Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.18 № 403 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
06 «Өзге де салықтық емес түсiмдер» сыныбында:
1 «Өзге де салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 13 - ерекшелікпен толықтырылсын:
«13 Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
208 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
2 «Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру» функционалдық кіші тобында:
122 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
007 «Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
5 «Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001, 002, 100, 101, 105, 109 және 114 бюджеттік бағдарламалары бар 681 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«681 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
001 Күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
002 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін дамыту бағдарламасы
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау»;
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
9 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
028 «Жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстау» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
028 «Жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстау» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
9 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
044 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
286 «Облыстың туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
004 «Туристік қызметті реттеу» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
299 «Облыстың экономика және қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
064 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«064 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу»;
357 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«003 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу».
475 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен».
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т.Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр Е.Досаев