Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8420 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 95 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу Интернет желісі арқылы электрондық құжат түрінде берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы электрондық өтініш "электрондық үкіметтің" (www.egov.kz) веб-порталында немесе www.elicense.kz порталы арқылы толтырылып ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |