«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014.10.17 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технология министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің тиісті өңірдегі аумақтық органы - өңіраралық департаменті туралы ережесі;
8) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014.10.17 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тиісті облыстары, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық органы – аумақтық департаменті туралы ережесі;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық органы - аумақтық департаменті - “Бурабай” арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі туралы ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Әкімшілік-кадр жұмысы департаменті (А.К. Арыстанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Б. Б. Атамқұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар
министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕ
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014.10.17 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Инвестиция комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті» (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік мекемесі инвестицияларды, инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау, арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істету және тарату саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнаманда көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттің толық атауы –
мемлекеттік тілінде - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение «Комитет по инвестициям Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттемелері
13. Міндеттері:
1) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істету және тарату саласында, инвестицияларды қолдаудың мемлекеттік саясатты іске асыру, ұйымдық және экономикалық жағдайлар құру жолымен, соның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инновациялық қызметті ынталандыру;
2) экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат құру және қазіргі заманғы технологияларды қолданумен қолданыстағы өндірісті ұлғайту және жаңарту, инвестициялардың жаңаларын құруға ынталандыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу:
3) инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингілеу бойынша шараларды қамтамасыз ету;
4) Өз құзыреті шегінде, Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату саласындағы мемлекеттiк органдардың және басқарушы компаниялардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
2. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қызметiне қатысу үшiн арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тартады;
3. арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары ұсынатын мәлiметтердiң негiзiнде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi;
4. арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату туралы ұсыныстар әзірлейді;
5. арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингтi, сондай-ақ мониторингтiң деректерiне талдауды жүзеге асырады;
6. арнайы экономикалық аймақтардың қызметі нәтижелеріне талдауды жүзеге асырады;
7. тиiстi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, басқарушы компанияны басқару үшiн тұлғаларды конкурстық iрiктеудi жүргiзедi;
8. инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
9. инвестициялық преференциялар беруге өтінімдерді қабылдайды және тіркейді және қарайды;
10. инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдайды;
11. мемлекеттік заттай гранттар беру туралы белгіленген тәртіпте шешімдерді қабылдайды;
12. инвестициялық преференцияларды беруге келісімшарттарды жасайды, тіркейді және бұзады;
13. инвестициялық преференцияларды беруге келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
14. инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізудің мәніне өтінімдерді қабылдайды және қарастырады;
15. республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген жобалардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
16. Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіліктерін жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
18. өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндеттерді қабылдайды;
19. мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан заңнамамен белгіленген тәртіпте қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
21. Комитет басшылығы Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады;
22. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
23. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады;
19. Төраға өкілеттіліктері:
1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындау;
2) орынбасарлардың біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өз өкілеттіктерді жүктеу;
3) ведомство актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) Комитетке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және қол қою;
5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Төраға өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттiк геологиялық зерделеу, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану және жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыраты мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртанбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 7 кіреберіс.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. Мiндеттерi:
1) мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын бередi және жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасады;
2) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану саласындағы нормативтiк техникалық құжаттар әзiрлеудi жүзеге асырады;
4) келiсiмшарт (шарт) негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге жер қойнауын пайдалану құқығын берудi алдын ала келiседi;
5) жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалар қорларын бекiтедi;
6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмiн, кен орындарының және пайдалы қазбалардың бiлiнулерi, қауiптi геологиялық үдерiстердiң мемлекеттiк кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
7) техногендiк минералдық тiзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын ұйымдастырады және жүргiзедi;
8) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерiнiң негiзiнде жерасты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырады;
9) жерасты сулары бөлiгiнде мемлекеттiк су кадастрын жүргiзедi;
10) мемлекеттiк органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте бередi;
11) жер бетiндегi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келiседi;
12) жерасты су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларына рұқсаттарды келiседi;
13) бассейндiк схемалардың және су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсер ету нормативтерiнiң негiзiнде жерасты су объектiлерiне арналған су пайдалану лимиттерiн келiседi;
14) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсiпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келiседi;
15) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткiзуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектiлерi арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келiседi;
16) жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, қайта жаңартуға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар бередi;
17) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiнде жер асты өндiрiстiк-техникалық суларын барлау және өндiру рұқсатын бередi және керi қайтарады;
18) минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
19) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
20) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жер асты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдiк балшықтар бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
21) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
22) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге арналған келiсiмшарттардың (шарттардың) талаптарын орындалуы жөнiндегi бақылау мен оның мониторингiн жүзеге асырады;
23) жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
24) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
25) жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесiп, жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
26) жер қойнауының мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асырады;
27) жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық құжаттарға сараптама жүргiзедi;
28) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау түрiнде жағуға рұқсаттарды келiседi;
29) iлеспе газды қайта өңдеудi дамыту бағдарламаларын келiседi;
30) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзедi;
31) геологиялық және тау-кен бөлiнiсiн бередi;
32) келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiседi;
33) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалық құжаттарды бекiтедi;
34) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгiзедi;
35) кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмдерiн айқындайды;
36) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарт жасасу жөнiндегi тiкелей келiссөздерге қатысуға арналған өтiнiмге қорытынды бередi;
37) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссиямен келiсiм бойынша пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының көлемiне байланысты өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық құжаттардың қолданылу мерзiмiн ұзартады;
38) жерасты суларын тәулiгiне екi мың текше метрден астам көлемде өндiру кезiнде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес оларды қабаттарға айдау үшiн жерасты суларының кен орындарын игеру жобасын пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсыныстары негiзiнде бекiтедi;
39) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу тәртiбiн келiседi;
40) кен орнында бiрыңғай объект ретiнде бiрлескен барлау немесе өндiру туралы шартты жасасу кезiнде бүкiл кен орны үшiн бiрыңғай жұмыс бағдарламасын келiседi;
41) жобалау ұйымы әзiрлеген жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң жою немесе консервациялау жобаларын келiседi;
42) құзыреттi органның тарату қорын пайдалану жөнiндегi рұқсатын келiседi;
43) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салуға рұқсат беру;
44) кең таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын қоспағанда, өндiрушi салалардың қызметiнiң ашықтығы бастамасын iске асыруды жүзеге асырады;
45) геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
46) тарихи шығындардың мөлшерiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындайды;
47) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпте жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты сақтау, жүйелеу және қорытуды жүзеге асырады;
48) конкурс туралы хабарлама берiлгенге дейiн геологиялық ақпарат топтамаларын дайындайды және оның құнын айқындайды;
49) Кеден одағының аумағы шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат берудi жүзеге асырады;
50) Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты әкетуге арналған Кеден одағының уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген лицензияны келiседi;
51) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19.Төрағанның өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;
2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) Комитетке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;
5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Атом энергиясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыраты мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртанбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10-үй, 13-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы –
мемлекетті тілде - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение «Комитет по атомной энергии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. Мiндеттерi:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы өз өкілеттіктерін пайдаланумен байланысты инспекциялар жүргізу;
2) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
3) ядролық қондырғылардың, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерінің физикалық қорғанысының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
4) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) өз құзыреті шеңберінде ядролық материалдарды, технологияларды, жабдықтарды, арнайы ядролық емес материалдарды, иондаушы сәуле көздерін және ұлттық қауіпсіздік мақсатында бақыланатын тауарларды қамтитын, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспортына, импортына, орын ауыстыруына, транзиті мен орналасуына бақылауды жүзеге асыру;
7) коммерциялық мақсаттарда беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық емес сипаттағы беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асыру;
8) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру;
9) иондаушы сәуле көздерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асыру;
10) өз құзыреті шеңберінде иондаушы сәуле көздерінің, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің және ұлттық қауіпсіздік мақсатында бақыланатын тауарлардың импортын, экспорты мен транзитін келісуді жүзеге асыру;
11) атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды, және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялардың қолданылу шарттарының орындалуын тексеруді жүзеге асыру;
12) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
13) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
14) акцияларының мемлекеттік пакеттері иелігіне және пайдалануға берілген акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның функцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
15) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;
16) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарау және бекіту;
17) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
18) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;
19) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін беру;
20) республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
21) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру;
22) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жыл сайын еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін, бірінші басшылардың, оның орынбасарларының және бас бухгалтердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйақы беру жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге сыйақы төлеу жүйесін белгілеу;
23) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19.Төрағанның өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;
2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) Комитетке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;
5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
5-қосымша
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау
комитеті» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін артыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртанбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15-кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы –
мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілде - государственное учреждение «Комитет государственного энергетического надзора и контроля Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. Мiндеттерi:
1) электр энергетикасы, энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
3) мыналарды:
электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарт талаптарының сақталуын;
өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының сақталуын;
электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
4) энергия өндіруші ұйымдардың заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасу, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау және уәкілетті органға олардың орындалуы туралы есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуын Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр және жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілердің қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
12) белгіленген үлгідегі нұсқаманы береді немесе электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою үшін электр энергетикасы объектілерінің басшыларына акт жасайды;
13) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;
14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 қаулысымен бекітілген Біртұтас электр жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларының 6-тармағында көзделген технологиялық бұзушылықтарға тексеруді ұйымдастырады;
15) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;
16) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтың қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
17) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
18) электр станциялары, электр және жылу желілерінің энергетикалық объектілерін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның қызметіне қатысады;
19) заңнамада белгіленген құзыреттер шегінде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысына әзірлігі паспорттарын береді;
20) энергия өндіруші ұйымдардың Инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы келісімді орындауы туралы жылдық есепті ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытындыларды береді;
21) 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық мақсатқа сәйкестігі туралы қорытындыларды береді;
22) тұтынушыларды жүктемені өшірудің арнайы автоматикасына қосу жағдайларын келіседі;
23) қуаты жиырма бес мегаваттқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектіні немесе жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне арналған жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектіні салудың техникалық-экономикалық негіздемесін келіседі;
24) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
25) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
26) электр және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
27) энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
28) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;
29) Комитеттің құзыреті шегінде заңға тәуелді актілерге құқықтық мониторингті жүргізеді.
30) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мыналарды:
Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын;
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, ғимараттар, құрылыстар мен үй-жайлардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуын;
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың электр желілеріндегі энергия тұтыну нормативтері мен қуат коэффициентінің нормативтік мағыналарын сақтауын;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың энергоаудиті мен сараптамасын жүргізуді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың энергоаудитін және (немесе) сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуын, сондай-ақ энергоменеджмент жүйесін құруды, енгізуді және ұйымдастыруды;
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
31) энергия үнемдеу саясатының орындалуын және заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді бақылауды жүзеге асырады.
32) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеуді жүргізеді;
33) аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
34) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19.Төрағанның өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;
2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) Комитетке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;
5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
6-қосымша
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің
Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) туристік қызметі саласындағы іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртанбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көш., 8-үй, 1-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы –
мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» Мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде- государственное учреждение «Комитет индустрии туризма Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. Мiндеттерi:
1) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен, тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
3) туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметтi реттейдi;
4) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен таратады;
5) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;
6) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтайды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
7) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты iске асыруға қатысады;
8) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
9) «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндетiн туроператордың және турагенттiң орындауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
10) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi;
11) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар бередi;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туризм қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Төрағанның өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;
2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) Комитетке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;
5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің
аумақтық органы – тиісті өңіраралық геология және жер қойнауын
пайдалану өңіраралық департаменті туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік геологиялық зерделеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен жер қойнауын мемлекеттік басқару салаларында басшылықті жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің тиісті өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарынамалар мен басқа да құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент ұйымдастырушылық – құқықтық нысандағы мемлекеттік мекемесінің – заңды тұлғасы болып табылатын, мөрі және мемлекетті тілдегі өз атауы көрсетілген штампы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоты бар.
4. Департамент өзінің атынан және Комитет атынан өкілетті болған жағдайда азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрімен келіскеннен кейін, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
8. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің тиісті аймақтың геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаменті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Межрегиональный департамент геологии и недропользования Комитета геологии и недропользования Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан соответствующего региона».
9. Департаменттің заңды мекенжайы:
_____________________________________________________________
10. Департамент құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Департаменттің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже және осы Ереже болып табылады.
11. Департаменттің қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
13. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. Мiндеттерi:
1) мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық шикізаттау базасын ұдейы өндіру жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер исты сулары және емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жер қойнауын, минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi (байытуды) қоса алғанда, ұтымды және кешендi пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттардың (шарттардың) орындалуы жөнiндегi бақылау мен оның мониторингiн жүзеге асырады;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген нұқсанның мөлшерiн айқындайды;
5) жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесiп, жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды;
6) алдағы салынатын құрылыс учаскелерi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытынды бередi;
7) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерiнiң негiзiнде жерасты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырады;
8) жерасты су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларына рұқсаттарды келiседi;
9) бассейндiк схемалардың және су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсер ету нормативтерiнiң негiзiнде жерасты су объектiлерiне арналған су пайдалану лимиттерiн келiседi;
10) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсiпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келiседi;
11) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткiзуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектiлерi арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келiседi;
12) жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, қайта жаңартуға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар бередi;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Департаменттің қызметiн ұйымдастыру
17. Департаменттің басшылығы Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Департаментінің басшысы:
1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;
2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) Департаменттке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;
5) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Департаментінің басшысы болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Департаментінің басшысы өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Департаменттің мүлкі
22. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
23. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің
аумақтық органы – тиісті облыстар, Астана, Алматы қалалары
бойынша департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014.10.17 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
9-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау
комитетінің аумақтық органы – тиісті облыстар, Астана, Алматы
қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тиісті облыстар Астана, Алматы қалалары, бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарынамалар мен басқа да құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент ұйымдастырушылық – құқықтық нысандағы мемлекеттік мекемесінің – заңды тұлғасы болып табылатын, мөрі және мемлекетті тілдегі өз атауы көрсетілген штампы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоты бар
4. Департамент өзінің атынан және Комитет атынан өкілетті болған жағдайда азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрімен келіскеннен кейін, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
8. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана, Алматы қалалары, тиісті облыстар бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан по соответствующей области, городов Астаны, Алматы».
9. Департаменттің заңды мекенжайы:
_______________________________________________________________
10. Департамент құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Департаменттің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже және осы Ереже болып табылады.
11. Департаменттің қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
13. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. Мiндеттерi:
1) электр энергетикасы, энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
3) мыналарды:
электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарт талаптарының сақталуын;
өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының сақталуын;
электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;
электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мыналарды:
Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын;
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, ғимараттар, құрылыстар мен үй-жайлардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуын;
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың электр желілеріндегі энергия тұтыну нормативтері мен қуат коэффициентінің нормативтік мағыналарын сақтауын;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың энергоаудиті мен сараптамасын жүргізуді;
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) энергия үнемдеу саясатының орындалуын және заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді бақылауды жүзеге асырады;
6) энергия өндіруші ұйымдардың заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасу, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау және уәкілетті органға олардың орындалуы туралы есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуын Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр және жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілердің қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 қаулысымен бекітілген Біртұтас электр жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларының 6-тармағында көзделген технологиялық бұзушылықтарға тексеруді ұйымдастырады;
15) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;
16) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтың қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
17) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
18) электр станциялары, электр және жылу желілерінің энергетикалық объектілерін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның қызметіне қатысады.
19) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электр қондырғыларының электр желілеріне қосылуға рұқсат береді;
20) заңнамада белгіленген құзыреттер шегінде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысына әзірлігі паспорттарын береді;
22) 110 кВ және одан төмен және 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық мақсатқа сәйкестігі туралы қорытындыларды береді;
23) тұтынушыларды жүктемені өшірудің арнайы автоматикасына қосу жағдайларын келіседі;
24) қуаты жиырма бес мегаваттқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектіні немесе жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне арналған жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектіні салудың техникалық-экономикалық негіздемесін келіседі;
25) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
26) электр және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
27) электрлік зертханаларды аккредиттеуді жүзеге асырады.
28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Департаменттің қызметiн ұйымдастыру
17. Департаменттің басшылығы Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Департаментінің басшысының өкілеттіліктері:
1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;
2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;
3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) Департаментке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;
5) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Департаментінің басшысы болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Департаментінің басшысы өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Департаменттің мүлкі
22. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
23. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
10-қосымша
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық
департаменті-
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» аумақтық
органы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің (бұдан әрі- Комитет) аумақтық органы болып «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - АЭА) қызметін қамтамасыз ету функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік органы (бұдан әрі - АЭА) табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарынамалар мен басқа да құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент ұйымдастырушылық – құқықтық нысандағы мемлекеттік мекемесінің – заңды тұлғасы болып табылатын, мөрі және мемлекетті тілдегі өз атауы көрсетілген штампы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоты бар
4. Департамент өзінің атынан және Комитет атынан өкілетті болған жағдайда азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрімен келіскеннен кейін, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
8. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде- «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде- государственное учреждение «Территориальный департамент Комитета индустрии туризма Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан - Администрация специальной экономической зоны «Бурабай».
9. Департаменттің заңды мекенжайы: 021708, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 45 б үй.
10. Департаменттің құрылтайшысы – Комитет атынан мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережесі және осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаттары болып табылады.
11. Департаменттің қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
13. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. Мiндеттерi:
1) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жер учаскелерін екінші рет уақытша өтеуді жерді пайдалануға береді және қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар мен арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) береді;
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
3) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасайды және бұзады;
4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізеді;
5) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мәселелер бойынша мемлкеттік органдармен өзара іс-әрекеттеседі;
6) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға ұсынады;
7) инфрақұрылым объектілерін салу үшін және арнайы экономикалық аймақтың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тартады;
8) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына жерді екінші рет уақытша өтеулі пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады;
9) арнайы экономикалық аймаққа мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуларын ұйымдастыру арқылы «бір терезе» қағидатын іске асыруді қамтамасыз етеді;
10) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растайды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Респбуликасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.