БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 маусымдағы № 170-171 (27444-27445) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы осы бұйрықпен бекітілген:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:
06 «Өзге де салықтық емес түсімдер» сыныбында:
1 «Өзге де салықтық емес түсімдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 10-ерекшелікпен толықтырылсын:
«10 Мүлікті жария еткені үшін алым».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е.Ерғожин):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таралады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі Б.Сұлтанов