Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 шілдеде тіркелді.

Қолданыстағы

     «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 227 бұйрығына    
1-қосымша        

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру
туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын қағаз нысанында беру болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) ЖОО-ның кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдап және тіркеп, қарап талқылау үшін ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (1 жұмыс күні ішінде);
      2) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін анықтама дайындап, қарап талқылау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсырады (4 жұмыс күні ішінде);
      3) ЖОО-ның басшылығы құжаттарды қарап, ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (2 жұмыс күні ішінде);
      4) ЖОО-ның оқу бөлімі 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде деректердің дұрыстығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын дайындауды жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын береді(1 жұмыс күні ішінде);
      6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
      1) ЖОО-ның кеңсесі құжаттарды қабылдап және тіркеп, қарап талқылау үшін ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы;
      2) ЖОО-ның оқу бөлімі анықтама дайындау, қарап талқылау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсыруы;
      3) ЖОО-ның басшылығы құжаттарды қарап, ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы;
      4) ЖОО-ның оқу бөлімі деректердің дұрыстығын тексеріп, көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын беруі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) қатысады:
      1) ЖОО-ның кеңсесі;
      2) ЖОО-ның оқу бөлімі;
      3) ЖОО-ның басшылығы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) ЖОО-ның кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдап және тіркеп, ЖОО-ның оқу бөліміне қарап талқылау үшін тапсырады (1 жұмыс күні ішінде);
      2) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін анықтама дайындап, қарап талқылау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсырады (4 жұмыс күні ішінде);
      3) ЖОО-ның басшылығы құжаттарды тексеріп, ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (2 жұмыс күні ішінде);
      4) ЖОО-ның оқу бөлімі 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде деректердің дұрыстығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын дайындауды жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын береді (1 жұмыс күні ішінде).
      Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

      9. Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің көмекке жүгіну рәсімдері (іс-әрекеттері) ретінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ның операторына құжаттар топтамасын тапсырады (15 мин ішінде);
      2) ХҚКО-ның операторы өтінішті тіркейді (15 мин ішінде);
      3) ХҚКО операторының сауал нысанын қағаз нысандағы құжаттарының болуы туралы белгі бойынша толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы тапсырған құжаттарды сканерлейді (30 мин ішінде);
      4) ХҚКО операторы куәландырылған тиісті құжаттарды электронды көшірмелер нысанында қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді (15 мин ішінде);
      5) ХҚКО-ның кеңсесі құжаттарды тиісті жоғары оқу орнына жібереді (2 жұмыс күні ішінде);
      6) ЖОО-ның басшылығы деректердің дұрыстығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін білім туралы құжаттардың телнұсқаларын дайындауды жүргізеді және ХҚКО-на жібереді (25 жұмыс күні ішінде);
      7) білім туралы құжаттардың телнұсқаларын береді (1 күннен кешіктірілмей).
      Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымшада ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-әрекеттер диаграммасы келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері, келесі рәсімдердің орындалуының басталуына негіздеме болып табылады:
      1) ХҚКО-ның операторының құжаттарды тексеруі және өтінішті тіркеуі;
      2) ХҚКО-ның операторының сауал нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беруі;
      3) ХҚКО-ның операторының құжаттарды ХҚКО-ның кеңсесіне жіберуі;
      4) ХҚКО-ның кеңсесінің құжаттарды тиісті жоғары оқу орнына жіберуі;
      5) жоғары оқу орнының басшылығының құжаттарды тексеруі және жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын ХҚКО-на жіберуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға ХҚКО-ның операторының жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын беруі. «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру  
туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»     
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне     
1-қосымша                    

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өтудің және рәсімдердің (іс-қимылдардың)
жүйелілік сипаттамасының блок-сызбасы

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру   
туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне   
2-қосымша                     

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің
өзара функционалдық іс-әрекеттер диаграммасы

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру   
туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне   
3-қосымша                      

ХҚКО арқылы және ЖОО-ғы
«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру» туралы мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрінің   
2014 жылғы 17 маусымдағы     
№ 227 бұйрығына        
2-қосымша            

«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы №544 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экстернат нысанында оқуға рұқсат беру.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) жоғары оқу орнының деканат қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді;
      2) сараптамалық комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады;
      3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды;
      4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын, сондай-ақ шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі отырысының мөр басылған хаттамасынан үзіндіні білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдайды;
      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырады және кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып, экстернат нысанында оқуға жазбаша түрде рұқсат береді және білім беру ұйымына жолдайды;
      6) білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экстернат нысанында оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
      6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
      1) деканат қызметкерінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі, және сараптамалық комиссия мүшелеріне жіберуі;
      2) сараптамалық комиссия мүшелерінің құжаттар топтамасын қарауы және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынуы;
      3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесінің қарауы;
      4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесінің білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдауы;
      5) білім беру саласындағы уәкілетті органның қарастыруы және экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі және білім беру ұйымына беруі;
      6) білім беру ұйымының экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі туралы бұйрық шығаруы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) қатысады:
      1) деканат қызметкері;
      2) сараптамалық комиссия мүшелері;
      3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі;
      4) білім беру саласындағы уәкілетті орган;
      5) білім беру ұйымы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) жоғары оқу орнының деканат қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді;
      2) сараптамалық комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады;
      3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды;
      4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын, сондай-ақ шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі отырысының мөр басылған хаттамасынан үзіндіні білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдайды;
      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырады және кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып, экстернат нысанында оқуға жазбаша түрде рұқсат береді және білім беру ұйымына жолдайды;
      6) білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экстернат нысанында оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
      Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4.Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
      «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Жоғары білім беретін білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру» мемлекеттік    
қызмет көрсету регламентіне   
1-қосымша              

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың)
жүйелілік сипаттамасы

«Жоғары білім беретін білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру» мемлекеттік    
қызмет көрсету регламентіне   
2-қосымша              

«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2014 жылғы 17 маусымдағы    
№ 227 бұйрығына       
3-қосымша           

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, өтініштер қабылдауды жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беру.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) Ғылыми кеңес хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді;
      2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО-дағы конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат ресімдейді, және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді;
      3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптамадан өткізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды;
      4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды;
      5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы куәлік береді.
      6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
      1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі хатшысының құжаттар топтамасын қабылдауы әрі тіркеуі, және ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына беруі;
      2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің құжаттар топтамасын ресімдеуі және көрсетілетін қызметті берушіге жеке тәртіпте қарау үшін жіберуі;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің сараптама жүргізуі және Комиссияға қарастыруға жолдауы;
      4) Комиссияның «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы шешімі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беруі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы;
      2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі;
      3) көрсетілетін қызметті беруші;
      4) Комиссия;
      5) көрсетілетін қызметті беруші.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді;
      2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО-дағы конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат ресімдейді, және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді;
      3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптамадан өткізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды;
      4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды;
      5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді.
      Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
      «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
мемлекеттік грантына құжаттар  
қабылдау және тағайындау»     
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет регламентіне        
1-қосымша               

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың)
жүйелілік сипаттамасы

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
мемлекеттік грантына құжаттар  
қабылдау және тағайындау»     
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет регламентіне        
2-қосымша               

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына
құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2014 жылғы 17 маусымдағы    
№ 227 бұйрығына         
4-қосымша            

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және
оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі – құжаттар топтамасы).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын 15 минуттан аспайтын уақытта қабылдайды және оның толықтығын тексереді;
      2) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы 15 минуттан аспайтын уақытта көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, қолхат береді;
      3) жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) деректер базасына енгізеді және көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін береді;
      4) көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау емтихандарын тапсырады;
      5) қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша ЖОО-ның басшысы 25 тамыздан кешіктірмей қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шығарады;
      6) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер нәтижелері келесі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) қабылдау комиссиясы техникалық хатшысының құжаттар топтамасын қабылдауы және тексеруі;
      2) қабылдау комиссиясы техникалық хатшысының көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған туралы қолхатты беруі;
      3) қабылдау комиссиясы техникалық хатшысының көрсетілетін қызметті алушы деректерін ЖОО деректер базасыны енгізуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының қабылдау емтихандарын тапсыруы;
      5) ЖОО-ның басшысының қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаны жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрығы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ЖОО-ның қабылдау
комиссиясымен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) ЖОО қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы;
      2) ЖОО-ның басшысы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы:
      1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын 15 минуттан аспайтын уақытта қабылдайды және оның толықтығын тексереді;
      2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы 15 минуттан аспайтын уақытта көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, қолхат береді;
      3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін жоғары оқу орнының деректер базасына енгізеді және көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін береді;
      4) көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау емтихандарын тапсырады;
      5) қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша ЖОО-ның басшысы 25 тамыздан кешіктірмей қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шығарады;
      Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
      «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру    
бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу     
орындарына құжаттар қабылдау және оқуға       
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін         
қызмет регламентіне                
1-қосымша                        

Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың)
жүйелілік сипаттамасы

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру    
бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу     
орындарына құжаттар қабылдау және оқуға       
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін         
қызмет регламентіне                
2-қосымша                        

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және
оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2014 жылғы 17 маусымдағы    
№ 227 бұйрығына        
5-қосымша            

«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жоғары оқу орындарында білім алушыларға Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама (бұдан әрі - жолдама).

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) Құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кеңсесінің қызметкері (бұдан әрі - кеңсе) қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және 4 (төрт) жұмыс күні ішінде комиссияға қарауға береді.
      2) комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарастырады және шешім қабылдағаннан кейін құжаттарды кеңсеге береді, онда жолдама тіркеліп, көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беріледі.
      6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
      1) кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және комиссияға қарауға береді;
      2) құжаттар топтамасын комиссияның қарауы;
      3) құжаттар комиссияның шешімінен кейін кеңсеге жолданады.
      4) жолдаманы кеңсе қызметкерінің тіркеуі және беруі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
      1) кеңсе;
      2) комиссия.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) Құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кеңсесінің қызметкері қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және 4 (төрт) жұмыс күні ішінде комиссияға қарауға береді.
      2) комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарастырады және шешім қабылдағаннан кейін құжаттарды кеңсеге береді, онда жолдама тіркеліп, көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беріледі.
      Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да  көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
      «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Жоғары оқу орындарындағы білім      
алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет регламентіне     
1-қосымша                 

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің
(іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы

«Жоғары оқу орындарындағы білім   
алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 
2-қосымша              

«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрінің   
2014 жылғы 17 маусымдағы     
№ 227 бұйрығына         
6-қосымша             

«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім
беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беруге грант тағайындау туралы куәлік, сондай-ақ жоғары оқу орны ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі – құжаттар топтамасы).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО қабылдау комиссиясының) хатшысы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді – 15 минуттан аспайды;
      2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді;
      3) ҰТО-ның деректер базасына енгізу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке деректерін, таңдалған мамандықтар тізбесін, жеңілдіктері мен басым құқықтарының болуын көрсете отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беріледі;
      4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
      5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығару;
      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру;
      7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;
      8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      9) 25 тамыздан кешіктірмей ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
      6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
      1) ЖОО қабылдау комиссиясы хатшысының құжаттар топтамасын қабылдауы және көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтерді ҰТО-ның жалпы деректер базасына жіберу;
      3) ҰТО-ның көрсетілетін қызметті алушыға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беруі;
      4) ҰТО-ның деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын беруі;
      5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін шығару;
      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру;
      7) ҰТО-ның білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;
      8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.

3. ЖОО-мен мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай бөлімшелер қатысады:
      1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы;
      2) ҰТО;
      3) Республикалық конкурстық комиссия;
      4) бұқаралық ақпарат құралдары;
      5) ЖОО-лар.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
      1) ЖОО-лардың қабылдау комиссиясының хатшысы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді – 15 минуттан аспайды;
      2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер ҰТО–ның жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді;
      3) ҰТО-ның деректер базасына енгізу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке деректерін, таңдалған мамандықтар тізбесін, жеңілдіктері мен басым құқықтарының болуын көрсете отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беріледі;
      4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
      5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығару;
      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру;
      7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;
      8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
      Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа
да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

       9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
      «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Білім беруге гранттарды тағайындау,    
сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында   
білім алушыларға әлеуметтік қолдау    
көрсету» мемлекеттік қызмет        
көрсету регламентіне            
1-қосымша                   

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің
(іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы

«Білім беруге гранттарды тағайындау,    
сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында   
білім алушыларға әлеуметтік қолдау    
көрсету» мемлекеттік қызмет        
көрсету регламентіне            
2-қосымша                   

«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім
беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2014 жылғы 17 маусымындағы   
№ 227 бұйрығына        
7-қосымша           

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін
жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулысымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау туралы бұйрық.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі – құжаттар топтамасы).
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО қабылдау комиссиясы) көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей немесе портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құжаттар топтамасын қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжат қабылдаған тұлғаның тегін, аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңбаны, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты несеме электронды хабарламаны 1 (бір) жұмыс күні ішінде беруі;
      2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО көрсетілетін қызметті алушымен білім беру қызметін көрсету (ақылы немесе білім беру гранты бойынша (ауылдық квота) туралы шарт жасасады;
      3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізуі (талапкердің сауалнамалық деректері, ҰБТ немесе ТКТ сертификаты, білім беру грантын алу туралы куәліктің № (нөмірі);
      4) сауалнамалық деректерді ЖОО-ның деректер базасына енгізгілгеннен кейін, ЖОО-ның басшысының 25 тамыздан кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрығын шығару.
      6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
      1) ЖОО қабылдау комиссиясының құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе электронды хабарлама беруі;
      2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО мен көрсетілетін қызметті алушы арасында білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасау жүзеге асырылады;
      3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрықты шығару.

3. Көрсетілетін қызметті алушының ЖОО-ның қабылдау
комиссиясымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы;
      2) ЖОО;
      3) ЖОО басшысы;
      8. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі мен рәсімдер кезектілігінің сипаттамасы:
      1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей немесе портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құжаттар топтамасын қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжат қабылдаған тұлғаның тегін, аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңбаны, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты несеме электронды хабарламаны 1 (бір) жұмыс күні ішінде беруі;
      2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО көрсетілетін қызметті алушымен білім беру қызметін көрсету (ақылы немесе білім беру гранты бойынша (ауылдық квота) туралы шарт жасасады;
      3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізуі (талапкердің сауалнамалық деректері, ҰБТ немесе ТКТ сертификаты, білім беру грантын алу туралы куәліктің № (нөмірі);
      4) сауалнамалық деректерді ЖОО-ның деректер базасына енгізгілгеннен кейін, ЖОО-ның басшысының 25 тамыздан кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрығын шығару.
      Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

       Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі мен рәсімдер кезектілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлы қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен тіркеледі, ол қызметті алушының компьютерінің интернет браузерінде сақталады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭСҚ тіркеу куәлігінің бекіту, қызметті алушының мемлекеттік қызмет алу үшін порталға пароль енгізу процесі;
      3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының логин мен пароль арқылы порталда тіркелген қызмет алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеруі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұранысты куәландыру (қол қою) үшін таңдауы;
      5) порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын тексеру;
      6) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмауына байланысты қажетті қызметтен бас тарту туралы хабарлама дайындау;
      7) қызмет алу сұранысына сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ арқылы толтырылған нысанын куәландыру (қол қою);
      8) көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинет» бөлімінде екі жұмыс күнінен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.
      «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»  емлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Жоғары білімнің білім беру       
бағдарламалары бойынша оқыту үшін    
жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау 
және оқуға қабылдау» мемлекеттік    
қызмет көрсету регламентіне    
1-қосымша                

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің(іс-қимылдардың)
жүйелілік сипаттамасы 

«Жоғары білімнің білім беру       
бағдарламалары бойынша оқыту үшін    
жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау 
және оқуға қабылдау» мемлекеттік    
қызмет көрсету регламентіне    
2-қосымша                

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін
жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің  
2014 жылғы 17 маусымдағы   
№ 227 бұйрығына       
8-қосымша           

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі:

      1) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 438 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7998 тіркелген, «Заң газетінің» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 179 (2361) санында жарияланған);
      2) «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау саласында ұсынатын мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 456 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8000 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 17 қарашадағы № 399-400 (27218-27219) санында жарияланған).
      3) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8032 тіркелген, «Заң газетінің» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 179 (2361) санында жарияланған);
      4) «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 441 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8033 тіркелген, «Заң газетінің» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 179 (2361) санында жарияланған);
      5) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік ызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8040 тіркелген, «Заң газетінің» 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 184 (2366) санында жарияланған).