Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 маусымда № 9525 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 27.06.2015 № 567 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсету үшін ғимараттар мен құрылыстарды материалдық-техникалық жарақтандыру, құрылысын салу, реконструкциялау, жөндеу тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері бюджеттік өтінімді қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасы бюджет  Кодексінесәйкес бекітілген тізбені басшылыққа алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етісін.
      4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9130 тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында 2014 жылғы 20 ақпанда жарияланған «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жарақтандырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 595 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жеткізсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар
      министрі                                   В. Божко

Бекітемін       
Қазақстан Республикасы 
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 ж. 19 мамырдағы 
№ 234 бұйрығы    

Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына және ведомстволық
бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін
материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен
құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар
департаменттері үшін Жедел топтар үшін Азаматтық қорғаныс мүліктері

      1) Автокөлік:
      кезекші автомобильдер; арнайы автомобильдер.
      2) Радиациялық, химиялық барлау және бақылау құралдары:
      доза қуатын өлшеуіш (тасымалданатын);
      жеке дозиметр;
      газды сигнализаторлар;
      химиялық барлау аспабы;
      метеожинақ.
      3) Жеке қорғау құралдары:
      оқшаулаушы химиялық (радиациялық) қорғау костюмі;
      сүзгіш газқағар;
      газқағарға сүзгіш қораптар;
      оқшаулаушы газқағар;
      респиратор;
      қорғау қолғаптары (жазғы, қысқы).
      4) Инженерлік мүлік:
      қарапайым құрал-саймандар (күрек, сүймен, балта, ауыр балға, ара, ілгек, сымды кесуге арналған қайшы).

Азаматтық қорғаныстың оқу сыныптарын қамтамасыз етуге
арналған мүлік

      1) плазмалық панель;
      2) интерактивті тақта;
      3) СD және DVD көрсете алатын компьютер;
      4) көрнекі оқу материалдары (макеттер);
      5) стендтер;
      6) манекендер;
      7) оқыту жинағы
      8) тренажерлер.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
облыстардың, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар
департаменттерінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары
қызметтері үшін

      1. Негізгі өрт сөндіру автомобильдері:
      1) су сыйымдылығы 2 м3 дейін жеңіл автоцистерна;
      2) су сыйымдылығы 4 м3 дейін орташа автоцистерна;
      3) су сыйымдылығы 14 м3 дейін ауыр автоцистерна;
      4) көп мақсатты өрт сөндіру автомобилі;
      5) алғашқы көмек автомобилі;
      6) тез ден қою автомобилі;
      7) сорғы-жеңді автомобиль;
      8) жоғары қысымды сорғысы бар автомобиль;
      9) әуе-көбікпен сөндіру автомобилі;
      10) ұнтақты сөндіру автомобилі;
      11) ұнтақты сөндірудің автомобильдік модулі;
      12) газды сөндіру автомобилі;
      13) газ-сумен сөндіру автомобилі;
      14) аралас сөндіру автомобилі;
      15) өрт сөндіру-сорғы станциясы;
      16) жеңді автомобиль;
      17) сатылы өрт сөндіру автоцистернасы;
      18) әртүрлі үлгі қатардағы өрт сөндіру-құтқару автомобилі;
      19) автопойыз;
      20) өрт сөндіру мотоциклі;
      21) өрт сөндіру квадроциклі.
      2. Арнайы өрт сөндіру автомобильдері:
      1) автосаты;
      2) компрессиялық көбік алу жүйесі бар автосаты;
      3) кері қозғалысты өрт сөндіру-құтқару автомобилі;
      4) иінді автокөтергіш;
      5) өрт сөндіру ұнтақты көтергіш;
      6) авариялық-құтқару автомобилі;
      7) байланыс және жарықтандыру автомобилі;
      8) техникалық қызмет автомобилі;
      9) газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі;
      10) штабтық автомобилі;
      11) түтінді шығару автомобилі;
      12) орманды патрульдеу техникасы.
      3. Қосымша өрт сөндіру автомобильдері:
      1) отын құйғыштар;
      2) бульдозер;
      3) жаппай тиегіш;
      4) өзі аударғыш;
      5) сүйрегіш, трейлер;
      6) экскаватор;
      7) автокран;
      8) ауыз суға арналған автомобиль-цистерна (тіркеме);
      9) жылжымалы байланыс және жарықтандыру торабы автомобилі;
      10) жүк автомобилі;
      11) шағын автобус;
      12) автобус;
      13) дала жағдайларында автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін жабдықталған автошеберхана;
      14) жеңіл жедел автомобиль;
      15) көп мақсатты құрамдас өтімділігі жоғары автокөлік;
      16) екі түйінді автотіркеме;
      17) әмбебап, герметикалық шанағы бар автомобиль;
      18) роторлы қар тазалағыш;
      19) жол талғамайтын-қарда жүргіш;
      20) сүңгуір-құтқару жабдығы бар автомобиль;
      21) дала асханасы;
      22) өрт сөндіру роботтары;
      23) өздігінен басқарылатын ұшақ;
      24) шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы
      25) құлақтандыру автомобилі;
      26) мобильді басқару пункті.
      Ескертпе: көрсетілген көлік құралдары беттерінің бояу түстері, түстіграфикалық схемалары, жазулары, оларды арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдармен жабдықтау «Жедел және арнайы қызметтер автомобильдері, автобустары мен мотоциклдер. Түстіграфикалық схемалар, танымдық белгілер, жазулар, арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдар. Жалпы талаптар» 1863-2008 ҚР СТ талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Бұдан басқа, жоғары өтімділіктегі шассиі болуы тиіс.
      4. Өрт сөндіру кемелері:
      1) көліктік тіркемесі бар катер;
      2) үрленетін қайық.
      5. Өрт сөндіретін мотопомпалар:
      1) тіркемелі мотопомпа;
      2) тасымалданатын мотопомпа;
      3) лайда жүретін мотопомпа.
      6. Өрт сөндіру жабдығы:
      1) өрт сөндіру оқпандары;
      2) өрт сөндіру жеңдері;
      3) өрт сөндіру қосу ұштары;
      4) авариялық-құтқару жабдығы;
      5) өрт сөндіру қол сатылары;
      6) құтқару өрт сөндіру құрылғылары;
      7) Жылу шығарғыштар;
      8) қол өрт сөндіру құрал-сайманы;
      9) өрт сөндіру, оның ішінде қол, модульді, аспалы, импульстік құрылғы;
      10) аспалы орман өртсөндіргіші.
      7. Оқу-машықтану жабдығы:
      1) жылы түтін камерасы;
      2) оқу мұнарасы;
      3) көрсетілім қондырғысы;
      4) мобильді машықтану кешендері;
      5) үйрететін компьютерлендірілген стендтер;
      6) оқу-машықтану тренажерлары.
      8. Жең шаруашылығына арналған жабдық:
      1) өрт сөндіру жеңдерін сынақтан өткізуге арналған жабдық;
      2) өрт сөндіру жеңдерін орауға арналған станок;
      3) өрт сөндіру жеңдерін кептіруге арналған жабдық;
      4) өрт сөндіру жеңдерін жуу машинасы.
      9. Тыныс алу органдарын қорғаудың жеке құралдары мен жабдығы:
      1) тығыздалған ауадағы тыныс алу аппараты;
      2) сынау жабдық кешені бар 4 сағаттық әрекет ететін позитивті қысымды, рециркулярлық тыныс алу аппараты;
      3) компрессор;
      4) тыныс алу аппараттарын тексеруге арналған тестор;
      5) ауа баллондарын сынауға арналған стенд;
      6) тыныс алу аппараттарына қызмет көрсетуге арналған жабдық жинағы;
      7) газ-түтіннен қорғану қызметі бөліміне арналған бағыттаушы темір арқанды катушка;
      8) өрт сөндіру каскалары мен дулығалары;
      9) өрт сөндіру белдігі;
      10) өрт сөндіру белдік карабині;
      11) арнайы қорғалған өрт сөндірушілер аяқ киімі;
      12) қозғалмайтын жағдайдағы сигнализатор.
      10. Арнайы қорғалған өрт сөндірушілер киімі:
      1) жоғары жылу әсерінен қорғау киімі;
      2) өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі.
      11. Плакатты-стенд өнімі, оқу әдебиеті, жадынама құралдары:
      1) плакатты-стенд өнімін жасау;
      2) оқу әдебиеті;
      3) жадынамалар;
      4) әдістемелік құралдар;
      5) өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтер әзірлеу және ротациялау;
      6) өртке қарсы қызметтің жұмысы туралы имидждік фильмдер жасау.

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
жедел-құтқару бөлімшелері (жедел-құтқару жасақтары мен суда
құтқару қызметтері) үшін

      1. Автокөлік:
      1) ілесе жүру автомобилі;
      2) жедел техникалық автомобиль;
      3) сүңгуірлік жабдық жиынтығы бар жедел автомобиль;
      4) жедел құтқару автомобилі;
      5) авариялық-құтқару автомобилі;
      6) радиациялық, химиялық және биологиялық барлау автомобилі;
      7) автобус;
      8) жол талғамайтын-батпақта жүргіш;
      9) жедел техникалық автомобиль;
      10) қарда жүргіш;
      11) үлкен жүкті автомобильдерге автотіркеме;
      12) шағын автомашиналарға автотіркеме;
      13) санитариялық автокөлік.
      2. Жүзу құралдары:
      1) сүңгуірлік бот;
      2) құтқару катері;
      3) аспалы моторы бар металл қайық;
      4) ескекті қайық;
      5) 6,8,30-орынды үрлемелі қайық;
      6) құтқару салы;
      7) аспалы қайық моторы;
      8) ескектер.
      1. Авариялық-құтқару құрал-саймандары, сүңгуір жарақтары, инженерлік жабдықтар:
      1) тыныс алу аппараты;
      2) гидрокостюм (құрғақ және дымқыл үлгідегі);
      3) гидрокомбинезон;
      4) сүңгуір помпасы;
      5) тасымалданатын компрессор;
      6) бетті толық жабатын сүңгуір бетпердесі;
      7) эхолот;
      8) ультрадыбысты жүйе;
      9) қалқымалық компенсатор;
      10) су астын жарықтандыру құрылғысы;
      11) су асты компасы;
      12) құтқару шеңбері;
      13) «Александров» жібі;
      14) сигнал жібі;
      15) түсіру жібі;
      16) құтқару жилеті;
      17) жеке сүңгуір компьютері;
      18) сүңгуір етігі;
      19) ескекаяқ;
      20) сүңгуір ішкиімі;
      21) сүңгуір пышағы;
      22) жүзу жилет - компенсаторымен тыныс алу аппараты;
      23) тереңдікті өлшейтін қол құралы;
      24) арнайы құрал-саймандар жинағы;
      25) тыныс алу трубкасы бар бетке толық киілетін сүңгуір бетпердесі;
      26) су асты фонары;
      27) гидравликалық сорғы;
      28) гидравликалық шланг;
      29) жақ кеңейткіш;
      30) жақкескіш;
      31) жақ құрамдас шапқы;
      32) теміржол домкраты;
      33) домкрат тіреуі;
      34) бетон сынықтары;
      35) шағын шапқы;
      36) қолда ұстайтын шапқы;
      37) қолда ұстайтын аралас шапқы;
      38) қолда ұстайтын гидросына;
      39) аккумуляторлық аралас шапқы;
      40) аккумуляторлық шапқы;
      41) А жиынтықтағы сыналар мен блоктар;
      42) қауіпсіздік жастықтарына арналған тыс;
      43) пневматикалық жастықтар;
      44) резервуарларды бекітуге арналған жинақ;
      45) ағуды бекітуге арналған жабдық (вакуумдық сору);
      46) бензинмен жұмыс істейтін ара;
      47) дискілерді шапқыш;
      48) темір арқан мен арматураларды шапқыш;
      49) электр тойтарғыш (кем дегенде 25 Дж бірлі-жарым соққы энергиясы бар);
      50) электр перфоратор (кем дегенде 18 Дж бірлі-жарым соққы энергиясы бар);
      51) автономды жетегі бар сорғы станциясы;
      52) басқару пульті бар жоғары қысымдағы пневматикалық жастықтар;
      53) токарлық бұрандалы шапқы станогы (шынжырды егеуге арналған);
      54) аксессуарлары бар құтқару сөмкесі (жиынтықта);
      55) тасымалданатын электр дәнекерлеу агрегаты (автомобильдік);
      56) электр станциясы (7-10 кВТ);
      57) генераторы бар жарық мұнарасы;
      58) жоғары қысымдағы компрессор (8-10 атм, бір фазалы, 2.2. кВТ/220В);
      59) автономды жетегі бар компрессор (мотопомпа);
      60) аккумуляторларды зарядтауға арналған далада зарядтау құрылғысы;
      61) калорифер;
      62) темір арқан шығыры;
      63) көліктік сүңгуір барокамерасы; 
      64) желдетілетін сүңгуір құралы;
      65) су астында теле және бейнежүйе;
      66) қысқы құтқару құрылғысы;
      67) индикаторлық түтікше жинағы бар шағын (әуе) газ талдағыш;
      68) жүктер.
      4. Байланыс құралдары:
      1) навигациялық құрал-сайман;
      2) цифрлі радиостанция (алып жүретін);
      3) цифрлі радиостанция (стационарлық).
      5. Арнайы мақсаттағы жабдық:
      1) өздігінен басқарылатын ұшу аппараты;
      2) робототехникалық кешен;
      3) зардап шегушілерді іздестіру аспабы;
      4) тепловизор;
      5) метеостанция.
      6. Ұйымдастыру техникасы:
      1) жинақталған дербес компьютер (монитор, процессор, принтер, пернетақта, тінтуір, бағандар);
      2) ноутбук;
      3) цифрлі фотоаппарат;
      4) телефон - факс;
      5) фото - бейне экран;
      6) теледидар.
      7. Басқалар:
      1) электр станциясы;
      2) бензинмен жұмыс істейтін ара;
      3) қыс мезгілінде қозғалтқышты іске қосуға арналған электр жылытқыш;
      4) автономды жетегі бар сорғы станциясы;
      5) шатыр.
      8. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жабдықтары:
      1) газсыздандыратын кабина;
      2) А-типті жоғары уытты химиялық заттардан қорғайтын жиынтық;
      3) В-типті жоғары уытты химиялық заттардан қорғайтын костюм;
      4) химиялық қорғаушы жаттығу костюмі;
      5) агрессивті сұйықтықпен және заттармен жұмыс істеуге арналған қорғайтын, герметикалық көзілдірік;
      6) панорамалық маскалы оқшаулаушы газқағар;
      7) сығылған ауада тыныс алатын аппарат;
      8) оттегімен тыныс алатын аппарат;
      9) оттекті өзі құтқарғыш;
      10) химиялық заттарды анықтайтын құралдар;
      11) ауа үрлегіш сүзгіш газқағар;
      12) сүзгіш өзі құтқарғыш;
      13) ауаның жарылыс қаупін бақылайтын дербес аспап;
      14) құтқарушының қозғалу белсенділігін бақылайтын аспап;
      15) қауіпті химиялық заттарды анықтайтын қол детекторы;
      16) радиациялық сәуле шығаруды анықтауға арналған өлшеуіш-сигнализатор;
      17) жеке газ талдауыш;
      18) химиялық костюмдердің герметикалығын анықтайтын аспап;
      19) химиялық заттарды анықтайтын аспап;
      20) жеке дозиметр;
      21) газсыздандыратын және дезинфекция жүргізетін арнайы құралдар жиынтығы;
      22) іздеуші өлшеуіш-сигнализатор;
      23) жеке қорғану құралдары үшін жөндеу жыинтығы.
      9. Арнайы мақсаттағы жабдық:
      1) өздігінен басқарылатын ұшу аппараты;
      2) робототехникалық кешен;
      3) зардап шегушілерді іздестіру аспабы;
      4) тепловизор;
      5) метеостанция.
      10. Тіршілікті қамтамасыз ететін жабдықтар:
      1) 20-орынды шатыр;
      2) тез құрылатын пневмомодуль, ангар, спортзал;
      3) далада душ қабылдайтын қондырғы;
      4) тасқын суға қарсы тез тұрғызылатын құрылғылар;
      5) тасқынға қарсы іс-шараларда пайдалануға арналған қаптар.

4. Жедел-құтқару жасақтарының, мамандандырылған өрт сөндіру
бөлімдері мен жасақтарының медициналық-психологиялық қызметі

      1) санитариялық автокөлік;
      2) емделушінің көпсалалы шағын мониторы;
      3) шағын дефибриллятор;
      4) өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат шағын қорғаныш қапта;
      5) шағын электрокардиограф;
      6) оттегі ингаляторы;
      7) электрсорғыш;
      8) глюкометр;
      9) пульсоксиметр;
      10) артериялық қысымды өлшеуге арналған жинақ (тонометр және фонендоскоп);
      11) медициналық газдарға арналған 10 литрлік оттегі баллоны;
      12) бактерицидтік сәулелегіш;
      13) тоңазытқыш;
      14) электр плиткасы;
      15) негатоскоп;
      16) алкотестер;
      17) «ауыз-құрылғы-ауыз» жасанды тыныс алуды өткізу құрылғысы;
      18) тыныс алу қол аппараты - Амбу қабы;
      19) бір тумбалы үстел;
      20) жартылай жұмсақ орындықтар;
      21) таңу үстелі;
      22) медициналық төсек;
      23) киім-кешекке арналған шкаф;
      24) құжаттарға арналған шкаф;
      25) дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға арналған шкаф;
      26) бойөлшеуіш;
      27) едендік таразы;
      28) медициналық қалқа;
      29) үстел лампасы;
      30) терезеперде;
      31) есепке жататын дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған сейф;
      32) полиграф;
      33) әмбебап психодиагностикалық кешен, мобильдік нұсқа;
      34) ноутбук немесе стационарлы компьютер (монитор және жүйелік блок);
      35) принтер;
      36) сканер-көшіргіш;
      37) музыкалық орталық;
      38) цифрлы фотоаппарат;
      39) цифрлы бейнекамера;
      40) цифрлы бейнепроектор;
      41) проекциялық экран;
      42) диагоналі 72 см. кем емес с/к экранымен түрлі-түсті теледидар;
      43) DVD ойнатқышы;
      44) аэратор - озонатор немесе ауа ионизаторы;
      45) кресло - массажер;
      46) ультракүлгін сәуле шығаратын тасымалданатын лампа;
      47) ауабаптағыш;
      48) жұмсақ жиһаз (диван және 2 кресло);
      49) журнал үстелі;
      50) аквариум, оның жабдығы;
      51) еденге немесе үстелге қоятын жасанды су бұрқағы;
      52) психологиялық жеңілдеу үй-жайына арналған психологиялық жабдық;
      53) ауа-көпіршікті панель немесе құбыр;
      54) психофизиологиялық жүйе;
      55) аудио-визуалды стимуляциялық шағын аппарат;
      56) психофизиологиялық талдағыш;
      57)аппараттық-бағдарламалық психодиагностикалық кешен;
      58) қабырғаға ілетін немесе еденге салатын фибероптикалық кілем;
      59) аудиовизуалды кешен;
      60) қаңқасы жоқ жиһаз (пуф).

5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты мемлекеттік
мекемелері үшін байланыс және ақпараттық инфрақұрылым құралдары

      1) бейнепроекциялық жүйе (бейнеқабырға);
      2) жергілікті есептеу желісі (құрылымданған кабельдік желі);
      3) жұмыс станциясы (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір,
      акустикалық жүйе, үздіксіз қуаттандырғыш көзі, желілік сүзгі);
      4) перифериялық құрылғылар (сканер, принтер, көп функционалды құрылғы);
      5) қорғалған корпустағы тасымалды компьютер;
      6) жинақта электрондық құжат айналым сервері;
      7) деректерді дискіде сақтағыш кіші жүйе, ақпаратты резервтік көшіру
      жүйесі (дискілік массив, таспалы кітапхана);
      8) ілеспе аударма және бейнемен сүйемелдеуді қамтамасыз ететін конференц жүйесі;
      9) бейнеконференция байланысының абоненттік терминалы;
      10) бейнебақылау жүйесі;
      11) рұқсатты басқару және бақылау жүйесі;
      12) коммутациялық жабдықтар (коммутатор, хаб, тармақтаушы);
      13) позициялаудың ғаламдық жүйесін қабылдағыш;
      14) стационарлы 1 000 Вт дейінгі қысқы толқынды радиостанция (деректер жіберу функциясы бар);
      15) 500 Вт дейінгі қысқа толқынды радиостанция (мобильді);
      16) қысқа толқынды радиостанция (алып жүретін);
      17) ультра қысқа толқынды диапазондағы репитер;
      18) радиоұзартқыш;
      19) ультрақысқа толқынды транкингтік/конвенциалды радиостанция (мобильді, стационарлы, алып жүретін);
      20) 200 абоненттік нөмірден кем емес цифрлы автоматтандырылған телефон станциясы;
      21) жергілікті хабардар ету жүйесі;
      22) жоғарғы өткізгішті автомобиль негізіндегі электрмен қуаттандырғыш станция;
      23) телефонмен және радио сөйлесулерді жазу, үлкен көлемдегі сөйлесу мұрағатын сақтау жүйесі;
      24) тайч панель.

6. Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерінің ғимараттары мен
құрылыстарын салу, реконструкциялау және жөндеу

      1) өрт сөндіру депосын, оқу-жаттығу орталықтарын, өрт-техникалық зертханаларды, техникаға арналған гараждар мен қалқалар салу;
      2) өрт сөндіру депосын, оқу-жаттығу орталықтарын, өрт-техникалық зертханаларын, техникаға арналған гараждар мен қалқалар салуға үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      3) ғимараттар, құрылыстар және әскери мақсаттағы объектілерді салу;
      4) ғимараттар, құрылыстар және әскери мақсаттағы объектілерді салуға үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      5) суда құтқару станцияларын, бекеттерін және құтқарушы-сүңгуірлер машықтануы үшін бассейндер салу;
      6) суда құтқару станцияларын, бекеттерін және бассейндер салуға үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      7) жедел-құтқару жасақтары үшін ғимараттар мен құрылыстар кешенін салу;
      8) жедел-құтқару жасақтары үшін ғимараттар мен құрылыстар кешенін салуға үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.
      9) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, қойма үй-жайларын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      10) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, қойма үй-жайларын күрделі жөндеу мен реконструкциялау;
      11) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, ұзақ мерзімді сақтауға арналған қойма үй-жайларын күрделі жөндеу бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары.