Кастодиандық үлгі шарттар нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 маусымда № 9487 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) қоса беріліп отырған Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартының нысаны;
      2) қоса беріліп отырған Кастодиан банк пен арнайы қаржы компаниясының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартының нысаны бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 23 сәуірдегі 
№ 67 қаулысымен     
бекітілді        

                                                                Нысан

Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ
инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын
кастодиандық үлгі шарты

20 ___ жылғы «___» ___________          _____________________________
                                              (елді мекен атауы)

      Осы Кастодиандық шарт (бұдан әрі – Шарт) мынадай тараптардың арасында жасалды:
      Арнайы қаржы компаниясы
____________________________________________________________________,
(компанияның атауы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлігінің нөмірі және күні),
бұдан әрі «Компания» деп аталады, жарғы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын
_____________________________________________________________ арқылы,
(лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты),
Инвестициялық портфельді басқарушы
____________________________________________________________________,
(Инвестициялық портфельді басқарушының атауы, лицензиясының нөмірі мен берілген күні)
      бұдан әрі «Басқарушы» деп аталады, жарғы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын
_____________________________________________________________ арқылы,
            (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
      Кастодиан банк
____________________________________________________________________,
(банктің атауы, лицензияның нөмірі, берілген күні)
      бұдан әрі «Кастодиан» деп аталады, жарғы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын
_____________________________________________________________ арқылы.
(лауазымы, тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

1. Шарттың мәні

      1. Кастодиандағы банктік және баланстан тыс шоттарында Компанияның бөлінген активтерін жауапты сақтау және есепке алу жөніндегі қызметтерді көрсету шарттың мәні болып табылады.
      2. Компания ақшалай талап етуді ала отырып, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару жолымен қаржыландыруды, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялауды жүзеге асырады. Осы функцияларды жүзеге асыру үшін Компания Кастодианда банктік және баланстан тыс шоттар ашады.
      3. Басқарушы Кастодиандағы Компанияның тиісті банктік және баланстан тыс шоттарындағы Компанияның бөлінген активтері бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттың талаптарына сәйкес инвестициялауды жүзеге асырады.
      4. Компания тапсырады, ал Кастодиан, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, осы Шартқа сәйкес өзіне сеніп тапсырылған Компанияның бөлінген активтерін сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді және олардың мақсатты орналастыруын бақылауды жүзеге асырады.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Кастодиан:
      1) Компанияға осы Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгедегі инвестицияларға арналған банктік инвестициялық шот (бұдан әрі – теңгедегі банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;
      2) Компанияға осы Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасындағы инвестицияларға арналған банктік инвестициялық шот (бұдан әрі – шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;
      3) Компанияға осы Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде бағалы қағаздарды және бөлінген активтер есебінен инвестициялауға рұқсат етілген басқа да қаржы құралдарды есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шоттарды (бұдан әрі – қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттар) ашуға және жүргізуге;
      4) операциялық күн ішінде банктік инвестициялық шотқа Компанияның бөлінген активтері бойынша түсімдерді теңгемен және (немесе) шетел валютасында есепке алуға;
      5) Басқарушыға және Компанияға келесі операциялық күнінің сағат _____ кешіктірмей операция түрі бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламалар беруге;
      6) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялаған кезде Басқарушының теңгедегі банктік инвестициялық шотынан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан қарсы агенттердің ұлттық және шетел валютасындағы тиісті шоттарына ақша аударымы жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға және қаржы құралдарын есепке алу шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығаруды (есепке алуды), сондай-ақ ақшаны банк салымдарына (салымдарынан) орналастыруды (қайтаруды) жүргізуге;
      7) Компания қамтамасыз етуі ретінде бөлінген активтер болып табылатын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерін іске асыруы үшін, Компанияның ақшаны Компанияның банктік инвестициялық шотынан банктік шотына есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;
      8) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялаған кезде пайда болған Басқарушының шығыстарын өтеу үшін, Басқарушының, Кастодианның және Компанияның арасындағы салыстырып тексерудің үш жақты актісінің негізінде Компанияның немесе Басқарушының банктік инвестициялық шотынан банктік шотына ақша аудару бойынша Компанияның (немесе Басқарушының) төлем тапсырмаларын орындауға;
      9) бағалы қағаздарды қаржы құралдарын есепке алу шоттарына (шоттарынан) есепке алу (есептен шығару) туралы Басқарушыны және Компанияны бағалы қағаздарды есепке алған (есептен шығарған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
      10) бөлінген активтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      11) бөлінген активтердің қозғалысымен байланысты операцияларды күн сайын есепке алуды қамтамасыз етуге;
      12) бөлінген активтер бойынша есептілікті, сондай-ақ бөлінген активтерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауға міндетті. Компанияның талап ету құқықтарын иеленгенін растайтын бастапқы құжаттарды Кастодиан олар бойынша талаптарды орындау сәтінен бастап бес жыл бойы сақтайды.
      13) Басқарушыға және Компанияға бағалы қағаздар эмитентінен келіп түскен ақпаратты Кастодианға ақпарат келіп түскен күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей беруге;
      14) Кастодиан, Басқарушы және Компания жүзеге асыратын бөлінген активтерді есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде номиналды ұстаушының қызметтерін көрсетуге;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Компанияның банктік инвестициялық шоттары және қаржы құралдарын есепке алу шоттары туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
      17) тұрақты түрде осы Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді салыстырып тексеруді жүргізуге;
      18) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан Басқарушының лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Басқарушының лицензиясы қолданылуының қайта басталуы туралы ресми хабарламасын алу сәтіне дейін Басқарушының теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттарынан ақша аудару және қаржы құралдарын есепке алу шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару туралы бұйрықтарын орындамауға;
      19) Компаниядан Басқарушыға Компания мен Басқарушы арасындағы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттың қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуі туралы хабарламаны алған сәттен бастап Компанияның жазбаша тапсырмаларына сәйкес іс-қимыл жасауға;
      20) Басқарушыны және Компанияны өзінің кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе Кастодианның бөлінген активтерді сақтау және есепке алу құқықтарын өзгертуге әкелетін басқада жағдайлар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ресми шешімін алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;
      21) Компанияның және Басқарушының жазбаша сұратуларына _____ жұмыс күн ішінде жауап беруге;
      22) қаржы құралдары бойынша кірістердің келіп түсуін бақылауды жүзеге асыруға;
      23) қаржы құралдары бойынша алынған кірістерді Кастодианның корреспонденттік шотына келіп түскен күні Компанияның банктік инвестициялық шоттарына есепке алуға;
      24) Басқарушының тапсырмаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Компанияны дереу хабардар ете отырып, оларды орындамауға міндетті. Басқарушының тапсырмалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы уәкілетті органды және Компанияны дереу хабардар ете отырып, тоқтатуға (орындамауға) міндетті.
      6. Кастодиан:
      1) Компаниядан және Басқарушыдан осы Шарттың 20 және 21-тармақтарына сәйкес өзінің қызметтері үшін ай сайын ақы алуға;
      2) осы Шарттың 10-тарауында көзделген талаптар бойынша және тәртіппен осы Шартты бұзуға;
      3) Компания мен Басқарушының арасындағы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес Компанияға және Басқарушыға Кастодианның номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша, бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдермен мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарды жүргізу бойынша шығыстарын өтеуге шот-фактура ұсынуға;
      4) теңгедегі немесе шетел валютасындағы инвестициялық шоттардан, аталған шоттарда ағымдағы түсімдерді есепке алғанда осындай төлем тапсырмаларын орындау үшін жеткілікті сомалар болмаған кезде, сомаларды есептен шығару жөніндегі Басқарушының және Компанияның төлем тапсырмаларын орындамауға;
      5) Компанияны және Басқарушыны _______ жұмыс күні бұрын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге;
      6) Кастодиан халықаралық нарықтарда бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдермен жасалған мәмілелер бойынша шеккен, Компанияның, Кастодианның және Басқарушының арасында жасалған үш жақты салыстырып тексеру актісімен расталатын шығыстары сомаларын теңгедегі және (немесе) шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан акцептсіз есептен шығаруға құқылы.
      7. Компания:
      1) бөлінген активтерді есепке алу мен бағалаудың Басқарушымен және Кастодианмен сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      2) Кастодианға Басқарушы мен Компанияның арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарттың көшірмесін, сондай-ақ оған барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмесін ұсынуға;
      3) Кастодианға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының, акциялар шығарылымы проспектісінің және акциялар шығарылымын бекіту туралы есептің (Компания акционерлік қоғам нысанында тіркелген жағдайда) көшірмелерін, сондай-ақ аталған құжаттарға барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмелерін беруге;
      4) Компания шығарған, қамтамасыз етуі бөлінген активтер болып табылатын облигациялар бойынша міндеттемелерді өтеу күні, бір мезгілде Басқарушыны хабардар ете отырып, Кастодианға Компанияның шығарылған облигациялар бойынша өз міндеттемелерін іске асыруы үшін, оның банктік инвестициялық шотынан банктік ағымдағы шотына ақшаны есептен шығару бойынша тапсырма жіберуге;
      5) Кастодианға және Басқарушыға (егер Кастодианға төлем құжаттарын жіберу міндеті Компания мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес Басқарушыға жүктелсе) Компанияның банктік инвестициялық шотынан банктік шотына ақша аудару жөніндегі өкімді жіберуге, сондай-ақ Кастодианға Компанияның банктік инвестициялық шотынан банктік шотына ақша аударуға төлем құжаттарын жіберуге;
      6) егер осындай міндет Компания мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартта көзделсе, Кастодиан ұсынған және осы Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды шотты алған күннен бастап _______ жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;
      7) Кастодианды және Басқарушыны уәкілетті орган тарапынан Компанияға салынған барлық санкциялар туралы, немесе Компанияның қызметін жүзеге асыру құқығын өзгертуге әкелетін өзге де жағдайлар туралы тиісті мемлекеттік органның шешімін алған күні хабардар етуге;
      8) Кастодианға Шарттың 5-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шоттарды ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттар топтамасын беруге;
      9) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекенжайлардың, телефондардың өзгеруі) Кастодианға тиісті құжаттарды екі жұмыс күн ішінде бере отырып, өзгерістер басталған күні жазбаша хабардар етуге;
      10) Компанияның болжанатын таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы Кастодианға және Басқарушыға кем дегенде екі ай бұрын жазбаша нысанда хабарлауға;
      11) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарсы салыстырып тексеруді тұрақты түрде жүргізуге міндетті.
      8. Компания:
      1) Шарттың 10-тармағында көзделген талаптар бойынша және тәртіппен Шартты бұзуға;
      2) Кастодианнан және Басқарушыдан осы Шарттың 9-тармағында көзделген тәртіппен Басқарушы жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат алуға құқылы.
      9. Басқарушы:
      1) Басқарушы бағалы қағаздар нарығында брокердің қызметін көрсету жөніндегі шартты жасаған, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі – брокер-дилер) деректемелерін шарт жасалған күні Кастодианға хабарлауға;
      2) осы Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді салыстырып тексеруді тұрақты түрде жүргізуге;
      3) Кастодианға және Компанияға инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензияның көшірмесін, Басқарушының атынан Кастодианның жазбаша тапсырмаларына қол қою өкілеттіктері бар Басқарушының басшы қызметкерлерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілерінің карточкасын беруге;
      4) Кастодианға және Компанияға жазбаша нысанда кем дегенде екі ай бұрын Басқарушыны болжанатын тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялауды жүзеге асыруға және көрсетілген деректемелер бойынша ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды қаржы құралдарын есепке алу шоттарына (шоттарынан) есепке алу (есептен шығару) және ақшаны банктік салымдарға (салымдардан) орналастыру (қайтару) бойынша бұйрықтарды Кастодианға жіберуге;
      6) бір мезгілде бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді пайдалана отырып, мәмілелер жасауға тапсырыстардың түпнұсқаларын брокер-дилерге бере отырып, осындай тапсырыстардың көшірмелерін (ақы төлеуге сенімхат, ақша аударуға өкімді) және Кастодианның операциялық күні шегінде қаржы құралдарын есепке алу шотына (шотынан) бағалы қағаздарды есепке алуға (есептен шығаруға) арналған бұйрықтарды Кастодианға жіберуге, сонымен Кастодианның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысуын және мәмілелердің орындалуын және бөлінген активтердің мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
      7) Басқарушының брокер-дилер ретінде бағалы қағаздарды сатып алу – сату мәмілелеріне дербес қатысуы жағдайында – сауда-саттыққа қатысу және оның нәтижелері туралы Кастодианды бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесін жасау күні хабардар етуге;
      8) мәмілелер жасалған күннен кейінгі жұмыс күні бөлінген активтер бойынша уақытқа бос түсімдермен жасалған мәмілелер туралы есепті Компанияға ұсынуға;
      9) ай сайын ағымдағы операциялық күні сағат _______ дейін Компанияға және Кастодианға:
      алынған инвестициялық кіріс сомасы туралы;
      есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпаратты беруге;
      10) Кастодианға және Компанияға екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым туралы шарттардың көшірмелерін олар жасалған күні беруге;
      11) Кастодиан Компанияға осы Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынған шот-фактураларды шотты ұсынған күнінен бастап операциялық _______ күннен кешіктірмейтін мерзімде төлеуге;
      12) бөлінген активтердің есепке алынуының және бағалауының Компаниямен және Кастодианмен сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      13) өзінің инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) және Басқарушының бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялауға құқықтарын өзгертуге әкелетін басқа да жағдайлар туралы Кастодианды және Компанияны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу,бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның шешімін алған күні хабардар етуге;
      14) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекенжайлардың, телефондардың, сәйкестендіру нөмірінің өзгеруі) Кастодианға тиісті құжаттарды екі жұмыс күн ішінде бере отырып, өзгерістер басталған күні жазбаша хабардар етуге;
      15) Басқарушының, Компанияның және Кастодианның арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісінің негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау кезінде пайда болған шығыстардың өтеу төлемдерін алуға міндетті.
      10. Басқарушы:
      1) осы Шарттың 10-тарауында көзделген талаптар бойынша және тәртіпте осы Шартты бұзуға;
      2) Компания мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес қызметтер үшін ақы алуға құқылы.

3. Теңгедегі банктік инвестициялық шоттың режимі

      11. Теңгедегі банктік инвестициялық шот бөлінген активтер бойынша түсімдерді, бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау, бағалы қағаздарды өтеу, екінші деңгейдегі банктерде ұлттық валютада орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды алу және салымдарға салу, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын сату нәтижесінде қаржы құралдар бойынша пайда болған кірістерді, және басқа да түсімдер мен шығыстарды есепке алуға арналған.
      12. Шартқа сәйкес теңгедегі банктік инвестициялық шотты басқару құқығы Басқарушыға, жекелеген жағдайларда – олардың арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес Компанияға тиесілі.
      13. Банктік инвестициялық шоттағы ақша Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл объектісі, Басқарушы немесе Компания кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болмайды.

4. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі

      14. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот талап ету құқықтарының өткізілуі шетел валютасында жүргізілетін бөлінген активтер бойынша түсімдерді, шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдері есебінен шетел валютасын сатып алуды, шетел валютасын сатуды, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кірістің түсімін, бағалы қағаздарды өтеуді, екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасында орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды салымдарға орналастыруды және алуды және шетел валютасындағы басқа да түсімдер мен шығыстарды есепке алу үшін арналған.
      15. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотты басқару құқығы Басқарушыға тиесілі.
      16. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттағы ақша Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл объектісі, Басқарушы немесе Компания кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болмайды.

5. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі

      17. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шот бағалы қағаздарды және бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдердің есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған Компанияның баланстан тыс шоты болып табылады.
      18. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шотты басқару құқығы Басқарушыға тиесілі.
      19. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттағы қаржы құралдары кепіл объектісі, Басқарушы немесе Компания кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болмайды.

6. Кастодианның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері және тәртібі

      20. Компания және Басқарушы Кастодианның шоттарын Шартқа және Компания мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес төлейді.
      21. Кастодианның тарифтері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.

7. Есептіліктің нысандары және мерзімділігі

      22. Теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттарда ақша қозғалысына қарай, Кастодиан Басқарушыға операция түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны және Компанияға – көрсетілген хабарламаны және оған үзінді көшірмелерді береді.
      23. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу шотына (шотынан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді көшірмені, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының үзінді көшірмелерін Басқарушыға және Компанияға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      24. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде
      1) қаржы құралдарының құрылымы;
      2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы;
      3) қаржы құралдарының сатып алу құны;
      4) Компанияның активтері есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;
      5) есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы;
      6) Компанияның талап ету құқығын сатып алуын растайтын құжаттама;
      7) Кастодианның комиссиялық ақы сомасы туралы деректерді электрондық түрде қалыптастырады және салыстырып тексеру үшін Басқарушыға және Компанияға жібереді.
      25. Шарттың 24-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған Кастодианның, Басқарушының және Компанияның уәкілетті өкілдері есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюы тиіс.
      26. Бөлінген активтерге қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар пайда болған кезде, Кастодиан, Басқарушы және Компания осындай шығындар бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      27. Кастодиан Басқарушының немесе Компанияның, олар Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған тарапқа, төлеу күнін қоса алғанда әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасалған күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің _____ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
      28. Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасында және 9-тармағының  11) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда, Компания және (немесе) Басқарушы Кастодианға Компания мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес, төлеу күнін қоса алғанда, әрбір мерзімі өткен күніне төленбеген сомаға есептелетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
      29. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау, дұрыс орындамау немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға зиян келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде осы тарапқа немесе тараптарға зиянды өтеуге және әр тараптың зиян сомасына жеке есептелетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің _____ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
      30. Егер тұрақсыздық айыбының пайда болу негіздемелері Шарттың 9-тарауында көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайларына тікелей байланысты болса, тараптар Шарттың 2728 және 29-тармақтарында көрсетілген тұрақсыздық айыбын төлеуден босатылады.
      31. Басқарушы Кастодианға Қазақстан Республикасының бастапқы, қайталама бағалы қағаздар нарығында және халықаралық нарықтарында жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысу бойынша төлем тапсырмаларын уақтылы бермегені үшін жауапкершілік атқарады.

9. Төтенше жағдайлар

      32. Егер қандай да бір тарапқа Шарттың 33-тармағында көрсетілген Төтенше жағдайлар Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасайтын, кешіктіретін жағдайда, осы тараптың Шарт бойынша міндеттемелерін орындау Төтенше жағдайлар созылатын уақытқа мөлшерлес және олар жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасаған немесе кешіктірген деңгейде тоқтатыла тұрады.
      33. Төтенше жағдайлар, мыналарды қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмейтін кез келген жағдайларды: өртті, су тасқынын, жер сілкінісін, соғысты (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдарды, уәкілетті органдардың қаулыларын, шешімдерін және жә өзге де актілерін білдіреді.
      34. Төтенше жағдай туындаған күні Шарт бойынша міндеттемелерін орындауда кедергілер болған тарап басқа тараптарды Төтенше жағдайдың басталғаны және өзінің осындай міндеттемелерді орындауына Төтенше жағдайлардың әсер ететіні туралы жазбаша хабардар етуге тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Төтенше жағдай туралы хабарлама жасамаса, осындай тарап, Төтенше жағдайдың салдарынан басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайларды қоспағанда, Шарттың 35-тармағында ескертілген құқықты жоғалтады.
      35. Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде оған ұшыраған тарап басқа тараптарды Төтенше жағдайлардың тоқтағаны туралы жазбаша хабардар етіп, Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыру тиіс. Егер Төтенше жағдай басталғаннан кейін бір айдан астам мерзімге созылса, кез келген тарап Шарттың қолданылуын Шарттың 10-тарауына сәйкес тоқтатуға құқылы.

10. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу тәртібі

      36. Шарт оған тараптар қол қойған сәттен бастап жасалды деп саналады және мерзімсіз қолданыста болады.
      37. Шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар, осы Шарт мынадай жағдайлардың бірінде бұзылуы мүмкін:
      1) Компанияның атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде;
      2) Басқарушының талабы бойынша;
      3) Кастодианның шешімі бойынша;
      4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген Кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде.
      38. Шартты бұзудың бастамашысы Шартты бұзу белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын Шарттың тараптарын хабардар етуге міндетті.
      39. Компания активтерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Кастодианға беру рәсімі аяқталғаннан кейін Шарт бұзылды деп саналады.
      40. Шарт Кастодианның бастамасы бойынша бұзылған кезде, ол Шарт бойынша өз міндеттемелерін Компания мен Басқарушы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар басқа банкпен кастодиандық шартқа қол қою сәтіне дейін орындауға міндетті.

11. Басқа да талаптар

      41. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.
      42. Шарт әр тарапқа бір данадан, заңдық күші бірдей, мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалды.
      43. Шарттың талаптары тараптардың арасында жеке немесе бірге жасалған кез келген өзге шарттың немесе келісімнің талаптарына қайшы келетін болса, Шарттың ережелері басым болып табылады және тараптар бірінші кезекте Шарттың ережелерін басшылыққа алатын болады.
      44. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімі бойынша, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдерге қол қою арқылы енгізіледі.
      45. Шарт бойынша тараптардың реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары өз құзыретіне сәйкес қарайды.
      46. Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша өзінің құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.

12. Тараптардың деректемелері және қолдары

Компания

Басқарушы

_________________________________
_________________________________
_________________________________

_________________________________
_________________________________
_________________________________

(Компанияның деректемелері, бизнес – сәйкестендіру нөмірі, почталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

(Басқарушының деректемелері, бизнес – сәйкестендіру нөмірі, телефондары, почталық мекенжайы, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

__________________________________
(Компания өкілінің лауазымы, қолы)
мөр орны

________________________________
(Басқарушы өкілінің лауазымы, қолы)
мөр орны

      Кастодиан
_______________________________________________
_______________________________________________
(Кастодианның деректемелері, почталық мекенжайы,
телефондары, банктік сәйкестендіру коды,
жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)
______________________________________________
(Кастодиан өкілінің лауазымы, қолы)
мөр орны

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 23 сәуірдегі 
№ 67 қаулысымен     
бекітілді        

                                                                Нысан

Кастодиан банк және
арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын
кастодиандық үлгі шарт

20__ жылғы «___» _________      _____________________________________
                                        (елді мекеннің атауы)

      Осы Кастодиандық шарт (бұдан әрі – Шарт) мынадай тараптардың арасында жасалды:
      Арнайы қаржы компаниясы
____________________________________________________________________,
      (компанияның атауы, заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркеу
      куәлігінің немесе анықтамасының нөмірі және күні)
бұдан әрі «Компания» деп аталады, жарғы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
_____________________________________________________________ арқылы,
            (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
      Кастодиан Банк
____________________________________________________________________,
          (банктің атауы, лицензияның нөмірі, берілген күні)
      бұдан әрі «Кастодиан» деп аталады, жарғы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
_____________________________________________________________ арқылы.
      (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

1. Шарттың мәні

      1. Кастодиандағы банктік және баланстан тыс шоттарында Компанияның бөлінген активтерін, сондай-ақ олар бойынша түсімдерді жауапты сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті ұсыну Шарттың мәні болып табылады.
      2. Компания ақшалай талап етуді ала отырып, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы қаржыландыруды жүзеге асырады. Осы функцияларды жүзеге асыру үшін Компания Кастодианда банктік және баланстан тыс шоттар ашады.
      3. Компания тапсырады, ал Кастодиан Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтай отырып, Шартқа сәйкес Компанияның өзіне сеніп тапсырылған активтерінің сақталуын және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді және олардың мақсатқа орай орналастырылуына бақылау жасайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Кастодиан:
      1) Компанияға Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде бөлінген активтерді, сондай-ақ олар бойынша түсімдерді теңгеде сақтауға және есепке алуға арналған банктік инвестициялық шот (бұдан әрі – бөлінген активтерді теңгеде сақтауға және есепке алуға арналған банктік шот) ашуға және жүргізуге;
      2) Компанияға Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде бөлінген активтерді, сондай-ақ олар бойынша түсімдерді сақтауға және есепке алуға арналған банктік шот (бұдан әрі – бөлінген активтерді шетел валютасында сақтауға және жүргізуге арналған банктік шот) ашуға және жүргізуге;
      3) Компанияға Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде бағалы қағаздарды есепке алуға және сақтауға арналған баланстан тыс шоттарды (бұдан әрі - қаржы құралдарын есепке алуға арналған шот) ашуға және жүргізуге;
      4) Компанияның бөлінген активтері бойынша түсімдерін операциялық күн ішінде бөлінген активтерді теңгеде және (немесе) шетел валютасында сақтауға және есепке алуға арналған банктік шоттарға есепке алуға;
      5) Компанияға келесі операциялық күні сағат______ кешіктірмей операциялар түрлері бойынша бөлінген активтерді теңгеде және шетел валютасында сақтауға және есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны ұсынуға;
      6) бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға арналған банктік шотынан Компанияның банктік шотына, оның қамтамасыз етуі ретінде бөлінген активтер болатын шығарылған болигациялар бойынша міндеттемелерін іске асыруы үшін ақша аудару жөніндегі Компанияның төлем тапсырмаларын орындауға;
      7) бөлінген активтерді теңгеде сақтауға және есепке алуға арналған банктік шоттан Компанияның банктік шотына Компанияның шығыстарын өтеу үшін ақша аудару жөніндегі Компанияның төлем тапсырмаларын орындауға;
      8) бөлінген активтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      9) бөлінген активтердің қозғалысына байланысты операцияларды күн сайын есепке алуын қамтамасыз етуге;
      10) бөлінген активтер бойынша есептілікті, сондай-ақ бөлінген активтерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауға міндетті. Компанияның талап ету құқықтарын иеленуін растайтын бастапқы құжаттарды Кастодиан олар бойынша талаптарды орындау сәтінен бастап бес жыл бойы сақтайды;
      11) Кастодиан мен Компания жүзеге асыратын бөлінген активтерді есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Компанияның бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға арналған банктік шоттары және қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттары туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
      13) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарсы салыстырып тексеруін тұрақты түрде жүргізуге;
      14) Компанияны өзінің кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе Кастодианның бөлінген активтерді сақтау және есепке алу құқықтарын өзгертуге әкелетін басқада жағдайлар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттей, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ресми шешімін алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;
      15) Компанияның жазбаша сұратуларына _____ жұмыс күн ішінде жауап беруге;
      16) Компанияның тапсырмаларын, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлама бере отырып, тоқтатуға (орындамауға) міндетті.
      5. Кастодиан:
      1) Шарттың 14 және 15-тармақтарына сәйкес Компаниядан өзінің көрсеткен қызметтері үшін ай сайын ақы алуға;
      2) Шарттың 10-тарауында көзделген талаптармен және тәртіппен Шартты бұзуға;
      3) бөлінген активтерді теңгеде немесе шетел валютасында сақтауға және есепке алуға арналған шоттардан, аталған шоттарда ағымдағы түсімдерді есепке алғанда осындай төлем тапсырмаларын орындау үшін жеткілікті сомалар болмаған кезде, сомаларды есептен шығару жөніндегі Компанияның төлем тапсырмаларын орындамауға;
      4) Компанияны _______ жұмыс күні бұрын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге міндетті.
      6. Компания:
      1) бөлінген активтерді есепке алу мен бағалаудың Кастодианмен сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      2) Кастодианға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының, акциялар шығарылымы проспектісінің және акциялар шығарылымын бекіту туралы есептің (Компания акционерлік қоғам нысанында тіркелген жағдайда) көшірмелерін, сондай-ақ аталған құжаттарға барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмелерін беруге;
      3) Компания шығарған, қамтамасыз етуі бөлінген активтер болып табылатын облигациялар бойынша міндеттемелерді өтеу күні Кастодианға Компанияның шығарылған облигациялар бойынша өз міндеттемелерін іске асыруы үшін, оның бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға арналған банктік шотынан банктік шотына ақшаны есептен шығару бойынша тапсырма жіберуге;
      4) Кастодианға Компанияның бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға арналған банктік шотынан банктік шотына ақша аудару үшін төлем құжаттарын жіберуге;
      5) Кастодианды уәкілетті органдардың тарапынан Компанияға салынған барлық санкциялар туралы, немесе Компанияның қызметін жүзеге асыру құқығын өзгертуге әкелетін өзге де жағдайлар туралы тиісті мемлекеттік органның шешімін алған күні хабардар етуге;
      6) Кастодианға Шарттың 4-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шоттарды ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттар топтамасын беруге;
      7) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекенжайлардың, телефондардың сәйкестендіру нөмірлерінің өзгеруі) Кастодианға тиісті құжаттарды екі жұмыс күн ішінде бере отырып, өзгерістер басталған күні жазбаша хабардар етуге;
      8) Кастодианға Компанияның болжанатын таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы кем дегенде екі ай бұрын жазбаша нысанда хабарлауға;
      9) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарсы салыстырып тексеруді тұрақты түрде жүргізуге міндетті.
      7. Компания:
      1) Шарттың 10-тармағында көзделген талаптар бойынша және тәртіппен Шартты бұзуға;
      2) Кастодианнан бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға қатысты ақпарат алуға құқылы.

3. Бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға арналған
банктік шоттың режимі

      8. Бөлінген активтерді теңгеде сақтауға және есепке алуға арналған банктік шот бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ теңгедегі бөлінген активтер бойынша түсімдерді және басқа да түсімдер мен шығыстарды есепке алуға арналған.
      9. Бөлінген активтерді теңгеде сақтауға және есепке алуға арналған банктік шоттағы ақша кепіл объектісі, Компания кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болмайды.

4. Бөлінген активтерді шетел валютасында сақтауға және есепке
алуға арналған банктік шоттың режимі

      10. Бөлінген активтерді шетел валютасында сақтауға және есепке алуға арналған шот бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ талап ету құқықтарының өткізілуі шетел валютасында жүргізілетін бөлінген активтер бойынша түсімдерді, шетел валютасын сатып алуды, шетел валютасындағы басқа да түсімдер мен шығыстарды есепке алуға арналған.
      11. Бөлінген активтерді шетел валютасында сақтауға және есепке алуға арналған шоттағы ақша кепіл объектісі, Компания кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болмайды.

5. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі

      12. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шот Компания шығарған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған Компанияның баланстан тыс шоты болып табылады.
      13. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттағы қаржы құралдары кепіл объектісі, Компания кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болмайды.

6. Кастодианның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері және тәртібі

      14. Компания Кастодианның шоттарын Шартқа сәйкес төлейді.
      15. Кастодианның тарифтері Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.

7. Есептіліктің нысандары және мерзімділігі

      16. Теңгедегі және шетел валютасындағы бөлінген активтерді сақтауға және есепке алуға арналған банктік шоттарда ақша қозғалысына қарай, Кастодиан Компанияға операция түрлері бойынша көрсетілген шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны және оған үзінді көшірмелерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде бөлінген активтерді теңгеде және шетел валютасында сақтауға және есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы деректерді салыстырып тексеру үшін Компанияға жібереді.
      Салыстырып тексеру екі жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған Кастодиан мен Компанияның уәкілетті өкілдері есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды

8. Тараптардың жауапкершілігі

      17. Кастодиан Компанияның Шарттың талаптарына сәйкес жіберілген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан төлеу күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасалған күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің _____ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
      18. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе уақтылы орындамауы нәтижесінде басқа тарапқа зиян келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде сол тарапқа зиянды өтеуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем күніне белгілеген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің ________ мөлшерінде зиян сомасына есептелетін тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
      19. Егер тұрақсыздық айыбының пайда болу негіздемелері Шарттың 9-тарауында көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайларына тікелей байланысты болса, тараптар Шарттың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген тұрақсыздық айыбын төлеуден босатылады.
      20. Компания Кастодианға Қазақстан Республикасының бастапқы, қайталама бағалы қағаздар нарығында және халықаралық нарықтарында жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысу бойынша төлем тапсырмаларын уақтылы бермегені үшін жауапкершілік атқарады.

9. Төтенше жағдайлар

      21. Егер қандай да бір тарапқа Шарттың 22-тармағында көрсетілген Төтенше жағдайлар Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасайтын, кешіктіретін жағдайда, осы тараптың Шарт бойынша міндеттемелерін орындау Төтенше жағдайлар созылатын уақытқа мөлшерлес және олар жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасаған немесе кешіктірген деңгейде тоқтатыла тұрады.
      22. Төтенше жағдайлар, мыналарды қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмейтін кез келген жағдайларды: өртті, су тасқынын, жер сілкінісін, соғысты (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдарды, уәкілетті органдардың қаулыларын, шешімдерін және жә өзге де актілерін білдіреді
      23. Төтенше жағдай туындаған күні Шарт бойынша міндеттемелерін орындауда кедергілер болған тарап басқа тараптарды Төтенше жағдайдың басталғаны және өзінің осындай міндеттемелерді орындауына Төтенше жағдайлардың әсер ететіні туралы жазбаша хабардар етуге тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Төтенше жағдай туралы хабарлама жасамаса, осындай тарап, Төтенше жағдайдың салдарынан басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайларды қоспағанда, Шарттың 24-тармағында ескертілген құқықты жоғалтады.
      24. Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде оған ұшыраған тарап басқа тараптарды Төтенше жағдайлардың тоқтағаны туралы жазбаша хабардар етіп, Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыру тиіс. Егер Төтенше жағдай басталғаннан кейін бір айдан астам мерзімге созылса, кез келген тарап Шарттың қолданылуын Шарттың 10-тарауына сәйкес тоқтатуға құқылы.

10. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу тәртібі

      25. Шарт оған тараптар қол қойған сәттен бастап жасалды деп саналады және мерзімсіз қолданыста болады.
      26. Шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар, осы Шарт мынадай жағдайлардың бірінде бұзылуы мүмкін:
      1) Компанияның атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде;
      2) Кастодианның шешімі бойынша;
      3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген Кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде.
      27. Шартты бұзудың бастамашысы Шартты бұзу белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын Шарттың тараптарын хабардар етуге міндетті.
      28. Компания активтерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жаңа Кастодианға беру рәсімі аяқталғаннан кейін Шарт бұзылды деп саналады.
      29. Шарт Кастодианның бастамасы бойынша бұзылған кезде, ол Шарт бойынша өз міндеттемелерін Компанияның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар басқа банкпен кастодиандық шартқа қол қою сәтіне дейін орындауға міндетті.

11. Басқа да талаптар

      30. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.
      31. Шарт әр тарапқа бір данадан, заңдық күші бірдей, мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
      32. Шарттың талаптары тараптардың арасында жеке немесе бірге жасалған кез келген өзге шарттың немесе келісімнің талаптарына қайшы келетін болса, Шарттың ережелері басым болып табылады және тараптар бірінші кезекте Шарттың ережелерін басшылыққа алатын болады.
      33. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімі бойынша, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдерге қол қою арқылы енгізіледі
      34. Шарт бойынша тараптардың реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары өз құзыретіне сәйкес қарайды.
      35. Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша өзінің құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.

12. Тараптардың деректемелері және қолдары

Компания

Кастодиан

_________________________________
_________________________________
_________________________________

_________________________________
_________________________________
_________________________________

(Компанияның деректемелері, бизнес – сәйкестендіру нөмірі, почталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

(Кастодианның деректемелері, бизнес – сәйкестендіру нөмірі, почталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

_________________________________
(Компания өкілінің лауазымы, қолы)
мөр орны

__________________________________
(Кастодиан өкілінің лауазымы, қолы) деректемелері, бизнес – сәйкестендіру нөмірі, почталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды мөр орны

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 23 сәуірдегі 
№ 67 қаулысына      
қосымша         

Күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кастодиандық үлгi шарттардың нысандарын бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 139 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2320 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кастодиандық үлгі шарттардың нысандарын бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 139 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4236 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағы» жинағында 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 3-тармағы.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кастодиандық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6792 тіркелген) 1-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.