кіші түрлері үшін, техниктердің болуы тек үй-жайларды, жабдық пен материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту) бойынша қызметтің кіші түрі үшін ғана қажет

8

радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 11-қосымшасына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады

9

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы шарт

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

шарт жасасу мемлекеттік мекемелер үшін талап етілмейді

10

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты

7. Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау жөніндегі қызметке

      Ескерту. 7-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыруға жiберiлген мамандар мен техниктердің бiлiктi құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет немесе жауапты тұлға

радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмесі; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады

3

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

радиациялық бақылау жүргізу жоспарының көшірмесі, радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері;
радиациялық бақылау аспаптарын жалға алған жағдайда радиациялық бақылау аспабын жалға алу шартының көшірмесі

4

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

мына құжаттардың:
мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың; жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, тиеу және сақтау кезіндегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың;
авария жағдайында персоналдың іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтың көшірмелері

5

радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген өтініш берушінің персоналының сәулелену дозаларын бақылау және есепке алу жүйелері

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың, жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің, өлшеу жүргізу, аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген әдістемелердің, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің, тексеру және жеке сәулелену дозаларын өлшеу үшін жабдықтарды тексеру туралы сертификаттардың, жеке дозиметрлік өлшеу карточкаларының, жеке дозаларды есепке алу журналының көшірмелері

6

тасымалдауға болжанған аспаптардың, қондырғылардың, материалдардың, заттардың, қалдықтардың түрлері жөнінде, сонымен бірге тасымалдау жоспарланған көліктік қаптама комплектілері жөнінде түсіндірме жазба

өтініш беруші немесе лицензиат тасымалдайтын болжанған аспаптардың, қондырғылардың, материалдардың, заттардың, қалдықтардың түрлерінің тізімі, сонымен бірге тасымалдау жоспарланған көліктік қаптама комплектілері жөнінде мәліметтер

еркін нысанда, түсіндірме жазбаға өтініш беруші немесе лицензиат қол қоюы тиіс

7

ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар құралдар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 12-қосымшасына сәйкес ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

8

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы шарт

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

мемлекеттік мекемелер үшін шарт жасасу қажет емес

9

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

8. Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке

      Ескерту. 8-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

полигонда болжанған жұмыстар бойынша түсіндірме жазба

өтініш беруші полигонда жүргізетін болжамды жұмыстар тізімі

еркін нысанда, түсіндірме жазбаға өтініш беруші қол қоюы тиіс

2

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық

мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі

3

өтініш беруші персоналдың сәулелену дозасын бақылау және есепке алу жүйесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың, жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің, өлшеу жүргізу, аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген әдістемелердің, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің, тексеру және жеке сәулелену дозаларын өлшеу үшін жабдықтарды тексеру туралы сертификаттардың, жеке дозиметрлік өлшеу карточкаларының, жеке дозаларды есепке алу журналының көшірмелері

4

жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету

атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсету туралы атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе
өзінің радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда: радиациялық бақылау жүргізу жоспарының және соңғы радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының көшірмесі; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттарының көшірмелері

ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарында және басқа да аумақтарда радиациялық бақылауды "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету" және "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыру" қызмет түрлеріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға жүргізеді

5

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы шарт

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

шарт жасасу мемлекеттік мекемелер үшін талап етілмейді

6

радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет немесе жауапты тұлға

радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмесі; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады

7

мәлімделетін жұмыстар бойынша тиісті білімі, арнайы дайындығы бар және мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техниктердің және жұмысшылардың бiлiктi құрамы

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес техниктердің және жұмысшылардың біліктілік құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

9. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке

      Ескерту. 9-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген техниктер мен жұмысшылардың бiлiктi құрамы

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2

күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық материалдарды және радиоактивтi заттарды тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты

3

өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар

өтініш беруші бекіткен: радиациялық қауіпсіздік бойынша; персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөнiндегi нұсқаулықтардың көшірмелері

бұл тармақ ядролық материалдарды және радиоактивтi заттарды тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты

4

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы шарт

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 5-қосымшасына сәйкес сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

шарт жасасу мемлекеттік мекемелер үшін талап етілмейді

10. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке

      Ескерту. 10-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестілігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

оқу өткізу үшiн меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндiрiстiк-техникалық база (теориялық және практикалық сабақ өткізуге арналған оқу сыныптары, жабдықтар, аспаптар)

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанының 2-бағанында көрсетілген құжаттардың көшірмелері

2

мамандығы бойынша кемiнде үш жыл оқыту тәжiрибесi, ядролық және/немесе радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында арнайы дайындығы және практикалық жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi оқытушылардың біліктілік құрамы

оқытушылардың білімі, ядролық және/немесе радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында арнайы дайындығы (дайындау бағдарламасымен қоса) және жұмыс тәжірибесі (жұмыс берушінің күні мен оны тоқтату негізі туралы белгісі бар еңбек кітапшаларының және жеке еңбек шарттарының көшірмелері) туралы құжаттардың көшірмелері

3

оқу және оқушылардың білімін тексеру бағдарламалары

өтініш беруші бекіткен сағаттарға бөлінген оқыту бағдарламаларының көшірмелері;
теориялық және практикалық дайындығы бөліп көрсетілген; нақты сабақтарды өткізетін оқытушының тегі көрсетілген; тыңдаушылардың білімін тексеруге арналған билеттердің (тестілердің) көшірмелері

4

сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен сапасын қамтамасыз ету, персоналды жинақтау мен даярлау саласындағы өтініш берушінің саясатын сипаттай отырып, мәлімделетін жұмыстарды жүзеге асыру кезінде сапаны қамтамасыз ету бағдарламасы, өтініш беруші мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын нормативтік құжаттар тізбесі, құжаттаманы басқару жүйесі, оқитындардың білімін бақылау тәртібі, мәлімделетін қызметте пайдаланылатын әдістемелердің сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының көшірмесі

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
1-қосымша

Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Маманның, техниктің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс орны, атқаратын қызметі

Қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі және күні

Жеке немесе заңды тұлға жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострификациялау туралы мәліметтер) (бұл тармақ рентгендік тексеру аппараттарында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды)

Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын сертификаттардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні
(бұл баған жұмысшылар үшін толтырылмайды)

Оқу және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (бұл баған жұмысшылар үшін толтырылмайды)

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (қызметінің атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (бұл баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілерде, ядролық материалдарды өткізуден басқа ядролық қондырғыларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтырылады)

Персоналды "А" тобының персоналына жатқызу (иә/ жоқ)

1

2

3

4

5

6

7

8

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне
2-қосымша

Лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 3-қосымша
 
Ядролық материалдарды есепке алу және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық жөнінде ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын қызметі

Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың мерзімі

1

2

3

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 4-қосымша

Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Шарт тақырыбы

Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/дара кәсіпкер/ жеке тұлға атауы

Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі

Жеке дозиметрлік бақылау шарты бойынша қамтылған қызметкерлер саны

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 5-қосымша

Сақтандыру шарты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Шарттың тақырыбы

Шарттың нөмірі және жасалған күні

Шарттың қолданылу мерзімі

Сақтандыру компаниясының атауы

Шартқа сәйкес сақтандырушыны сақтандыру төлемінен босатудың барлық негіздерін санап шығу

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
6-қосымша

Қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Қызметті құру туралы (немесе жауапты тұлға туралы) бұйрықтың нөмірі және күні

Маманның тегі, аты-жөні және атқаратын қызметі

Оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострификациялау туралы мәліметтер)

Оқыту курсының атауы (тақырыбы)

Оқу мекемесінің атауы

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 7-қосымша

Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Шарт тақырыбы

Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі

Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (берілген мәліметтер иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады)

Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/дара кәсіпкер/жеке тұлға атауы

Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 8-қосымша

Жеке қорғану құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Құралдың атауы және қысқаша сипаттамасы

Шыққан жылы

Қорғасын эквиваленті

1

2

3

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік
талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 9-қосымша

Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Иелік құқығын растайтын немесе өзге заңнамалық құқықтарды растайтың құжат

Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың мақсаты

Шыққан жылы және өндіруші ел

Зауыттық нөмірі және түгендеу күні

Техникалық паспорттың нөмірі

1

2

3

4

5

6

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
10-қосымша

Теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Оқу сыныбының, оқыту жабдықтарының, техникалық құралдың, радиациялық бақылау аспабының атауы және қысқаша сипаттамасы

Меншік құқығын растайтын немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжаттың атауы

Өзге заңдық құқықтар болған жағдайда

Оқыту жабдығының, техникалық құралдың немесе радиациялық бақылау аспабының тағайындалуы

Зауыттық нөмірі және түгендеу күні (оқыту сыныптарына толтырылмайды)

Саны

Техникалық паспорттың нөмірі (радиациялық бақылау аспаптары үшін)

Шарттың нөмірі, күні және қолдану мерзімі

Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
11-қосымша

Мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      Ескерту. Тізбе 11-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) атауы

Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат

Өзге заңдық құқығы болған жағдайда

Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы

Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі

Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН

1

2

3

4

5

  Атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
12-қосымша

Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      Ескерту. Тізбе 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Арнайы көлік құралының атауы, маркасы

Арнайы көлік құралының мемлекеттік нөмірі

Арнайы көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат

Өзге заңдық құқығы болған жағдайда

Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі

Шарт жасалған заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН

1

2

3

4

5