«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (С.М.Дембай) мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ 172/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары
1. Осы Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзірленді және Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеудің тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу (бұдан әрі – Тіркеу) – жылжымайтын мүлік объектілерін және олармен байланысты құжаттарды, сондай-ақ Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасындағы жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын тіркеу.
Тіркеу мақсаты:
барлық қолданыстағы, жобаланып жатқан, салынып жатқан (реконструкцияланып жатқан) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің жер үстіндегі және жер астындағы объектілерін есепке алу;
елді мекендердің аумақтарын дамытудың мониторингі;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың мониторингі;
құрылыс объектілерінің мониторингі болып табылады.
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеуге мыналар жатады:
1)аумақтарды қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары;
2)қалалардың және өзге де елді мекендердің бас жоспарлары;
3)егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары;
4)өнеркәсіптік аймақтарды жоспарлау жобалары;
5)құрылыс салу жобалары;
6)абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары;
7)жер учаскелерін таңдау актілері;
8)тиісті аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
9)құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
10)жобалауға арналған тапсырмалар;
11)инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттар;
12)сәулет-жоспарлау тапсырмалары;
13)құрылыс жобалары, оның ішінде нобайлық жобалар;
14)сәулет және қала құрылысының жергілікті (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар аудандар, қалалар) органдарының жобаларды келісуі;
15)мемлекеттік және мемлекетаралық жобаларды қоса алғанда, жобалар сараптамаларының қорытындылары;
16)құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу туралы (құрылыстың басталуы туралы) хабарламалар, сондай-ақ олардың жыл сайынғы мерзімін ұзарту туралы тиісті шешімдер;
17)инженерлік коммуникацияларға қосылуға актілер;
18)инженерлік коммуникациялардың атқарушы геодезиялық схемалары;
19)құрылыс нормаларымен белгіленген атқарушы техникалық құжаттама;
20)техникалық паспорттар;
21)мемлекеттік қабылдау комиссияларының актілерін қоса алғанда, қабылдау комиссияларының актілері;
22)Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атау беру туралы мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдарының шешімдері;
23)Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекараларының қалыптасуы туралы мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдарының шешімдері;
24)елді мекендердің қала құрылысы элементтеріне және елді мекендердің құрам бөліктеріне атау беру туралы мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдарының шешімдері;
25)ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмір (мекенжай) беру туралы мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдарының шешімдері;
26)топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарының, топырақтық, геоботаникалық зерттеулердің және өзге де іздестірулердің материалдары.
4. Тіркеуді мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МҚК ААЖ) арналған ақпараттық ресурстар жеткізіліміне жауапты тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы органдарының материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүзеге асырады.
5. МҚК ААЖ-не арналған ақпараттық ресурсттар жеткізіліміне жауапты тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы органдарының материалдарды ұсынуы күн сайын жүзеге асырылады.
6. Кәсіпорын материалдарды алған күннен бастап 2 жұмыс күн ішінде МҚК ААЖ-нде мұрағатта қағаз жеткізгіштерде негізгі масштабтағы графикалық деректерді (планшеттерді) сақтай отырып, электрондық түрде тіркеуді жүзеге асырады.
7. Тіркеу мына кезеңдерден тұрады:
Кәсіпорын жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің тіркеуге жататын материалдарын алады;
электрондық түрде келіп түскен деректер жобалар орындалған бағдарлама пішіміне айырып танудан өтеді және кейіннен МҚК ААЖ-ға енгізу үшін келісті пішімге бейімделеді;
деректер пішімі анықталғаннан кейін оны тіркеу және оған тіркеу нөмірін ала отырып МҚК ААЖ-ға енгізу жүзеге асырылады;
қағаз түрінде келіп түскен деректер сканерленеді және МҚК ААЖ-ға енгізуге келісті электрондық түрге аударылады, тіркеуден өтеді және кейіннен қабаттар анығырақ салына отырып цифрленеді.