Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 желтоқсанда № 9981 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметовке) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 86 бұйрығымен   
бекітілген      

Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен
кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін:
      1) облыстың ведомстволық бағынысты аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстар әкімдіктері;
      2) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері;
      3) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы халқының саны жүз мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері;
      4) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында халқының саны жүз мыңға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері;
      5) ведомстволық бағынысты аумақты жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аудандардың әкімдіктер жүргізеді.

2. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен
кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі

      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында:
      1) жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер және қабылданған құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламалар негізінде салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы;
      2) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектінің тапсырыс берушісі ұсынған деректер, сондай-ақ бақылау және қадағалау жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректер негізінде салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүзеге асырады.
      4. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.
      5. Салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы мониторинг мынадай деректердің негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі):
      1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы;
      2) объекті мен кешенің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға үшін);
      3) объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
      4) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламалар;
      5) объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты.
      6. Салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы мониторинг мынадай деректердің негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі):
      1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы;
      2) объекті мен кешеннің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға үшін);
      3) бас мердігердің (мердігердің) толық атауы;
      4) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      5) объекті мен кешен құрылысының басталуы;
      6) объекті мен кешен құрылысының нормативтік мерзімі;
      7) орындалатын құрылыс жұмыстарының түрлерін қамтитын объекті мен кешеннің жай-күйі туралы ақпарат.

3. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен
кешендердің мониторингі бойынша ақпарат беру тәртібі

      7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әр айдың 5-күніне салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпаратты;
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын 5-күніне салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты жібереді.
      Егер бұдан әрі объектілер мен кешендер құрылысын жоспарлау болмаған жағдайда, салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпарат осы тармақта көрсетілген мерзімде берілмейді.
      8. Сәулет, қала құрылыс және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингінің www.minplan.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді.

Салынып жатқан (салынуы белгіленген)
объектілер мен кешендердің   
мониторингін жүргізу қағидаларына 
1-қосымша             

_______________ облысы бойынша салынуы белгіленген
объектілер мен кешендер туралы 20__ жылғы _____ арналған
мониторингі
 

№ р/с

Объект (атауы мен мекенжайы)

Тапсырысберуші

Жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімі

Құрылыс-монтаж жұмыстары басталғаны туралы хабарламаның тапсырылған күні мен нөмірі

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7








Салынып жатқан (салынуы белгіленген)
объектілер мен кешендердің   
мониторингін жүргізу қағидаларына 
2-қосымша             

_____________ облысы бойынша салынып жатқан объектілер
мен кешендердің 20___ жылғы _______ арналған мониторингі

№ р/с

Объекті (атауы мен мекенжайы)

Тапсырыс беруші

Бас мердігер (мердігер)

Техникалық қадағалау

Құрылыстың басталуы

Құрылыстың нормативтік мерзімі

Объектінің және кешеннің жай-күйі туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8