Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 шілдеде № 9574 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Н. Әбіқаев

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық қауіпсіздік комитеті  
Төрағасының         
2014 жылғы 10 маусыдағы  
№ 182 бұйрығымен       
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери
полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік
органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыс жасады деген күдікпен тергеуші немесе анықтау органы ұстаған, сезікті әскери қызметшілерді – жетпіс екі сағаттан көп емес мерзімге, сондай-ақ гауптвахтада ұстау түріндегі жазаға сотпен сотталған айыпталушыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының (бұдан әрі – ӘПО) гауптвахталарында ұстаудың ішкі тәртіп ережесін белгілейді.
      2. Гауптвахтада:
      қылмыс жасады деген күдiкпен қылмыстық қудалау органы ұстаған әскери қызметшiлер – жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге;
      тергеушi немесе анықтау органы, прокурор немесе судья 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-iс жүргiзу кодексімен (бұдан әрі – ҚІК) белгіленетін мерзiмге тұтқындау түрiнде жолын кесу шарасын таңдаған сезікті және айыпталушы әскери қызметшiлер;
      сот үкімімен белгіленетін мерзімге гауптвахтада ұстау түрінде сотпен сотталған әскери қызметшілер ұсталады.
      3. Қамауда ұстау заңдылық қағидаттарына, кінәсіздік презумпциясына, азаматтардың заң алдындағы теңдігіне, гуманизмге, жеке адамның ар-ожданын құрметтеуге, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және қамауда ұсталушы әскери қызметшілерге дене және адамгершілік азап шектіру мақсаты бар әрекеттерге ұласпауы тиіс.

2. Әскери полиция органдарының гауптвахтасында
қамауда ұсталатын әскери қызметшілерді қабылдау және
орналастыру тәртібі

      4. Гауптвахтада қамауда ұсталынатын әскери қызметшілерді қабылдауды гауптвахта бастығы (оның орнын алмастыратын адам) немесе гауптвахта ауысымының бастығы тәулік бойы жүргізеді, ол гаупвахтаға жеткізілген адамдарды қабылдау үшін негіздеме болып табылатын құжаттардың барын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алып, оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен оның жауаптарын салыстырады.
      5. Гауптвахтада қамауда ұсталынатын әскери қызметшілерде мынадай құжаттар болуы тиіс: ұстау хаттамасы, тергеушінің, анықтаушының, соттың қаулысы немесе сот кесімінің көшірмесімен қамау түріндегі жаза түрін қолдану туралы соттың қаулысы.
      Бұдан басқа, ӘПО гауптвахтасына сотталғанды жеткізген адамдар гауптвахта бастығына (оның орнын алмастыратын адамға) немесе гауптвахта ауысымының бастығына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) сотталған әскери қызметшіні жазасын өтеу кезеңінде барлық үлес түрінен алу туралы әскери бөлім командирі бұйрығының көшірмесін;
      2) есепке алу-қызметтік карточкасын;
      3) медициналық кітапшасын;
      4) азық-түлік аттестатын;
      5) бөлім командирінің немесе бөлімнің штаб бастығының және сотталғанның қолы қойылған жеке заттарының тізбесі (екі данада).
      6. Әскери қызметшіні қабылдау кезінде қажетті құжаттардың бары және олардың дұрыс ресімделуі тексеріледі.
      7. Егер гауптвахтаға судьяның немесе соттың қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысынан үзіндісі берілген жағдайда, оның ішінде аталған бұлтартпау шарасы қолданылған тұлғаның толық анкеталық деректері көрсетілуі тиіс. Үзінді лауазымды тұлғаның қойылған қолымен расталуы, елтаңбалы мөрмен бекітілуі тиіс және де үш күнтізбелік күннен кешіктірілмей қаулының көшірмесімен ауыстырылуға жатады.
      8. Медицина қызметкерінің тексеру қорытындысы бойынша жедел стационарлық емделуі қажет болған жағдайда гауптвахтада қамауда ұсталынатын әскери қызметшілер гауптвахтаға қабылданбайды.
      Медициналық көрсеткіштер бойынша оларға медициналық жәрдем көрсетіледі.
      9. Әскери қызметшіні гаупвахтаға қабылдау кезінде медицина қызметкері (фельдшер) дене зақымдарын анықтау үшін әскери қызметшілерді қарап тексереді, ол туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша гауптвахтада қамауда ұсталушылардың (ұсталғандар, сезіктілер, айыпталушылар, сотталғандар) кітабына тиісті жазба жазады. Анықталған дене зақымдары туралы әскери қызметшілерді әкелген лауазымды адамға қол қою арқылы хабарлайды.
      10. Медицина қызметкері болмаған жағдайда гаптвахта бастығы (ауысым бастығы) шұғыл медициналық жәрдемді қажет ететіндерді анықтау үшін гауптвахтада қамауда ұсталынатын әскери қызметшілердің денсаулық жағдайлары туралы сұрайды.
      Гауптвахтада қамауда ұсталынатын әскери қызметшілер өздерін жаман сезінетіндеріне шағымданған жағдайда немесе ауру белгілері (жарақттар) бар болған кезде гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) медициналық жедел жәрдем бригадасын дереу шақырады.
      Науқастың өміріне қауіп-қатер төндіретін шұғыл жағдайларда, медициналық жедел жәрдем бригадасының ұзақ уақыты келмеуі немесе келу мүмкіндігі жоқ кезде науқасты жақын маңынадағы денсаулық сақтау мекемесіне жедел жеткізу туралы шешім қабылданады.
      Егер медицина қызметкерінің немесе медициналық жедел жәрдем бригадасының тексеру қорытындысы бойынша науқасқа стационарлық емделу қажет болса, ол денсаулық сақтау мекемесіне жіберіледі.
      11. Әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдаған адам оларға құқықтары мен міндеттері, қамауға алу қағидалары, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдарды беру тәртібі туралы ақпараттандырады. Көрсетілген ақпарат жазбаша және ауызша ұсынылуы мүмкін.
      Қамауға алынған адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттері мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат әрбір камераға ілінеді.
      12. Гауптвахтадағы күн тәртібін әскери полиция органының бастығы сезіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың сол немесе өзге де құрамымен жұмыс ерекшеліктерін, жыл мезгілдерін, жергілікті жағдайды және басқа да мән-жайларды ескере отырып белгілейді. Күн тәртібінде сегіз сағаттық үзіліссіз ұйықтауға, тұруға, дәретке, тамақтануға, жұмыс істеуге, тәрбиелік іс-шараларға, ұйқыға жатуға уақыт көзделген.
      13. Гауптвахтада қамауда ұсталынатын әскери қызметшілер бір адамдық камераларға және мына талаптарды сақтаумен гауптвахтада ұсталынатын басқа әскери қызметшілерден бөлек орналастырылуы мүмкін:
      1) офицерлер сержанттар және сарбаздар құрамдарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерден бөлек;
      2) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері осы тармақтың 1) тармақшысында көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;
      3) әйел-әскери қызметшілер еркектерден бөлек;
      4) бір қылмыстық іс немесе бір-бірімен байланысты бірнеше істер бойынша әскери қызметшілер;
      5) сезіктілер, айыпталушылар оларға қатысты үкім күшіне енген сотталғандардан бөлек;
      6) гаупвахтада ұсталушы басқа әскери қызметшілердің тарапынан өміріне және денсаулығына қауіп төнетін әскери қызметшілер гауптвахта бастығының шешімі бойынша немесе қылмыстық іс өндірісінде болып табылатын адамның немесе органнның жазбаша шешімі бойынша;
      7) инфекциялық аурумен науқастанған немесе айрықша медициналық күтім мен бақылауға мұқтаж әскери қызметшілер.
      Гаупвахта бастығы немесе ауысым бастығы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес камераларға орналастыру жоспарына сәйкес камераларға орналастырады.
      14. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер құлыпқа жабылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жалпы камералардың сипаттамасында көрсетілген жалпы камераларда ұсталады.
      15. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер жалпы және бір адамдық камераларға орналастырылуы мүмкін.
      16. Гауптвахтада ұсталушы адамдарды бір адамдық камераларға гауптвахта бастығының дәлелді шешімімен мына жағдайларда орналастыруға жол беріледі:
      1) Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндіктерінің болмауы кезінде;
      2) өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
      3) гауптвахтада ұсталушы адамдардың жалғыз ұстау туралы жазбаша өтініші кезінде;
      4) басқа айыпталушыларға, сезіктілерге және сотталғандарға, гауптвахта жеке құрамына және ауысым кезекшісіне тіл тигізген кезде;
      5) гауптвахтаның ауысым кезекшісінің немесе әскери полицияның басқа да лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы;
      6) гауптвахтада ұсталушы айыпталушылар, сезіктілер және сотталғандар ұстау тәртібін және қағидаларын бұзуы;
      7) сақтауға және пайдалануға тыйым салынатын нәрселерді, заттарды сақтау, дайындау және қолдану;
      8) құмартатын ойындарға қатысу.
      17. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша прокурормен рұқсат етілген Заңның 31-бабы тәртібінде гауптвахта бастығының дәлелді қаулысының негізінде бір тәуліктен артық мерзімге бір адамдық камераларға орналастыруға рұқсат етіледі.
      Мынадай жағдайларда бір адамдық камераларға орналастыруға прокурордың рұқсаты талап етілмейді:
      1) Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын қамтамасыз етудің өзге де мүмкіндіктерінің болмауы кезінде;
      2) сезіктінің, айыпталушының, сотталғандардың немесе басқа сезіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
      3) сезіктінің немесе айыпталушының жалғыз ұстау туралы жазбаша өтініші кезінде;
      4) сезіктілер және айыпталушылар күндіз жалпы камераларда ұсталса, түнгі уақытта бір адамдық камераларға орналастыру кезінде.
      18. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді басқа жерге апару (дәліздерде және гауптвахта аумағында жүру, сейілдеуге шыққанда, жұмыс объектілерінде санитарлық өңдеу кезінде) оқшаулау тәртібі қамтамасыз етілуі тиіс. Гауптвахтада ұстауға сотталғандар бекітілетін жалпы камераларда қатаң оқшаулау жағдайларында жазаларын өтейді, гауптвахтада ұстау түріндегі жазаға сотталғандарға айдауылсыз жүруге тыйым салынады.
      19. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камералардың терезелері камераларды табиғи жарықтандыруға кедергі келтірмейтін тормен жабдықталады.

3. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді
жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, фотоға түсіру және
заттарын тексеріп қарау

      20. Гауптвахтада ұсталушы сезікті, айыпталушы және сотталған адам жеке тінтуге, саусақтарының таңбасын алуға, фотоға түсіруге тартылады, ал олардың жеке заттары тексеріп қарауға жатады.
      21. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді жеке тінту және олардың заттарын тексеріп қарау сақтауға және қолдануға тыйым салынатын немесе осы әскери қызметшіге тиесілі емес заттарды, бұйымдарды және азық-түлік өнімдерін айқындау және алу мақсатында жүргізіледі.
      22. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынатын заттарға өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыс құралы ретінде не қамауға кедергі жасауға пайдалануға болатын нәрселер, заттар және азық-түлік тағамдары жатады.
      Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес азық-түлік өнімдерін, алғашқы қажетті заттарды, аяқ киім, киім және өзге де өнеркәсіптік тауарларды салем-сауқаттарда, өзімен бірге алуға, сақтауға рұқсат етіледі.
      23. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер қабылдау және одан тыс жөнелту алдында, бір адамдық камераға кіргізу кезінде жеке тінтуге тартылады.
      24. Жеке тінту әскери қызметшіні, оның киімін және аяқ киімін мұқият тексеріп қараумен ұласады. Жабыстырғыш жапсырмалар, гипстік және басқа да таңғыштар медицина кызметкерімен бірлесіп тексеріледі. Киімге тігілген заттарды айқындаған кезде мата сөгітіледі. Аяқ киімнің ішінен супинаторлар, металл нәлдері алынады.
      Жеке толық тексеруді толық тексерілетін адаммен тек бір жынысты адам, сол жыныстағы екі айғақшының қатысуымен жүргізеді;
      25. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің заттарын тексеріп қарау олардың қатысуымен гауптвахтаға түсер кезінде, одан тыс жөнелту алдында, басқа камераға ауыстыру кезінде, сондай-ақ әскери-медициналық мекемеге жіберу кезінде жүргізіледі.
      Заттарды толық тексеру, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексеру оның меншігінде осы заттар болатын адамның қатысуымен жүргізіледі.
      26. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді жеке тінту немесе заттарын тексеріп қарау осы қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша тыйым салынатын нәрселердің, заттардың, азық-түлік тағамдарының алыну туралы актіні қоса тіркеумен хаттама жасау арқылы жүргізіледі. Жеке тінту және заттарын тексеріп қарау бір уақытта жүргізілсе бір хаттама жасалады. Хаттамаға гауптвахтада ұсталушы әскери қызметші және жеке тінту жүргізген және заттарды тексеріп қараған гауптвахта ауысымының бастығы қол қояды.
      27. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметші хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда және тінту немесе заттарын тексеріп қарау кезіндегі наразылықтары хаттамада көрсетіледі. Хаттама және акт жеке ісіне қоса тігіледі.
      28. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің жеке ісінде тану суреттері болмаған кезде, оларды гауптвахта әкімшілігі фотоға түсіреді. Олардың әр қайсысына 4,5x6, 6x9 сантиметр мөлшерінде 6 фотокарточкадан (үш бет алдынан, 3 қырынан) жасалады.
      29. Әскери қызметшілерді гауптвахтаға орналастыру алдында саусақтарынан таңбасы алынады.

4. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіден сақтауға және
пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ
өнімдерін алып қою

      30. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерден сақтауға алынған немесе алынып қойылған оған тиесілі ақша, құндылықтар және бағалы бұйымдар гауптвахта бастығына сақтауға тапсырылады. Жеке құжаттары (жеке басын куәландыратын құжаттар) гауптвахта бастығында сақталады. Тыйым салынатын нәрселер, заттар, және тамақ өнімдері қамаудағылардың заттарын сақтау бөлмесіне тапсырылады немесе жойылады.
      31. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерден тыйым салынған нәрселерді, заттарды, және тамақ өнімдерін алып қою нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша үш данада алып қою актісі жасалады. Бірінші данасы гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіге беріледі, екінші данасы бөлімнің уәкілтетті өкіліне беріледі, үшінші данасы жеке ісінде сақталады. Қамауға алынған адамның қатысуымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Гауптвахтаға қамауға алынғандардың (ұсталғандар, сезіктілер, айыпталушылар, сотталғандар) Кітабына тыйым салынған нәрселердің, заттардың, бұйымдардың және тамақ өнімдерінің алынуы туралы жазба жазылады, осыдан кейін гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) оны камераға орналастырады.
      32. Әскери полиция органы медицина қызметкерінің (фельдшер) қатысуымен ауысым бастығы гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерден тамақ өнімдерін сақтауға қабылдайды.
      33. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіден ақша немесе бағалы затты алу немесе айқындаудың әрбір фактісі бойынша олардың келіп түсу көздерін және нақты иесін анықтау үшін оны қамауда ұстау кезеңінде қызметтік тексеру жүргізіледі.
      34. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің өтініші бойынша және қылмыстық ісі өндірістегі адамның немесе органның келісуімен гауптвахтада сақтаудағы нәрселер, заттар және тамақ өнімдері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің әйеліне (күйеуіне) немесе жақын туыстарына беріледі.
      35. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда оған тиесілі ақша, бағалы заттар, басқа да нәрселер, заттар және тамақ өнімдері оның әйеліне (күйеуіне) немесе жақын туыстарына беріледі.

5. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      36. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер:
      1) ұйықтайтын орынмен;
      2) төсек-орын жабдықтарымен, ұйықтаған уақытта: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екі төсек жаймасымен және жастыққаппен;
      3) асхана ыдыстарымен, тамақ ішкен уақытта: кесемен, тостақпен, қасықпен;
      4) жалпы әскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімдік басылыммен қамтамасыз етіледі.
      Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер камераларда немесе гауптвахта жанындағы асханада тамақтанады. Бір адамдық камераларда ұсталатын қамауға алынғандар камераларда тамақтанады. Барлық камералар түнгі уақытта кезекші жарықтандырумен жабдықталады.
      37. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге аптасына екі реттен сирек емес ұзақтығы 15 минуттан артық емес уақытқа душ қабылдауға мүмкіндік беріледі.
      Гауптвахта бастығы белгілеген күні мен сағатта аптасына бір рет моншаға түседі. Моншаға түсу күндері іш киімдері және төсек жабдықтары ауыстырылады, сондай-ақ гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді медициналық тексеру жүргізіледі.
      38. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге ұсыныс, өтініш, арыз жазу үшін олардың өтініші бойынша жазу құралдары (қағаз, қалам) беріледі.
      39. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер «Қылмыс жасауда қамауға алу тәртібі мен жағдайы туралы» 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 899 қаулысымен белгіленген нормаларға сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
      40. Азық-түлік аттестаты бдерілмеген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахта бастығының жазбаша өтінімі бойынша гаптвахта орналасқан әскери бөлім командирінің бұйрығымен үлеске қойылады.

6. Жөнелтілімдерді, сәлемдемелерді және бандерольдарды
қабылдау және гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге беру

      41. Сезіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға ішінде ең қажетті нәрселер және мерзімі бойынша киім-кешегі бар сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар мен бандерольдар алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар мен бандерольдар гауптвахта бастығының қатысуымен тексеріледі.
      Сәлемдеме арқылы рұқсат берілетін заттардың тізімі мемлекеттік және орыс тілдерінде гауптвахта стендінде ілінеді.
      42. Сәлемдеме әкелген адам осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша екі данада өтініш жазып, қол қояды. Өтініштің екі данасы, сәлемдеме әкелген адамның жеке басын куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі.
      43. Сәлемдемені алған гауптвахта қызметкері келушіге жеке құжаттарын және өтініштің екінші данасын қабылдағаны туралы қол қою арқылы қайтарып береді, ал екінші данасын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші сәлемдені алғаны туралы қол қойғаннан кейін оның жеке ісіне қоса тіркейді. Жеке ісіне сәлемдеме алғаны туралы белгі қойылады. Өтінішке қол қоюдан бас тартқан жағдайда, өтініште ол туралы тиісті жазба жазылады.
      44. Сәлемдемеде, сәлем-сауқатта, бандерольда, хатта айқындалған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге тыйым салынған заттар мен бұйымдар алынуға жатады және қайтару себебін көрсетумен сәлемдеме әкелген адамға қайтарылады. Сәлемдеме почта арқылы келген жағдайда, тыйым салынған заттар, бұйымдар немесе ақша әскери қызметшінің жеке заттарының тізіміне енгізіледі және оның басқа да жеке заттарымен бірге жаза мерзімін өтегенге дейін сақталады.
      45. Сәлемдемелер:
      1) гауптвахтадан босатылған;
      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған;
      3) сәлемдеме әкелген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметі 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген почталық байланыс қызметін көрсету қағидаларында және почталық жөнелтілімдердегі почталық штемпельді қолдану қағидаларында көзделген нормаға сәлемдеме салмағы сәйкес келмеген;
      5) сәлемдемені қабылдауға өтінішті дұрыс ресімдемеген;
      6) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші сәлемдеме қабылдаудан жазбаша бас тартқан жағдайларда қабылданбайды және келушіге кері қайтарылады.
      46. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге жөнелтілімдер, сәлемдемелер және бандерольдар оларды қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі.
      47. Медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша сезіктілер, айыпталушылар және сотталған қабылдайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық арнайы бұйымдар сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар мен бандерольдардың құрамына кірмейді.
      48. Сәлемдемелерге салынған заттардың ұзақ сақталуына байланысты табиғи түрде бүлінсе, сондай-ақ тауарлық сипатынан тексеру барысында айрылған жағдайда гауптвахта әкімшілігі оған жауап бермейді.
      49. Гауптвахта бастығының рұқсатымен сотталғандар сәлемдемелер мен бандерольдар жіберулеріне болады.

7. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің жеделхаттарды
және хаттарды, сондай-ақ арыздар, өтініштер мен ұсыныстарды
алуы және жіберуі

      50. Гауптвахтада ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға туысқандары мен өзге де адамдарға айына екі хат немесе жеделхат жіберуге және алуға рұқсат беріледі. Хат алмасу гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің есебінен жүзеге асырылады.
      51. Сотталғандарға өз есебінен саны шектеусіз хаттар мен жеделхаттар алуға және жөнелтуге рұқсат етіледі.
      52. Сезіктілер, айыпталушылар, сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабар прокурор мен сотқа жіберілген хаттарынан өзге хат-алмасуы тек гауптвахта әкімшілігі арқылы, қылмыстық ісі өндірістегі органның не адамның рұқсатымен, тексерілу арқылы жүргізіледі.
      53. Гауптвахта өкілі күн сайын гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерден хаттарды және жеделхаттардың толтырылған бланкілерін қабылдайды. Жабылмаған конверттегі, жіберушінің тегі, аты-жөні және ұстау орнының пошталық мекенжайы көрсетілген хаттар қабылданады. Толтырылған жеделхат бланкісіне өтініш авторының қаражаты есебінен төлеу үшін оның есеп шотынан ақша алу туралы еркін формадағы гауптвахта әкімшілігі бастығының атына жазылған өтініш тіркеліп беріледі.
      54. Жеделхат жіберілгеннен кейін гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіге пошталық түбіртек беріледі, ал есеп шотында ақша болған жағдайда оған тиісті белгісі бар ақша түбіртегі қайтарылады. Егер соманың қалдығы болмаса түбіртек өтінішке тіркеледі. Жеделхат жіберген гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің өтініші почталық түбіртекті алғаны туралы қолхатпен жеке іске тіркеледі.
      55. Сезіктілер мен айыпталушылардың атына келіп түскен хатты беру, сол сияқты мекенжайға хатты жіберу ауысым бастығымен хат келіп түскен күннен бастап үш күндік мерзімнен кешіктірілмей, мейрам және демалыс күндері ескерілмей, жүргізіледі.
      Сезіктілер мен айыпталушылардың атына гауптвахтадан босатылғаннан кейін келіп түскен хаттар, келген күнінен бастап үш күннен кешіктірілмей кеткен жеріне жіберіледі.
      56. Қылмыстық істің ашылуына кедергі тудыратын не қылмыстың жасалуына себепші болатын, құпия жазумен, шифрмен жазылған, мемлекеттік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиялары бар ұсыныстар мен өтініштер, шағымдар мекенжайға жолданбайды және өндірісінде қылмыстық іс бар органға және адамға беріледі.
      57. Әйелінің (күйеуінің) немесе жақын туысқанының өлімі немесе қатты науқастануы туралы сезіктілерге, айыпталушыларға, сотталғандарға мәліметті алысымен дереу хабарландырылады.
      58. Гауптвахта қызметкерлері күнделікті камераларды аралау кезінде қамауда ұсталушы әскери қызметшілерден ұсыныстар мен өтініштерді, арыздарды жазбаша және ауызша түрде алады.
      Ұсыныстар мен өтініштерге, арыздарға келіп түскен жауаптар қамауда отырған әскери қызметшілерге қолхат арқылы хабарландырылады және жеке ісіне тігіледі.
      59. Ауызша алынған ұсыныстар, өтініштер мен арыздар гауптвахта бастығына баяндалады.
      60. Жазбаша мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер мен арыздар тіркеледі және әскери полиция органының және гаупвахта басшылығына олардан рұқсат алу үшін баяндалады.
      61. Сезіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың органдарға жіберген ұсыныстары, өтініштері мен арыздары жазаны орындаушы әскери полиция органының басшылығы арқылы жолданады.
      Гауптвахтада ұсталушы сезіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың жазаны өтеу мекемелері мен органдардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жіберген ұсыныстары, өтініштері мен арыздары тексерілуге жатпайды және үш тәуліктен кешіктірілмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) тиістілігі бойынша жолданады.
      62. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен арыздары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша гаупвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен арыздарын тіркеу кітабына тіркеледі.
      63. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен арыздары жолданған органдар мен лауазымды адамдар оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде қарауға және қабылданған шешімді әскери қызметшілерге жеткізуі тиіс.
      64. Гауптвахтада осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша гауптвахтаны тексеруші адамдардың ескертулері мен ұсыныстарының кітабы жүргізіледі.

8. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің
дiни жоралар жасауы

      65. Сезіктілер, айыпталушылар және сотталғандар діни жораларды камераларда, ал мүмкін болған жағдайда олар тиесілі діни конфессиялық дәстүрлерге сәйкес осы мақсатта жабдықталған гауптвахтаның арнайы бөлмелерінде жасайды.
      66. Осы Қағидаларды және басқа сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың құқықтарын бұзатын діни рәсімдерді жасауға жол берілмейді.
      67. Сезіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға шаншитын кесетін заттардан, бағалы металл бұйымдардан, тастардан немесе мәдени және тарихи құндылығы бар заттардан басқа діни әдебиеттерді, ішкі және қалталы жеке пайдаланатын діни табыну заттарын пайдалануға және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етіледі.
      68. Рухани көмек көрсету үшін, сондай-ақ гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің діни қажеттілігі кезінде, олардың өтініші бойынша және қылмыстық іс өндірісіндегі адамның немесе органнның рұқсатымен Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте тіркелген діни ұйымдардың өкілдерін олардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайымен гауптвахтаға шақыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте діни рәсімдерді жасау гауптвахта қызметіне кедергі келтірмеуі, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы қажет.
      Діни ұйымдардың өкілдерін шақырумен байланысты шығыстар сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың есебінен төленеді. Діни ұйымдардың өкілдерімен кездесу сезіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға рұқсат етілген кездесу деп саналмайды.

9. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді
еңбекке тарту

      69. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер гауптвахтаға шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға тартылады.
      70. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер кезекпен камераларды және гауптвахтаның басқа үй-жайларын жинастырады.
      71. Сотталғандар ұзақтығы аптасына төрт сағаттан аспайтын гауптвахтаға шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға тартылады.
      72. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер инжернерлік-техникалық күзет құралдарын, дабылдама және байланыс, көлік құралдарының барлық түрін және көбейту аппараттарын жөндеу және пайдаланумен байланысты жұмыстарға жіберілмейді.

10. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің неке
қию-отбасылық (ерлі-зайыпты-отбасылық) қатынастарға және
азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысуы

      73. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің некесін тіркеуді азаматтық жай-күй актісін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын ( бұдан әрі -уәкілетті әділет органы) уәкілетті аумақтық әділет органының өкілі гауптвахтада жүргізеді. Некені тіркеу уәкілетті әділет органына некеге түсуге өтініш білдіруші өтініш берген күннен бастап бір ай мерзімі өткеннен кейін жүзеге асырылады.
      74. Сезіктімен, айыпталушымен немесе сотталғанмен некеге түсуге ниет білдірген адам оның тұрғылықты жері бойынша немесе гауптвахта орналасқан жердің уәкілетті әділет органымен куаландырылған өтінішті, сондай-ақ қылмыстық іс өндірісіндегі адамның немесе органның көрсетілген сезіктімен, айыпталушымен немесе сотталушымен кездесуге рұқсатын гауптвахта қызмет атқаратын ӘПО басшылығына ұсынады. Неке құруға ниет білдіру туралы өтініш келіп түскен кезде гауптвахта бастығы оны гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіге өтініштің оған қатысты бөлігін толтыру үшін береді.
      Өтініште жетіспейтін мәліметтерді енгізгеннен кейін гауптвахта бастығы өтінішке көрсетілген мәліметтерді гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің жеке ісіндегі құжаттармен салыстырып тексереді. Әскери қызметшілердің қойған қолдарының түпнұсқалылығы және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы гауптвахта бастығының қол қоюымен куәландырылады және ӘПО мөрімен бекітіледі, осыдан кейін неке қию туралы бірлескен өтініш уәкілетті әділет органына жолданады.
      75. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің жеке ісінде оның отбасы жағдайы туралы мәліметтердің нақтылығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, құжаттарды туысқандары ұсынады, ал олар болмаған жағдайда бұрынғы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті әділет органына сұрау салу жіберіледі.
      76. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметші неке қиюға ниет білдіру туралы өтініш берген жағдайда гауптвахта бастығы ӘПО басшылығы арқылы осы өтінішті әскери қызметші неке қиюға ниет білдірген адамға жібереді. Бір уақытта көрсетілген адамға некені тіркеу жүргізілетін уәкілетті әділет органының атауы мен мекенжайы хабарланады.
      77. Осындай өтінішті алған адам неке қиюға келіскен кезде өтініштің оған қатысты бөлігін толтырады және өтініште көрсетілген мәліметтерді куәландыру үшін өзінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті әділет органына береді, осыдан кейін өтініш ӘПО басшылығы оған хабарлаған уәкілетті әділет органына жолданады.
      78. Гауптвахтада ұсталушы ек әскери қызметші өзара неке қиюға ниет білдірген кезде олардың әр қайсысы жеке-жеке ӘПО басшылығына неке қию туралы өтініш білдіреді. ӘПО басшылығының нұсқауы бойынша гауптвахта бастығы өтініштегі мәліметтерді гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің жеке ісіндегі құжаттармен салыстырып тексереді. Әскери қызметшілердің қойған қолдарының түпнұсқалылығы және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы гауптвахта бастығының қол қоюымен куәландырылады және ӘПО мөрімен бекітіледі, осыдан кейін неке қию туралы бірлескен өтініш уәкілетті әділет органына жолданады.
      79. Некеге тұрушы адамдардың қатысуымен гауптвахта үй-жайында неке тіркеледі. Көрсетілген адамдардың тарапынан куәлардың жалпы саны екі адамнан аспайды.
      80. Некені тіркеу және көлік шығыстары неке қиюшы адамдардың есебінен төленеді.
      81. Бір адамдық камерада тәртіптік жазаны өтейтін гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілермен неке қию осы жаза түрін өтегеннен кейін тіркеледі.
      82. Кылмыстық іс өндірісіндегі адам немесе орган рұқсат берген кезде гауптвахта бастығы неке тіркелгеннен кейін гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіге әйелімен (күйеуімен) кездесуге рұқсат береді.
      83. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметші некені айыру үшін сотқа немесе кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісу бойынша уәкілетті әділет органына өтініш жолдайды.
      84. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшімен азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру тікелей немесе қылмыстық өндірісіндегі адамның немесе органның рұқсатымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес өздерінің өкілдері арқылы жүргізіледі.

11. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің
газеттерге және журналдарға жазылуы

      85. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшелері арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылуға құқығы бар.
      86. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді жазылуды ресімдеу үшін гауптвахта бастығының атына өтініш білдіреді. Жазылуды ресімдеуге ниет білдірген гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіге өз есебінен абонемент және жеткізу карточка бланкілері беріледі.
      87. Гауптвахта қызметкері гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің есеп шотындағы қаражат есебінен байланыс бөлімінде жазылуды ресімдейді.
      88. Жазылуды басқа мекенжайға жіберу әскери полиция органы басшылығының рұқсатымен жазылушының жазбаша өтініші бойынша оның есебінен жүзеге асырылады.
      89. Жазылуды гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің әйелі (күйеуі) немесе туысқандары ресімдеуіне болады.
      90. Жазылуға мүмкін басылымдардың санына шектеу қойылмайды.

12. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді
медициналық-санитариялық қамтамасыз ету

      91. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер медициналық жәрдем көрсетуге әскери полиция органының медицина қызметкеріне (фельдшерге) күн сайынғы камераларды тексеру кезінде, ал қатты науқастанған кезде гауптвахтаның кез келген қызметкеріне шағымданады. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметші жүгінген қызметкер оған медициналық жәрдем көрсету үшін және медицина қызметкерін шақыру үшін шаралар қабылдайды.
      92. Денсаулығына шағымданған әскери қызметші медицияна қызметкерінің тексеру қорытындысы бойынша жедел білікті медициналық жәрдем көрсету қажет болған жағдайда медициналық мекемеге жолданады. Әскери қызметшіні медициналық мекемеге орналастыру туралы гауптвахта бастығы прокурорға, судьяға және әскери бөлім басшылығына дереу баяндайды.
      93. Сезікті, айыпталушы және сотталушы ауыр науқастанған немесе қайтыс болған жағдайда бұл туоралы оның әйеліне (күйеуіне) және осы факті бойынша тексеру жүргізетін прокурорға хабарлайды. Патологоанатомиялық зерттеуден кейін қайтыс болған адамның денесі, сондай-ақ заңнамада көзделген іс-қимыл өндірісі оны талап еткен адамдарға беріледі.
      94. Әскери қызметшілер сауыққаннан кейін, сот өзге шешім шығармаса айдауылдың ілесіп жүруімен гауптвахтаға қайта жіберіледі.
      95. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге амбулаторлық емделу камераларда көрсетіледі. Дәрі-дәрмектерді беру дәрігердің тағайындауы бойынша белгіленген мөлшерде жеке қолхаты арқылы жүзеге асырылады.
      96. Әскери полиция органының медицина қызметкері (фельдшер) гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіні, оның ішінде тергеу іс-қимылдарына және сот отырыстарына қатысқаннан кейін гауптвахтаға келгендерді олардағы дене зақымдарын, тері және жұқпалы аурулардың белгілерін анықтау мақсатында тексеру жүргізеді. Жұқпалы аурумен науқастанғандар анықталған кезде олар шұғыл оқшауланады, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі. Дене зақымдарын анықтау мәнісіне тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады.
      97. Медицина қызметкері дене зақымдарын анықтаған кезде медициналық жәрдем көрсетеді, тәулік мерзімінде медициналық куәландыру жасалады, оның нәтижесі гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің медициналық кітапшасына енгізіледі. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшідегі дене зақымдарын анықтау фактілері туралы тәуліктік мерзім ішінде гауптвахта бастығы прокурорға жазбаша түрде баяндайды.
      98. Заңның 23-бабына сәйкес сезіктінің, айыпталушының және сотталушының дене зақымдарын медициналық куәландыруды уәкілетті органның денсаулық сақтау саласындағы медициналық мекемесінің қызметкерлері мына жағдайларда жүргізеді:
      1) гауптвахта бастығының шешімі бойынша;
      2) қамауда ұстау орындарында заңды қолданумен қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың нұсқауы бойынша;
      3) қылмыстық іс өндірісіндегі адамның немесе органның шешімі бойынша;
      4) дене зақымдарын алған сезіктінің, айыпталушының және сотталушының қолдауы бойынша;
      5) дене зақымдарын алушы сезіктіні, айыпталушыны және сотталушыны қорғаушының қолдауы бойынша.
      99. Уәкілетті органның денсаулық сақтау саласындағы медициналық мекемесінің куәландыруын жүргізу үшін дене зақымын алған адам немесе оның қорғаушысы гауптвахта бастығының атына өтініш жазады. Өтініш екі тәулік ішінде қаралуы тиіс.

13. Күн сайын серуенге шығару

      100. Әр гауптвахта жанында гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді серуенге шығаруға арналған, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес серуендеу ауласының сипаттамасымен белгіленген үш метрден биік емес тығыз дуалмен қоршалған, үстінен металл тормен жабдықталған аула болуы қажет.
      101. Гауптвахтада ұсталушы сезіктілер, айыптаушылар мен сотталушылар күн сайын бір сағаттан кем емес, ал сотталғандар бір сағаттан кем емес серуенге шығады. Екі қабат әйел-әскери қызметшілер үшін серуенге шығу уақыты үш сағаттан кем емес. Серуенге шығу ұзақтығын оны толықтыру, күн тәртібін және ауа райы жағдайын ескере отырып, гауптвахта әкімшілігі белгілейді.
      102. Серуенге шығу камера бойынша күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында жүргізіледі. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің серуенге шығуы, егер ол осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда гауптвахта бастығының (ауысым бастығының) рұқсаты бойынша мерзімінен бұрын тоқталыуы мүмкін.
      103. Гауптвахта бастығы әскери қызметшілердің өтініштерін қарағаннан кейін серуенге шығудан босатуды жүзеге асырады.

14. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің
қорғаушылармен, туысқандарымен және өзге де адамдармен
кездесуі

      104. Гауптвахтада ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысуға айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын рұқсат берілуі мүмкін.
      105. Сотталғандарға: қысқа мерзімді - ұзақтығы екі сағаттан төрт сағатқа дейін, ұзақ – гауптвахта аумағында бір тәуліктен үш тәулікке дейін кездесулерге рұқсат беріледі.
      Ерекше жеке жағдайларда гауптвахтада қамауға сотталғандарға әйелімен (күйеуімен) немесе жақын тустарымен телефонмен хабарласуға рұқсат беріледі.
      106. Кездесу жалпы кезекпен беріледі. Кездесуге келген адамдар кездесу кезінде мінез-құлқы қағидалары туралы ақпараттандырылады және осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда тоқтатылатыны туралы ескертіледі.
      107. Жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе алкогольды мас күйде кездесу келген адамдарға, сондай-ақ рұқсатта көрсетілмеген адамдарға кездесуге рұқсат берілмейді. Гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) кездесуге келген адамға кездесуге мүмкіндік беруден бас тарту себебін жеткізеді.
      108. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің әйелімен (күйеуімен) немесе туысқандарымен, сондай-ақ өзге де адамдармен кездесуі гауптвахта қызметкерлерінің бақылауымен арнайы жабдықталған бөлмеде қандай да бір заттарды беруге жол бермейтін, бірақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес көзбе-көз сөйлесуге кедергі келтірмейтін бөліп тұратын аралық арқылы жүргізіледі.
      109. Қорғаушыға, жеке басын куәландыратын, сондай-ақ оның қылмыстық іске қатысын растайтын ҚІЖК нормаларына сәйкес қылмыстық процессті жүргізуші адам немесе орган берген құжаты бар болғанда гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшімен кездесуге мүмкін беріледі.
      110. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшімен кездесуге рұқсат алған адамдарға әскери полиция органы бастығының немесе оны ауыстыратын адамның рұқсатысыз гауптвахтаға техникалық байланыс құралдарын, компьютерлер, кино-, фото- аудио-, бейне- және көбейту аппараттарын алып кіруге және пайдалануға жол берілмейді.
      111. Тыйым салынған нәрселерді, заттарды және азық-түлік өнімдерін немесе қылмыстық істі анықтауға не қылмыс жасауға ықпал ететін мәліметтерді беруге тырысқан жағдайда кездесу мерізімінен бұрын тоқтатылады.
      112. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оны жүргізуге жауапты гауптвахта қызметкері кездесуді тоқтату себебін көрсетумен гауптвахта бастығына ол туралы жазбаша баяндайды.
      113. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшімен кездесуді қысқа мерзімге тоқтату кезінде (карантинге, ерекше жағдайлар режимін жүргізумен байланысты) гауптвахта бастығы ол туралы гауптвахтада заңның сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, тиісті сот және тергеу органдарына хабарлайды, әскери полиция органының бақылау-өткізу пунктінде хабарландыру ілінеді.

15. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің тергеу
әрекеттерi мен сот мәжiлiстерiне қатысуын қамтамасыз ету

      114. Әскери полиция органының басшылығы гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілермен тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін тергеушіге, анықтауды жүргізуші адамға, прокурорға, сотқа жұмыс уақытында гауптвахтаға кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді.
      115. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер ҚІЖК 212-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес кейінге қалдыруды қажет етпейтін жағдайлардан басқа кезде тек күндізгі уақытта жауап алуға шақыртылады.
      116. Сезіктілер, айыпталушылар және сотталған гауптвахтадан тыс тергеу іс-қимылдарына және сот мәжілістеріне қатысуға жіберілу алдында ыстық тағам алуы тиіс. Олар маусым бойынша киінуі, сыртқы келбеті таза болуы қажет. Қажет болған жағдайда көрсетілген адамдар құрғақ тағаммен қамтамасыз етіледі.
      117. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді ҚІЖК көзделген жағдайларды қоспағанда гауптвахта кезекші ауысымы кезекшілікті тапсыру-қабылдау кезеңінде, күн тәртібіне сәйкес тамақтану уақытында (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), сондай-ақ түнгі уақытта (кешкі сағат 22 келесі күнгі таңғы сағат 6 дейін) шақыру бойынша камералардан кездесуге жол берілмейді.
      118. Тергеушінің, анықтау жүргізуші адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша гауптвахта аумағында тергеу іс-қимылдарын, амбулаторлық сот-психикалық және басқа да сараптамаларды жүргізу үшін гауптвахта бастығы:
      1) жабдықталған үй-жайды береді;
      2) гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіні жеткізеді және оны күзетуді қамтамасыз етеді;
      3) тергеу іс-қимылдарына қатысуға тартылған өзге де адамдардың гауптвахтаға кіруін қамтамасыз етеді.
      119. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілер апелляциялық инстанция істерін қарау туралы, қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы, істі бір органнан басқа органға беру туралы қол қою арқылы хабарландырылады және олардың жеке ісіне тіркеледі.

16. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге көтермелеу
және жазалау шараларын қолдану

      120. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге қатысты көтермелеу және жазалау шаралары қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпте қолданылады. Көтермелеу шаралары ретінде бұрын салынған жазаларын мерзімінен алу қолданылады, бұдан басқа алғыс жарияланады.
      121. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерге гауптвахтада ұстау тәртібін бұзғаны үшін, белгіленген міндеттерін орындамағаны үшін Заңға сәйкес келесі жазалау шаралары қолданылады:
      1) сөгіс;
      2) сезіктілер мен айыпталушыларды он бес күн мерзіміне дейін бір адамдық камераға орналастыру;
      3) сотталғандарды он тәулік мерзімге дейін бір адамдық камераға орналастыру.
      122. Бір адамдық камераға орналастыру түріндегі жазаны гауптвахта бастығы қолданады. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіні жазалау қол қою арқылы жарияланады және жеке ісіне тіркеледі.
      123. Ауызша жарияланғаннан басқа барлық көтермелеулер мен жазаларды гауптвахта бастығы жариялайды және осы Қағидаларға  12-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің көтермелеулері мен жазаларын есепке алу кітабында есепке алынады.
      124. Кезекші ауысым бастығы бір адамдық камераға орналастыру туралы гауптвахта бастығына баянатпен баяндайды, ол бұл туралы ӘПО басшылығына баяндайды.

17. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді
гауптвахта бастығының жеке қабылдауы

      125. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді гауптвахта бастығының жеке қабылдауы демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
      126. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді жеке қабылдау гауптвахта бастығымен бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылады, ол туралы оларға жеткізіледі.
      127. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді жеке қабылдауға жазу күн сайын гауптвахта қызметкерлері камераларды тексеру уақытында жүзеге асырылады. Гауптвахта бастығының атына қабылдау туралы өтініш (ерікті түрде) жазбаша немесе ауызша жасалады және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша әскери полиция органы бастығының жеке қабылдауы журналына (бұдан әрі – жеке қабылдау журналы) келіп түсу реті бойынша тіркеледі.
      128. Қабылдау өтініш беру реті бойынша жүргізіледі. Қабылдаудан кейін гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің өтініштерінде және жеке қабылдау журналында оның нәтижелері жазылады. Өтініш гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.
      129. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің әйелін (күйеуін) немесе туысқандарын немесе өзге адамдарды гауптвахта бастығының қабылдауы гауптвахта ақпараты стендіне ілінетін кестеге сәйкес қызметтік бөлмеде жүргізіледі.
      130. Әскери қызметшілердің әйелін (күйеуін) немесе туысқандарын жеке қабылдау нәтижелері жеке қабылдау журналында жазылады.

18. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілердің
мәйіттерін беру

      131. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы әскери полиция органының басшылығы прокурорға, әйеліне (күйеуіне) немесе жеке ісінде көрсетілген жақын туысқандарына, әскери бөлімнің басшылығна, сондай-ақ қылмыстық іс өндірісіндегі адамға немесе органға шұғыл хабарлайды.
      Егер қайтыс болған әскери қызметшінің әйелі (күйеуі) немесе жақын туысқандары гауптвахта орналасқан қалада немесе елді мекенде тұрмаса, хабарландыру телеграф арқылы жолданады.
      132. Қайтыс болған әскери қызметшінің мәйіті жақын маңдағы денсаулық сақтау органының емдеу мекемесіне талап етілгенге дейін, бірақ жеті тәуліктен артық емес немесе уәкілетті орган қайтыс болу фактісі бойынша тексеру аяқталғанға дейін сақтауға беріледі.
      133. Мәйітті беруді қылмыстық іс өндірісіндегі адамның немесе органның рұқсатымен әйелінің (күйеуінің) немесе жақын туысқандарының, сондай-ақ оны талап етуші адамның жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Мәйітті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
      134. Қайтыс болғанның әйеліне (күйеуіне) немесе жақын туысқандарына қайтыс болу туралы куәлікті алу тәртібі түсіндіріледі.
      135. Егер қайтыс болғанның әйелі (күйеуі) немесе жақын туысқандары немесе өзге де адамдар мәйітті алуға уақтында келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда олар ол туралы хабарлауы және белгіленген мерзімнен тыс сақтау құнын төлеуі қажет.
      136. Қайтыс болған әскери қызметшінің мәйітін көрсетілген мерізімде алынбаған кезде мемлекет есебінен жерлеуге беріледі.

19. Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді босату

      137. Гауптвахта бастығы тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысы немесе соттың дәлелді қаулысы бойынша сезіктілерді немесе айыпталушыларды қамаудан босатады.
      138. Гауптвахта бастығы сезіктіні немесе айыпталушыны қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей осы туралы қылмыстық іс өндірісіндегі адамды немесе органды, сондай-ақ прокурорды хабарландырады.
      139. Жаза түрі ретінде қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы хабарламаны факсимильді байланыс арқылы қабылдауға рұқсат етіледі, ал хабарламаның түпнұсқасы почта арқылы қабылданады. Егер қамауда ұстау мерзімі аяқталуы бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе осы шешім туралы хабарлама гауптвахтаға келіп түспегенде гауптвахта бастығы өзінің қаулысымен оны қамаудан босатады, оның көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық іс өндірісіндегі адамға немесе органға, сондай-ақ прокурорға жібереді.
      140. Қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру сезіктіні және айыпталушыны нақты қамаудан босатқанға дейін келіп түссе гауптвахта бастығы өзінің қаулысының күшін жояды, осы туралы прокурорға хабарлайды.
      141. Қамаудан босатылған гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшіге жеке құжаттары, киім-кешектері, оның есеп шотында сақталған ақша, сондай-ақ қандай сот қамауға рұқсат бергені; ұстау және өтеу жазасын тағайындау негізі, орны және уақыты; босату негізі мен уақыты көрсетілген анықтаманы береді.
      142. Гауптвахта бастығы қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін үші тәулік ішінде әскери бөлім командирін әскери қызметшінің босатылғаны туралы хабарландырады.
      143. Әскери бөлімнің командирі гауптвахта бастығының хабарламасы бойынша көрсетілген уақытта әскери қызметшіні қызмет ету орнына алып жүру үшін гауптвахтаға бөлімнің өкілін жібереді, сондай-ақ оны маусым бойынша киім-кешекпен қамтамасыз ету бойынша шара қабылдайды.
      144. Гауптвахтада ұстауға сотталғандар жазаны өтеу мерзімінің соңғы күні бірінші жартысында босатылады. Егер жазалау мерізім демалыс немесе мереке күні аяқталса, сотталған жазаны өтеуден мереке алды немесе демалыс алды күні босатылады. Жазалау мерзімін айлармен есептелсе ол соңғы айдың тиісті күні, егер осы айда тиісті күн болмаған жағдайда осы айдың соңғы күні аяқталады.
      145. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату тиісті құжаттар келіп түскен күні, ал құжаттар жұмыс күні аяқталғаннан кейін келіп түссе – келесі күні таңертең жүзеге асырылады.
      146. Ақтау негіздері бойынша қылмыстық істі тоқтатумен, ақтау үкімін шығарумен байланысты үкімнің күшін жою негізінде жазаны өтеуден босатылған адамға жазаны орындаушы әскери полиция органының бастығы мүлік, еңбек, тұрғын үй және өзге де айырылған құқықтарын қалпына келтіруге құқылы екенін түсіндіреді. Босату туралы құжатта сотталғаннан мемлекет атынан ресми түрде кешірім сұралады.

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
1-қосымша               

                                                                нысан

20___жылы гауптвахтада ұсталушы тұтқындалғандардың
(ұсталғандардың, сезіктілердің, айыпталушылардың,
сотталғандардың) кітабы

                                  Басталуы: 20__ж. «__»_______
Сыртқы беті                       Аяқталуы: 20__ж. «__»_______

№ р.с, тұтқынға алынған күні мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Әскери бөлімнің нөмірі

Кім ұстады (тұтқындады, соттады)

Ұстау себебі (тұтқындалу, не үшін сотталды, қай бап бойынша)

Қанша мерзімге және қай камерада ұсталады

Алынған заттар, құжаттар мен ақшалар

Ұстау (тұтқындалу, сотталу) мерзімі қашан аяқталады

Тұтқынды қабылдау барысындағы медициналық қарау, моншада шомылуы және дене қарауын жүргізу туралы жазба (медицина қызметкерінің қолы)

Босатылуы туралы жазба

Гауптвахтаға қабылдану барысында заттарын, құжаттары мен ақшасын тапсырғандығы туралы қолы

Тұтқыннан мерзімін өтеп гауптвахтадан шығу барысында заттарын, құжаттары мен ақшасын алғандығы туралы қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      Ескертпе: «Кім тұтқындады» бағанында сотталғандар үшін әскери қызметшілердің қандай әскери сотпен сотталғандығы, тұтқындалғандар мен ұсталғандарға қатысты тұтқындау немесе тұтқындауды жүзеге асыру түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот туралы жазба жүргізіледі.

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
2-қосымша               

Бекітемін                 
ӘПО бастығы                
_______________________________     
(лауазымы, қолы, тегі )         
___ жылғы «___» _________________   

Камераларға орналастыру жоспары

Бөлек ұсталатындар

Камераның нөмірі

Камерадағы орындардың саны

Ескертпе

1

2

3

4









ӘПО бастығының орынбасары ____________________________________
                                   (атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе:
      1. Камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы жүргізеді.
      2. Камераларға орналастыру жоспары ауысым бастығында, кезекші бөлімде және әскери полиция органының басшылығында болуы қажет.

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
3-қосымша               

Жалпы камералардың сипаттамасы

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді ұстайтын камералардың жабдықталуы сыртқы қоршаған ортадан және жапсарлас бөлмелерден сенімді оқшаулануды қамтамасыз етуі қажет. Камералардың жоспарланған үлгісі есіктегі «көзек» арқылы олардың жақсы көрінуін қамтамасыз етуі қажет.
      Камераға кіретін есік металл болуы қажет. Еденнен 95 см төмен емес биіктікте тамақ таратуға арналған желкөзі орнатылады. Камерадағы әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылау үшін кіретін есікке «көзек» орнатылады.
      Камералардағы және жалпы пайдаланудағы орындардың (жуыну бөлмесіндегі, дәретханадағы) есіктері мен терезелері техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Осы үй-жайлардағы терезелерде, бұдан басқа, қажет болған жағдайда ішкі жағынан металл торқапшықтармен қапталған металл торлары болуы қажет.
      Жалпы камера шайқалмалы орындықтармен, үстелмен, бір адамға 0,4 метр есебінен ағаш сәкімен, түкіргішпен, ауыз суы бар ыдыспен және сапты аяқпен жабдықталады. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітіледі. Барлық камералар радио хабар құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Офицерлер мен әйел-әскери қызметшілерді ұстауға арналған камераларда сәкі, үстел, орындық, жеке заттарға және туалет керек-жарақтарына арналған тумбочка, ауыз суы бар ыдыс және сапты аяқ, киім ілігіш және түкіргіш болуы қажет.
      Барлық камералардың құлпы бірдей және бірккелкі кілттермен жабылуы тиіс. Бір кілт қарауыл бастығында (ауысым бастығында), екіншісі гауптвахта бастығында және үшіншісі әскери полиция органы бойынша кезекшіде сақталуы тиіс. Камералардың терезелерінің ішкі жағында терезе ойықтарынан кіруді шектейтін металл торлар орнатылуы тиіс.
      Гауптвахта дәліздерінде туалет керек-жарақтары мен аяқ киім тазалайтын керек-жарақтарға арналған құлыпқа жабылатын шкафтар болуы тиіс. Шкафтардың кілттері қарауыл (кезекші ауысымның) бастығында сақталады. Жылы күртешелер мен бас киім қамауға алынғандардың заттарын сақтау бөлмелерінде сақталады.

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
4-қосымша               

                                                                нысан

      Рұқсат етемін ________________
      Прокурор _____________________
                   (қолы, тегі)
      ____ жылғы «____» _____________

«Қылмыс жасауда қамауға алу тәртібі мен жағдайы туралы»
Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының тәртібінде гауптвахтада
ұсталушы әскери қызметшіні бір адамдық камераға ауыстыру
туралы қаулы

      Әскери қызметші _______________________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
    (бір адамдық камерада ұстауға негіз болатын мән-жайдың мазмұны)
____________________________________________________________________
                   Қаулы етті:
      Әскери қызметші _______________________________________________
                            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
     әрі қарай қамауда ұстау үшін бір адамдық камераға ауыстырылсын.

Әскери полиция органының бастығы
___________________________________
      (атағы, қолы, тегі)
                         _____ жылғы «___»________________

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
5-қосымша               

Гауптвахтада қамауда ұсталушы әскери қызметшілердің өзінде
сақтауға, сәлем-сауқаттармен алуға болатын азық-түліктің,
бірінші кезектегі қажет заттар мен басқа да өндірістік
тауарлардың
ТІЗБЕСІ

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер сәлемдемелерді алуы және гауптвахтаның қамауға алынғандардың заттарын сақтау бөлмесінде сақталуы мүмкін:
      1) темекі өнімдері, сіріңке;
      2) белдік белбеулерсіз, аспа баусыз бір жиынтық киім (оның ішінде белгіленген үлгідегі) маусым бойынша бас киім, аяқ киім (тақасыз, металл нәлсіз және баусыз);
      3) ішкі киім;
      4) шұлық;
      5) қолғап немесе биялай;
      6) қол орамал;
      7) дәретхана керек-жарақтары: (иіс, кір сабын, дәретхана қағазы, сусабын (ӘПО медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша), тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса қабы, кремдер, тарақ), жөке немесе жұмсақ ысқыш, электр немесе механикалық ұстара, бір реттік пайдаланылатын қауіпсіз ұстара (гауптвахтаның камераларынан тыс орналасқан қамауға алынғандардың мүлкін сақтауға арналған құлыппен бекітілетін арнайы шкафта сақталады);
      8) көзілдіріктер және көзілдіріктерге арналған пластмасса қабы;
      9) шұлықтар мен шұлықдамбалдар, үшкіл орамалдар, рейтуздар, белдік, дәке, мақта, бюстгальтерлер, шашқа арналған қыстырғыштар, гигиеналық керек-жарақтар (әйелдерге арналған);
      10) жылдам бұзылғыш азық-түлік өнімдері және әскери полиция органының медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша қабылдауға тыйым салынатын өнімдері; көркем әдебиет, мерзімді басылым шығарылымдары;
      11) шарикті автоқалам, оларға желі, қарындаштар;
      12) хат жазуға арналған қағаз, почталық конверт, ашық хат, почталық маркалар;
      13) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімдік басылымдар;
      14) аталғандардан басқа, қылмыстық іске қатысты немесе олардың құқықтарын іске асыру бойынша заңды мүдделеріне қатысты құжаттарын, жазбаларын, сондай-ақ пошта жөнелту бланкілері, ақша, құнды заттарды, құжаттарды және басқа да заттарды сақтай алады.
      Осы Тізбеде қарастырылмаған заттар тыйым салынған заттар болып саналады.

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
6-қосымша               

                                                               нысан

Тыйым салынған нәрселерді, заттарды және азық-түлік өнімдерін
алып қою актісі

      Біз төменде қол қойған комиссия құрамы ________________________
____________________________________________________________________,
         (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________ қамауға алынған сезіктіден, айыпталушыдан және
сотталушыдан «Сезіктілер мен айыпталушыларды қылмыс жасауда қамауда
ұстау тәртібі және шарттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабына сәйкес (______)________________сомасында (ақша, құнды қағаздар
мен құнды заттар)____________________________________________________
__________________________________________________________ заттар мен
азық-түлік өнімдерінің атауын жазумен сақтауға алдық.
Барлығы берілді: ___________ құнды қағаздардың, құнды заттардың атауы
(саны)_______ақша, (сомасы)__________________азық-түлік өнімдерінің,                                  (саны)

заттардың атауы.
Берді: __________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Қабылдады: ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Қатысты: ________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
_____ жылғы «___» _______

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
7-қосымша               

                                                               нысан

ӨТІНІШ

Азаматтан (-шадан) __________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________ тұратын
                            (тұрғылықты мекенжайы)
Сезікті, айыпталушы және сотталушы:
_____________________________________________________________________
          (тегі және аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы)
_______________________ үшін сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.

Сәлемдемедегі азық-түлік (заттардың) тізбесі:

Р/с №

Азық-түліктің немесе заттардың атауы

Салмағы
килограмм
грамм

Саны

Ескертпе

1





2





Өтініш иесінің қолы _________________________   

20 _ жылғы «__» _________   

Сәлемдемені қабылдады _______________________________________________
                         (сәлемдемені қабылдаған қызметкердің қолы)
Сәлемдемені алдым ___________________________________________________
(сәлемдемені алған сезіктінің, айыпталушының және т.б. адамның қолы)

20 __ жылғы «____» __________

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
8-қосымша               

                                                               нысан

Гауптвахтаны тексеретін адамдардың
ескертулер мен ұсыныстар кітабы
__________________________________
(әскери полиция органының гауптвахтасы)

Басталуы: 20__ ж. «__»_____
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Сыртқы беті

Р/с №

Күні

Тексеруші адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атағы

Ескертудің мазмұны

Ұсыныстар

Орындау мерзімі

Қабылданған шаралар

      Ескертпе:
      1. Кітап нөмірленуі, тігілуі, тиісті қолмен расталуы және мөрленуі тиіс. Кітап гауптвахта бастығында (ауысым бастығында) сақталады.
      2. Кітап гауптвахтаны тексеруге құқығы бар адамдарға қарауға және тиісті жазбаларды енгізуге беріледі.
      3. Тексеруші өз құзыреті шегінде барлық мәселелер бойынша негізгі ескертулер мен ұсыныстарды енгізеді.
      4. Тексеруші белгілеген мерзімде, гауптвахта бастығы кемшіліктерді жойғандығы туралы ӘПО-ның бастығына баяндауы тиіс.

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
9-қосымша               

                                                               нысан

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштерін және арыздарын тіркеу кітабы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____   
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____   

Сыртқы беті

Р/с №

Келіп түскен күні (жылы, айы, күні)

Өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның әскери қызметке қатысы

Өтініштің қысқаша мазмұны

Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы

Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжаттар тігілген іс

1

2

3

4

5

6

7

8

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
10-қосымша               

Серуендеу ауласының сипаттамасы

      Серуендеу аулаларын режимді аулада орналастыру және гауптвахтаға нығыз жалғасуы қажет. Серуендеуге шығарылатын әрбір сотталушыға сейілдеу ауласының 2,5-3 шаршы метрден (бұдан әрі - м2) болуы қажет. Сереуендеу ауласының ең аз мөлшері - 12 м2.
      Серуендеу ауласы биіктігі үш метрден кем емес қалың дуалмен қоршалады. Серуендеу ауласының төбесіне металл рама бекітіледі, оған 17х17 сантиметрден артық емес тор көздері бар металл торлар орнатылады. Торлардың үстіне 5х5 сантиметрден артық емес тор көздері бар «Рабица» типті металл тор бекітіледі.
      Серуендеу ауласының үстіне дуалды жағалай атмосфералық жауын шашыннан тасалау үшін ені 1,2 метрге дейін жеңіл қалқа орнатылады.
      Серуендеу ауласының ортасында жерге мықтап бекітілген орындық орнатылады.
      Серуендеу ауласы су көзімен қамтамасыз етілуі қажет.
      Серуендеу ауласындағы барлық сотталғандар ұдайы бақылауда болу үшін серуендеу ауласында бақылаушы қызмет атқаруға арналған орын жабдықталады.

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
11-қосымша               

Кездесуге арналған бөлменің жабдықталуы

      Әр гауптвахта кабиналардан тұратын кездесуге арналған орындармен жабдықталады.
      Әрбір кабина ені 140 сантиметр және ұзындығы 1 метрден кем емес металл каркастан орнатылады, қалқанды элементтерден, үстелмен және шалқаймалы орындықпен жабдықталады.
      Кабиналар арасындағы қалқа әңгімелесуге арналған тесіктері бар органикалық әйнектерден жасалады.
      Келушілерге арналған кабиналар ілмексіз жеңіл есіктермен жабдықталады.

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
12-қосымша               

                                                               нысан

Гауптвахтада ұсталушы әскери қызметшілерді
жазалауды және көтермелеуді
есепке алу кітабы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____   
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____   

Артқы беті

Жазаланған адамдарды есепке алу

Р/с №

Тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болса)

Не үшін жазаланды

Жазаның түрі

Жазаны кім және қашан белгіледі

Ескертпе

Көтермеленген ададмдарды есепке алу

Р/с №

Тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болса)

Не үшін көтермелеу жарияланды

Көтермелеу түрі

Көтермелеуді кім және қашан белгіледі

Ескертпе

ҰҚК әскери полициясы органдарының    
гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік   
органдарының әскери қызметшілерін   
ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларына  
13-қосымша               

                                                               нысан

Әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____
Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Сыртқы беті

Р/с №

Күні (жылы, айы, күні)

Тегі, аты және әкесінің аты
(бар болса)
(келуші бар болған кезде)

Өтініштің қысқаша мазмұны

Ескертпе

1

2

3

4

5