«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы
8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 30 қазандағы № 113
бұйрығымен бекітілген
Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес әзірленген және шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға;
2) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Тендерге конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді және мыналардан тұрады:
1) қатынауы әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша болжанатын ұлттық теміржол компаниясының жолаушылар поезы қозғалысының нормативтік кестесі базасында құрылған лоттар бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырудың негізгі талаптары;
2) тендердің жеңімпазымен жасалатын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарттың жобасы (бұдан әрі – шарт).
4. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда бұрын осы маршрутқа қызмет көрсеткен қызметкерлерді (жолсеріктер және поезд басшылары) міндетті түрде пайдалана отырып, тиісті кезеңге бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шектерінде тасымалдаушыны айқындағанға дейін тасымалдауды одан әрі ұйымдастыруды Ұлттық жолаушылар тасымалдаушыға беруге рұқсат етіледі.
5. Уәкілетті орган тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.
2. Тендерді өткізу тәртібі
1-параграф. Комиссияны құру
6. Тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысы, не ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
7. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды.
8. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
9. Тендерді ұйымдастырушыға өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсыну бойынша жұмыс тәжірибесі бар өзге де мамандарды сарапшылар ретінде жұмыс істеу үшін тартуға рұқсат етіледі.
10. Сарапшылар қатысушылар өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына, осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды береді. Комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауысы ескерілмейді. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар ұсынған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру, жеңімпаздарды анықтау туралы шешім қабылданған кезде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
2-параграф. Тасымалдаушыларға (әлеуетті) және ұсынылған құжаттарға қойылатын талаптар
11. Тендерге қатысу үшін қатысушылар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген тасымалдаушыда (әлеуетті), жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшін меншікті немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін жолаушы жылжымалы құрамының болуы.
Бұл ретте үлгілері (жалпы, плацкарт, купе) бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны («Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 пайызын, ал электр-, дизель поездар вагондарының саны - 100 пайызды құруы тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешектерінің болмауы;
3) тиісті әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының және/немесе нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік маңызы бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілдіктің болуы;
4) көрсетілген аралықта (cоңғы 12 айда) тасымалдаушымен (әлеуетті) шарттық қатынастар болмаған ұйымдардан басқа, 3 айдан артық уақытта Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, оларды сумен және отынмен жабдықтау,жалпы қолданыстағы үй-жайларға мүмкіндік алу жөніндегі қызметтерді және вокзалдарда 12 айға (тендер өткізілген немесе шарт ұзартылған күннің алдындағы айдың бірі күніне) анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын басқа да теміржол ұйымдарының алдында берешегінің болмауы;
5) тасымалдаушының мәлімделген маршрутта көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай және негізгі қаражатының болуы.
12. Тендерге қатысу үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) немесе 3-қосымшаға(жеке тұлғалар үшін) сәйкес нысандар бойынша тендерге қатысуға өтінім;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде мемлекеттік тіркеуден өткен тендерге мәлімделген маршруттар бойынша жылжымалы құрамның теміржол жолаушылар паркі туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысымен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларына 10-қосымшадағы сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің нотариат куәландырған немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған көшірмесі;
4) тендерге мәлімделген, тасымалдаушының (әлеуетті) меншік құқығын немесе жолаушылар жылжымалы құрамын жалға алуын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер және/немесе шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді уәкілетті органның қабылдау күнінің алдындағы бір айдан астам мерзімге салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар (осы құқығын растайтын тиісті құжатты қоса ұсыну) тұлғаның қолы қойылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5446 болып енгізілген) Дербес шоттарды жүргізу ережесіне 18-қосымшаға сәйкес нысанда анықтама түпнұсқасы;
6) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жыл үшін тендерге мәлімделген әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар;
7) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, әлеуметтік маңызы бар маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтінім берген кезде нормативтік саны шектерінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік маңызы бар маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілді міндеттеме-хат.
8) тасымалдаушыда (әлеутті) соңғы 12 ай ішінде шарттық қатынастар жоқ ұйымдардан басқа шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінім берілген жағдайда ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, техникалық қызмет көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін басқа да теміржол ұйымдарының берешегі бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі.
Берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған, мөрлермен бекітілген берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екіжақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;
9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жылға шартта көрсетілген мәлімделген маршруттарды дамытуды, сервистік қызметтердің сапасын арттыруды, қызметкерлер штатының біліктілігін арттыруды, жыл сайынғы меншікті вагондар паркін толықтыру үшін вагондарды сатып алуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары;
10) осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес тендерге қатысу үшін өтінімдерді қамтамыз ету.
3-параграф. Құжаттарды ұсыну
13. Тендерге қатысуға қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және және Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тендерлік өтініммен бірге уақтылы ұсынған, осы Қағидалардың 11-тармағында анықталған талаптарға сәйкес келетін әлеуетті тасымалдаушылар жіберіледі.
14. Тендерге қатысу үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен немесе жеке тұлғаның қолымен куәландырылады.
15. Тендерлік өтінімде жолдардың арасында ешқандай өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
16. Әлеуетті тасымалдаушы тендерлік өтінімді конвертке салып желімдейді, онда әлеуетті тасымалдаушының атауы мен мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып жабылады.
17. Конверттер тендерді ұйымдастырушыға «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржолда жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурсқа арналған тендерлік өтінім» деген белгілермен жіберілуі тиіс:
18. Әлеуетті қатысушы тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, салынуы және ұсынылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендерді ұйымдастырушы (комиссия) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
19. Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін өтінімдерге ешқандай өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
4-параграф. Тендерді өткізу
20. Тендер шарт мерзімі өткен және мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда немесе жаңа әлеуметтік маңызы бар маршрутты таныған жағдайларда өткізіледі.
21. Уәкілетті орган тендерді өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы тиісті хабарландыру беріледі және тендерге қойылатын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар маршруттарының тізбесі анықталады. Хабарландыру тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік 10 күннен, сондай-ақ қайта өткізілген жағдайда күнтізбелік 7 күннен кешіктірілмей беріледі. Бұл ретте, тендер жасасқан шарттардың мерзімі аяқталуына күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей өткізіледі.
22. Тендерді өткізу туралы хабарланғаннан кейін тендерге қатысуға тілек білдірген әлеуетті тасымалдаушылар осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның атына тендерлік өтінімдерді ұсынады.
23. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау тіркеу журналына өтінімдерді (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы қол қойған және мөрмен бекітілген) енгізу жолымен жүзеге асырылады және тендерді өткізу күніне дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады.
5-параграф. Тендерлік ұсыныстарға баға беру және жеңімпаз(дар)ды анықтау
24. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қатысушылар немесе олардың өкілеттіктері комиссияның отырысына қатысуға құқық беретін сенімхатпен расталған уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
25. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде комиссия қатысып отырған адамдарға тендерге қатысатын әлеуетті тасымалдаушылардың атауы мен тұрғылықты жерін, олар ұсынған бағаларды, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды.
26. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия конверттерді ашу хаттамасын жасайды және хаттамаға конверттерді ашу рәсіміне қатысқандар, комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.
27. Уәкілетті орган өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) әлеуетті тасымалдаушыларға немесе олардың уәкілетті өкілдеріне өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жібереді немесе ұсынады;
2) өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды. Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасындағы және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер ақысыз негізде барлық мүдделі адамдарға танысу үшін қолжетімді болуы тиіс.
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған әлеуетті тасымалдаушыларға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша немесе олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сұрау салуы бойынша уәкілетті органның осындай сұрау салуды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі ұсынылады.
29. Комиссия тендерге қатысу үшін қарауға қабылданған тендерлік өтінімдерді бағалайды және салыстырады және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтердің сапалық және бағалық сипаттамаларын ескере отырып, тендерде жеңіске жеткен тасымалдаушыны (тасымалдаушыларды) анықтайды.
30. Комиссия, егер:
1) осы тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті тасымалдаушы осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
2) тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті тасымалдаушының тендерлік өтінімінің бағасы әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынасты субсидиялауға бөлінген сомадан асып түссе;
3) әлеуетті тасымалдаушы осы Қағидалардың 43-тармағының талабын орындамаса;
4) тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті тасымалдаушы тендерлік өтінімге демпингтік баға қолданса (тасымалдаушылар мәлімдеген субсидиялар сомасы бағытқа уәкілетті орган белгілеген субсидиялар көлемінен 10 %-ға аз соманы құрайды);
5) әлеуетті тасымалдаушының ұсынған тендерлік өтінімде көрінеу жалған мәліметтерді беру фактісі анықталса, тендерлік өтінімді қайтарады.
31. Егер тендерге қойылатын бір лот бойынша тендердің шарттарына жауап беретін және осы Қағидаларға сәйкес тендерге қатысу құжаттарын тендерге тапсырған кемінде екі қатысушы өтінім берген болса, тендер өткізілді деп танылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда қабылданған болып комиссия төрағасы дауыс берген шешім есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссияның шешімі заңды деп танылады.
33. Конкурсты өткізу кезінде комиссияның кез келген мүшесінің және хатшысының тендер қорытындыларын шығарған кезде болмауына дәлелді себептер болған кезде осы фактіні растайтын құжатты ұсыну арқылы жол беріледі.
Комиссия тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдей отырып, конверттер ашылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тендердің қорытындыларын шығарады, оған комиссияның мүшелері мен комиссия хатшысы қолдарын қояды.
34. Уәкілетті орган тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) әлеуетті тасымалдаушыларға тендердің қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін жібереді;
2) тендердің корытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтінін уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды. Тендердің қорытындылары туралы хаттамада бар және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер ақысыз негізде барлық мүдделі адамдарға танысу үшін қол жетімді болуы тиіс.
35. Уәкілетті орган белгілеген міндетті қызметтердің тізбесімен тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып,сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтердің ең үздік сапалық және бағалық сипаттамаларын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар қатынастарда үздіксіз тасымалдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңімпаз болып танылады.
36. Комиссия тендердің қорытындыларын шығару кезінде әрбір маршруттағы тендердің жеңімпазынан басқа, әрбір маршрутта ұсыныстары неғұрлым ыңғайлы болған әлеуетті қатысушыны анықтайды.
37. Тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тендердің жеңімпазы мен уәкілетті орган арасында шарт жасалады.
38. Әлеуетті тасымалдаушының тендерге қатысуға берген өтінімдері тендердің қорытындылары туралы хаттамаға комиссияның барлық мүшелері қол қойғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткенге дейін жарамды.
39. Жеңімпаз шарт жасаудан бас тартқан кезде, уәкілетті орган жеңімпаздың ұсынысынан кейін ұсынысы неғұрлым қолайлы болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен шарт жасайды. Бұл ретте тендердің ұйымдастырушысы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын шарт жасаудан бас тартқан әлеуетті тасымалдаушыға қайтармайды.
Тендерге қатысушының (қатысушылардың) тендерлік ұсыныстары жеңімпаздың ұсыныстарынан кейін ең жақсы деп танылған тендердің қатысушы (қатысушылар) уәкілетті органмен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тендер өтпеді деп танылады.
40. Егер комиссия тендерді өтпеді деп таныған жағдайда, комиссия тендерді қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
41. Тендерге қатысуға бір ғана әлеуетті тасымалдаушы жіберілгендіктен комиссия тендерді өтпеді деп таныған жағдайда, комиссия онымен шарт жасау туралы шешім қабылдайды. Жасалған шарттың бағасы бөлінген субсидиялар сомасынан аспауы тиіс.
Егер әлеуетті тасымалдаушылардың болмауына байланысты қайтадан өткізілген тендердің нәтижелері бойынша жеңімпаз айқындалмаған болса, онда бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен қызметкерлерді (жолсеріктер және поезд бастықтары) жұмысқа орналастырып, тиісті жылға бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шектерінде Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушымен шарт жасасуға рұқсат етіледі.
6-параграф. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
42. Әлеуетті тасымалдаушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, егер ол тендер жеңімпазы болып жарияланған жағдайда, конкурстық құжаттамада көзделген шартты жасауға кепіл ретінде енгізеді.
43. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету әлеуетті тасымалдаушы ұсынатын тендерлік өтінім сомасының 3% мөлшерінде енгізіледі.
44. Әлеуетті тасымалдаушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланған тендерді ұйымдастырушының банктік шотына аударылатын кепілдік ақша жарнасы;
2) банктік кепілдеме.
45. Тендердің ұйымдастырушысы әлеуетті тасымалдаушының ресми сұрау салуымен тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі болған күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде қайтарады:
1) тендерге қатысуға беретін өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін аталған әлеуетті тасымалдаушының тендерге қатысуға берген өз өтінімін кері қайтарып алу;
2) шартқа қол қою;
3) әлеуетті тасымалдаушының тендерге қатысуға берген өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.
Шығындары бюджет қаражаты
есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар облысаралық
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық
тендер негізінде конкурс
өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
20__жылғы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырудың негізгі талаптары
р/с № |
Поезд № |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастың атауы |
Қашықтығы, км |
Қатынаудың кезеңділігі |
Вагон типі |
Құрамдағы орташа жылдық минималды вагондар саны (ядро) бірл |
Құрам саны, бірл |
купе |
|||||||
плацкарт |
|||||||
жалпы |
|||||||
Барлығы |
кестенің жалғасы
Шығындардың есепті жоспарлы сомасы, мың теңге |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың қатынасы, маршрут |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың саны, бірл. |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың қатынаудың кезеңділігі |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарына шығындардың есепті жоспарлы сомасы, мың теңге |
Ұсынылған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымал-дауға тарифтерді өсірудің шекті деңгейі |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, жоспарлы жолаушылар айналымы, мың жолаушы км |
Жолаушылар поезына және станциялардағы жолаушылар поездарында көрсетілетін қызметтерге алым және төлем көлемі теңге |
||
Бір жиынтық үшін төсек орын ұсыну |
Жол жүруден бас тартуга байланысты билетті қайтару |
Аса жоғары санаттағы бұрын жөнелтілетін поезд немесе вагонға билетті қайта ресімдеу |
|||||||
Шығындары бюджет қаражаты
есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар облысаралық
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық
тендер негізінде конкурс
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі
________________
Тендерге қатысуға
ӨТІНІМ
(заңды тұлға үшін)
Шығындары республикалық бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға
жататын___________________ маршруты бойынша әлеуметтік маңызы бар
(маршруттың атауы)
облысаралық қатынастар бойынша теміржолда жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі
ашық тендер негізінде конкурсқа қатысу үшін рұқсат беруіңізді
сұраймын
Тасымалдаушы туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны_______________________________________________
2. Құрылған жылы_______________________________________________
3. Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама
_______________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін
жарамды болып табылады.
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
5. Банктік деректемелер________________________________________
(ЖСК, БСК, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Заңды мекенжайы және өзге деректемелері_____________________
_______________________________________________________________
(почталық мекенжайы, телефоны, телефаксы, телексі)
7._____________________________________________________________
(Ұйымның бірінші басшысының Т.А.Ә.)
8. Қоса берілетін құжаттар:
1)_____________________________________________________________
2)_____________________________________________________________
3)_____________________________________________________________
Ұйымның басшысы: Т.А.Ә., қолы, күні
Шығындары бюджет қаражаты
есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар облысаралық
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық
тендер негізінде конкурс
өткізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі
_______________
Тендерге қатысуға
ӨТІНІМ
(жеке тұлға үшін)
Шығындары республикалық бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға
жататын____________________маршруты бойынша әлеуметтік маңызы бар
(маршруттың атауы)
облысаралық қатынастар бойынша теміржолда жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі
ашық тендер негізінде конкурсқа конкурсқа қатысу үшін рұқсат
беруіңізді сұраймын
Тасымалдаушы туралы мәліметтер:
1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат____________________________
(нөмірі, кім және қашан берілген)
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
3. Банктік деректемелер________________________________________
_______________________________________________________________
(ЖСК, банктің атауы және орналасқан жері)
4. Мекенжайы және басқа деректемелері__________________________
_______________________________________________________________
(пошталық мекенжайы, телефоны, телефаксы, телексі)
5. Қоса берілетін құжаттар:
1)_____________________________________________________________
2)_____________________________________________________________
3)_____________________________________________________________
Т.А.Ә., қолы, күні
Шығындары бюджет қаражаты
есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар облысаралық
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық
тендер негізінде конкурс
өткізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тендерге мәлімделген маршруттар бойынша меншікті және (немесе)
сенімді басқарудағы мүлікті жалдау немесе өзге де заңды
негіздерде пайдаланылатын жылжымалы құрамның теміржол
жолаушылар паркі туралы мәліметтер
Р/с № |
Вагон № |
Вагон түрі |
Жасалған жылы |
Жөндеу жұмысының соңғы түрі |
Техникалық жай-күйі |
Тіркелуі |
Мәлімделген хабарлама |
Ескертпе |
||||
ДР |
КР 1 |
КР 2 |
КРПС |
КВР |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Шығындары бюджет қаражаты
есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар облысаралық
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық
тендер негізінде конкурс
өткізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
20__жылға әлеуметтік маңызы бар маршруттарға тендерге қойылған
маршруттар немесе ұзарту мерзімдері мәлімделген Шарттар бойынша
жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыруға қойылатын негізгі шарттар
мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар
р/с |
Поезд № |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастың атауы |
Қашықтығы,км |
Қатынаудың кезеңділігі |
Вагон типі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
купе |
|||||
плацкарт |
|||||
жалпы |
|||||
жиыны |
жалғасы
Жылжымалы құрамды құрастыру |
Құрам саны, бірл. |
Есептік жоспарлы шығындардың сомасы, мың теңге |
||||||||||||
Минималды орташа жылдық вагондар саны (ядро, бірл.) |
Ең аз саны |
|||||||||||||
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
|||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
жалғасы
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың қатынасы, маршрут |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың саны, бірл. |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың қатынаудың кезеңділігі |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондары шығындарының есепті жоспарлы сомасы, мың теңге |
Өтінім берген әлеуметтік маңызды қатынасқа жолаушыларды тасымалдауына ұсынылған жоғарылатылған тарифтер деңгейі % |
Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, жоспарланған жолаушылар айналымы мың, жол, км |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
жалғасы
Станцияларда және жолаушылар поездарында жолаушыларға көрсетілетін |
Жолаушыларға көрсетілетін қосымша қызметтер |
||
Бір жиынтық үшін төсек орын ұсыну |
жол жүруден бас тартуға байланысты билетті қайтару |
аса жоғары санаттағы бұрын жөнелтілетін поезд немесе вагонға билетті қайта ресімдеу |
|
28 |
29 |
30 |
31 |
Қоса берілген деректерге сәйкес орындалған
субсидиялау көлемі туралы мәліметтер
Қосымша:
1)__________;
2)__________;
3)__________;
Тасымалдаушы:
Басшы ___________ Бас бухгалтер ___________
Ж.А.Ә. қолы Ж.А.Ә. қолы
м.о. күні
Шығындары бюджет қаражаты
есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар облысаралық
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық
тендер негізінде конкурс
өткізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып,
бұрын қызмет көрсетілген әлеуметтік маңызы бар маршруттарға
поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы
туралы мәліметтер
Р/С |
Т.А.Ә. |
Қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілі |
Біліктілігі (диплом, куәлік және білімі туралы басқа да құжаттар бойынша мамандығы) |
Атқаратын қызметі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Шығындары бюджет қаражаты
есебінен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар облысаралық
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық
тендер негізінде конкурс
өткізу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Шартта көрсетілген мәлімделген маршрутты дамытуды, сервистік
қызмет көрсету сапасын арттыруды, қызметкерлер штатының
біліктілігін арттыруды, жеке вагон паркін толықтыру үшін
вагондарды жыл сайынғы сатып алуды қамтамасыз ету бойынша
20__ жылға арналған іс-шаралар жоспары
№ р/с |
Поезд № |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бағдарының атауы |
Іс-шара атауы |
Сандық көрсеткіштер |
Сапалық көрсеткіштер |
Ескертпе |
|
өлшем бірлігі |
саны |
||||||
1. Теміржол жолаушылар вагонын сатып алу |
|||||||
2. Сервистік қызмет сапасын арттыру |
|||||||
3. Қызметкерлер штатының біліктілігін арттыру |
|||||||
4. Билетсіз жолаушылар тасымалы және/немесе багаж бен жүк тасымалы шарттарының бұзылу фактілерін жол іс-шаралар |
|||||||
5. Өзге де даму мәселелері |
|||||||
Басшы ___________
Ж.А.Ә. қолы
М.О күні