"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ә. Исекешев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі - Комитет) Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрліктің), реттеушілік, іске асырушылық, бақылау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитет өз құзыреті шеңберінде белгіленген заңнамалық тәртіпте Төрағаның бұйрығымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің келісуі бойынша Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.
7. Мекеменің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14 кіреберіс.
9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады.
2. Миссия, негiзгi мiндеттер, функциялар, құқықтар мен міндеттемелер
12. Миссия: инфокоммуникациялық кешенді дамыту үшін, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және тиімді өткізу
13. Міндеті: байланыс, пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, байланыс, пошта саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
Функциялары:
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу және пайдалану;
2) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
3) байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауын тексеруді жүргізу;
5) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу;
6) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
7) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерін байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіру;
8) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
9) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе байланыс желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
10) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізімдерінн жүргізу;
11) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кірістірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
12) бөлінетін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
13) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;
14) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
15) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
16) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
17) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзірлеу;
18) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
19) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
20) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
21) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысына байланыс саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
22) Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
23) почта байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
24) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
25) Байланыс саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;
26) почта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыру;
27) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почталық индекстер беруді жүзеге асыру;
28) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеуді жүзеге асыру;
29) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу қағидаларын әзірлеу;
30) байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және өтініш берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Міндеттері: ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
Функциялары:
1) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
2) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалардың әзірленуін ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдіруінің негізгі бағыттары мен басымдылықтарын жүзеге асыру, оның қолдану сапасын, қол жетімділігін және тұрақтылығын арттыру;
3) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарды тіркеуді жүзеге асыру;
5) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
6) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
7) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестаттау;
8) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
9) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлеу;
10) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
11) тіркеу орындарын айқындау, Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін әзірлеу;
12) жылына кемінде бір рет депозитарий жүргізуді тексеру;
13) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысына ақпараттандыру саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
15) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
16) ақпараттандыру саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;
17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу;
18) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
19) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу;
20) ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша аудит жүргізу тәртібін әзірлеу;
21) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлеу;
22) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлеу;
23) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын әзірлеу.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Міндеттері: ақпарат саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қызметті мемлекеттік реттеу.
Функциялары:
1) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке қою;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру;
3) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу;
4) ақпарат саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
16. Міндеттері: табиғи монополиялар саласында және телекоммуникация мен почта байланысының әмбебап қызметтері саласындағы реттелетін нарықтарда мемлекеттік саясатты іске асыру мен мемлекеттік реттеу және бақылау.
Функциялары:
1) табиғи монополиялар және телекоммуникация саласында мен почта байланысының әмбебап қызметтері саласында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуге қатысу;
3) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
4) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабелдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеуге қатысу;
6) телекоммуникация және почта байланысының әмбебап қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында тарифті (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту;
7) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласында реттелiп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша кірістерді және шығындарды, қолданыстағы активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібін әзірлеу;
8) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
9) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын әзірлеу;
10) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
11) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
12) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
13) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді жүзеге асыру;
14) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуін бақылау;
15) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің бағалау мониторингісін жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Міндеттері: телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
Функциялары:
1) телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
4) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
5) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрамына ережелер әзірлеу және ұсыныс енгізу;
6) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
7) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
8) мемлекеттік техникалық қызметтің жұмысын үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
10) телерадио хабарларын тарату және байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
11) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық сипаттамаларының және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
12) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
14) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
15) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
16) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Міндеттері: өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Функциялары:
1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру;
2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
3) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттын және регламентін әзірлеу;
7) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу;
8) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
9) бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін әзірлеу;
10) автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;
11) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
12) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
13) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу;
14) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;
15) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға көшіру мерзімдерін әзірлеу.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Міндеттері: байланыс, ақпараттандыру салаларындағы және "электрондық үкіметті", ақпаратты қалыптастыру кезінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.
Функциялары:
1) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді "электрондық үкімет" инфрақұрылымына ықпалдастыру үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік оқиғаларға ден қою жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
2) электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға және ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге қатысу;
4) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
5) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
6) ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын таратуды қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруге қатысу (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы);
7) ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру.
20. Міндеттері: заңнамада белгіленген құзыреті шеңберінде ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Функциялары:
1) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
21. Комитет осы ережеде Қазақстан Республикасының заңдарында Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет:
1) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілерді шығару;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге;
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізу;
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Комитеттің міндеттемелеріне:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мен құқықтарын сақтау;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;
7) белгіленген мерзімде бухгалтерлік және қаржы есептерін жасау және Министрлікке ұсыну;
8) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақытылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
23. Комитетті Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртібінде лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Төраға басқарады.
24. Комитет төрағасының белгіленген заңнамалық тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
25. Комитеттің төрағасы Министрліктің басшыларына Комитеттің құрылымы және штат кестесі жөнінде ұсыныстар береді.
26. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.
27. Комитеттің Төрағасы мынадай мақсаттарды өкілеттіктері:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін қорғайды;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы, Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
8) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын Комитеттің қызметкерлерінен сақтауды қамтамасыз ету;
9) Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауаптылықта болады;
10) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
11) Комитеттің Құқықтық басқармасына жетекшілік етеді.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Комитет төрағасының орынбасары:
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) Комитеттің төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Комитеттің мүлкі
29. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.
30. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
31. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге жол берілмейді.
32. Комитеттің қарамағындағы аймақтық органдардың тізбесі осы ереженің 1–қосымшасында келтірілген.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32-1 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қарамағындағы мекемелер тізбесі осы ереженің 2–қосымшасында келтірілген.
Ескерту. 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
33. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне № 1 қосымша |
Ескерту. Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қарамағындағы аумақтық органдардың тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
7. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
9. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
10. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
11. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
12. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
13. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
14. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне № 2 қосымша |
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қарамағындағы мекемелер тiзбесi
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Акционерлік қоғамдар:
1) "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;
2) "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;
3) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;
4) "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
5) "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
6) "Казконтент" акционерлік қоғамы.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4) "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
5) "Қазақпарт" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.