«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 37) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті (С.Ғ.Әубәкіров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. «Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 бұйрығының күші жойылды деп саналсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6009 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 9).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А.Смаиловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 23 мамырдағы
№ 253 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы
1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқытылатан лауазымдар санаты мен тақырыптық оқыту жоспарларын айқындайды.
2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамдарды (парамедиктерді) даярлау осы Бағдарламаның және «Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 753 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5937 тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Оқытылатын лауазымдардың санаттары мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) өрт сөндірушілер, өрт сөндіруші-құтқарушылар;
Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 1-қосымшада келтірілген;
2) негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілері;
Негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілерін алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға2-қосымшада келтірілген;
3) радиотелефонистер;
Радиотелефонистерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 3-қосымшада келтірілген;
4) өрттің алдын алу нұсқаушылары;
Өрттің алдын алушы нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 4-қосымшада келтірілген;
5) газ-түтіннен қорғау қызметінің шеберлері;
Газ-түтіннен қорғау қызметі шеберлерін даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 5-қосымшада келтірілген;
6) газдан қорғаушылар;
Газдан қорғаушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 6-қосымшада келтірілген;
7) парамедиктер;
Парамедиктерді оқыту жөніндегі тақырыптық жоспар Бағдарламаға 7-қосымшада келтірілген.
4. Бағдарламаның 3-тармағында көрсетілген мамандықтар бойынша оқытудан өткен адамдарға оқытудың нәтижесі бойынша осы Бағдарламаға 8-қосымшаға сәйкес нысанда арнайы даярлау курстарынан өту туралы сертификат беріледі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
1-қосымша
Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары
р/с |
Бөлімдер мен тақырыптардың атауы |
Сағат саны |
||||||
Өрт сөндірушілер |
өрт сөндіруші-құтқарушылар |
|||||||
Барлығы |
Сыныптық-топтық |
Практикалық |
Барлығы |
Сыныптық-топтық |
Практикалық |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1-бөлім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база |
||||||||
1 |
Объектідегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер. |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
|
Барлығы: |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
||
2-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы |
||||||||
1 |
Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттар. |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
|
2 |
Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы. |
- |
- |
- |
2 |
2 |
- |
|
3 |
Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндірісіндегі өртке қарсы іс-шаралар. |
1 |
- |
1 |
2 |
- |
2 |
|
4 |
Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі қағидалары. |
1 |
1 |
- |
2 |
2 |
- |
|
5 |
Ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен қамту. |
1 |
1 |
- |
2 |
1 |
1 |
|
6 |
Түтіннен қорғау және адамдарға хабарлау өрт сөндіру жүйесінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары. |
- |
- |
- |
2 |
2 |
- |
|
Барлығы: |
4 |
3 |
1 |
11 |
8 |
3 |
||
3-бөлім. Өрт-техникалық дайындық |
||||||||
1 |
Өрт сөндірушінің жауынгерлік киім-кешегі мен жарағы. Дабыл бойынша жиналып, өрт орнына шығу және өрт орнына жету. |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
|
2 |
Өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалардың тактика-техникалық сипаттамалары. |
3 |
1 |
2 |
2 |
- |
2 |
|
3 |
Өрт сөндіру машиналарымен шығарылатын өрт-техникалық жабдықтары. |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
|
4 |
Қол өрт сатылары. |
1 |
- |
1 |
- |
- |
- |
|
5 |
Өрт жеңдері, жеңдік жабдықтар, өрт сөндіру оқпандары. |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
2 |
|
6 |
Көбікті өрт сөндіргіш құралдары мен жабдықтары. |
1 |
- |
1 |
- |
- |
- |
|
7 |
Өрт сөндіргіштер. |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
|
8 |
Өртке қарсы қызметтегі байланыс. |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
|
Барлығы: |
11 |
2 |
9 |
8 |
1 |
7 |
||
4-бөлім. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы |
||||||||
1 |
Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек-жарақтарымен жаттығу. |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
2 |
|
2 |
Өрт сатыларымен жұмыс. |
1 |
- |
1 |
- |
- |
- |
|
3 |
Құтқару арқанымен жұмыс. Құтқару және өзін-өзі құтқару. |
1 |
- |
1 |
- |
- |
- |
|
4 |
Өртте конструкцияларды ашу және құру. |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
|
5 |
Су көзіне қойылған өрт сөндіру автомобилінен (мотопомпалар) жауынгерлік қанат жаюы. жауынгерлік қанат жаю кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. |
2 |
- |
2 |
1 |
- |
1 |
|
Барлығы: |
7 |
- |
7 |
4 |
- |
4 |
||
5-бөлім. Өрт-тактикалық дайындығы |
||||||||
1 |
Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер. |
2 |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
|
2 |
Өрт бөлімшелерінің түрлері олардың тактикалық мүмкіндіктері туралы түсінік. |
1 |
1 |
- |
- |
- |
- |
|
3 |
Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
|
4 |
Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
|
5 |
Күзетілетін объектілердегі өрттерді сөндіру тактикасы. |
4 |
2 |
2 |
4 |
2 |
2 |
|
Барлығы: |
9 |
6 |
3 |
8 |
5 |
3 |
||
6-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін бірінші көмек көрсету |
||||||||
1 |
Қан кеткенде тоқтатудың негізгі ережесі. |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
|
2 |
Жасанды тыныс пен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері. |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
|
3 |
Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері. |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
|
4 |
Үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері. |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
|
Барлығы: |
4 |
1 |
3 |
4 |
1 |
3 |
||
7-бөлім. Қауіпсіздік техникасы |
||||||||
1 |
Қызмет өткеру және өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары. |
2 |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
|
Барлығы: |
2 |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
||
Емтихан тапсыру |
2 |
1 |
1 |
2 |
1 |
1 |
||
Барлық сағат: |
40 |
16 |
24 |
40 |
19 |
21 |
Ескертпе: Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына түсініктер Тақырыптық жоспарға қосымшаға келтірілген.
Өрт сөндірушілерді, өрт
сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы
даярлаудың тақырыптық жоспарына
қосымша
Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы
даярлаудың тақырыптық жоспарына түсінік
1-бөлім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база
№ 1-тақырып. Объектідегі өртке қарсы қызметтердің бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер.
1-сабақ. Өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі құқықтық және нормативтік актілері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.
2-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы
№ 1-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстарды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары.
1-сабақ. Өрттің алдын алу міндеттері. Ғимараттар мен құрылыстарда өрттердің шығуы мен таралуының неізгі себептері. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі ұғымдар. Объектінің өрт қауіпсіздігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы.
1-сабақ. Заттар мен материалдардың өрт қаупі бар қасиеттерінің сипатамасы: жанғыштық тобы, тұтану температурасы, жалындау температурасы, өзінен-өзі жалындау температурасы, өздігінен жану температурасы. Жалынның жалындауы мен таралуының температуралық және концентрациялық шегі. Заттар мен материалдары пайдалану кезіндегі өрт-жарылыс қауіп жағдайлары.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндірісіндегі өртке қарсы шаралар.1, 2-сабақтар. Объектіде болатын өрттердің негізгі себептері. Өртке қарсы нұсқаулықтар (жалпы объектілік, цехтік және жеке өндірістік қондырғыларға арналған). Кәсіпорындар мен жеке цехтардағы өрт қауіпсіздігін сақтауға жауапты лауазымдық тұлғалардың міндеттері.
От жұмыстарының түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Үнемі және уақытша отпен жұмыс істейтін орындар. Отпен жұмыс істеуді қадағалайтын ұйым. Отпен жұмыс жүргізуге берілетін негізгі басқарушы құжаттар. Отпен жұмыс жүргізілген жерді дейін және біткеннен кейін қарау. От жұмыстарын өрт жарылыс қаупі бар объектілерде, қондырғыларда және жабдықтарда өткізу және ұйымдастыру.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 4-тақырып. Күзетілетін объектідегі өрт қауіпсіздігі ережесі.
1-сабақ. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігінің Тұрпатты ережелерінің; ведомстволық салалық ережелер мен басқа да өрт қауіпсіздігінің мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың талаптары.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.
№ 5-тақырып. Ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен қамту.
1, 2-сабақтар. Шаруашылық жүргізу объектілерінің ішкі және сыртқы сумен қамту схемалары. Өрт суаттары мен гидранттарын пайдалану кезіндегі өртке қарсы талаптар мен қондырғы. Ішкі өрт крандарын жабдықтау мен орналастыруға, өртте пайдалануға қойылатын талаптар.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 6-тақырып. Өрт сөндіру, түтіннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары.
1-сабақ. Өрт дабылы қондырғыларының әрекет ету ұстанымы мен құрылғысы туралы жалпы мәліметтер, түрі, тағайындалуы. Автоматты өрт хабарландырғыштар: тағайындалуы, әрекет ету ұстанымы, хабарландырғыштардың негізгі тактика-техникалық деректері. Өрт сөндірудің автоматтық қондырғылары: тағайындалуы, түрі және қолданылу саласы. Өртте адамдарға хабарлайтын және түтіннен қорғайтын жүйелер.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.
3-бөлім. Өрт-техникалық дайындық
№ 1-тақырып. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киім-кешегі мен жарағы. Жиналу, дабыл бойынша шығу және өрт сөндіруге бет алу.
1-сабақ. Өрт сөндірушінің экипировкасы, жеке тігісі, жинау, жауынгерлік киім-кешегін кию, жарағын асыну дағдысы. Жиналу, дабыл бойынша шығу және өрт сөндіруге бет алу кезіндегі ауысым жеке құрамының әрекет ету тәртібі, техника қауіпсіздігі.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 2-тапсырма. Өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалардың тактикалық-техникалық сипаттары.
1, 2-сабақтар. Өрт автомобильдерінің классификациясы. Негізгі, арнайы және көмекші өрт автомобильдерінің тактикалық-техникалық сипаттары, тағайындалуы, маркалары. Өрт мотопомпаларының түрлері және олардың қолданылу саласы, тағайындалуы. Негізгі техникалық сипаттары және мотопомпалардың қондырғысы.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 3-тақырып. Өрт автомобильдерінде шығарылатын өрт-техникалық жабдық.
1-сабақ. Өрт автомобилінде жабдықты орналастыру мен сақтау тәртібі. Өрт жабдығының автомобильге тиесілі табелі. Арнайы дайындалған өрт автомобилінің жабдықтары.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 4-тақырып. Қол өрт сатылары.
1-сабақ. Қол өрт сатылары, құрылысы, тағайындалуы, түрлері мен тактикалық-техникалық сипаттамасы. Сатыларды күту және оларды сақтау. Қол өрт сатыларының сынау тәртібі мен мерзімі. Өрт сатыларымен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздігі.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 5-тақырып. Өрт жеңдері, жеңдік жабдық, өрт оқпандары.
1-сабақ. Өрт жеңдерінің және жеңдік арматуралардың, өрт оқпандарының түрлері, құрылысы, тағайындалуы. Сорғыш және сорғыш-сору жеңдерінің сынағы мен оларды күту, пайдалану. Өрт жеңдерімен, оқпандармен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 6-тақырып. Көбікті өрт сөндірудің құралдары мен жабдықтары.
1-сабақ. Үстіртін белсенді заттар туралы жалпы мәліметтер мен түрлері. Көбіктендіргіштер мен дымқылдатқыштар, оларды сақтау ережелері.
Ауа-көбік оқпандары мен көбік генераторлары: тактика-техникалық деректері, оларды күту тәртібі және әрекет ету ұстанымы, түрлері, құрылымы, тағайындалуы. Көбік араластырғыштар: тағайындалуы, түрлері, құрылымы, әрекет ету ұстанымы мен техникалық сипаттамасы. Аспаптарды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 7-тақырып. Өрт сөндіргіштер.
1-сабақ. Көмірқышқыл ұнтақты және ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің жұмыс істеу ұстанымы мен қолданылу саласы, тағайындалуы.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 8-тақырып. Өртке қарсы қызметтегі байланыс.
1-сабақ. Өртке қарсы қызметтегі байланысты ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары мен тағайындалуы. Өрт байланысының аппаратурасы. Стационарлық тасымалдану радиостанциялары, олардың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі. Өрттегі байланысты ұйымдастыру. Радиоауысымды жүргізу ережесі.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
4-бөлім. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы
№ 1-тақырып. Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматура және оның керек жарақтарымен жұмыс.
1-сабақ. Өрт жеңдерімен, қол және лафеттік оқпандармен су беру жұмысы.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 2-тақырып. Өрт сатыларымен жұмыс.
1-сабақ. Сатыларды өрт автомобилінен түсіру, оны тасымалдау, орнату, онымен қабаттарға көтерілу, сатыны жинау және автомобильге орнату тәсілдерімен практикалық машықтану.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 3-тақырып. Құтқару арқанымен жұмыс. Құтқару және өзін-өзі құтқару.
1-сабақ. Құтқару арқанын будаққа орау. Құрылыстың төрт тәсілдерімен құтқару арқандарын бекіту. Құтқару ітгектерін зардап шегушіге кигізу. Зардап шегушілерді құтқару және өзін-өзі құтқару.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 4-тақырып. Өртте конструкцияны ашу және құру.
1-сабақ. Өртте зардап шегушілерді құтқару және түтінді шығару үшін конструкциялардың ашылатын көлемі мен орнын анықтау. Конструкцияны ашу және құру үшін пайдаланылатын құрал.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 5-тақырып. Су көзіне қойылған өрт сөндіру автомобилінен (мотопомпалар) жауынгерлік қанат жаюы. Жауынгерлік қанат жаю кезіндегі өрт сөндірушілердің әрекеті.
1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің су көзіне орнатумен және орнатусыз бір (екі) оқпаннан 2-3 жеңге су берумен бөлімшенің жауынгерлік қанат жаюы.
Жүргізу әдісі. практикалық сабақ.
5-бөлім. Өрт-тактикалық дайындығы
№ 1-тақырып. Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтату негіздері.
1-сабақ. Жану процесі туралы жалпы түсініктер. Жану мен аса таратылған жанатын заттардың өрт қауіпсіздігі және сипаты туралы қысқаша мәліметтер. Тұтану температурасы және жану жылдамдығы заттардың ұсақтауынан, сумен дымқылдауынан, жарылысқа қауіпті қоспаның болуына байланысты.
Өрт сөндіргіш құралдарды таңдау және классификациялау. Негізгі өрт сөндіргіш заттар мен өрт сөндіру тәсілдері туралы жалпы мәліметтер.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Өрт бөлімшелерінің түрлері және олардың тактикалық мүмкіндіктері туралы түсінік.
1-сабақ. Өртке қарсы қызметтің алғашқы және негізгі тактикалық бөлімшесі. Бөлімшенің тактикалық мүмкіндіктері жөнінде және олардың тәуелділігі жөнінде түсінік. Бөлімшенің (объектінің) жарағындағы негізгі және арнайы өрт автомобильдерінің тактикалық мүмкіндіктері. Бірінші оқпанды берудегі автоцистернаның мәні. Запастағы су таусылғанға дейін автоцистерналарды су көзіне орнату қажетті жағдайы.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Өртті барлау. Өртті барлаудағы өрт сөндірушінің әрекеті.
1-сабақ. Өртті барлаудың міндеттері мен мақсаты. Барлауды ұйымдастыру және оны өткізу, барлауды өткізетін адамдардың міндеті. Өртті барлаудағы өрт сөндірушінің әрекеті. Барлауды өткізудің әдістері. Көмек қажет ететін адамдарды құтқару үшін шаралар қолдану. Барлауды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралар.
Жүргізу әдісі. сыныптық-топтық сабақ.
№ 4-тақырып. Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті.
1-сабақ. Қандай жағдайларда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіледі. Өртте адамдарды құтқару. Адамдарды іздеп табу жолдарының, тәртібінің тәсілдері және құтқару тәсілдері. Адамдарды құтқару және мүліктерді көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. Адамдарды құтқару және мүліктерді көшіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 5-тақырып. Өртті сөндіру тактикасы. Өрт сөндіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. Күзетілетін объектілердегі өртті өндіру ерекшеліктері.
1, 2-сабақтар. Өрт тактикасы туралы түсінік. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарлығы – өрт тактикасының негіздері. Өрт сөндіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. Өрт сөндіру – өрттен қорғану жүйесінің құрамдас бөлігі және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік әрекеттерінің негізгі түрі. Өрт сөндірудің міндеттері мен ұстанымдары. Өрт-тактикалық сипаттама, күзетілетін объектілердегі өртті сөндіру мен өршу ерекшеліктері. Күзетілетін объектілердегі өртті сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
6-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек
көрсету
№ 1-тақырып. Қан кетуді тоқтатудың негізгі қағидалары.
1-сабақ. Таңғышты қойып, артерияны қысу, аяқ, қол, саусақ бастарын барынша бүгіп, жгут қою.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Жасанды тыныс алу мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері. Тамырдың жиі соғуын анықтау.
1-сабақ. Өмір мен өлімнің (биологиялық және клиникалық) белгілері. Жүректің тоқтау белгілері. Тамырдың жиі соғуын анықтау тәртібі. Бір және екі өрт сөндірушімен жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмі. Жүрек-өкпе реанимациясының дағдысына машықтану.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 3-тақырып. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелері шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрігерге дейін көрсетілетін бірінші көмек көрсету әдістері.
1-сабақ. Бас сүйекті, кеудені, ішті тесіп өтетін жарақаттар. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері (жарақаттарды тану, таңғыштар, жансыздандыру, жатқызу, тасымалдау). Бас, мойын, кеуде куысы жараланғандағы дәрігерге дейінгі көмек (бас, мойын, бет, иек бөліктерін таңу). Кеуде мен іш жараланғандағы өзара және өзіне көмек көрсету. Пневмоторакс. Өзіне және өзара көмек. Таңу, аяқ-қолды таңу дағдысына машықтану (иық, білек буыны, саусақтар).
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 4-тақырып. Үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.
1-сабақ. Күйіктер, түрлері, ауыртпалық. Еспен танудың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмдері. Үсіктің түрлері, алғашқы көмек көрсету. Гипотермия мен гипертермия, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің ерекшеліктері.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
7-бөлім. Қауіпсіздік техникасы
№ 1-тақырып. Қызметті өткеру және өртті сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
1-сабақ. Қызметтік жайларға қойылатын техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптары. Өрт техникасына, өрт-техникалық жабдығына, жауынгерлік киім-кешек пен жараққа қойылатын талаптар. Қызметті өткеру және өртті сөндіру, жиналып, дабыл бойынша, өрт орнына шығу, өртке (апатқа), дүлей зілзалаға жету, бөлімшеге қайту кезінде қойылатын техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптары; жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
2-қосымша
Негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының
жүргізушілерін алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары
№ р/с |
Тақырыптардың атаулары |
Сағат саны |
||
Барлығы |
олардың ішінде |
|||
Сыныптық-топтық |
практикалық |
|||
1 |
Өрт сөндіру автомобильдерінің тұрпаттары және классификациясы. |
1 |
1 |
- |
2 |
Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактика-техникалық деректері. |
1 |
1 |
- |
3 |
Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактика-техникалық деректері. |
1 |
1 |
- |
4 |
Өрт сөндіру автомобильдерінің шассиі. Өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарының қосымша трансмиссиясы. |
1 |
- |
1 |
5 |
Қозғалтқыштың қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбіктендіргіш арналған сыйымдылық. Су, көбіктендіргіш, сорғышты бөлікті сыйымдылықтарына арналған жылыту. |
1 |
- |
1 |
6 |
Өрт сөндіру сорғыштары. |
3 |
1 |
2 |
7 |
Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының блогы. |
1 |
- |
1 |
8 |
Көбікпен сөндірудің құралдары, жабдықтары және аппараттары. |
2 |
1 |
1 |
9 |
Өрт сөндіру мотопомпалары. |
1 |
- |
1 |
10 |
Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдықтары. Жауынгерлік топтың кабинасына жылу беру. |
1 |
- |
1 |
11 |
Кузов, өрт-техникалық жабдықтар. |
1 |
- |
1 |
12 |
Өрт сөндіру автомобильдерінің техникалы жағдайын және олардың арнайы агрегаттарын диагностикалау. |
2 |
1 |
1 |
13 |
Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері және оған қойылатын біліктілік талаптар. |
1 |
1 |
- |
14 |
Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу. |
2 |
1 |
1 |
15 |
Технкикалық құжаттар. Отын мен жанармайлар шығынының нормалары, оларды үнемдеу тәсілдері. |
1 |
1 |
- |
16 |
Автомобиль радиостанциялары және радиоауыстыруды жүргізу тәртібі. |
1 |
- |
1 |
17 |
Жану және жанатын заттар туралы жалпы мәліметтер. |
1 |
1 |
- |
18 |
Өрт сөндірудің негізгі тактикалары. |
1 |
1 |
- |
19 |
Өрт сөндірудің алғашқы құралдары. |
1 |
1 |
- |
20 |
Өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдығы, олармен жұмыс істеу тәсілдері |
2 |
1 |
1 |
21 |
Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Су көзінен су толтыру. |
3 |
1 |
2 |
22 |
Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының қауіпсіздік негіздері және теория элементтері. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалу ережесі. |
1 |
1 |
- |
23 |
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша ережелер. |
2 |
2 |
- |
24 |
Өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс. |
4 |
- |
4 |
Емтихандар тапсыру. |
4 |
1 |
3 |
|
Барлығы: |
40 |
18 |
22 |
Ескертпе:Негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілерін алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына түсініктер Тақырыптық жоспарға қосымшада келтірілген.
Негізгі және арнайы мақсаттағы өрт
сөндіру автомашиналарының
жүргізушілерін алғашқы
даярлаудың тақырыптық жоспарына
қосымша
Негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарын
жүргізушілерінің алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына
түсінік
№ 1-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің тұрпаттары және классификациясы.
1-сабақ. Базалық шасси, басқару жүйесі тұрпатын, қозғалу дәрежесі жұмыстарын орындау бойынша өрт сөндіру автомобильдерінің классификациясы. Өрт сөндіру автомобильлдерінің үш топқа (негізгі, арнайы, қосымша) бөлінуі. Өрт сөндіру автомобильдерін тұрпаттары – олардың тактикалық-техникалық сипаттарының негізі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактика-техникалық деректері.
1-сабақ. Қысқаша тактикалық-техникалық сипаттамасы, Автоцистерналар мен жеңді-сорғыш автомобильдерді қолдану салалары. Негізгі агрегаттар мен арнайы тағайындау жүйесінің тағайындалуы, орналасуы, құрылысы және өзара әрекеті.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактика-техникалық деректері.
1-сабақ. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жарағындағы арнайы қолданудағы өрт сөндіру автомобильдері туралы жалпы мәліметтер. Тағайындалуы, жалпы құрылысы, негізгі параметрлері, жұмыс ұстанымдары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 4-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің шассиі. Өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарының қосымша трансмиссиясы.
1-сабақ. Автомобильдердің шассиінің қысқа техникалық сипаты.
Карбюратор және дизель қозғалтқыштарының жұмысының жалпы құрылысы және жұмыс қағидаты. Кардандық берістің тағайындалуы. Қозғалтқыштан сорғышқа айналатын сәтте беру схемасы. Білік пен оның тірегі арасындағы кардан берісінің құрылысы. Пайдалану және оларды жою процесінде пайда болатын негізгі ақаулар.
Қораптағы күшті сұрыптау және оны қосу және басқару механизмі жұмысының ұстанымдары және тағайындалуы. Қуатты сұрыптауда қорабтың жұмысы.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 5-тақырып. Қозғалтқыштың қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбіктендіргіш арналған сыйымдылық. Су, көбіктендіргіш, сорғышты бөлікті сыйымдылықтарына арналған жылыту.
1-сабақ. Қосымша салқындату жүйесінің жұмысы, құрылысы. Салқындатылған сұйықтың температурасын реттеу және бақылау. Қосымша салқындату жүйесінің негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.
Су сыйымдылығын, көбік-түзгішті, сорғышты бөлікті жылыту. Суды жылыту. Цистерна, бак, сорғыш бөлігі жылытуға қажет. Суды жылыту мен ысытудың жүйесінің құрылысы мен жұмысы. Жылыту және ысыту жүйесін қосу және ағыту.
Жылыту және ысыту жүйесі негізгі ақаулары, ақауларының белгілері мен себептері, оларды жою тәсілдері. Жылыту, қосымша салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсетудегі жұмыс және оларды орындау тәсілдері.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 6-тақырып. Өрт сөндіру сорғыштары.
1, 2-сабақ. Жоғары қысыммен қиыстырылған сыртқа тебу өрт сөндіру сорғышының тағайындалуы және жұмыс ұстанымдары. Сорғыштардың құрылысы. Сорғыштың негізгі торабы мен детальдарының тағайындалуы. Тағайындалуы және орналасуы: бақылау құралдары (мановакууметр, тахометр); клапан-вакуум; көбік араластырғыш; ысырмалар; құбырлар; бұрама; төгу краны және басқа сукөбік коммуникациялары. Автомобильдің рамасына сорғышты бекіту. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері. Сорғыштың герметикалығын тексеру.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 7-тақырып. Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының блогы.
1-сабақ. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының тағайындалуы, орналасуы, құрылысы және жұмысы. Блоктың жұмысын басқару органдары. Негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері.
Вакум жүйесі құралдарының өзара әрекеті, тағайындалуы, орналасуы. Сорғыш вакуум клапанының әрекет ұстанымдары және құрылысы. Вакум жүйесін қосу тәсілдері. Вакум жүйесінің негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.
№ 8-тақырып. Көбікпен сөндірудің құралдары, жабдықтары және аппараттары.
1, 2 -сабақ. Көбік араластырғыш: тағайындалуы, түрлері, құрылысы, әрекет ұстанымы және техникалық сипаты. Сорғышта көбік араластырғышты орнату және құбырға қосу.
Көбік төгу мен көбік түзгіштің құрылысы: тағайындалуы, түрлері, құрылысы. Ауа-көбік оқпанның, көбік генераторының жұмысы. Көбікпен сөндіру құралдары мен аппаратының негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.
Жүргізу әдісі: сыныпты-топтық сабақ және практикалық сабақтар.
№ 9- тақырып. Өрт сөндіру мотопомпалары.
1-сабақ. Өрт сөндіру мотопомпаларының тағайындалуы, түрлері, олардың қолданылуы. Мотопомпалардың негізгі техникалық сипаттары және құрылысы. Мотопомпалардың өрт сөндіру жабдықтары. Негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері. Мотопомпалардың жіберілуі, жұмысы және оны күту. Мотопомпалардың техникалық қызмет көрсетудегі жұмысы. Мотопомпамен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 10-тақырып. Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдықтары. Жауынгерлік топтың кабинасына жылу беру.
1-сабақ. Тұтқалардың орналасуы, тағайындалуы (ілініс, КОМ және т.б.). Басқару органының әрекет тәсілдері.
Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары олардың тағайындалуы, құрылысы, әрекет етуі мен орналдасуы.
Жарық беру және дабыл құралдарының тағайындалуы және орналасуы. Ауыстырып қосқыш, ағытқыш және сақтандырғыштың әрекет ұстанымдары және орналасуы. Қосымша электр жабдығының схемасы. Жарық беру және дабыл қосымша құралдарының негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.
Бензоэлектр жылу беру жұмысының құрылысы және жұмыс ұстанымдары. Жылу беру жұмысын бақылау және басқару.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 11-тақырып. Кузов, өрт-техникалық жабдықтар.
1-сабақ. Жауынгерлік топтың кабинасы және өрт сөндіру автомобильдерінің оқыту кузовы. Өрт сөндіру жабдықтары үшін бөліктің орналасуы, тағайындалуы.
Су көбікті жабдықтарды, өрт сөндіру оқпандарын, өрт жеңдері мен керек жарақтары, өрт қол сатыларын, өрт сөндірушілердің қол құралдарын тағайындау, орналастыру және бекіту.
Өрт сөндіру жабдықтарының тиісті табелі.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 12-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің техникалы жағдайын және олардың арнайы агрегаттарын диагностикалау.
1, 2-сабақ. Техникалық диагностикалаудың тағайындалуы, мақсаты және міндеттері. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеудің технологиялық ұстанымында диагностиканың орны. Диагностикалау параметрлерінің нормативтік мағыналары. Диагностикалық құралдар болмағанда, өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарын тексеру және сынау. Өрт сөндіру автомобильдерінің техникалық жағдайын тексерудің диагностикалық карталары. Автомобильдерді диагностикалаудағы қауіпсіздік техникасы.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.
№ 13-тақырып. Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері және оған қойылатын біліктілік талаптар.
1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісіне ұсынылған қосымша кәсіби талаптар. Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері: қарауыл ауысымын ауыстырғанда, әскери кезекшілікте, өртте әскери әрекет жүргізуде.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 14-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
1, 2-сабақ. Техникалық қызмет көрсетудің түрлері және кезеңділігі. № 1, № 2 техникалық қызмет көрсетуді жүргізуде, мезгілдік қызмет көрсетуде, қарауыл ауысымын тапсыруда автомобильді дайындауда және өрттен немесе оқытудан келген соң әскери топқа автомобильді қояр алдындағы жұмыстың мазмұны.
Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеудің жүйесі, түрлері және әдістері. Өрт сөндіру автомобильдерінің жөндеу арасында жүгіріс өлшемдері мен нормаларына ықпал ететін факторлар. Автомобильдерді жөндеуге тапсыру және жөндеуден алу. Жөндеуді жүргізуді ұйымдастыру. Жөндеуден кейін өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық талаптар. Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеуге техникалық құжаттар және жөндеуді есепке алу. Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеуде қауіпсіздік техникалары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.
№ 15-тақырып. Технкикалық құжаттар. Отын мен жанармайлар шығынының нормалары, оларды үнемдеу тәсілдері.
1, 2-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық паспорты, формуляры және пайдалану карточкасы. Техникалық қызмет көрсету кестесі, өрт сөндіру автомобиліне техникалық қызмет көрсету журналы, автомобильдердің шиналары мен аккумулятор батареясы жұмысын есепке алу карточкасы. Оларды толтыру кезеңділігі мен ережесі.
Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған сұйық отын мен майлау материалдарының шығын нормалары. Отынның қысқы және жазғы шығын нормалары. Жанармайды шығынға жазу тәртібі. Автомобильдердің отынын үнемдеу және отын шығыны туралы түсінік. Автомобильдерді үнемді басқарудың әдістері мен тәсілдері. Отынды үнемдеп шығындауға автомобиль жүйесін реттеу. Шұғыл жағдайларда отынды пайдалану мен шығынының ерекшеліктері.Отын шығынына жүргізушінің біліктілігінің ықпалы.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 16-тақырып. Автомобиль радиостанциялары және радиоауыстыруды жүргізу тәртібі.
1-сабақ. Автомобильді радиостанциялардың түрлері мен тағайындалуы. Оқытылатын радиостанциялардың жалпы құрылысы. Автомобильде қоректену көздеріне радиостанцияларды қосу. Антенналардың орналасу және қосу. Радиостанцияларды қосу, қабылдау және беріс тәртібіндегі жұмыс. Радиоауыстыруды жүргізу ережесі.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 17-тақырып. Жану және жанатын заттар туралы жалпы мәліметтер.
1-сабақ. Жанудың процесі туралы жалпы түсінік. Жану мен аса таратылған жанатын заттардың өрт қауіпсіздігі және сипаты туралы қысқаша мәліметтер. Тұтану температурасы және жану жылдамдығы заттардың ұсақтауынан, сумен дымқылдауынан, жарылысқа қауіпті қоспаның болуына байланысты. Негізгі өрт сөндіру заттары мен сөндіру тәсілдері туралы жалпы мәліметтер.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 18-тақырып. Өрт сөндірудің негізгі тактикалары.
1-сабақ. Өрт сөндіру тактикалары туралы жалпы түсінік. Өрт сөндіру барысында өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінің негізгі әрекеттері. Өртте әскери әрекетті жүргізу барысында жүргізушілер жұмысының мазмұны. Өрт сөндіру барысында жүргізушілердің жіберетін сипатты қателіктері.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 19-тақырып. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары.
Өрт сөндіргіштер: көбікті, ауа-көбікті, ұнтақты, көмір қышқылды, сұйық және аэрозоль өрт сөндіргіштерінің классификациясы, тағайындалуы, құрылысы және олармен жұмыс істеу ережесі. Сусымалы өрт сөндіру заттары, асбесті жапқыштар (киіз, жапқыш), оларды қолдану салалары және пайдалану ережесі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 20-тақырып. Өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдығы, олармен жұмыс істеу тәсілдері.
1, 2-сабақ. Өрт-техникалық құралдардың түрлері, мақсаты және құрылысы. Сорғыш жеңдер, сорғыш торлар оладың тағайындалуы, құрылысы, қысқаша сипаты. Қосқыш, сорғыш және қысымды жеңдердің кілттері.
Қысымды жең, олардың тағайындалуы және қысқаша сипаты. Өрт сөндіру жеңдеріне, жеңдерді қосу бастиектеріне, төсемдерге, тоқтатуларға, қысқыштарға, ер тұрмандары, көпіршелеріне арналған су жинағыш және оның тағайындалуы және жеңдік бағытпен төсеуде пайдалану.
Су беруге арналған (жабатын, тазаңдатқыштар, қиыстырылған, лафетті) арналған өрт сөндіру оқпандары, саптамалар және олардың тағайындалуы. Судың шығыны мен ағыстардың ұзақтығы туралы түсінік. Олардың саптамадағы қысымына байланыстылығы. Гидроэлеватор және су жинайтын эжектор. Олардың тағайындалуы, құрылысы, жұмыс тәртібі.
Жеңдік тармақтау, олардың тағайындалуы мен құрылысы. Жеңдермен, жеңдік катушкалармен жұмыс барысында, су толтыру үшін жеңдік бағытты жинау барысында қауіпсіздік техникасы.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақтар.
№ 21-тақырып. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Су көзінен су толтыру.
1, 2-сабақ. Күзетілетін объектіні өрт сөндіру сумен қамтамасыз ету туралы жалпы мәліметтер. Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын су көздерінің түрлері мен орналасуы. Өрт сөндіру гидранты, оның тағайындалуы, құрылысы, су құбырлары желістерінде өрт сөндіру гидрантының орналасуы. Гидранттардың көрсеткіштері және пайдалану ережесі. Жазғы, қысқы уақыттарда өрт сөндіру гидрантын пайдалану ерекшеліктері.
Өрт сөндіру колонкасы, оның тағайындалуы мен құрылысы. Колонкаларды гидрантқа орнатуда гидрант пен колонкалар бөлшектерінің өзара әрекеті, суды жабу және іске қосу.
Өрт сөндіру колонкаларымен жұмыс барысында су көздеріне өрт сөндіру автомобильдеріне орнатуда қауіпсіздік техникасы.
Суаттан су толтыру үшін өрт сөндіру автомобиліне орнату.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақтар.
№ 22-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының қауіпсіздік негіздері және теория элементтері. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалу ережесі.
1-сабақ. Автомобиль қозғалысы теориясының элементтері. Автомобильдерге әсер ететін күштер. Өрт сөндіру автомобильдерінің ауыр ортасының орналасуы. Қозғалыстың орташа жылдамдығы. Автомобильді тежеу. Өрт сөндіру автомобилінің тұрақтылығы және басқарушылығы.
Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жарақталған автомобильдерді жүргізуге қойылатын қауіпсіздік талаптары. Автомобильді басқаруда жүргізушілерге қойылатын міндетті тыйым салулар.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 23-тақырып. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ережелер.
1-сабақ. Қызмет бөлмелеріне (жалпы ережелер, гараж, өрт сөндіру автомобильдерін техникалық қамту бекеті, аккумуляторлық, жағар-жанар май материалдарының коймалары) қойылатын техника қауіпсіздік талаптары.
Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету барысында өрт сөндіру техникаларына, өрт-техникалық құралдарға, жабдықтарға, әскери киімге құралдарға және қауіпсіздік шараларына талаптар.
Өрт сөндіруде және атқару қызметіндегі техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
24-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс.
1-сабақ. Су көздерінен су толтыру үшін мотопомпаларды және автомобильді орнатуға орын таңдау (гидрант немесе ашық суат).
Сору және қысымды бағыттың төсемі. Жеңдік бағытқа вакуум-аппараты, сорғыш және су берудің әрекеті және іске қосу. Гидранттан, ашық суат пен цистернадан су толтыру.
Сорудың практикалық шегін жоғарылататын гидроэлеватор және су жинау эжекторының көмегімен терең және қашықтықтан сорғышпен су беру.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
3-қосымша
Радиотелефонистерді алғашқы даярлаудың
тақырыптық жоспары
№ р/с |
Тақырыптардың атауы |
Сағат саны |
||
Барлығы |
олардың ішінде |
|||
сыныптық-топтық |
практикалық |
|||
1-бөлім. Техникалық дайындық |
||||
1 |
Өртке қарсы қызметтерде байланысты ұйымдастыру Өрт бөлімшелерінің шығу кестесі. |
2 |
1 |
1 |
2 |
Электр тогы және оның көздері. |
1 |
1 |
- |
3 |
Сым байланысы. Сым байланысымен жұмыс тәртібі. |
1 |
1 |
- |
4 |
Радиобайланыс, жұмыс тәртібі мен радиоауыстыру. |
4 |
2 |
2 |
5 |
Автоматты өрт сөндіру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт сөндіру дабылдарының станциялары. |
1 |
1 |
- |
6 |
Өрт туралы хабарларды қабылдау тәртібі және жауынгерлік топты шақыру орнына жөнелту. |
2 |
1 |
1 |
7 |
Өрт, апат орнына шығатын және кезекшілік режиміндегі күзетілетін объектілердің диспечерлік қызметтерімен, өзара қарым-қатынас қызметтерімен, авариялық-құтқару қызметтерімен және бөлімшелерімен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемелерінің күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланыс. |
2 |
1 |
1 |
8 |
Өрт сөндіру басшысымен және өрттегі, апаттағы жауынгерлік топ бөлімшесімен байланыс, өрттегі күш пен құралдардың хронологиялық әрекетін, сондай-ақ тұрақты жағдайды есепке алу. |
5 |
1 |
4 |
9 |
Байланыс құралдарымен жұмыс барысында қауіпсіздік техникалары мен өрт қауіпсіздігінің ережелері, күзетілетін объектілерде қолданылатын дабылдар мен жарық түсірулер. |
2 |
2 |
- |
Барлығы: |
20 |
11 |
9 |
|
2-бөлім. Арнайы дайындық |
||||
10 |
Негізгі өрт сөндіру автомобильдері. |
1 |
- |
1 |
11 |
Арнайы және қосымша өрт сөндіру автомобильдері. |
1 |
- |
1 |
12 |
Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. |
2 |
1 |
1 |
13 |
Өртті сөндіру, апаттар мен дүлей зілзалаларды салдарын жоюды ұйымдастыру. |
2 |
2 |
- |
14 |
Байланыс бөлімше бекетінің жедел-қызмет құжаттары, оларды жүргізу тәртібі. |
2 |
- |
2 |
15 |
Радиотелефонистің жұмысын регламенттейтін басқару құжаттары. |
2 |
2 |
- |
16 |
Байланыс бөлімше бекетінің бағдарламалық қамтамасыз ету. |
2 |
1 |
1 |
17 |
Байланыс құралдарымен жұмыс істеу тәсілдері. |
4 |
- |
4 |
Емтихан тапсыру. |
4 |
1 |
3 |
|
Барлығы: |
20 |
7 |
13 |
|
Барлық сағат: |
40 |
18 |
22 |
Ескертпе: Радиотелефонистерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына түсініктер Тақырыптық жоспарға қосымшаға келтірілген.
Радиотелефонистерді
алғашқы даярлаудың
тақырыптық жоспарына
қосымша
Радиотелефонистерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына
түсінік
1-бөлім. Техникалық дайындық
№ 1-тақырып. Өртке қарсы қызметтерде байланысты ұйымдастыру. Өрт бөлімшелерінің шығу кестесі.
1-сабақ. Мақсаты бойынша өрт байланысының жіктелуі: хабарлама байланысы, диспетчерлік байланыс, өрттегі байланыс. Өрт байланысының техникалық жіктелуі: телефондық, радиобайланыс, қолмен әрекет етілетін электр өрт дабылы, автоматты өрт және қорғау-өрт дабылы.
Өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінде байланыстың жалпы схемасы. Гарнизонда хабарлауды ұйымдастыру және байланыс схемасы. Диспетчерлік байланысты (телефон, радио) ұйымдастыру. Байланыс бекеттерін ұйымдастыру. Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы және оның тағайындалуының күш пен құралдарын жедел басқару орталығы. Өрт болған жерде телефон және радио байланысының схемасы. Байланыс қызметінің басшылығы.
Өрт бөлімшелерінің шығу кестесі және оның өртте, апатта күш пен құралдардың ролі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
№ 2-тақырып. Электр тогы және оның көздері.
1-сабақ. Электр тогы мен электр шынжыры туралы түсінік. Токтың күші және оларды өлшеу; электр тоғының сымдарымен қарсыласы және оны өлшеу. Күш және оны өлшеу. Үнемі және үзіліс тоғы туралы түсінік. Сымдар және диэлектриктер. Электр тоғының магниттік қасиеті. Электр тоғының көздері. Радиостанциялардың, телефон коммутаторларының және қабылдау станциясының электроқоректенуі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Сым байланысы. Сым байланысымен жұмыс тәртібі.
1-сабақ. Телефон мен микротелефонның құрылысы. Телефон байланысының ұстанымдары. Телефон аппаратының сипаттық ақаулары. Телеграф және телеграф байланысының ұстанымдары. Телеграф, телефон және фототелеграф байланысы барысында ақпаратты ауыстыруды жүргізудің ережесі мен тәртібі.
Телефон коммутаторлары мен автоматты телефон станциясы. Коммутаторлардың тағайындалуы. Әрекет ұстанымдары. Қалалық (аудандық) телефон станциясы туралы түсінік. Жартылай автоматты телефон байланысының құрылысы. Аз сыйымдылықты автоматты телефон станциясы құрылысымен жұмысының ұстанымы.
«101» бағыты бойынша шақырылатын абонент нөмірін автоматты анықтау құрылысы туралы түсінік.
Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, байланыс бөлімшесінің бекеті магнитті, электронды тасымалдаушыға жазуды жүргізудің тәртібі және ұйымдастыру.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 4-тақырып. Радиобайланыс, жұмыс тәртібі мен радиоауыстыру.
1-сабақ. Радио туралы жалпы түсінік. Радиоберілістер және радио қабылдаудың ұстанымы. Радиостанцияның блок-схемасы, радиостанция элементтерінің тағайындалуы және әрекет ұстанымдары: радиоберіліс, радиоқабылдағыш, антенна, микрофон және телефондар. Радиостанцияның негізгі тактика-техникалық деректері. Радиостанциялардың тұрпаттары: тұрақты, мобильді және көтермелі.
Байланыс бөлімі пунктінде радиоторабында аппаратураларды орналастыру.
Радиостанциялардағы жұмыс. Радиостанцияларды жұмысқа дайындау. Беріліс пен қабылдағышты қосу. Радиостанцияны басқару. Радиоауыстырудың ережесі және радиостанцияларды байланысқа қосу. Радиостанцияларды күту ережесі. Радиостанциялардың сипатты ақаулары және оларды жою әдістері. Факсимильді байланыс аппарутарысының көмегімен факсимильді байланысты қабылдау мен беріліс ұстанымдары. Тұрақты, мобильді, көтермелі радиостанцияларының негізгі тактикалық-техникалық деректері.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.
№ 5-тақырып. Автоматты өрт сөндіру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт сөндіру дабылдарының станциялары.
1-сабақ. Автоматты өрт сөндіру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт және өрт-қорғау дабылының тағайындалуы, автоматты өрт және өрт-қорғау дабылының құрылу ұстанымдары. Автоматты өрт хабарлары: тағайындалуы, әрекет ұстанымы, хабарлардың негізгі тактикалық-техникалық деректері. Әрекет ұстанымы бойынша хабарлардың классификациясы.
Өрт дабыл станцияларының негізгі тактикалық-техникалық деректері және өрт-қорғау дабылының қабылдау-бақылау құралдары. Оларды пайдалану тәртібі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 6-тақырып. Өрт туралы хабарларды қабылдау тәртібі және жауынгерлік топты шақыру орнына жөнелту.
1, 2-сабақ. Өрт туралы хабарларды қабылдау:
тұрғын үйлерде, өндірістік ғимараттарда, көлік объектілерінде, балқу құралдарында, мұнай өнімдерін сақтау резервуарлы парктерде, жоғары қабатты ғимараттарды, көп адамдар жүретін ғимараттарды, газды фонтандарда.
ұшқыш аппараттарының апаттық қонуы туралы;
жарылыс, өрт қорқыныш жағдайлары туралы;
өртпен байланысты емес жағдайларда адам өмірінің қаупі туралы.
Өртке, апатқа, табиғи апатқа және т.б. жедел және басшы құрамды жіберу тәртібі және олар туралы атқару органдарына күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме жедел кезекшілеріне ақпарат ету.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.
№ 7-тақырып. Өрт, апат орнына шығатын және кезекшілік режиміндегі күзетілетін объектілердің диспечерлік қызметтерімен, өзара қарым-қатынас қызметтерімен, авариялық-құтқару қызметтерімен және бөлімшелерімен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелерінің күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланыс.
1, 2-сабақ. Өрт, апат орнына шығатын және кезекшілік режиміндегі күзетілетін объектілердің диспечерлік қызметтерімен, өзара қарым-қатынас қызметтерімен, авариялық-құтқару қызметтерімен және бөлімшелерімен байланысты. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемелерінің күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланысты ұйымдастыру.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.
№ 8-тақырып. Өрт сөндіру басшысымен және өрттегі, апаттағы жауынгерлік топ бөлімшесімен байланыс, өрттегі күш пен құралдардың хронологиялық әрекетін, сондай-ақ тұрақты жағдайды есепке алу.
1, 2, 3-сабақтар. Өрт сөндіру басшысымен және өрттегі, апаттағы жауынгерлік топ бөлімшесімен байланысты ұйымдастыру. Радиоауысыммен, баяндама формасын жүргізу тәртібі. Өртке қатысушылардың күш пен құралдардың хронологиялық әрекетін, сондай-ақ өртте, апатта қалыптасқан жағдайды есепке алу.
№ 9-тақырып. Байланыс құралдарымен жұмыс барысында қауіпсіздік техникалары мен өрт қауіпсіздігінің ережелері, күзетілетін объектілерде қолданылатын дабылдар мен жарық түсірулер.
1-сабақ. Байланыс құралдарымен, дабылдар мен жарық түсірулермен жұмыс барысында қауіпсіздік техникалары мен өрт қауіпсіздігінің ережелері.
Адамның организміне электр тоғының әсері. Жіберілген қауіпсіз күш. Электр тоғынан зардап шеккенге бірінші жәрдем Радиостанцияларды, коммутаторларды, автоматты телефон станцияларын – төмен жиілілікпен күшейткіш, аккумулятор батареясын қызмет көрсетуде және жөндеуде қауіпсіздік ережелері.
Байланыс бөлімше бекетінің санитарлық-гигиеналық нормалары және қауіпсіздік техникалары. Бөлімшедегі, байланыс бөлімше бекетіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары және оларды пайдалану ережесі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-бөлім. Арнайы дайындық
№ 10-тақырып. Негізгі өрт сөндіру автомобильдері.
1-сабақ. Негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің тағайындалуы және тактикалық-техникалық сипаттары. Өрт жабдықтарының нақты табелі. Жауынгерлік топтың табелі. Жауынгерлік қанат жаюдың түрлері және жауынгерлік топ нөмерлеріне сәйкес өрт сөндірушілердің міндеттері.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 11-тақырып. Арнайы және қосымша өрт сөндіру автомобильдері.
1-сабақ. Арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің тағайындалуы және тактика-техникалық сипаттары. Өрт сөндіру мақсатына бейімделген арнайы өрт сөндіру автомобильдері мен техникаларын пайдалану.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 12-тақырып. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету.
1-сабақ. Қаланы (объектіні), күзетілетін ауданды өртке қарсы сумен қамтамасыз ету туралы жалпы мәліметтер. Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын су көздерінің түрлері және орналасуы. Өрт сөндіру гидранты, оның тағайындалуы, су құбыры торларында өрт сөндіру гидрантының орналасуы. Төмен және жоғары қысымды су құбырлары. Сақиналы және басы тұйықталған су құбырлар торлары туралы түсінік. Су көздерінің планшеттері.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
№ 13-тақырып. Өртті сөндіру, апаттар мен дүлей зілзалалардың салдарын жоюды ұйымдастыру.
1-сабақ. Өртте күштер мен құралдарды басқару, олар туралы жиналған деректер. Арнайы қызметтермен өзара әрекет, өрт сөндіру үшін меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан күштер мен құралдарды тарту жоспары. Практикалық жұмыста жедел жоспарлар мен карточкаларды пайдалану.
Қаланың (объектінің) арнайы және авариялық қызметі, өрт сөндіруде олардың орналасуы және тәртібі, оларды іске қосу.
Қаланың (объектінің) арнайы және авариялық қызметтерімен өзара әрекет нұсқаулықтары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 14-тақырып. Байланыс бөлім бекетінің жедел-қызмет құжаттары, оларды жүргізу тәртібі.
1-сабақ. Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, байланыс бөлім бекетінің жедел-қызметтік құжаттары, оларды жүргізу тәртібі.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 15-тақырып. Радиотелефонистің жұмысын регламенттейтін басқару құжаттары.
1-сабақ. Әр түрлі жағдайларда радиотелефонистердің міндеттері мен әрекеттері:
өрт, авария, табиғи апаттар туралы және т.б. хабарлар алғанда;
диверсиалды актінің (өрт, авария, қопарылыс және т.б.) дайындалуы туралы анонимді өтініш берушіден хабар алғанда;
гарнизонда күштер мен құралдардың жоғары шақыру нөмірімен өртті хабарлаған кезде;
байланыс құралдары, жарық түсіру, электр қоректендіру және т.б. қатардан шығып қалғанда;
бөлімшеде, байланыс бөлім бекетінде өрт, авария болғанда;
жедел жағдай шұғыл туындаған кезде;
бөлімшеде, өртте төтенше жағдайлар туралы хабар алғанда.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ
№ 16-тақырып. Байланыс бөлімшесінің бекетінің бағдарламалық қамтамасыз ету.
1-сабақ. Бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютер туралы жалпы мәліметтер. Компьютердің тағайындалуы, құрылысы, онда жұмыс істеу ережесі, принтерді пайдалану ережесі. «Outlook Express» бағдарламмен жұмыс тәртібі, «Microsoft Word» және «Microsoft Excel» редакторларындағы құжаттар мен жұмыс және құрылуы. Байланыс бөлімшесінің бекетінің және өртке қарсы қызметтерде бар ақпараттық бағдарламаларымен жұмыс.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.
№ 17-тақырып. Байланыс құралдарымен жұмыс істеу тәсілдері.
1, 2-сабақ. Сым және радио байланыс құралдарымен жұмыс істеудің практикалық тәсілдері. Радио алмасудың ережелерін өңдеу. Құпия және кодтық хабарламаларды беру.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
4-қосымша
Өрттің алдын алушы нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың
тақырыптық жоспары
№ |
Бөлімдер мен тақырыптардың атаулары |
Сағат саны |
||
Барлығы |
олардың ішінде |
|||
Сыныптық-топтық |
Практикалық |
|||
1-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы |
||||
1 |
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы. |
1 |
1 |
- |
2 |
Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамсыз етудің жалпы қағидаттары. |
1 |
1 |
- |
3 |
Құрылыстағы өртке қарсы нормалау. |
1 |
1 |
- |
4 |
Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі. |
1 |
1 |
- |
5 |
Құрылыс материалдары мен конструкцияларды өрттен қорғау және өрт қауіпсіздігі. |
2 |
2 |
- |
6 |
Жарылыс өрт қауіптілігі бойынша ғимараттардың отқа төзімділігі және санаттау. |
3 |
2 |
1 |
7 |
Ғимараттың құрылыс конструкцияларын сараптаудың жалпы әдістемесі. |
2 |
1 |
1 |
8 |
Өртке қарсы тосқауылдар мен жарылыс. |
1 |
1 |
- |
9 |
Адамдарды өртте қауіпсіз эвакуациялау. |
1 |
1 |
- |
10 |
Жылыту және желдеткіш жүйелерінің өрт қауіпсіздігі. |
1 |
1 |
- |
11 |
Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен қамту. |
1 |
1 |
- |
12 |
Электр қондырғыларының өрт қауіпсіздігі. |
2 |
1 |
1 |
13 |
Құрылыс монтаждау, дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс істеу барысындағы өрт қауіпсіздігі. |
2 |
2 |
- |
14 |
Қоғамдық және өндірістік ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. |
2 |
2 |
- |
15 |
Объектінің өртке қарсы жағдайын тексеру әдістемесі. |
4 |
- |
4 |
Барлығы: |
25 |
18 |
7 |
|
2-бөлім. Тактика-техникалық дайындық |
||||
1 |
Өрт сөндіру автомобильдерінің өрт-техникалық жарақтары мен тактика техникалық сипаттамалары мен тағайындалуы. |
1 |
1 |
- |
2 |
Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамсыз етудің жалпы ұстанымдары. |
1 |
1 |
- |
3 |
Өрт сөндірудің алғашқы құралдары. |
1 |
1 |
- |
4 |
Түтіннен қорғану және өртте адамдарға хабарлау өрт сөндіру жүйелері мен қол және автоматты өрт дабылдарын орнату. |
1 |
1 |
- |
5 |
Өртке қарсы қызметтегі байланыс құралдары. |
1 |
1 |
- |
6 |
Өрт шыққан кездегі әрекеттер. |
1 |
1 |
- |
7 |
Өртке қарсы қызметтегі техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау. |
1 |
1 |
- |
Барлығы: |
7 |
7 |
- |
|
3-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету |
||||
1 |
Электр тогына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері. |
2 |
1 |
1 |
2 |
Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелері шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрігерге дейін көрсетілетін бірінші көмек көрсету тәсілдері. |
2 |
1 |
1 |
Барлығы: |
4 |
2 |
2 |
|
Сынақ тапсыру |
4 |
1 |
3 |
|
Барлық сағат: |
40 |
28 |
12 |
Ескертпе: Өрттің алдын алушы нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына түсініктер Тақырыптық жоспарға қосымшада келтірілген.
Өрттің алдын алушы
нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың
тақырыптық жоспарына
қосымша
Өрттің алдын алушы нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың тақырыптық
жоспарына түсінік
1-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы
№ 1-тақырып. Өрт қауіпсіздігін қаматамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.
1-сабақ. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының негізгі ережелері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыстарының мақсаты мен міндеттері.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамсыз етудің жалпы ұстанымдары.
1-сабақ. Өрттің алдын алу міндеттері. Ғимараттар мен құрылыста өрттің негізгі шығу, таралу себептері. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі ұғымдар. Объектінің өрт қауіпсіздігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Құрылыстағы өртке қарсы нормалау.
1-сабақ. Өртке қарсы нормалау туралы түсінік. Өртке қарсы нормалаудың құрылымы. Жобалау өртке қарсы нормаларын өндеудің жалпы ұстанымдары. Ғимаратты өрттен қорғау жүйесін өңдеу алгоритмі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 4-тақырып. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі.
1-сабақ. Өрт қауіптілік қасиеті бар заттар мен материалдардың сипаттамасы: Жанғыштық тобы, тұтанудың температурасы, өршу температурасы, өздігінен өршудің температурасы, өздігінен жанудың температурасы. Жалынның өршу мен таралуының температуралық және концентрациялық шектері. Заттар мен материалдарды қолдану барысындағы өрт жарылыс қауіпсіздігі жағдайы.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 5-тақырып. Құрылыс материалдары мен конструкцияларды өрттен қорғау және өрт қауіпсіздігі.
1-сабақ. Өрт қауіптілік қасиеті бар заттар мен материалдардың сипаттамасы: жанғыштық тобы, тұтанудың температурасы, өршу температурасы, өздігінен өршудің температурасы, өздігінен жанудың температурасы. Жалынның өршу мен таралуының температуралық және концентрациялық шектері. Заттар мен материалдарды қолдану барысындағы өрт жарылыс қауіпсіздік жағдайы. Құрылыс конструкцияларын өрттен қорғау тәсілдері.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 6-тақырып. Жарылыс өрт қауіптілігі бойынша ғимараттардың отқа төзімділігі және санаттау.
1, 2-сабақтар. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігінің шегі. Отқа төзімділігі бойынша ғимараттарды топтастыру. Отқа төзімді дәрежелері әр түрлі ғимараттардың конструктивті элементтерінің сипаты. Ғимараттардың жарылыс өрт пен өрт қауіпсіздігі бойынша өндірісінің санатын анықтау әдістемесі. Ғимараттың отқа төзімді талап етілетін дәрежесін анықтау. Ғимараттар мен жайлардың өндіріс санатын есептеу.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 7-тақырып. Ғимараттың құрылыс конструкцияларын сараптаудың жалпы әдістемесі.
1, 2-сабақтар. Ғимараттың құрылыс конструкцияларына сараптама. Ғимараттың от төзімділігінің факт жүзіндегі дәрежесін анықтау әдістемесі. Қоғамдық ғимараттың құрылыс конструкцияларына сараптама жүргізу.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 8-тақырып. Өртке қарсы тосқауылдар мен жарылыс.
1-сабақ. Өртке қарсы тосқауылдардың түрлері мен типтері. Өртке қарсы тосқауылдардың құрылысы. Өртке қарсы тосқауылдарға қойылатын жоспарлау нормаларының талаптары. Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы өртке қарсы жарылысты анықтау әдістемесі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 9-тақырып. Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру.
1-сабақ. Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру жағдайын қамту. Эвакуациялық шығу ұғымы. Көшіру жолдары мен шығуларға қойылатын жоспарлау нормаларының талаптары. Өртте адамдарды көшіру жоспарының мазмұны.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 10-тақырып. Жылыту және желдеткіш жүйелерінің өрт қауіпсіздігі.
1-сабақ. Жылыту жүйелерінің түрлері мен тағайындалуы және олардың өрт қауіпсіздігі. Жылыту жүйелеріне қойылатын өртке қарсы талаптар.
Тұрғын үй, мен қоғамдық және өндірістік ғимараттардағы жасанды және табиғи желдеткіштерге ұсынылатын өртке қарсы талаптар мен өрт қауіпсіздігі.
Жүргізу әдісі. сыныптық-топтық сабақ.
№ 11-тақырып. Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен қамту.
1-сабақ. Шаруашылық жүргізілетін объектілердің сыртқы және ішкі сумен қамту схемалары. Өрт суаттары мен гидранттарын пайдалану кезінде қойылатын өртке қарсы талаптар мен құрылғы. Ішкі өрт крандарын жабдықтау мен орналастьруға қойылатын талаптар, оларды өртте қолдану.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 12-тақырып. Электр қондырғыларының өрт қауіпсіздігі.
1-сабақ. Ғимаратты электрмен қамту схемалары. Қорғаушы ажыратқыш қондырғылар. Электр жабдықтарын таңбалау. Өртке қарсы нормалары мен электр қондырғыларының ережесіне қойылатын талаптар.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 13-тақырып. Құрылыс монтаждау, дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс істеу барысындағы өрт қауіпсіздігі.
1-сабақ. Құрылыс аумағына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары. Материалдарды дұрыс қою тәртібі. Құрылыс-монтаждау, дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргізу тәртібі және ұйымдастыру. От жұмыстарының түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс істеу орындарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары. Объектіде отпен жұмыс жүргізу үшін жазбаша рұқсат алуды рәсімдеу тәртібі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 14-тапсырма. Қоғамдық және өндірістік ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.
1-сабақ. Қоғамдық және өндірістік ғимараттардың өрт қауіптілігі. Қоғамдық және өндірістік ғимараттардағы өртке қарсы режимге қойылатын талаптар. Көлемді-жоспарлау шешімдеріне, өртке қарсы тосқауылдарға, көшіру жолдарына, ғимараттардың өрт қаупі бар жайларына жобалау нормасының талаптары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 15-тақырып. Объектінің өртке қарсы жағдайын тексеру әдістемесі.
1-сабақ. Объектінің өртке қарсы жағдайын тексеру объектісінің мақсаты. Объектілердің өрт-тактикалық тексерістерін өткізу әдістемесі мен жүйелілігі. Тексеріс жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігі. Тексеріс нәтижелері бойынша унифицирленген формалардың құжаттарын құрастыру.
Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.
2-бөлім. Тактикалық-техникалық дайындық
№ 1-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінің өрт-техникалық жарақтары мен тактика техникалық сипаттамалары мен тағайындалуы.
1-сабақ. Өрт сөндіру автомобильдерінің тактика-техникалық сипаттамалары, тағайындалуы және олардың қолданылу салалары. Өрт жеңдері мен оқпандар. Жеңдік арматура мен жабдық. Қол өрт сатылары, тактика-техникалық сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері. Құтқару арқандарын қолдану және тағайындау.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Өртте жануды тоқтату тәсілдері. Өрт сөндірудің негізгі тактикалары.
1-сабақ. Жану мен сөну температураларын түсіну. Жанудың тоқтау шарттары. Өртте жанудың тоқтау ұстанымдары. Өрт сөндіру құралдарының классификациясы басыңқы ұстанымы бойынша өртте жанудың тоқтауы. Өрт тактикасы туралы түсінік. Өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлік жарғысы – өрт тактикасының негізі. Өрт және оның дамуы туралы түсінік. Өрттің классификациясы. Өртте газ аламасу.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары.
1-сабақ. Тасымалды және жылжымалы өрт сөндіргіштердің (көмірқышқыл, ұнтақты, ауа-көбікті) жұмыс істеу ұстанымы және қолданылу саласы, тағайындалуы. Ұнтақты өрт сөндіргіштің модульдері. Өрт сөндірудің қол құралдары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 4-тақырып. Өрт сөндіру, түтіннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғыларын орнату.
1-сабақ. Өрт дабылы қондырғыларының әрекет ету ұстанымы мен құрылысы туралы жалпы мәліметтер, түрлері, тағайындалуы. Автоматты өрт хабарлағыштары: тағайындау, әрекет ету ұстанымы, хабарлағыштардың негізгі тактика-техникалық деректері. Өрт сөндірудің автомат қондырғылары: тағайындалуы, түрлері және қолданылу салалары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
Өрт сөндіру, түтіннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары.
1-сабақ. Өрт дабылы қондырғыларының әрекет ету ұстанымы мен құрылғысы туралы жалпы мәліметтер, түрі, тағайындалуы. Автоматты өрт хабарландырғыштар: тағайындалуы, әрекет ету ұстанымы, хабарландырғыштардың негізгі тактика-техникалық деректері. Өрт сөндірудің автоматтық қондырғылары: тағайындалуы, түрі және қолданылу саласы. Өртте адамдарға хабарлайтын және түтіннен қорғайтын жүйелер.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 5-тақырып. Өртке қарсы қызметтегі байланыс құралдары.
1-сабақ. Ультра қысқа толқындар радиостанциясының жұмыс ұстанымы, өртке қарсы қызметтердің жарағындағы радиостанциялардың тактика-техникалық сипаттары. Шақыратын радиостанциялар, радио ауысымды жүргізу ережесі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 6-тақырып. Өрт шыққан жағдайдағы әрекет.
1-сабақ. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Объектідегі өрт сөндіру құралдарын ұстау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуына жол бермеу шараларын қолдану. Көшіру тәртібі мен жолдары, көшіру жоспары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі жұмысшылар мен қызметкерлердің әрекеті.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 7-тақырып. Өртке қарсы қызметтегі техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау.
1-сабақ. Өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен, өрт-техникалық жарағымен, жабдығымен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігінің талаптары. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жұмыс істеушінің жауапкершілігі. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау, ұйымда қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру механизмі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
3-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек
көрсету
№ 1-тақырып. Электр тоғына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері.
1-сабақ. Электр тоғына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көмек көрсету.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
№ 2-тақырып. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелері шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрігерге дейін көрсетілетін бірінші көмек көрсету тәсілдері.
1-сабақ. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелері шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрігерге дейін көрсетілетін бірінші көмек көрсету Жасанды тыныс алу мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері. Тамырдың жиі соғуын анықтау.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
5-қосымша
Газ-түтіннен қорғау қызметі шеберлерін даярлаудың
тақырыптық жоспары
р/c |
Тақырыптардың атауы |
Сағат саны |
||
барлығы |
Оның ішінде |
|||
Сыныптық-топтық |
Практикалық |
|||
1 |
Газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру. Газ-түтіннен қорғау қызметтері мен міндеттері. Жеке құрамды тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс істеуге даярлау. |
1 |
1 |
- |
2 |
Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарының мақсаты мен сыныпталуы. |
1 |
1 |
- |
3 |
Газ-түтіннен қорғау қызметінің базалары мен бақылау бекеттерінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын күту. |
1 |
1 |
- |
4 |
Өрт сөндіру автомобильдерінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жауынгерлік есепке қою және орналастыру. Газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобильдері. |
1 |
1 |
- |
5 |
Газ-түтіннен қорғау қызметінің базасы мен бақылау бекеттерінің жұмысын қамтамасыз ету. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметтік құжаттамасы және оны жүргізу тәртібі. |
2 |
1 |
1 |
6 |
Газқағарлар мен тыныс алу аппараттарына техникалық қызмет көрсету үшін қолданылатын аспаптар, жабдық пен материалдар. |
1 |
1 |
- |
7 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жауынгерлік тексеру қағидалары мен тәртібі. |
1 |
- |
1 |
8 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын № 1 тексеру қағидалары мен тәртібі. |
1 |
- |
1 |
9 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын № 2 тексеру қағидалары мен тәртібі. |
3 |
1 |
2 |
10 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын № 3 тексеру қағидалары мен тәртібі. |
3 |
1 |
2 |
11 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын тазалау, реттеу және зарарсыздандыру. |
1 |
- |
1 |
12 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жөндеу базасы. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының өзіндік ақаулықтары және оларды жою тәсілдері. |
1 |
- |
1 |
13 |
Газ-түтіннен қорғау қызметінің бақылау бекеті. |
1 |
- |
1 |
14 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс істеуге газ-түтіннен қорғаушыларды даярлау, аттестаттау және рұқсат беру. Газ-түтіннен қорғаушылардың құқықтары мен міндеттері. |
1 |
1 |
- |
15 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс істеу параметрлерінің есептерін жүргізу әдістемесі. |
1 |
- |
1 |
16 |
Өртте тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жауынгерлік іс-қимыл жасау кезінде қауіпсіздік талаптары мен жұмыс істеу қағидалары. |
1 |
1 |
- |
17 |
Оқшаулағыш газқағарлар мен тыныс алу аппараттарында жұмыс істеу ерекшеліктері. |
2 |
2 |
- |
18 |
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалануды ұйымдастыру. |
3 |
1 |
2 |
19 |
Оттегі компрессорлары, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары. |
6 |
2 |
4 |
20 |
Әуе компрессорлары, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары. |
6 |
2 |
4 |
Сынақ |
2 |
2 |
- |
|
Барлық сағат: |
40 |
19 |
21 |
Ескертпе: Газ-түтіннен қорғау қызметі шеберлерін даярлаудың тақырыптық жоспарына түсініктер Тақырыптық жоспарға қосымшада келтірілген.
Газ-түтіннен қорғау қызметі
шеберлерін даярлаудың
тақырыптық жоспарына
қосымша
Газ-түтіннен қорғау қызметі шеберлерін даярлаудың тақырыптық
жоспарына түсінік
№ 1-тақырып. Газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметтері мен міндеттері. Жеке құрамның тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс істеуге дайындығы.
1-сабақ. Газ-түтінінен қорғау қызметінің жалпы ережелері мен мақсаттары. Өртке қарсы қызметте газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс істеуге жеке құрамды даярлау және жұмысқа жіберу. Газ-түтіннен қорғау қызметінің негізгі тактикалық бірлігі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарының мақсаты мен сыныпталуы.
1-сабақ. Тыныс алу органдарын жану өнімдерінің әсерінен қорғау тәсілдері: топтық (түтінсорғыштар, брезент қабыстырулар) және жеке құралдар (әртүрлі газқағарлар мен тыныс алу аппараттары). Оттекті оқшаулағыш газқағарлардың, өрт сөндіру қызметіндегі сығылған ауамен жұмыс істейтін тыныс алу аппараттарының мақсаты, сыныпталуы, түрлері.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Газ-түтіннен қорғау қызметінің базалары мен бақылау бекеттерінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын күту.
1-сабақ. Газ-түтіннен қорғау қызметінің базалары мен бақылау бекеттерінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын, қосалқы баллондар мен регенеративтік патрондарды сақтау мен оның тәртібі.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 4-тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жауынгерлік есепке қою және орналастыру. Газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобильдері.
1-сабақ. Жаңадан келіп түскен тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жауынгерлік есепке қою тәртібі, оларды газ-түтіннен қорғаушыларға бекіту. Өрт сөндіру автомобильдерінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын ұстау. Газ-түтіннен қорғау қызметі автомобильдерінің мақсаты. Олардың құрылымы, тактикалық-техникалық сипаттамасы. Автомобильдердің техникалық жарағы, оларды орналастыру, техникалық мүмкіндіктер мен пайдалану тәртібі. Газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобиліндегі жауынгерлік есептің табелі. Газ-түтіннен қорғау қызметі автомобильдерінің техникалық жарағымен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары қағидаларының талаптары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 5-тақырып. Газ-түтіннен қорғау қызметінің базасы мен бақылау бекеттерінің жұмысын қамтамасыз ету. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметтік құжаттамасы және оны жүргізу тәртібі.
1-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қызмет көрсету және сақтау бойынша газ-түтіннен қорғау қызметі базасының үй-жайларының мақсаты. Газ-түтіннен қорғау қызметі базалары мен бақылау бекеттерінің үй-жайларына қойылатын талаптар. База мен бақылау бекеті үй-жайларын ұстау, жабдықпен жарақтандыру. Жабдықтың, құрал мен жарақтың тиесілік табелі.
2-сабақ. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметтік құжаттамасы. Сақтау және құжаттаманы жүргізу тәртібі. № 3 тексерулер жүргізудің жылдық жоспар кестесін құру. Есепке алу және тіркеу құжаттары, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, куәландыру актілері, сынақ хаттамалары, формулярлар, газ-түтіннен қорғаушының жеке карточкасы, № 1, № 2, № 3 тексерулер мен жөндеуді тіркеу журналы.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
№ 6-тақырып. Газқағарлар мен тыныс алу аппараттарына техникалық қызмет көрсету үшін қолданылатын аспаптар, жабдық пен материалдар.
1-сабақ. Тексерулер жүргізу кезінде қолданылатын аспаптар мен жабдық. Реометр-манометр, олардың құрылысы, мақсаты, қолдану қағидасы мен тәртібі. Аспаптардың жұмыс күйін тексеру. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын тексеруге арналған газ-түтіннен қорғау қызметі шеберінің үстелі. Бақылау-өлшеу аспаптары: термометрлер, психрометрлер (гидрометрлер), шығыстарды өлшегіштер, манометрлер, депсиметрлер (спиртометрлер), өлшеу құралдары, газталдағыштар. Жабдықпен жұмыс істеу кезіндегі еңбекті қорғау қағидаларының талаптары және қауіпсіздік шаралары.
Жүргізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 7-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жауынгерлік тексеру қағидалары мен тәртібі.
1-сабақ. Тексерудің мақсаты және жауынгерлік тексеру жүргізу мерзімдері. Тексеру жүргізу қағидалары және оның реттілігі. Оттекті оқшаулағыш газқағарды жауынгерлік тексеру. Сығылған ауасы бар тыныс алу аппаратын жауынгерлік тексеру. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын кию, шешу және жинау тәртібі. Бетжақ бөліктері мен белдіктерді реттеу. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жұмысқа дайындау және оларға қосу кезінде берілетін командалар. Оттекті оқшаулағыш газқағарға және сығылған ауадағы тыныс алу аппаратына қосу ерекшеліктері. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында тыныс алу тәртібі. Тексерулерді жүргізу кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларына қойылатын талаптар.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 8-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын № 1 тексеру қағидалары мен тәртібі.
1-сабақ. №1 тексерудің мақсаты мен оны жүргізу тәртібі. Тексеру жүргізу қағидалары және оның реттілігі. Оттекті оқшаулағыш газқағарды №1 тексеру. Сығылған ауасы бар тыныс алу аппаратының №1 тексеру. Тексерулер жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 9-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын № 2 тексеру қағидалары мен тәртібі.
1, 2-сабақтар. № 2 тексеру жүргізу мақсаты мен мерзімдері. Тексеру жүргізуге қажетті құралдар мен аспаптар: аралас бақылау аспабы реометр-манометр (оның құрылғысы мен пайдалану қағидалары), клапан жұмысын тексеруге арналған моностат, манометр көрсеткішінің дұрыстығын тексеруге арналған бақылау аспабы, маскасы бар тыныс алу автоматының герметикалығын тексеруге арналған тексеру дискі (сығылған ауадағы аппарат үшін), сорғы, артық клапанды қосуға арналған пневматикалық құрылғы немесе шыны мундштук, бір минуттық құм сағаттар, кілттер тізбегі, бұрама бастиегі бар оттегі манометрі, ұстағышы бар түкті мақта-мата жібі, сабын ерітіндісін дайындауға арналған ыдыс пен сылақ қаламы (сығылған ауадағы аппарат үшін). Оттегі-оқшаулағыш газқағарының № 2 тексеру жүргізу тәртібі. Сығылған ауасы бар тыныс алу аппаратына № 2 тексеру жүргізу тәртібі. Тексерулер жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 10-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын № 3 тексеру қағидалары мен тәртібі.
1, 2-сабақтар. № 3 тексеру жүргізу мақсаты мен мерзімдері. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын тексеруге ұсынуы. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының тораптары мен бөлшектерін тексеру. Бөлшектерді алдын ала тексеру мақсатында оқшаулағыш газқағарларды (тыныс алу аппараттарын) бөлшектеу және жинау, олардың жай-күйін тексеру және ауыстыру тәртібі мен оларды жүргізу. Оқшаулағыш газқағарлардың (тыныс алу аппараттарының) бөлшектерін жуу және кептіру. Тексерулерді жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 11-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын тазалау, реттеу және зарарсыздандыру.
1-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының мақсаты, тазарту және зарарсыздандыру жүргізу мерзімдері мен тәртібі. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын тазарту және зарарсыздандыру жүргізу кезінде қолданылатын құралдар, бұйымдар мен жабдықтар. Оттегімен жұмыс істейтін бөлшектерді майсыздандыру жүргізу тәртібі.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
12-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын жөндеу базасы. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының өзіндік ақаулықтары мен оларды жою тәсілдері.
1-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалану кезіндегі ықтимал зақымдаулар: оттегіні, ауаны беруді тоқтату, тұрақты беруді бұзушылық, саңылау арқылы ағу, төзімді манометр шлангісінің бұзылуы, тыныс алу автоматының, дыбыс сигналының, тыныс алу қабының сақтандыру клапанының жұмыс істеуден бас тартуы, дем алу және дем шығару кедергілерінің артуы, маска мен тыныс алу клапандарының бүлінуі. Редуктордың сақтандыру клапанының іске қосылуы. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қызмет көрсету кезіндегі ықтимал ақаулықтар: баллон вентилінің тығыз болмауы, тыныс алу автоматын реттеудің бұзылуы, тыныс алу автоматы клапанының жастықшасының зақымдалуы, редуктор клапанының герметикасыздығы, сигнал құрылғысын реттеудің бұзылуы, масканың тығыз болмауынан ауаның шығуы. Зақымдаулардың себептері. Зақымдауларды жою тәсілдері.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 13 тақырып. Газ-түтіннен қорғау қызметінің бақылау бекеті.
1-сабақ. Газ-түтіннен қорғау қызметі базасы мен бақылау бекетінің мақсаты, олардың жабдығы. Компрессормен жұмыс істеу кезіндегі мақсаты, жұмыс қағидалары және қауіпсіздік шаралары.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 14 тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс істеуге газ-түтіннен қорғаушыларды даярлау, аттестаттау және рұқсат беру. Газ-түтіннен қорғаушылардың құқықтары мен міндеттері.
1-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс істеуге рұқсат беру және аттестаттау, газ-түтіннен қорғаушыларды даярлау. Газ-түтіннен қорғаушылардың құқықтары, міндеттері. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс істейтін газ-түтіннен қорғаушылар үшін белгіленген жеңілдіктер. Медициналық куәландыру мақсаттары мен мерзімділігі. Жеке құрамды тыныс алу органдарын жеке құралдарында жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 15-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс істеу параметрлерінің есептерін жүргізу әдістемесі.
1-сабақ. Газ-түтіннен қорғау қызметі звеносына тыныс алуға қолайсыз ортада жұмыс істеуді тоқтату және таза ауаға шығу қажет болғанда оттегінің (ауаның) бақылау қысымының есебі. Өрт ошағында газ-түтіннен қорғау қызметі звеносы жұмыс уақытының және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының әр түрлері үшін тыныс алуға қолайсыз ортада жалпы жұмыс істеу уақытының есебі.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 16-тақырып. Өртте тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жауынгерлік іс-қимыл жасау кезінде қауіпсіздік талаптары мен жұмыс істеу қағидалары.
1-сабақ. Өрттерді сөндіру және онымен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі жауынгерлік іс-қимылдарды жасауда газ-түтіннен қорғаушының міндеттері. Өзінің міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін газ-түтіннен қорғаушының жауаптылығы.
Газ-түтіннен қорғау қызметі звеносын ұйымдастыру, осы звеноның мүшелерін жарақтау, қауіпсіздік бекеті. Қауіпсіздік бекетіндегі күзетшінің міндеттері. Оқшаулағыш газқаағарда (тыныс алу аппаратында) жұмыс істеу кезіндегі тыныс алу ерекшеліктері. Тамыр соғуының жиілігін өздіген бақылау. Звеноның жұмыс орнына бару және кері қайту тәртібі, оттегі (ауа) шығынын бақылау және оның қажеттілігінің есебі. Звено мүшелерінің біреуі есінен танғанда және зардап шеккендерді анықтағанда жеке құрамның іс-әрекеті. Звенолардың ауысымы. Оқшаулағыш газқағарда (тыныс алу аппаратында) жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың талаптарын сақтау бойынша жеке құрамның міндеттері.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 17-тақырып. Оқшаулағыш газқағарлар мен тыныс алу аппараттарында жұмыс істеу ерекшеліктері.
1, 2-сабақтар. Төмен температура жағдайында авариялық химиялық қауіпті заттар болған кезде газ-түтіннен қорғау қызметі звеносының жұмыс істеу ерекшеліктері. Зардап шеккендерге көмек көрсету. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жаттығу жасауды ұйымдастыру. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қосу және одан ажырату кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары міндеті түрде пайдалануы тиіс объектілердің түрлері. Өртте арнайы және күрделі жұмыстарды орындау кезінде оттегіні (ауаны) қолдану ерекшеліктері.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 18-тақырып. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалануды ұйымдастыру.
1, 2, 3-сабақтар. Қысымен жұмыс істейтін ыдыстар туралы негізгі мәліметтер. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жабдықтау. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Ыдыстарға қызмет көрсету және жөндеу. Қысыммен жұмыс істейтін баллондарды пайдалану. Қауіпсіздік талаптары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 19-тақырып. Оттегі компрессорлары, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
1-6-сабақ. Қайта іске қосу және тасымал баллондардан кезекті шығару арқылы шағын көлемді баллондарды газ тәріздес оттегімен толтыруға арналған компрессорлардың мақсаты, техникалық параметрлері. Компрессорлардың жалпы құрылғысы. Технологиялық сызба. Компрессорларды жұмысқа дайындау. Компрессорда жұмыс істеу қағидалары. Баллондарды оттегімен толтыру. Сүзгіштер мен кептіргіштер. Компрессорларды пайдалану кезінде алдын алу жұмыстары. Компрессорларды майлау және салқындату. Компрессорларға қызмет көрсету кезіндегі алдын алу жұмыстары. Компрессорлардың бөлшектерін жуып шаю, тазалау, майсыздандыру ережелері. Былғары тығыздағыштарды ауыстыру. Ықтимал ақаулықтар және оларды жою тәсілдері. Компрессорлық құрылғыларды пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау қағидаларының талаптары мен қауіпсіздік шаралары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 20-тақырып. Әуе компрессорлары, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
1-6-сабақ. Баллондарды ауамен толтыруға арналған компрессорлардың мақсаты, техникалық параметрлері. Компрессорлардың жұмыс істеу қағидаты. КДВ-30, УКС-400 компрессорларының жалпы құрылғысы. 5Л94 ауа толтырудың жалпы құрылғысы. Шетелдік өндірістің компрессорлық жабдығының жалпы құрылғысы (Бауер, Бауер-Посейдон, Ауер, Кайзер, Компайр Ривелл).
Компрессорларды жұмысқа дайындау. Компрессорлық жабдықпен жұмыс істеу қағидалары. Жұмыс кезінде және одан кейін қызмет көрсету. Ықтимал ақаулықтар және оларды жою тәсілдері, компрессорда қауіпсіз жұмыс істеу шаралары. Ауаға қойылатын талаптар және сапасын талдау. Ауаны тазартуға арналған құрылғылар. Еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың талаптары және компрессорлық құрылғыларды, жоғары қысымды шлангілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
6-қосымша
Газдан қорғаушыларды бастапқы даярлаудың
тақырыптық жоспары
№ р/с |
Тақырыптың атауы |
Сағат саны |
||
Барлығы |
оның ішінде |
|||
Сыныптық топтық |
практикалық |
|||
1-бөлім. Газдан қорғағыш тыныс алу аппаратурасы мен аспаптар |
32 |
20 |
12 |
|
1 |
Газдан қорғағыш аппараттарды бағалау және таңдау. |
1 |
1 |
- |
2 |
Өнеркәсіптік, сүзгіш және оқшаулағыш газқағарлар – өзін-өзі құтқарғыштар. |
3 |
2 |
1 |
3 |
Оқшаулағыш оттекті тыныс алу және ауамен тыныс алу аппараттары, арнайы қорғау жарағы. |
22 |
14 |
8 |
4 |
Медициналық газдан құтқару аппаратурасы, арнайы жабдық пен жарақ. |
2 |
1 |
1 |
5 |
Респираторларды, өзін-өзі құтқарғыштарды және өкпені жасанды желдету аппараттарын бақылау және тексеру аппаратурасы. |
2 |
1 |
1 |
6 |
Авариялық-химиялық қауіпті заттар, газды ортаның құрамын тексеру аппаратурасы (газталдағыштар). |
2 |
1 |
1 |
2-бөлім. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және орындау |
6 |
4 |
2 |
|
7 |
Өндірістердің жарылыс және өрт қауіптілігі. |
2 |
2 |
- |
8 |
Масштабты төтенше жағдайлар кезінде және авариялық-химиялық қауіпті заттардың лақтырындысы аймақтарында авариялық-құтқару жұмыстарын, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру. |
4 |
2 |
2 |
3-бөлім. Газдан құтқару жұмыстарының тактикалық тәсілдері |
16 |
5 |
11 |
|
9 |
Тыныс алу аппараттары мен газқағарларды қолдану. Газдан құтқарушының ақаулы аппараттан резервтік аппаратқа қайта қосылуы. |
4 |
- |
4 |
10 |
Газдан құтқарушылардың «Дабыл» белгісі бойынша жиналуы және шығуы, газдалған ортаға кіруге дайындық, тыныс алуға қолайсыз жағдайларда әрекет ету, ақауы бар респиратормен газдалған аймақтан шығу. |
2 |
- |
2 |
11 |
Әмбебап пневматикалық және гидравликалық аспапты пайдалану. |
2 |
- |
2 |
12 |
Өрт сөндіргіштермен тұтануларды сөндіру. |
2 |
1 |
1 |
13 |
Құтқаратын бұйымдарды пайдалану. |
4 |
2 |
2 |
14 |
Авариялық газ қауіпті жұмыстарды жүргізу. |
2 |
2 |
- |
4-бөлім. Психологиялық дайындық. |
4 |
4 |
- |
|
15 |
Заманауи қоғамдағы құтқарушының кәсіби мәртебесінің моральдік- психологиялық негіздері. |
1 |
1 |
- |
16 |
Адамның төтенше жағдайларда әрекет етуінің психологиялық ерекшеліктері. |
1 |
1 |
- |
17 |
Құтқарушыларды төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге психологиялық даярлау. |
1 |
1 |
- |
18 |
Жай-күйді басқару әдістері. |
1 |
1 |
- |
5-бөлім. Медициналық дайындық. |
8 |
6 |
2 |
|
19 |
Уақытша медициналық бекет құру. Тіршілікті қамтамасыз ету, қорғау, залалсыздандыру, байланыс құралдарын орналастыру және дайындыққа келтіру. |
1 |
1 |
- |
20 |
Жарақат алғанда бірінші медициналық көмек. |
1 |
1 |
- |
21 |
Қан кету кезіндегі шұғыл көмек. |
1 |
1 |
- |
22 |
Термиялық зақымдану (күю, гипертермия, гипотермия, үсу). |
1 |
1 |
- |
23 |
Улы газбен және басқа да авариялық химиялық қауіпті заттармен улану. |
1 |
1 |
- |
24 |
Жүрек-өкпе реанимациясы. |
1 |
- |
1 |
25 |
Зардап шеккендерді тасымалдау. |
2 |
1 |
1 |
6-бөлім. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы |
4 |
4 |
- |
|
26 |
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары. |
2 |
2 |
- |
27 |
Еңбекті қорғаудың нормативтік-техникалық және құқықтық базасы. |
2 |
2 |
- |
Емтихан. |
2 |
- |
- |
|
Барлық сағат: |
72 |
43 |
27 |
Ескертпе: Газдан қорғаушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына түсініктер Тақырыптық жоспарға қосымшада келтірілген.
Газдан қорғаушыларды алғашқы
даярлаудың тақырыптық жоспарына
қосымша
Газдан қорғаушыларды алғашқы даярлаудың
тақырыптық жоспарына түсінік
1-бөлім. Газдан қорғағыш тыныс алу аппаратурасы мен аспаптар
№ 1-тақырып. Газдан қорғағыш аппараттарды бағалау және таңдау.
1-сабақ. Нақты өндірістік жағдайларда жұмысты жүргізудің ерекшелігі. Ұзақ мерзімде пайдаланатын, шағын және күрделі жағдайларда жұмыстарды жүргізуге арналған аппараттар. Сығылған ауасы бар оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, шлангілік газқағарлар және олардың қолданылу саласы.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Өнеркәсіптік, сүзгіш және оқшаулағыш газқағарлар – өзін-өзі құтқарғыштар.
1-сабақ. Өнеркәсіптік, сүзгіш газқағарлардың сипаттамасы, түрлері, құрылғысы мен қолданылуы. Азаматтық газқағарлар, шлангілік газқағарлар, олардың құрылысы және қолданылу саласы, қауіпсіздік шаралары.
2-сабақ. Оқшаулағыш газқағарлар – өзін-өзі құтқарғыштардың сипаттамасы, түрлері, құрылғысы және қолданылу саласы. Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
№ 3-тақырып. Оқшаулағыш оттекті тыныс алу және ауамен тыныс алу аппараттары, арнайы қорғау жарағы.
1-сабақ. Сығылған ауадағы регенеративтік респираторлар. Регенеративтік респираторлардың мақсаты, құрылғысы, оларға қойылатын тактикалық-техникалық талаптар.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Регенеративтік респиратор. Мақсаты, тактикалық-техникалық сипаттамасы, құрылғысы. Респираторды жұмысқа дайындау. Респираторды тексеру тәртібі. Қауіпсіздік шаралары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
3-сабақ. Респираторды тексеруді іс жүзінде машықтау.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
4-сабақ. Оттекті-оқшаулағыш газқағар. Мақсаты, тактикалық-техникалық сипаттамасы, құрылғысы және жұмыс істеу қағидаты. Газқағардың түрлері, оларды тексеру мерзімділігі мен тәртібі. Қауіпсіздік шаралары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
5-сабақ. Оттекті оқшаулағыш газқағарды тексеруді іс жүзінде машықтау.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
6-сабақ. «АСВ-2» ауамен тыныс алу аппараты. Аппараттың мақсаты, техникалық сипаттамасы, құрылғысы мен жұмыс істеу қағидаты. Қауіпсіздік шаралары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
7-сабақ. Ауамен тыныс алу аппараты. Аппараттың мақсаты, техникалық сипаттамасы, құрылғысы мен жұмыс істеу қағидаты. Қауіпсіздік шаралары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
8-сабақ. Арнайы қорғау жарағы. Қорғағыш костюмдер, олардың мақсаты мен қолданылу саласы. «ЖҚЖ» жалпы әскери қорғағыш жиынтық. Химиялық оқшаулағыш костюмдер.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 4-тақырып. Медициналық газдан құтқару аппаратурасы, арнайы жабдық пен жарақ.
1-сабақ. Жасанды тыныс алу аппараттары. «Горноспасатель 10» (ГС-10) аппараты, мақсаты, құрылғысы, жұмыс істеу қағидаты.
Газдан қорғау жарағы. Жиналмалы медициналық зембілдер. Медициналық, көлік, сығымдаушы шиналар. Крамерлер - мақсаты, құрылғысы, қолданылу қағидаты.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
№ 5-тақырып. Респираторларды, өзін-өзі құтқарғыштарды және өкпені жасанды желдету аппараттарын бақылау және тексеру аппаратурасы.
1-сабақ. УКП-5 әмбебап бақылау аспабының, ПГС өзін-өзі құтқарғыштарды тексеруге арналған аспаптың, ИР-2 және ИПР-Э индикаторларының мақсаты, техникалық сипаттамасы, құрылғысы, қолданылу саласы.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.
№ 6-тақырып. Авариялық-химиялық қауіпті заттар, газды ортаның құрамын тексеру аппаратурасы (газталдағыштар).
1-сабақ. Авариялық-химиялық қауіпті заттар (бұдан әрі - АХҚЗ) (аммиак, хлор, азот және күкірт қышқылы, фтор сутегі және осылардың негізіндегі заттар), олардың физикалық-химиялық қасиеттері және авариялық жағдайдағы әрекеттері. «АНКАТ-7631М», СИГНАЛ-02 газ талдағыштардың және олардың түрлерінің мақсаты, техникалық сипаттамасы, олармен жұмыс істеу тәртібі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
2-бөлім. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
және орындау
№ 7-тақырып. Өндірістердің жарылыс және өрт қауіптілігі.
1-сабақ. Жану, өздігінен түтану, жарылыс, түтіндеу процесі туралы түсінік. Жанғыш газдардың, сұйқтықтардың жіктелуі және олардың өрт қауіптілігі, өндірістің өрт қауіптілігін анықтау. Өрт пен жарылыстың қауіпті факторларының зардаптарының газдан құтқарушының ағзасына әсері және олардан қорғау.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 8-тақырып. Масштабты төтенше жағдайлар кезінде және авариялық-химиялық қауіпті заттардың лақтырындысы аймақтарында авариялық-құтқару жұмыстарын, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.
1-сабақ. Адамдарды бірінші кезекте тікелей құтқару қағидаты бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру немесе оларды құтқаруды жеңілдететін іс-шаралар жүргізу. Авария аймағын барлау, авариялық учаскеден шыққан адамдардан жауап алу. Тоннельдерде, жабық орларда, сыйымдылықтарда, оттықтарда, құдықтарда, тоғандарда барлау жүргізудің ерекшеліктері. Барлау жүргізу және адамдарды құтқару кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Газдан қорғаушылардың іздестіру-құтқару жұмыстары орнына және соның аймағында қозғалысы.
Масштабты ТЖ кезінде төтенше жағдай аймағында барлау және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу. Зардап шеккендерді іздестіруді ұйымдастыру және жүргізу. Авариялық-химиялық қауіпті заттардың лақтырындысы аймағында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
3-бөлім. Газдан құтқару жұмыстарының тактикалық тәсілдері
№ 9-тақырып. Тыныс алу аппараттары мен газқағарларды қолдану. Газдан құтқарушының ақаулы аппараттан резервтік аппаратқа қайта қосылуы.
1-сабақ. КИП оқшаулағыш газқағарын пайдалану (кию, жауынгерлік тексеру, іске қосу) Респираторды пайдалану (кию, жауынгерлік тексеру, іске қосу және өшіру). Газдан құтқарушыны ақаулы аппараттан резервтік аппаратқа қайта қосу, зақымданған адамды резервтік ауамен тыныс алу аппаратына қосу.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 10-тақырып. Газдан құтқарушылардың «Дабыл» белгісі бойынша жиналуы және шығуы, газдалған ортаға кіруге дайындық, тыныс алуға қолайсыз жағдайларда әрекет ету, ақауы бар респиратормен газдалған аймақтан шығу.
1-сабақ. «Дабыл» белгісі бойынша газдан құтқарушылардың жиналуы және жолға шығуы. Газдалған атмосфераға кіруге дайындалу. Ауаның қатты түтіндеуі мен жоғары температура жағдайындағы қозғалыс. Газдан құтқарушының ақауы бар респиратормен газдалған аймақтан шығуы.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 11-тақырып. Әмбебап пневматикалық және гидравликалық аспапты пайдалану.
1-сабақ. «Пневможастық» түріндегі әмбебап пневматикалық аспастың, гидравликалық домкраттың, гидравликалық қайшының мақсаты, құрылғысы мен қолданылуы.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
№ 12-тақырып. Өрт сөндіргіштермен тұтануларды сөндіру.
1-сабақ. Көбікті, ұнтақты және көмірқышқыл өрт сөндіргіштерінің мақсаты, қысқаша сипаттамасы, құрылғысы мен қолданылуы. Жең желілерін төсеу және өрт сөндіру.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 13-тақырып. Құтқаратын бұйымдарды пайдалану.
1-сабақ. Құтқару арқаны. Құтқару арқанын орау және тарқату. Зардап шеккендерді құтқаруға және жең желісін немесе аспапты биікткке көтеруге арналған әр түрлі тәсілдермен ілмек тоқу.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
2-сабақ. Газдан құтқарушыны сыйымдылыққа (құдыққа) түсіру Зардап шегушіні сыйымдылықтан көтеру. Зардап шегушіні жоғарыжан түсіру және көтеру.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.
№ 14-тақырып. Авариялық газ қауіпті жұмыстарды жүргізу.
1-сабақ. Қысыммен жұмыс істейтін газ құбырларында бұқтырманы орнату және алу. Вентильдерді жабу, жанып жатқан сұйықтығы бар люктерді жабуға немесе будың шығуына жол бермеуге арналған қол құрылғыларын қолдану.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
4-бөлім. Психологиялық дайындық
№ 15-тақырып. Заманауи қоғамдағы құтқарушының кәсіби мәртебесінің моральдік- психологиялық негіздері.
1-сабақ. Заманауи қоғамдағы құтқарушының кәсіби мәртебесінің моральдік-психологиялық негіздері. Құтқарушының кәсіби тұрғыдан қалыптасуы. Құтқарушы кәсібінің әлеуметтік маңыздылығы.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 16-тақырып. Адамның төтенше жағдайларда әрекет етуінің психологиялық ерекшеліктері.
1-сабақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі оқиғаның психологиялық әсері. Адам психикасына кері әсерін тигізетін факторлар: оқиға көлемі, оның таралу жылдамдығы, өмірге қауіптілігі, жақын адамынан айрылу, материалдық құндылықтарды жоғалту, өмір сүру ағымының күрт өзгеруі, жаппай құрбандардың болуы, ақпарат тапшылығы, басқарудың болмауы.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 17-тақырып. Құтқарушыларды төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге психологиялық даярлау.
1-сабақ. Төтенше жағдайда іс-қимыл жасауға психологиялық дайындықтың ұғымы. Психологиялық дайындықты қалыптастырудың негізгі бағыттары, әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде психологиялық әрекет етудің үлгісі. Қарқынды шұғыл және ұзақ мерзімді физикалық жүктемені ауыстыру қабілетін дамыту; ерік-жігер сапасының дамуы. Жедел ойлауды жетілдіру.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 18-тақырып. Жай-күйді басқару әдістері.
1-сабақ. Жай-күйді басқару әдістері. Аутогенді жаттығу, оны жасау техникасы. Тыныс алу және физикалық жаттығулар. Психикалық өзін-өзі ұстау әдістері. Жұмыстарды жүргізу кезінде еңбек пен демалысты тиімді ұйымдастыру тәсілдері.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
5-бөлім. Медициналық дайындық
№ 19-тақырып. Уақытша медициналық бекет құру. Тіршілікті қамтамасыз ету, қорғау, залалсыздандыру, байланыс құралдарын орналастыру және дайындыққа келтіру.
1-сабақ. Уақытша медициналық бекет құру. Тіршілікті қамтамасыз ету, қорғау, залалсыздандыру, байланыс құралдарын орналастыру және дайындыққа келтіру. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің (бұдан әрі - АМК) табельдік және қол құралдары, зардап шеккендерді шығару және тасымалдау. Жеке және автомобильдік дәрі-дәрмек қобдишалардың, медициналық таңу пакетінің (бұдан әрі - МТП), санитарлық медициналық қобдишаның, медициналық жинақтардың, жеке химияға қарсы пакеттердің мақсаты, құрылғысы мен пайдалану қағидаттары.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 20-тақырып. Жарақат алғанда бірінші медициналық көмек.
1-сабақ. Бас сүйектің, кеуденің, іштің терең жарақаттануы. АМК ерекшеліктері (жараны өңдеу, таңу, ауруды жатқызу және тасымалдау). Бас, мойын, кеуде клеткалары жарақаттанда АМК (бастың, мойын, беттің, иек аумағы жарақатын таңу). Өзіне және өзгеге көмек. АМК көрсету кезінде іс-қимыл жасау алгоритмі. Кеуде қуысы мен іш жарақаттанғанда АМК. Пневмоторакс. Өзіне және өзгеге көмек. Қол мен аяқты (иық, шынтақ буын, саусақ) таңуға дағдылану, таңулар.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 21-тақырып. Қан кету кезіндегі шұғыл көмек.
1-сабақ. Қан кеткен жағдайда қанды уақытша тоқтату. Табельдік және қол аспабы. Қан тамырын қатты басу, қолды немесе аяқты қатты бүгу. Таңғышты басу. Ішке қан кету кезінде АМК.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 22-тақырып. Термиялық зақымдану (күю, гипертермия, гипотермия, үсу).
1-сабақ. Күйіктер, түрлері, қиындықтары. АМК алгоритімі, естен танудың алдын алу. Үсу. Түрлері, АМК. Гипо - және гипертермия. АМК ерекшеліктері.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 23-тақырып. Улы газбен және басқа да авариялық химиялық қауіпті заттармен улану.
1-сабақ. Улы газбен және басқа да авариялық химиялық қауіпті заттармен улану. Улы газ (СО) және онымен өртте улану, улану бегілері мен АМК көрсету. Зардап шегушіні тасымалдау ерекшеліктері. Күрделенудің алдын алу, болдырмау.
Өткізу әдісі: сыныптық топтық сабақ.
№ 24-тақырып. Жүрек-өкпе реанимациясы.
1-сабақ. Өмір мен өлім белгілері (биологиялық және клиникалық). Жүрек соғуының тоқтау белгілері. «Сафара» әдісі. Бір және екі құтқарушымен жүрек-өкпе реанимациясының алгоритімі. Жүрек-өкпе реанимациясына дағдылану.Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 25-тақырып. Зардап шеккендерді тасымалдау.
1-сабақ. Зардап шеккендерді зембілмен тасымалдауға дайындау, тасымалдау. Әртүрлі жарақат кезінде зардап шеккендерді зембілмен тасымалдау әдістері. Зардап шеккендерді зембілсіз тасымалдау.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
6-бөлім. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы
№ 26-тақырып. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
1-сабақ. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Іздестіру-құтқару құралымдарында жарақат алу статистикасы. Жарақат алу себептері: жеке, техникалық, ұйымдық. Құтқарушыларға тән жарақаттар. Жарақаттың алдын алу. Құтқарушылардың еңбек қызметінің жарақат алу қауіпті және зиянды факторлары. Қауіпсіз еңбек жағдайлары. Тәуекел дәрежесін сезіну. Құтқарушылардың кәсіби ауруға шалдығуы.
Өткізу әдісі: сыныптық топтық сабақ.
№ 27-тақырып. Еңбекті қорғаудың нормативтік-техникалық және құқықтық базасы.
1-сабақ. Еңбекті қорғаудың нормативтік-техникалық және құқықтық базасы. Нұсқаулықтар. Стандарттар. Авариялық-құтқару аспабын жұмысқа дайындау, жұмыс істеу және жұмыстан кейінгі кездегі қауіпсіздік талабы.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
7-қосымша
Парамедиктерді оқыту жөніндегі
тақырыптық жоспар
Р/с |
Тақырып атауы |
Сағат саны |
||
Барлығы |
олардың ішінде |
|||
Сыныптық-топтық |
Тәжірбиелік |
|||
1 |
Дүлей зілзала ошақтарының (жер сілкінісі, сел, су тасқыны) медико-тактикалық сипаттамасы. |
1 |
1 |
- |
2 |
Техногендік авариялар мен апаттардың (өрттер, жарылыстар, күшті әсер ететін және және радиоактивті заттардың лақтырындылары және т.б.) медико-тактикалық сипаттамасы. |
1 |
1 |
- |
3 |
Алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаттары мен көлемі. |
1 |
1 |
- |
4 |
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде құтқарушының құқықтары мен міндеттерінің заңдық негіздері. |
1 |
1 |
- |
5 |
Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары. |
1 |
- |
1 |
6 |
Жарақат және қан кету. |
2 |
1 |
1 |
7 |
Буынның сынуы, шығуы және зақымдануы. |
2 |
1 |
1 |
8 |
Ұзақ шаншу белгісі. |
2 |
1 |
1 |
9 |
Бастың, көкірек қуысының, мойынның, омыртқаның жарақаттары. |
2 |
1 |
1 |
10 |
Травматикалық шок. |
1 |
1 |
|
11 |
Жүрек-өкпе реанимация негіздері. |
2 |
1 |
1 |
12 |
Күйік және үсік, электр жарақаттары. |
2 |
1 |
1 |
13 |
Қажу. |
2 |
1 |
1 |
14 |
Радиациялық зақымдану. |
2 |
1 |
1 |
15 |
Күшті әсер ететін улы заттардың әсері. |
1 |
1 |
- |
16 |
Өткір психикалық бұзылыс. |
1 |
1 |
- |
17 |
Көз, құлақ, тамақ, мұрынның жарақаттануы. |
1 |
1 |
- |
18 |
Анафилаксия. |
1 |
1 |
- |
19 |
Талып қалу, ес-түссіз жағдай, кома. |
2 |
1 |
1 |
20 |
Миокард инфаркты. |
1 |
1 |
|
21 |
Балалар жарақаты. |
1 |
1 |
|
22 |
Босандыру. |
2 |
1 |
1 |
23 |
Эпидемиологияның негізі, карантин және обсервация туралы түсінік. |
1 |
1 |
- |
24 |
Медициналық сұрыптау. Мақсаты мен өткізу тәртібі. |
2 |
1 |
1 |
25 |
Физикалық және медициналық қорғанудың әдістері. |
1 |
- |
1 |
26 |
Төтенше жағдайлар ошағынан зақымданғандарды шығару және тасымалдау. |
1 |
1 |
- |
27 |
Артериялық қысымды, тамырдың соғуын өлшеу. Бұлшық ет және тері асты иньекциясы. |
1 |
- |
1 |
Емтихан. |
2 |
2 |
||
Барлық сағат: |
40 |
26 |
14 |
Ескертпе: Парамедиктерді оқыту жөніндегі тақырыптық жоспарына түсініктер Тақырыптық жоспарға қосымшада келтірілген.
Парамедиктерді оқыту жөніндегі
тақырыптық жоспарына
қосымша
Парамедиктерді оқыту жөніндегі тақырыптық жоспарына түсінік
№ 1-тақырып. Дүлей зілзала ошақтарының (жер сілкінісі, сел, су тасқыны) медико-тактикалық сипаттамасы.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Техногендік авариялар мен апаттардың (өрттер, жарылыстар, күшті әсер ететін және және радиоактивті заттардың лақтырындылары және т.б.) медико-тактикалық сипаттамасы.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаттары мен көлемі. Дефибрилляторды, ауа өткізгішті және өкпені жасанды желдету аппаратын қосу.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 4-тақырып. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде құтқарушының құқықтары мен міндеттерінің заңдық негіздері.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 5-тақырып. Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 6-тақырып. Жарақат және қан кету.
1-сабақ. Жарақат алу процесі жөнінде түсінік, жарақаттың асқынуы. Жарақаттағы инфекцияның өршуінің алдын алу шаралары. Асептика және антисептика қағидалары. Қан кету түрлері. Әртүрлі қан кетулерді уақытша тоқтатудың тиімді тәсілдерін қолдану өлшемдері. Қан кетуді тоқтату амалдарының реті.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Таңғыштың негізгі түрлері және таңу қағидалары. Таңғыштарға қойылатын талаптар, таңғыштарды дұрыс қоюды бақылау. Басқа, мойынға және кеудеге дәке және орамал таңу, оларды қою техникасы. Сақпан таңу. Оң және сол көзге, екі көзге таңу. Ішке және аяқтың шабына дәке, орамал және контур таңу. Ашық және клапанды пневмоторакспен кеудеге өтіп кеткен жарақат кезінде таңуды қою қағидалары. Жоғары және төменгі буындарға дәке, орамал, контур және түтікше таңу, оларды қою техникасы. Басып таңуды және қан кетуді тоқтататын жгутты қою тәртібі. Қан кетуді тоқтататын жгутты қойғаннан кейін ықтимал шиеленесулер. Ішке қан кетудің негізгі белгілері. Ішке қан кеткенде алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі құтқарушының тактикасы.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 7-тақырып. Буынның сынуы, шығуы және зақымдануы.
1-сабақ. Буынның сынуы, шығуы және зақымдануы жөнінде түсінік. Буынның сынуының, шығуының және зақымдануының түрлері және белгілері. Буынның сынуы, шығуы және зақымдануы кезінде алғашқы медициналық көмек. Эвакуациялау кезінде буынның сынуының, шығуының және зақымдануының асқынуынан алдын алу. Тасымалдау шиналарының түрлері. Сүйектер сынған кезде иммобилизациялау үшін қол құралдарын пайдалану. Балаларда буын сынуларының ерекшеліктері, олардың алғашқы медициналық көмек көрсетуге әсері.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Буын сүйектерінің сынуы және шығуы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін машықтау. Бас, қабырға, омыртқа және жамбас сүйектерінің сынуы және шығуы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін машықтау. Әртүрлі сыну барысында тасымалдау тәсілдері. Буынның шығу белгілері, буын сынуынан ерекшелігі. Буын шыққан кезде алғашқы медициналық көмек қағидаттары. Иммобилизация ерекшеліктері.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 8-тақырып. Ұзақ шаншу белгісі.
1-сабақ. Ұзақ шаншуды анықтау, орын алу себептері, ауырлық дәрежесі және белгілері. Компрессия кезеңдері: ерте, аралық, кеш. Ұзақ шаншу белгілері ауырлығының компрессияның уақыты мен оны шектеуге қатысы (кеуде, іш, жамбас, білек, жауырын, табан, балтыр, бөксе). Балаларда пайда болу ерекшелігі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Ишемия дәрежесін анықтау. Дененің шаншу қадалған бөлігінің өмірге қабілеттілігін анықтау. Шаншылған буынды босату қағидалары. Шаншу қадалған буындарды босату кезінде және жасушаның ишемия дәрежесіне байланысты оны босатқаннан кейін құтқарушының тактикасы (өтелетін, өтелмейтін және елеусіз).Табельдік және қол құралдарын қолдана отырып, шаншылған буын бөлігін таңу, иммобилизациялау және салқындату. Зардап шегушіні жылыту. Зардап шегушіге сілті суын дайындау және беру. Зардап шегушіні медициналық көшіру тәртібі. Жгут салуды орындылығын анықтау. Жгут таңу, оны дұрыс салу мен орындылығын бақылау. Босатылуы мүмкін емес буындарды шаншу кезінде көмек. Буындарға мәжбүрлі түрде амплутация жасау.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 9-тақырып. Бастың, көкірек қуысының, мойынның, омыртқаның жарақаттары.
1-сабақ. Бастың, көкірек қуысының, мойынның, омыртқаның жарақаттары туралы түсінік. Диференциалдық диагнгостика. Алғашқы медициналық көмек көрсету, оны көрсету тәртібі. Балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшелігі. Тасымалдау ерекшелігі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Бастың, көкірек қуысының, мойынның, омыртқаның жарақаттануы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері мен тәсілдері. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі негізгі өзіндік қателіктер.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 10-тақырып. Травматикалық шок.
Травматикалық шок туралы ұғым, себептері, белгілері, алдын алу. Алғашқы медициналық көмектің мазмұны, оны көрсету тәртібі. Балаларда пайда болу ерекшеліктері. Шок кезіндегі алғашқы көмек. Қан кетуді тоқтату, буын сынығын иммобилизациялау, қанды жоғалтуды толтыру, зардап шегушіні жылыту.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 11-тақырып. Жүрек-өкпе реанимация негіздері.
1-сабақ. Клиникалық және биологиялық өлімнің түсінігі.Тыныс алу және жүрек қызметінің кенетен тоқтау белгілері, клиникалық өлім, жарақатанғанды құтқару үшін бірінші кезектегі жүрек- өкпе ренимациясының ролі. Өкпені қолмен желдету және жүрек тұсын сылау тәсілдері, бір, екі және үш құтқарушымен жүрек- өкпе ренимациясын жүргізу қағидаттары. жүрек- өкпе ренимациясын жүргізу техникалық құралдары. Реанимацияны тиімді жүргізу белгісі. Құтқарушының демалуын және жүрек қызметін қалпына келтіргеннен кейін құтқарушының іс-әрекеті.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Балаларға жүрек-өкпе ренимациясын жүргізу ерекшеліктері.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 12-тақырып. Күйік және үсік, электр жарақаттары.
1-сабақ. Күйік және үсік түрлері мен ауырлық дәрежесі. Өрт кезінде зақымдану ерекшеліктері, жоғарғы тыныс алу жолдарының күйігі. Күйік, үсік және электр жарақаттары кезіндегі алғашқы медициналық көмек.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Күйік, үсік және электр жарақаттары кезіндегі алғашқы медициналық көмекті машықтау. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі негізгі өзіндік қателіктер.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 13-тақырып. Қажу.
1-сабақ. Асфиксияны анықтау, себептері және асфиксияның белгілері. Қажу. Ақ пен көк асфиксияның белгісі. Электр тогымен және найзағаймен зақымдану, зақымдану белгілері. Асфиксия, қажу және электр тогымен зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі негізгі қателіктер.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Жоғарғы тыныс алу жолдарына бөгде зат түскен кезде өлу себептері (механикалық асфиксия, дауыс сіңірлерінің түйілуі, бас миының ісуі). Асфиксия туралы түсінік, белгілері. Алғашқы медициналық көмек. Шұғыл крикотомия, тыныс алу жолдарынан бөгде заттарды шығарудың заманауи тәсілдері тіралы түсінік.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 14-тақырып. Радиациялық зақымдану.
1-сабақ. Радиациялық авариялар кезіндегі зақымдаушы факторлар. Терең өтетін радиация және оның адам ағзасына әсері. Радиоактивті заттардың адам ағзасына түсу жолдары. Сәулелену ауруы туралы түсінік. Сәулелену мөлшерінен аурудың ауырлығының қатынасы. Созылмалы сәулелену ауруының бастапқы белгілері. Балаларда радиациялық зақымданудың ерекшеліктері. Алғашқы медициналық көмек. Сәулемен зақымданудың алдын алу.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Радиацияның әсерін әлсіздендіру әдістері. Радиоактивті заттар зақымданушының ағзасына радиоактивті заттар түскенде және сәулелену ауруының бастапқы белгілері байқалғанда алғашқы медициналық көмек көрсету. Балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері. Авария аумағында санитарлық-гигиеналық және эпедемияға қарсы іс-шаралар, олардың рөлі мен мазмұны. Құтқарушыларда сәулемен зақымданудың алдын алу. Алдын алу құралдары. Зақымданғандардың сәулелену мөлшерін бақылау. Жеке мөлшерлегіштер мен оларды пайдалану тәртібі. Радиациялық ластану аймақтарында медициналық жағдайды анықтау және бағалау бойынша құтқарушының іс-қимылдары. Радиоактивті заттар зақымданушының ағзасына радиоактивті заттар түскенде және сәулелену ауруының бастапқы белгілері байқалғанда алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шеккендердің жиалу бекетін жабдықтау. Зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа көшіру тәртібі. Ішінара санитарлық өңдеуді ұйымдастыру және жүргізу. Радиациялық зақымдану аймақтарында жұмыстарды ұйымдастыруға, орналастыруға, тамақтануға және сумен қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Радиоактивті заттармен ластану аймағында эпедиемияға қарсы іс-шаралардың мазмұны мен оларды орындау тәртібі.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 15-тақырып. Күшті әсер ететін улы заттардың әсері.
1-сабақ. Улы заттарды адам ағзасына әсері бойынша жіктеу. Уландырғыш заттар жөнінде түсінік. Зақымдау белгілері. Ауырлық дәрежесі. Алғашқы медициналық көмек көрсету. Жарақат алғанға улы заттар әсерін тоқтату. Зардап шегушінің ағзасына улы заттардың өтуін тоқтату. Антидоттар. Өкпенің қабынуынан алдын алу. Қорғану құралдары. Балаларда уланудың ерекшеліктері және алғашқы медициналық көмек көрсету. Улы заттармен уланғанда алғашқы медициналық көмек көрсету. Табелдік және қол құралдарын қолдану. Қарапайым тәсілмен асқазанды шаю. Антидоттар және оларды енгізу тәсілдері. Оттегінің ингаляциясы. Жеке химияға қарсы топтама және қол құралдарын қолдану арқылы жарты газсыздандыру. Құтқарушының улануынан алдын алу.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 16-тақырып. Өткір психикалық бұзылыс.
Күйзеліс және психикалық жарақат. Себептері, белгілері, ықтимал зардаптары. Психикалық жарақаттан зардап шеккендерді анықтау. Төтенше жағдайлардағы зардап шеккендердің өткір психикалық бұзылысының негізгі белгілері, балаларда болуының ерекшеліктері. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мазмұны мен қағидалары. Балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері. Құтқарушының қызметінде және алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде өзін-өзі реттеу әдістерінің рөлі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 17-тақырып. Көз, құлақ, тамақ, мұрынның жарақаттануы.
Көз, құлақ, тамақ, мұрынның жарақаттану ерекшеліктері. Жара процесі туралы түсінік, жараның асқынуы. Жарадағы жұқпаның таралуынан алдын алу әдістері. Асептика және антисептика қағидалары. Зардап шеккеннің жай-күйіне климаттық жағдайдың әсері және жарақаттану кезіндегі алғашқы медициналық көмектің сипаты.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 18-тақырып. Анафилакция.
Аллергия және аллергендер туралы жалпы түсінік. Зардап шеккендерде аллергиялық әсерлердің өршуі кезінде құтқарушылардың қолданатын дәрілік құралдарының рөлі. Аллергиялық әсерлердің белгілері (аллергиялық мұрын бітелу, терінің қышынуы және бөртуі, қабақ, ерін және мойынның ісінуі, аллергиялық шок), ықтимал асқынулар және нәтижелері. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудің жалпы қағидаттары. Медициналық көмек көрсету кезінде қоланылатын дәрі құралдары және оларды қолдану әдістері. Ине шаншылған жерге (шаққан, аллергенмен жанасқан) салқын компрессті пайдалану, мұрынға тамшы (галазолин) тамызу, алғашқы медициналық көмек көрсетудің табельдік құралдарын пайдалану, кома жағдайында жатқан зардап шегушіні қауіпсіз жағдайға келтіру.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 19-тақырып. Талып қалу, ес-түссіз жағдай, кома.
1-сабақ. Қан диабетін анықтау, шығу себептері және белгілері. Қандағы қанттың деңгейі және оны реттеудің тетіктері, гипо- және гипергликемикалық кома туралы түсінік. Гипо- және гипергликемикалық команың сипаттамалық белгілері, олардың басқа да коматозды жағдайлардан айырмашылығы. Коматозды жағдайдағы ауруға алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы өқағидаттары жөнінде құтқарушының тактикасы. Асфикцияның алдын алу әдісі. Коматозды жағдайдағы аурудың бетін қайтару үшін глюкоза (қант және т.б.) қолдану. Ауруларды тасымалдау тәртібі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Талып қалуды және команы анықтау, себептері, белгілері. Талып қалудың коматозды жағдайдан түбегейлі айырмашылығы. Зардап шегушінің өлімінің себептері. Зардап шегушінің талып қалу және кома жағдайындағы жай-күйін (тыныс алуының сипатын, ұйқы артериясындағы тамыр соғуының болуын, артериядан немесе көк тамырдан қан ағудың болуын, қол-аяқ және жамбас сүйектерінің сынуын) бағалау. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдістері және қолдану. Зардап шегушінің асқазандағы, қандағы немесе сілекейдегі аспирация нәтижесінде өз тіліне тұншығуынан алдын алу. Жүрек соғысының және тыныс алысының кенеттен тоқтауы кезіндегі іс-қимылдар. Артериялық қан ағу кезінде ми ісігінің және көп қан жоғалтудың белгілері. Зардап шегушілерді өлімге әкелетін оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде өзіндік тактикалық қателіктер. Талып қалудың және коматозды жағдайдың алдын алу. Коматозды жағдайдағы зардап шегушіні тасымалдау тәртібі.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 20-тақырып. Миокард инфаркты.
Жүрек қыспасы мен миокард инфактын анықтау, себептері мен белгілері. Ықтимал асқыну (кардиогендік шок, өкпенің ісінуі, асқазанның бүлкілдеуі). Жүрек қыспасы мен миокард инфакты кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаттары. Ауыру синдромын кетіру. Қан тамырларын кеңейтетін құралдарды (нитроглицерин, сустак,нитронг) қолдану. Миокард инфакты кезіндегі өкпе-жүрек реанимациясын жүргізуге көрсетілім, оның тиімділігінің көрсеткіші. Ауруды басқа орынға медициналық көшіру тәртібі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 21-тақырып. Балалар жарақаты.
Бала ағзасындағы жарақат кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері. Балалар жарақаты зардаптарының ерекшеліктері.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 22-тақырып. Босандыру.
1-сабақ. Физиологиялық босану туралы түсінік. Босануды алдын ала айту, босану басталу белгілері мен кезеңдері. Босанудың ұзақтығы және негізгі асқынуы. Ауруханадан тыс босандыру кезіндегі алғашқы медициналық көмек.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Босанып жатқан әйелден сұрақ-жауап алу тәртібі және оны босануға дайындау. Баланы толғату және босану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету. Көмек көрсететін құтқарушының қолдарын тазалау. Бала туылғаннан кейін құтқарушының тактикасы (баланың ауызынан сілекейін сорып алу, кіндік бауын өңдеу және кесіп алу, баланы сүрту және орау). Босанудың асқынған кезінде (тіндердің жыртылуы, қан ағуы) алғашқы медициналық көмек көрсету әдісі. Емдеу мекемесінде босанған әйелді баласымен тасымалдау тәртібі.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 23-тақырып. Эпидемиологияның негізі, карантин және обсервация туралы түсінік.
Жұқпалы аурулардың түрлері. Эпидемиялық процесс туралы түсінік. Ауруды анықтау әдісі. Карантин және обсервация. Обсервация және карантин аймағындағы жүріп-тұру тәртібі. Әртүрлі жұқпалы аурулар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің мазмұны мен ерекшеліктері. Аурудың алдын алу. Көпшілік жұқпалы ауру тараған ошақтағы тұрғындар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстарын жүргізудің мазмұны мен тәртібі. Жұқпалы аурудың (суық тию, жіті асқазан-ішек, трансмиссивтік, сыртқы қабы, аса қауіпті) негізгі принциптері. Аурудың дене температурасын өлшеу, сыртын тексеру. Ауруды жылыту әдісі. Дене қызуын қайтаратын құралдар туралы түсінік және оларды қолдану әдісі. Жұқпалы аурулармен ауырғандармен сөйлесу тәртібі және олардың күтімі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 24-тақырып. Медициналық сұрыптау. Өткізуді тағайындау және тәртібі.
1-сабақ. Зардап шегушіні медициналық сұрыптаудың рөлі, мақсаты және ұйымдастыру негізі. Медициналық сұрыптаудың түрі және оны жүргізу тәртібі. Көшіру-тасымалдауды сұрыптау туралы түсінік.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
2-сабақ. Әр түрлі жарақаттану кезінде зардап шеккендерді іріктеудің негізгі белгілері. Іріктеу алаңындағы құрылғылар мен оларды өрістету қағидалары. Іріктеу таңбасы туралы түсінік. Іріктеу кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 25-тақырып. Физикалық және медициналық қорғанудың әдістері.
Жаппай жұқпалы аурулар ошағында медициналық жағдайларды анықтау және бағалау бойынша құтқарушының іс-қимылдары. Науқастарды анықтау, оңашалау, ауруханаға жатқызу бойынша іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру. Жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар және оларды өткізу тәртібі. Залалсыздандыру, дәрілеу және зиянды жәндіктерді жою құралдары мен әдістері. Науқастар шоғырланған жерді белгілеу. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдау қағидалары.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
№ 26-тақырып. Төтенше жағдайлар ошағынан зақымданғандарды шығару және тасымалдау.
Зардап шеккендерді тасудың әдістері: қолмен, арқалап, иықпен, зембілмен. Зембілдегі зақымданғандардың жарақаттану түріне және жағдайының ауырлығына байланысты ахуалы. Зақымданғандарды көтеру және түсіру кезіндегі тасымалдаудың ерекшеліктері. Зақымданған адамды жерден зембілге аударып салу, оларды жұмсақ, стандартты және соңғы үлгіде шығарылған зембілдермен тасымалдау ережелері. Зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіруге дайындау, жағдайға байланысты зардап шеккендерге тасымалдау көлігін таңдау. Зардап шеккендерді тасымалдау көлігіне жайғастыру. Тасымалдау көліктерінің көшіру сыйымдылығы. Зардап шеккендерді отырғызған көлікті алып жүру. Зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіру кезінде, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету барысында жағдайды бақылауда ұстау. Басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың ұйымдастыру және медициналық қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізу жауапкершілігі.
Өткізу әдісі: сыныптық-топтық сабақ.
№ 27-тақырып. Артериялық қысымды, тамырдың соғуын өлшеу. Бұлшық ет және тері асты иньекциясы.
1-сабақ. Медициналық қимыл-қозғалыстарды тәжірбиелік меңгеру. Артериялық қысымды, тамырдың соғуын өлшеу қағидалары. Бұлшық ет және тері асты иньекциясы. Манекенмен үйрету.
Өткізу әдісі: практикалық сабақ.
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту
курстарының бағдарламасына
8-қосымша
Мамандырылған оқу орталығының атауы |
|
Наименование Специализированного учебного центра |
№ __________ СЕРТИФИКАТ
осы сертификат
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________ арнайы даярлау курсын ойдағыдай өткенін растайды
оқыту кезеңі ________________________________________________________
Директор ___________________________________________________ (Т.А.Ә.)
(қолы)
М.О.
Берілген күні «____»____________20__ж.