Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 желтоқсанда № 9992 тіркелді

Қолданыстағы

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      3) ресми жарияланған кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы  
№ 97 бұйрығымен бекітілген    

Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың
жем-азығы нормативтері

1. Спорттық жылқылардың күндік рационы

Р/с №

Рацион атауы

Азықтандыру нормативі

Айғырға (500-550 келі)

Биеге (500-550 келі)

1

Әртүрлі шөп

10 келі

10 келі

2

Сұлы

3 келі

3 келі

3

Арпа

1,5 келі

1 келі

4

Бидай жармасы

1 келі

1 келі

5

Күнбағыс күнжарасы

1 келі

1 келі

6

Жүгері

2 келі

2 келі

7

Сәбіз

3 келі

-

8

Жұмыртқа

5 келі

-

9

Алғы қоспа

0,5 келі

0,5 келі

10

Тұз

33 грамм

33 грамм


2. Аң-құстардың күндік рационы

1

Ет

Жазғы мерзімде

Қысқы мерзімде

0,2 келі ден 0,5 келіге дейін

0,5 келі ден 1 келіге дейін