БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
06 «Басқа да салықтық емес түсімдер» сыныбында:
1 «Басқа да салықтық емес түсімдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер |
2 |
06 |
1 |
13 |
100 |
».
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т.Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр Е. Досаев