«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігінің төрағасы Т. Есентаев
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 шілдеде
№ 295 бұйрығымен
бекітілген
Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт
федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну
туралы қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар (бұдан әрі – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Спортшыны тіркеу туралы куәлігі оның спорттық федерацияда тіркелуден өткендігін растайтын құжат болып табылады.
3. Спортшыларды тіркеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша спорт түрлерінен спорттық федерациялар жүзеге асырады.
4. «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» разрядынан төмен емес разрядты орындаған спортшы тіркеуден өтуі тиіс.
2. Спортшыны тіркеу туралы куәлігін беру және ауыстыру,
спортшыны тіркеу туралы спорттық федерациялардың мәлімет ұсыну
тәртібі
5. Спортшыны тіркеу үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар спорттық федерацияларға келесі құжаттарды ұсынады:
1) спортшының жеке куәлігінің көшірмесі;
2) осы Қағиданың 1 қосымшасындағы нысанға сәйкес ұсыныс;
3) 3х4 екі түрлі-түсті фотосурет.
6. Спорттық федерациялар осы Қағиданың 5-тармағындағы құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде осы Қағиданың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес спортшыны тіркеу және спортшыны тіркеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдайды.
7. Спорттық федерациялар спортшыны тіркеу туралы берілген куәліктердің есебін электрондық және қағаз түрінде жүргізеді.
8. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша спорттық федерациялар сауал қабылданған күнен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Қағиданың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес спортшыны тіркеу бойынша мәлімет ұсынады.
9. Спортшыны тіркеу туралы куәлігін ауыстыру (көшірмесін беру) келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтердің өзгеруі;
2) тіркеу куәлігінің тозуына немесе механикалық бұзылуына байланысты оның жарамсыз болуы;
3) спортшыны тіркеу куәлігінің жоғалуы.
Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру
және ауыстыру, спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына 1-қосымша
нысан
Ұсыну |
|||||
Спорт түрі: |
Жынысы: |
фотосурет 3 х 4 |
|||
тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады): |
|||||
Туған күні: |
|||||
ЖСН №: |
|||||
Облыс, қала: |
Спорттық мектеп (клуб): |
||||
Оқу, жұмыс орны: |
Білімі: |
||||
Спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер: |
|||||
Медициналық тексеруден өтуі туралы мәліметтер: |
|||||
Спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері: |
|||||
Жарыстан шеттету туралы мәліметтер: |
Допинг қолданған жағдайлар туралы мәліметтер: |
||||
Мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер: |
|||||
Таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер: |
|||||
Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда): |
Қолы: |
||||
Бірінші жаттықтырушысы немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының тізіміне сәйкес жаттықтырушысы |
|||||
Жергілікті атқарушы орган |
Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру
және ауыстыру, спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына 2-қосымша
нысан
Спортшыны тіркеу куәлігі
Фотосурет |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда): |
Тіркеу нөмірі: |
|
Жынысы: |
Тіркеу нөмірін берген күні: |
||
Туған күні: |
|||
Спорт түрі: |
|||
Тіркеуді жүзеге асырған спорт федерациясының атауы: |
|||
Спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер: |
|||
Медициналық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтер: |
|||
Спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері: |
|||
Жарыстан шеттету туралы мәліметтер: |
|||
Допинг қолданған жағдайлар туралы мәліметтер: |
|||
Мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер: |
|||
Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда): |
Таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер: |
||
Спорт түрлері бойынша спорттық федерацияның атауы |
Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру
және ауыстыру, спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына 3-Қосымша
нысан
Спортшыны тіркеу туралы ақпарат ұсынудың нысаны
Спортшының аты-жөні |
Туған күні |
Спорт түрі |
Спорттық атағы |
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың |
Жоғары көрсеткіші |
Жаттықтырушысы (бірінші, жеке) |
Тіркеу нөмірі/ күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |