Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9970 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 471 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2015 № 471 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының  нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті (С. Камели):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдар және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. «Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 241 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 197/НҚ бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8721 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                       Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 77 бұйрығымен   
бекітілді       

                                                           нысан

Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар
биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағы

Тексерудi тағайындаған орган
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы актi
_____________________________________________________________________
                           (№, күні)
Тексерілетін субъектiнiң атауы
_____________________________________________________________________
БСН
_____________________________________________________________________
Субъектiнiң орналасқан жері
_____________________________________________________________________
 

р/с

Талаптар тiзбесi

Иә

Жоқ

1.

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын жалпы талаптарына жауап беретiн тауар биржасының электрондық сауда жүйесiнің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағына сәйкес).



2.

Тауар биржасындағы құпиялылық (жасырын) режимiн, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлiмшенің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 2-тармағына сәйкес).



3.

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен биржа саудасының үлгi ережесi негiзiнде әзiрленген биржа саудасы ережесiнің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 3-тармағына сәйкес).



4.

Басшылық лауазымындағы тауар биржасы қызметкерлерінде:
жоғары бiлiмi;
тауар биржалары саласында және/ (немесе) қаржы ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
басшылық лауазымын атқармайтын тауар биржасы қызметкерлерінде:
жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмі болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 4-тармағына сәйкес).



5.

Сауданы ұйымдастыру жөнiндегi және клиенттермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердің болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 5-тармағына сәйкес).



6.

Клирингтiк орталықтың не клирингтiк орталық қызметтерiн пайдалану туралы шарттың болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 6-тармағына сәйкес).



7.

Тауар биржасының кемiнде жеті мүшесiнiң болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес).



8.

Тауар биржасы туралы және оның сауда-саттықтар өткiзу тәртiбi туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерiн орналастыру үшiн арнайы бөлiмдi қамтитын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi өз интернет-ресурсының болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 8-тармағына сәйкес).



9.

Тауар биржасы мүшелерiнiң бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкiн пайдалану, сондай-ақ биржалық мәмiлелердi, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсiмдерді тіркеу және рәсімдеу үшін төлемдердің мөлшерлерiн бекіту туралы бұйрықтың болуы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 9-тармағына сәйкес).



10.

Тауар биржасында биржалық төрелiктiң болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес).



11.

Кепiлдiк беру және сақтандыру қорының болуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1644 Қаулысымен бекітілген Кепiлдiк беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерiне сәйкес).



12.

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметтi жүзеге асыру тыйым салу туралы талаптарды сақтауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес).



13.

Тауар биржасы қызметкерлерiнiң биржалық мәмiлелерге қатысуының немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерiне пайдалануының тыйым салу туралы талаптарды сақтауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес).



14.

Биржалық мәмiлелердi тауар биржасының атынан және есебiнен жасаудың тыйым салу туралы талаптардың сақталуы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес).



15.

Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы баға белгiлеулердi бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда интернет – ресурсты тексеру және басқа БАҚ-тарда. жариялауы бойынша талаптарды орындауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес).



16.

Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруды болдырмау мақсатында әзірленген iшкi бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес).



Тексерілетін субъектiнiң тексеру парағын алғаны туралы белгiсi:
20___ жылғы «___» ________
____________________________________________________
             (Т.А.Ә., лауазымы, қолы)