"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидалары бекітілсін.
2. Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (Н.Ә. Балтабаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаментіне (Н.Ә. Балтабаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығымен Бекітілді |
Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі істер органдары жүйесінде ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру тәртібін анықтайды.
2. Осы бұйрықта келесі түсініктер қолданылады:
1) жүйе әкімшісі қызметі – ақпараттық жүйені және байланыс жүйесін сүйемелдеуді жүзеге асыратын ішкі істер органдарының, ұлттық ұланның бөлімшесі;
2) ақпараттандыру және байланыс қызметі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және оның аумақтық ішкі істер органдарының бөлімшесі;
3) ақпараттық жүйе – ақпараттық технологиялардың, техникалық құралдардың, есептеу және коммуникациялық құрал-жабдықтардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің жиынтығы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелік қызметкерлер;
4) байланыс желісі – радиоарналарды көрсету үшін өзара іс-қимыл жасайтын желілер кешені.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Ақпараттық жүйелер және байланыс жүйелері заңды және жеке тұлғаларға, мемлекеттік органдарға өзекті ақпарат ұсыну, электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету, ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету, қызметті үйлестіру, басқару процесстерін оңтайландыру мақсатында құрылады және жұмыс істейді.
2-тарау. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді және байланыс желілерін құру және енгізу тапсырыс беруші қызметтердің қажеттілігіне және оларға жүктелген міндеттерге қарай жүзеге асырылады.
5. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді және байланыс желілерін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрлігіне бөлінетін бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
6. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілердің, байланыс желілерінің құралдарын және құрамдас бөліктерін сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілердің, байланыс желілерінің тізбесі сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ақпараттандыру және байланыс қызметімен келісуге жатады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Ішкі істер органдарының құрылымдық, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері енгізуге жоспарланған барлық ақпараттық жүйелердің, телекоммуникациялық желілердің және байланыс желілерінің құжаттамаларын, сондай-ақ оларды еріп жүруді және дамытуды ақпараттандыру және байланыс қызметімен келісуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Тапсырыс беруші қызмет пен ақпараттандыру және байланыс қызметінің қауіпсіз және сапалы өзара іс қимыл жасалуы қамтамасыз ету үшін "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына сәйкес жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген.).
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін пайдалану және жетілдіру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Ақпараттық-коммуникациялық, телекоммуникациялық желілердің және байланыс желілерінің жұмыс істеуі және пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, нормативтік-техникалық құжаттамасына және стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
11. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін жетілдіру функционалдық бөлігін кеңейту, қосымша деректемелер мен параметрлерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
12. Жүйенің әкімші қызметі:
1) ақпарат бұзылған немесе бүлінген жағдайда оның сақталуын, қорғалуын, қалпына келтірілуін, резервтік көшіруді ақпараттық-коммуникациялық, телекоммуникациялық желілерді және байланыс желілерін пайдалану процессінде ақпараттың ақпараттық жүйелердегі, электрондық ақпараттық ресурстардағы заманауи өзектілігіне уақытына бақылауды қамтамасыз етеді;
2) пайдаланушылардың жүйе ресурстарына қол жетімділік деңгейін анықтайды, логиндер мен парольдер береді;
3) ақпараттық жүйелерге, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге және телекоммуникациялық желілерге, байланыс желілеріне рұқсаты бар қызметкерлердің есебін жүргізеді;
4) байланыс желілеріне жүгіну қажеттілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына тиісті нысанда уақытша немесе тұрақты уақыт кезеңіне рұқсат ресімдейді.
13. Ақпараттық жүйелерде және байланыс жүйелерінде ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларына қосымша |
Ақпараттық жүйелер, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілер, байланыс желілер тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.11.2019 № 1013 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер.
2. Ақпараттық-іздеу кешендері.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешендер.
4. Спутниктік байланыс жүйелері.
5. Радио қолжетімділік жүйелері.
6. 50 және одан көп нөмірге арналған АТС (автоматты телефон станциясы).
7. Транкингтік байланыс жүйелері.
8. Транкингтік байланыс радиостанциялары.
9. Деректер базасының серверлері.
10. Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық және басқа да техникалық құралдары.
11. Бейнеконференцбайланыс жүйелері.
12. Сыртқы бейнебақылау жүйелері.
13. Жылжымалы объектілердің орналасқан жерін автоматты анықтау жүйелері (GPS).
14. Мобильді және тасымалданатын бейнетіркегіштер.
15. Мобильді және тасымалданатын бейнетіркегіштерден бейнеақпаратты жүктеу жүйелері.
16. Техникалық нығайту жүйелері.
17. РББЖ (рұқсатты бақылау және басқару жүйесі).