«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын сапалы, кәсіби даярлауды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (С.Ғ. Әубәкіров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 20 мамырдағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт
қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына
қойылатын біліктілік талаптары 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарының (бұдан әрі - Мамандандырылған оқу орталықтары) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарының бастапқы даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру бойынша арнайы даярлық пен оқу курсын қамтамасыз етеді.
2. Мамандандырылған оқу орталықтарына мынандай біліктілік талаптары қойылады:
1) оқу жұмыс жоспарларының болуы;
2) штаттағы оқытушылардың «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімініңт болуы, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде басшылық лауазымда практикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы*;
3) интернет желісіне қосылған компьютерлермен, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес оқу кабинеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, макеттер мен тренажерлармен, оқулықтармен, оқу құралдарымен және оқу-әдістемелік материалдармен жарақталуы;
4) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық және материалдық емес активтердің (өрт сөндіру техникасы, жаттығу-машықтану мұнарасы, жылу-түтін камерасы, психологиялық дайындық жолағы) болуы;
5) оқу әдебиеттері, оқу міндеттері мен тапсырмалары, бейнефильмдердің тақырыптық жиынтықтары, оқу-көрнекі құралдары, бақылау карточкалары, оқыту бағдарламалары, емтихан билеттерінің жиынтықтары, практикалық тапсырмалар сипаттамалары және басқа да оқу-әдістемелік материалдардан тұратын оқу-әдістемелік материалдардың қорларының болуы.
Ескертпе:
* қызметті қоса атқару немесе сағаттық еңбекақы төлеу шартымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің едәір дайындалған қызметкерлері немесе тиісті біліктілігі бар басқа мамандар сабақ өткізуге тартылуы мүмкін.