Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрі | |
____________ А. Сәрінжіпов | |
14 қараша 2014 жыл |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығымен бекітілген |
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағида) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары (бұдан әрі - СДБМИ) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ауыспалы құрам - ОРММИК және СДБМИ-ге түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу жиыны және жарыстар кезінде шақырылатын және ОРММИК мен СДБМИ штаттарында жұмыс істемейтін жаттықтырушылардың және жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен тұрақты шұғылданатын спортшылар;
2) негізгі құрам - негізгі контингентке ОРММИК және СДБМИ директорының бұйрығымен қабылданған спортшылар;
3) оқушы - ОРММИК және СДБМИ-де білім алатын тұлға;
4) топтар (оқу кезеңдері бойынша) - оқу-жаттығу топтары, спорттық жетілдіру топтары және жоғары спорт шеберлігі топтары.
3. Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген, "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес әзірленген, ОРММИК және СДБМИ білім беру мазмұны оқу жұмыс жоспарымен және бағдарламаларымен айқындалады.
2-тарау. Оқушылар контингентін жинақтау тәртібі
4. Спорт түрлерінің тізбесі мен республикалық ОРММИК оқушылар контингентін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуі бойынша республикалық ОРММИК басшылары бекітеді.
Спорт түрлерінің тізбесін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК және СДБМИ басшылары дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша бекітеді.
5. ОРММИК және СДБМИ контингенті басқа ОРММИК және СДБМИ-де, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері бойынша спорт клубтарында алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан жинақталады.
6. Негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде ОРММИК және СДБМИ тиісінше уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша спортшылардың ауыспалы құрамымен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады.
7. ОРММИК және СДБМИ-дің 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-сыныптарына қабылдау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 15-тармағына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
ОРММИК-ке техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша оқушыларды қабылдау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Ескерту: Олимпиада және Азия ойындарының, әлем, Азия, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері ОРММИК және СДБМИ-қа әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.
8. ОРММИК-ге және СДБМИ-ға оқуға қабылдау тәртібі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірмей өздерінің интернет-ресурстарында жарияланады.
9. ОРММИК-ке және СДБМИ-ге құжаттарды қабылдау: 5, 6, 7, 8 және 9-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда; 10 және 11-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 15 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда; колледжге түскен кезінде жыл сайын 20 маусымнан 20 тамызға дейін қоса алғанда.
10. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына түсу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан- әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Стандартында баяндалған.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды кеңсеге немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың осы Стандартында және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарына толықтығын және сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, уәкілетті органға (егер мемлекеттік қызметті республикалық ОРММИК көрсеткен жағдайда) немесе жергілікті атқарушы органға (егер мемлекеттік қызметті облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың СДБМИ көрсететін жағдайда) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесі арқылы немесе бейнеүнде, сондай-ақ портал арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады. Жеке өзі келгенде немесе бейнеүндеу арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға қабылдау күні мен уақыты және кіріс құжатының нөмірі көрсетілген талон беріледі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Шағымда жеке тұлға тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін, пошталық мекенжайын және қолын көрсетеді.
Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. шағымға).
Көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
17. Оқу-жаттығу жұмысының режимі мен топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
18. ОРММИК және СДБМИ оқушылары келесі негіздемелер бойынша оқудан шығарылады:
1) ата-анасының немесе заңды өкілдердің келіскен жағдайда өз еркімен;
2) денсаулық жағдайына байланысты (медициналық қорытынды негізінде);
3) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;
4) академиялық үлгермеушілігі үшін;
5) оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, спорттық дайындық режимін бұзғаны үшін;
6) спорттық нәтижелердің төмендеуі себебінен;
7) спорттағы тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді (допинг) қолданғаны үшін.
3-тарау. Оқу тәрбие және оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібі
19. ОРММИК және СДБМИ-де негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасына, спорт түрі бойынша жаттығу және жарыс дағдыларына сәйкес қажетті білім көлемін алуға бағытталған оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері іске асырылады.
20. ОРММИК және СДБМИ-дегі оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестерін жоспарлау ОРММИК және СДБМИ басшысының оқу жылына оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері кестесін және теориялық және тәжірибелік сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
21. Оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар, жеке жоспар бойынша жұмыс, медициналық-қалпына келтіру іс-шаралары, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларға, спорттық жарыстарға, матчтық кездесулерге, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спорттық сауықтыру лагерлерінде болу, нұсқаушылық және төрешілік тәжірибе болып табылады.
ОРММИК және СДБМИ-дегі спорт түрлері бойынша бөлімшелерде оқу-жаттығу сабақтары 52 оқу аптасына есептелген оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
22. ОРММИК және СДБМИ оқушыларды:
тұрғын орынмен;
тамақтанумен;
спорт формасымен және арнайы спорт киім-кешектерімен;
спорттық мүкәммал және құрал-жабдықтармен;
оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу-әдістемелік кешенімен;
оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысу кезеңдегі іссапар шығындарымен;
фармакологиялық қамтамасыз етумен;
жаттығу сабақтарына тасымалдау үшін көлік қызметімен қамтамасыз етеді.
4-тарау. Кадрлық қамтамасыз ету тәртібі
23. ОРММИК және СДБМИ-де қызметкерлерді жинақтау тәртібі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарымен белгіленеді.
24. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғаларға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі.
25. ОРММИК және СДБМИ директоры, директордың орынбасарлары және әдіскерлер тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушы-оқытушылық жұмысты жүргізеді.
26. ОРММИК және СДБМИ-де білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1591 болып тіркелген, Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
27. ОРММИК және СДБМИ-де оқушылардың оқуы мен тәрбиесінің, оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің сапасын арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысатын педагогикалық және басқа қызметкерлерді біріктіретін және басқарудың алқалық органы болып табылатын педагогикалық кеңес құрылады.
28. ОРММИК және СДБМИ-де оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесі, білім алушыларды даярлауды жеке жоспарлау, спорттық жарыстарға қатысу мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын, сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесінің әдістемесін жетілдіру, кейіннен оларды талқылай және тәжірибе алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу жөніндегі хабарламалары мен баяндамаларын тыңдайтын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
29. ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесін, оның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
Сабақ кестесінде күнделікті оқу сабақтарының саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесі оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті ұзақтықты үзілістерді қарастырады.
30. ОРММИК және СДБМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
31. Медициналық қызметкер оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, алдын алу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, оқушылардың тәулік бойы тұратынын ескере отырып, гигиеналық тұрғыдан негізделген жұмыс тәртібін ұйымдастырады.
32. Медициналық қамтамасыз ету, функционалды диагностика және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін ОРММИК және СДБМИ медициналық бөлімшемен (кабинетпен), қажетті ғимаратпен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Құжаттар оқуға түсушілердің ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қабылданады: 5, 6, 7, 8 және 9 – сыныптарға - ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда; |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы: _____________________________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым: _____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________
Оқу-жаттығу жұмысының режимі және топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша)
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу кезеңдері | Аптасына сағат саны | Спорт түрлері бойынша топтардағы (оқу кезеңдері бойынша) адам саны (ең аз саны) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бірінші топ | Екінші топ | Үшінші топ | Төртінші топ | Бесінші топ | |||
Жоғары спорт шеберлігі | Кезең бойы |
32 сағат | 3 | 5 | 4 | 2 | 2 |
Спорттық жетілдіру | Бірінші оқу жылы | 24 сағат | 5 | 6 | 6 | 2 | 3 |
Екінші оқу жылы | 26 сағат | 4 | 6 | 5 | 2 | 3 | |
Екі жылдан астам оқу | 28 сағат | 4 | 6 | 5 | 2 | 3 | |
Оқу-жаттығу | Үшінші оқу жылы | 18 сағат | 6 | 10 | 8 | 3 | 4 |
Үш оқу жылынан астам | 20 сағат | 6 | 10 | 8 | 3 | 3 |
Ескертулер:
1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:
1) бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, ат спорты, жеңіл атлетикалық көпсайыстар, лақтыру және сырықпен секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен трамплиннен секіру, шана спорты, жүзу, үйлесімді жүзу, тауға өрмелеу, садақтан ату, нысана көздеу, стенд ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, шоссе, маутинбайк), су-шаңғы спорты, автомобиль, мотоцикл, су-мотор, су астындағы, ұшақ, тікұшақ, парашют, планер, дельтапланер спорт түрлері, спорттық жүріс, марафондық жүгіру, триатлон, полиатлон, теннис және қолданбалы спорт түрлері;
2) екінші топ: ойын спорты түрлері, көкпар;
3) үшінші топ: қалған барлық спорт түрлері;
4) төртінші топ: ат спортының ұлттық түрлері (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату), есу слаломы, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;
5) бесінші топ: теннис, саятшылық (құс бегі) - аңшы құстармен аң аулау (сұңқар, қаршыға, бүркіт).
Спортшының жеке карточкасы
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) ___________ Туған жылы, айы, күні ________________
Спорт түрі _____________ Оқытушы-жаттықтырушының ТАӘ ________________
Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы ___________
Мекеме (ОРММИК, СДБМИ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері
бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт
секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері
боойынша спорт клубтары) ___________________________
Елді мекен _______________ Мекен-жайы ____________________________
1-кесте |
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу жылы | Тексерілген күні | Физикалық дамуы | Медициналық қорытынды | ||||||
бойы | салмағы | табанының ұзындығы | саусақтарды жұму күші | ӨӨК | ОЕП Мл/ мин | ОЕП Мл /мин/кг | ||||
Ұйымға қабылданған кездегі бастапқы деректер: | ||||||||||
Алғашқы даярлық | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
3 | ||||||||||
4 | ||||||||||
5 | ||||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | |||||||||
2 | ||||||||||
3 | ||||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Барлық кезең |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨӨК - өкпенің өмірлік көлемі;
ОЕП - оттегін ең көп пайдалану;
Мл - миллилитр;
Мин - минут;
Кг - килограмм.
2-кесте |
Топтар (оқу кезеңдері бойынша) | Оқу жылы | ЖДД | АД | Үздік спорттық көрсеткіш | Бәсекелестік жаттығу қызметі | |||||||||
30 м жүгіру | 6 мин жүгіру | 10 сек жүгіру | 3*10 м айналма жүгіру | Орнында тұрып ұзындыққа секіру | Тартылу | Допты отырып лақтыру 2 кг | Абалаков бойынша жоғарыға секіру | Жарыстар саны | Сөре саны | Жарыстар күндерінің саны | ||||
Бастапқы мәліметтер | ||||||||||||||
Алғашқы даярлық | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
Оқу-жаттығу | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
3 | ||||||||||||||
4 | ||||||||||||||
5 | ||||||||||||||
Спорттық жетілдіру | 1 | |||||||||||||
2 | ||||||||||||||
3 | ||||||||||||||
Жоғары спорт шеберлігі | Барлық кезең |
Оқу жылдары бойынша оқуға қабылдау және ауыстыру және ұйымнан шығару туралы белгілер:
қабылдау туралы_____________________________ мөрі, басшы орынбасарының қолы;
ауыстыру туралы_____________________________ мөрі, басшы орынбасарының қолы;
шығару (оқуды аяқтау) туралы _________________ мөрі, басшы орынбасарының, қолы.
Аббревиатураның толық жазылуы:
ЖДД - жалпы дене дайындығы;
АД - арнайы даярлық;
Сек - секунд;
М - метр;
Мин - минут;
Кг - килограмм.