Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 мамырда № 9410 тіркелді

Қолданыстағы

      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативі белгіленсін.
      Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1-ді құрауға тиіс.
      2. Мына:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы  
№ 7 қаулысына      
1-қосымша      

Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
үшін пруденциялық нормативті есептеу
қағидалары

      Осы Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі,  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқарушы) сақтауға міндетті «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативін есептеу тәртібін белгілейді.
      Қағидалар ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.
      Сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативін есептеу кезінде есепке алынбайды.
      Қағидалардың инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғалары бөлігінде көзделген нормалары заңды тұлғаларға және олардың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушымен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

1. «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті»
пруденциялық нормативін есептеу тәртібі

      1. Инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
      К = (ӨА - М) / МКТМ, мұндағы
      ӨА – инвестициялық портфельді басқарушының Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын өтімді активтері;
      М – баланс бойынша міндеттеме;
      МКТМ – меншікті капитал жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 2-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының ең төмен мөлшері.
      2. Егер:
      басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ = 181 440 000 (бір жүз сексен бір миллион төрт жүз қырық мың) теңгеге тең болады;
      басқаруға қабылданған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден астам болса, онда МКТМ = 181 440 000 (бір жүз сексен бір миллион төрт жүз қырық мың) + (БҚА – 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге) * 0,0014 болады,
      мұндағы БҚА – басқаруға қабылданған активтер.
      МКТМ ең жоғарғы мәні 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңгеден аспауы тиіс.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағаларынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын да мойындайды.
      4. Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары деп мынадай ұйымдар түсініледі:
      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
      Африка даму банкі (the African Development Bank);
      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
      Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
      Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (ICD);
      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
      Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).
      Халықаралық валюта қоры;
      Халықаралық даму қауымдастығы;
      Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation).
      5. Қағидалардың қосымшасында көзделген мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде мынадай меншікті активтер танылады:
      1) ақша, оның ішінде:
      кассадағы ақша, инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
      осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздардың орталық депозитарийіндегі шоттардағы ақша;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша;
      ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банк қызметтерін көрсететін Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдардағы шоттардағы ақша;
      2) Қағидалардың Қосымшасында көрсетілген мөлшерде, ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):
      банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкала бойынша «kzB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
      банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады;
      банктер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) және (немесе) екінші (ең жоғарғы) екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылады;
      3) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі салымдар;
      4) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);
      5) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);
      6) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
      7) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, № 77 қаулыда белгіленген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;
      8) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша «kzВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);
      9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының» «бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны есепке алғанда);
      10) ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, осы тармақтың 8),  9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып):
      қор биржасымен танылған рейтингілік агенттіктердің бағаларының бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) сәйкес жасайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
      аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның – борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сатылым мөлшері аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы;
      осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар қамтылмаған;
      11) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);
      12) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);
      13) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;
      14) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      15) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      16) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) және (немесе) екінші (ең жоғары) санаттарына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      17) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің «BBB-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда);
      18) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері;
      19) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;
      20) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);
      21) инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты танылады.
      6. Инвестициялық портфельді басқарушы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қоса атқарған жағдайда «меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффиценті» пруденциялық нормативін есептеу және басқа нормативтер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      7. Инвестициялық портфельді басқарушы осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, Қағидалардың 12-тармағында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi пруденциялық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз тасымалдағыштағы пруденциялық нормативтiң есебiне және пруденциялық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтерге (бұдан әрі – қосымша мәліметтер) инвестициялық портфельді басқарушының бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қояды, мөрмен куәландырылады және инвестициялық портфельді басқарушыда сақталады.

2. Пруденциялық нормативтің есебін және пруденциялық
нормативтің есебі үшін қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi

      8. Пруденциялық нормативтің есебі және қосымша мәлiметтер уәкілетті органға осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес есепті айдың соңғы күнтізбелік күні үшін есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
      9. Пруденциялық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта беріледі.
      Почта кәсіпорнының штемпелінде көрсетілген жіберу күні қағаз тасымалдағышта есептерді беру күні болып табылады.
      10. Қосымша мәлiметтер уәкiлеттi органға электрондық форматта берiледi.
      11. Пруденциялық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
      12. Пруденциялық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      13. Электрондық форматтағы қосымша мәлiметтер және пруденциялық нормативтердің есебі ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
      14. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін инвестициялық портфельді басқарушының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.
      15. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болғанда, инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсініктемені ұсынады.
      16. «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативін бұзған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы бұзушылық болған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға пруденциялық нормативті бұзу фактісі мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып хабарлайды.

Инвестициялық портфельді 
басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдар үшін пруденциялық
нормативті есептеу    
қағидаларына қосымша   

Нысан

«Пруденциялық нормативті есептеу»

Есепті кезең: __.__.____ж.

      Нысанның индексі: Н1-ИПБ

      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар аясы: инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

(мың теңге)

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сома

Есепке алынатын көлем (%)

Есеп айырысуға сома

1

2

3

4

5

1.

Ақша - барлығы (1.1.-1.5-жолдарының қосындысы), оның ішінде:


100


1.1.

кассадағы ақша (инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайды)


100


1.2.

Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.3.

бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша


100


1.4.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша


100


1.5.

Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдардағы шоттардағы ақша


100


2.

Мына талаптардың біреуіне сәйкес келген кезде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ықтимал шығындар бойынша резервтер шегерілген салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып):
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша «kzB»-ден төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар;
банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады


100


3.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі, осы эмитент-банктер № 77 қаулысына сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы санатына) енгізілуі талабымен, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген, негізгі борыш пен есептелген сыйақы есепке алынған салымдар.


80


4.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі, осы эмитент-банктер № 77 қаулысына сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы санатына) енгізілуі талабымен, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген, негізгі борыш пен есептелген сыйақы есепке алынған салымдар.


70


5.

Ықтимал шығындарға резервтер шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердегі негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары есепке алынған салымдар


100


6.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


7.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


8.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


100


9.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары


70


10.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары


50


11.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's–тың ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


12.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы бар (ең жоғары санаты) борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша «kzB+»-тен «kzB-» дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


80


13.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыда көзделген «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған инвестициялық портфельді басқарушыға қатынасы бойынша үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


80


14.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Қағидалардың 5-тармағы 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


80


15.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


16.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


17.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


18.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, базалық активі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


19.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, базалық активтері Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасын эмитенттерінің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


20.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес базалық активі қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


70


21.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес базалық активі қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


50


22.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен кем емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


23.

Тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері


100


24.

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың акциялары


50


25.

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі ұзартылмаған қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатынасы бойынша үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)


100


26.

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты


100


27.

Өтімді активтердің жиынтығы (1-26-жолдардың сомасы) – ӨА


х


28.

Баланс бойынша міндеттемелер


х


29.

Меншікті капиталдың барынша төмен мөлшері (МКТМ)

х

х


30.

К1 «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативі» ((27-жол - 28-жол)/29-жол) 1-ден кем емес

х

х


Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның толық атауы _______________________________________________________________

Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ___________

күні _______________________

Бас бухгалтер ______________________________ күні ___________________
Орындаушы __________________________________ күні ___________________
Телефон: ___________________________________

Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«Пруденциялық нормативті есептеу» нысанын толтыру жөніндегі
түсіндіру 1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру «Пруденциялық нормативті есептеу» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйым ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы өтімді активтері, міндеттемелері, меншікті капиталының ең төменгі мөлшері және меншікті капиталының жеткіліктілік нормативі бойынша толтырады.
      4. Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      5. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

      6. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.
      7. 5-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы есептеуге арналған, 3 және 4-бағандар деректерінің қосындысы ретінде есептелген сома көрсетіледі.
      8. Реттік нөмірі 30-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті көрсетіледі.

Нысан

«Пруденциялық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер»

Есепті кезең: __.__.____ж.

      Нысанның индексі: Н2-ИПБ

      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар аясы: инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

(мың теңге)

Белгінің №

Көрсеткіштердің атауы

Баланс бойынша сомасы

8001

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты


8002

Басқа негізгі қаражаттар


8003

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық берешегін шегеріп тастағандағы инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындардың резервтерін шегергенде)


8004

Басқа дебиторлық берешек (ықтимал шығындардың резервтерін шегергенде)


8005

Тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері


8006

Мына талаптардың бiреуiне сәйкес келгенде, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi салымдар:
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzB»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
ықтимал шығындарға резервтердi шегергенде, банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес бас банктің резидент еншілес банктері болып табылады (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8007

Аталған эмитент-банктер № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8008

Аталған эмитент-банктер № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8009

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердегі салымдары


8010

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


8011

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша


8012

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша


8013

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банк қызметтерін көрсететін резидент емес ұйымдардың шоттарындағы ақша


8014

брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын кассадағы ақша


8015

Өзге ақша


8016

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналымға шығарылғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8017

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8018

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары


8019

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


8020

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


8021

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8022

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізілген, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен «В-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzВ+»-тен «kzВ-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8023

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыда көзделген «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8024

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8025

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8026

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8027

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары


8028

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8029

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8030

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8031

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8032

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8033

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8034

Басқа бағалы қағаздар


Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның толық атауы _______________________________________________________________

Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ___________

күні _______________________

Бас бухгалтер ______________________________ күні ___________________
Орындаушы __________________________________ күні ___________________
Телефон: ___________________________________

Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«Пруденциялық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер»
нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру 1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру «Пруденциялық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйым ай сайын, есепті кезеңнің соңында жасайды.
      4. Пруденциялық нормативті есептеу кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      5. Есептің нысанына бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

      6. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі      
Басқармасының     
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 7 қаулысына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 14 қаңтарда № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      1-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Қор биржасының сауда жүйесінде «автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары былайша жүргізіледі:
      1) Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарының облигацияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша;
      2) қор биржасының ресми тізіміндегі «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген акциялар бойынша;
      3) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-дан төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's немесе Fitch ұлттық шкаласы бойынша «kzВ-»-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service ұлттық шкаласы бойынша kzВ3»-дан төмен емес ең төменгі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар бойынша;
      4) қор биржасының ресми тізіміндегі «бірінші шағын санатты рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар бойынша;
      5) қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі акциялар бойынша.
      Қор биржасының сауда жүйесінде «тікелей» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операцияларының мәні болып табылатын тізбесі бағалы қағаздар қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Листингтік комиссияның құрамына мыналар кіреді:
      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі;
      2) қор биржасының атқарушы органының қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген бағалы қағаздар тізімінің листингі, делистингі немесе санатын ауыстыру мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі;
      3) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері.
      Қор биржасының листингтік комиссияның құрамына қор биржасының ірі акционерінің өкілі кіреді.»;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Директорлар кеңесі листингтік комиссияның төрағасын листингтік комиссияның мүшелері арасынан сайлайды.
      Листингтік комиссияның төрағасы мыналар:
      1) қор биржасының атқарушы органының мүшелері;
      2) уәкілетті органның өкілдері болып табылатын листингтік комиссияның мүшелері сайланбайды.
      7. Листингтік комиссияның отырыстары осы қаулының 4-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органның өкілін қоса алғанда, листингтік комиссияның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі отырыста қатысу талабымен қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Листингтік комиссияның отырысына бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсететін ұйымының өкілдері (бұдан әрі – қаржы кеңесшісі) шақырылуы мүмкін.»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы айқындаған қор биржасы эмитенттерінің аудиті жөніндегі комитеттің құрамына уәкілетті органның өкілі кіреді.»;
      15-3-тармақ алып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекiту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 119 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7673 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 8 тамызда № 477-482 (27555) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидаларында:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және клиринг ұйымдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, клиринг ұйымы пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып, жазбаша түсіндірмені уәкілетті органға ұсынады.»;
      1-қосымша осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 28 тамызда № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулықта:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Бағдарламалық-техникалық құралдардың және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге жабдықтардың нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) қойылатын талаптарды және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында сақталған деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпаратты сақтау мен қорғауды қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруды айқындайды.
      Нұсқаулық бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «белгілі күнге және уақытқа жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді-көшірмелерді, жүргізілген операциялар туралы есептерді, бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және уәкілетті органның сұратулары бойынша есептерді, хабарламаларды және анықтамаларды жасауды және беруді;».
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 12 шілдеде № 8571 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 12 қыркүйекте № 137 (2338) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-қосымша осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      2-қосымша осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      3-қосымша осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігін ұсыну қағидаларында:
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және мынадай қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған және аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады:
      1) екінші деңгейдегі банктер;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорлары;
      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
      5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
      6) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      7) тіркеуші;
      8) инвестициялық портфельді басқарушылар;
      9) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
      10) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
      11) қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және ерекше қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
      2. Өзара сақтандыру ұйымдары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
      3. Арнайы қаржы компаниялары және исламдық арнайы қаржы компаниялары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған меншікті қаражаты бойынша жылдық қаржылық есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
      Арнайы қаржы компаниясы меншікті қаражаты бойынша жылдық қаржылық есептілікке қоса осы қаулының 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша бөлінген активтер мен облигациялар бойынша бухгалтерлік балансты ұсынады.
      Исламдық арнайы қаржы компаниясы меншікті қаражаты бойынша жылдық қаржылық есептілікке қоса осы қаулының 2 және 3-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік балансты және бөлінген активтер бойынша пайда мен зиян туралы есепті ұсынады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген ұйымдар Ұлттық Банкке бұрын ұсынылған қаржылық есептілікке оны жоғарғы орган бекіту кезінде түзетулер енгізген жағдайда, ол жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Ұлттық Банкке түзетілген қаржылық есептілікті ұсынады.»;
      8-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) инвестициялық портфельді басқарушылар осы қаулының 101113 және 14-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
      Инвестициялық портфельді басқарушылар осы қаулының 13-қосымшасында белгіленген нысанды толтыру кезінде сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін көрсетпейді.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      13. Қағаз тасымалдағыштағы қаржылық есептілікке бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам) және бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және ұйымда сақталады. Ұлттық Банктің және (немесе) Ұлттық Банктің аумақтық филиалының талап етуі бойынша ұйым сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетілген және өшірілген жерлері болмауы тиіс қағаз тасымалдағыштағы қаржылық есептілікті ұсынады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      15. Қаржылық есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда ұйым қаржылық есептілік ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке және (немесе) Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.».
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер), инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті (бұдан әрі – Басқарушы) жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.».
      Қағидаларда көзделген, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ Басқарушы қызметін автоматтандыруға қойылатын талаптар Басқарушы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қағидалардың мақсаты брокерде және (немесе) дилерде, Басқарушыда тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.
      Қағидалардың 42-тармағы 3) тармақшасының, 43-тармағы 4)5),  6) және 7) тармақшаларының4648545556 және 57-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымын сенімгерлікпен басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға қатысты қолданылмайды.»;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Басқарушының және Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтері мен инвестициялық басқаруға қабылданған клиенттердің активтері бойынша баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және өтімділік тәуекелі жөніндегі стресс-тестинг Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес екі айда бір рет есептеледі.
      Стресс-тестинг нәтижелері Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес әрбір жұп айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.
      9. Басқарушы және Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 3 және 4-қосымшалары бойынша ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ресімдейді.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Басқарушы және Басқарушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында жазылған ақпаратты қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта резервтеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.»;
      20-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, тиісті органдардың, активтері басқаруға қабылданған клиенттердің алдында клиенттердің инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептілікті дайындау;»;
      21-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Басқарушының немесе Басқарушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің тиісті органдарының алдында меншікті активтерді басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептілікті дайындау жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы.»;
      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «93. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі аудит қызметінің есептері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұратуы бойынша ұсынылады.»;
      96-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанына бір рет мыналар туралы ақпаратты:
      аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жағдайы;
      есепті кезең ішінде анықталған техникалық проблемалар;
      брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ішкі рәсімдеріне анықталған сәйкессіздіктер;
      проблемалар мен сәйкессіздіктердің қайталап туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған шаралар туралы ақпаратты алады;
Осы тармақшада көрсетілген ақпарат Басқарушы мен Ұлттық Банк арасында жасалған тиісті келісім негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезінде ұсынылмайды;».
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 29 қазанда № 8857 тіркелген) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Инвестициялық портфельді басқарушылар осы қаулының 6, 7, 8, 9, 15, 16, 17 және 18-қосымшаларында белгіленген нысандарды толтыру кезінде сенімгерлікпен басқаруға берілген уәкілетті органның алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін көрсетпейді.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаратын, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептілігін ұсыну жөніндегі қағидаларында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, Ұйым уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себебін көрсете отырып жазбаша түсіндіру ұсынады.».

Қазақстан Республикасының бағалы  
қағаздар нарығындағы қызмет    
мәселелері бойынша өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне  
1-қосымша            

«Клиринг ұйымдарының    
есептілікті ұсыну қағидаларына
1-қосымша         

Нысан

«Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің
нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп»

Есепті кезең: __.__.____ж.

      Нысанның индексі: Н1-КҰ

      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: күн сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар аясы: клиринг ұйымдары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті күннен кейінгі күннің Астана қаласының уақытымен сағат 12.00-ден кешіктірмей.

теңге

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің міндеттемелері

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің талаптары

1

2

3

4

5

1





2





n.





кестенің жалғасы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің нетто-позициясы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің саны

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің көлемі

Маржа жарналарының сомасы

Қаржы нарығының секторы

6

7

8

9

10
















Клиринг ұйымының толық атауы ________________________________________

Орындаушының тегі, аты және, болған кезде, әкесінің аты _____________

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің
нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп» нысанын
толтыру жөніндегі түсіндіру

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру «Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды клиринг ұйымы күн сайын жасайды.
      4. Есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңгемен белгіленеді.
      5. Есеп нысаны клирингтік қызмет көрсетуге қабылданатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша ғана ұсынылады.
      6. Есеп нысанында есеп нысанын дайындаған орындаушының тегі, аты және, болған кезде, әкесінің аты көрсетіледі.

2. Есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

      7. 2-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы көрсетіледі.
      8. 3-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды көрсетіледі.
      9. 4-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің міндеттемелері көрсетіледі.
      10. 5-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің талаптары көрсетіледі.
      11. 6-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің 4 және 5-бағандарда көрсетілген деректердің айырмасы ретінде есептелген нетто-позициясы көрсетіледі.
      12. 7-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің саны көрсетіледі.
      13. 8-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің көлемі көрсетіледі.
      14. 9-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің және оның клиенттерінің маржалық жарналарының сомасы көрсетіледі.
      15. 10-бағанда қаржылық құралдары клирингтік қызмет көрсетуге қабылданатын қаржы нарығының секторы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының бағалы  
қағаздар нарығындағы қызмет    
мәселелері бойынша өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне  
2-қосымша            

«Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2013 жылғы 27 мамырдағы   
№ 130 қаулысына       
1-қосымша           

Нысан

«Бөлінген активтер мен облигациялар бойынша
бухгалтерлік баланс»

Есепті кезең: 01.01.20 __ жыл

      Нысанның индексі: Н1-АҚК

      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: жыл сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар аясы: арнайы қаржы компаниялары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін

(мың теңгемен)

Баптың атауы

Жол коды

Есепті кезеңнің соңында

Өткен жылдың соңында

1

2

3

4

Активтер




Бөлінген активтер

1



оның ішінде:




талап ету құқықтары

1.1



кастодиан банктің шоттарындағы бөлінген активтер

1.2



Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар

2



Акциялар

3



Борыштық бағалы қағаздар

4



Туынды бағалы қағаздар

5



Басқа активтер

6



Активтердің жиынтығы

7







Міндеттемелер




Шығарылған облигациялар

8



Есептелген купон бойынша кредиторлық берешек

9



Басқа міндеттемелер

10



Міндеттемелердің жиынтығы

11



      Арнайы қаржы компаниясының толық атауы

      Бірінші басшы
      (ол болмаған кезеңде - оның
      орнындағы адам) _________________ күні ________________________

      Бас бухгалтер ___________________ күні ________________________

      Орындаушы _______________________ күні ________________________

      Телефон _______________________________________________________

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«Бөлінген активтер мен облигациялар бойынша бухгалтерлік
баланс» нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру «Бөлінген активтер мен облигациялар бойынша бухгалтерлік баланс» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Есептің нысанын арнайы қаржы компаниясы жыл сайын жасайды және есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша бөлінген активтер мен облигациялар бойынша толтырады.
      4. Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      5. Есептің нысанына бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

      6. 3-бағанды толтыру кезінде есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті кезеңнің соңындағы деректер көрсетіледі.
      7. 4-бағанды толтыру кезінде алдыңғы есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, алдыңғы есепті кезеңнің соңындағы деректер көрсетіледі.
      8. 1 – 11-жолдар аралығында бас кітаптан немесе деректер базасынан алынған ақпарат негізіндегі және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары ескеріле отырып топтастырылған деректер көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының бағалы  
қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық 
актілерінің тізбесіне      
3-қосымша             

«Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2013 жылғы 27 мамырдағы   
№ 130 қаулысына       
2-қосымша          

Нысан

«Бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік баланс»

Есепті кезең: 01.01.20 __ жыл

      Нысанның индексі: Н1-ИАҚК

      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: жыл сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар аясы: исламдық арнайы қаржы компаниялары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін

(мың теңгемен)

Баптың атауы

Жол коды

Есепті кезеңнің соңында

Өткен жылдың соңында

1

2

3

4

Активтер




Екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы ақша

1



Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар

2



Акциялар (қатысу үлестері)

3



Жалға берілген бөлінген активтер

4



Басқа да активтер

5



Активтердің жиынтығы

6







Міндеттемелер




Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары

7



Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары

8



Исламдық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеуге байланысты кредиторлық берешек

9



олардың ішінде:




исламдық жалдау сертификаттары бойынша

9.1



исламдық қатысу сертификаттары бойынша

9.2



Комиссиялық сыйақылар бойынша кредиторлық берешек

10



Басқа да міндеттемелер

11



Міндеттемелердің жиынтығы

12



      Исламдық арнайы қаржы компаниясының атауы

      Бірінші басшы
      (ол болмаған кезеңде –
      оның орнындағы адам) _____________________ күні _______________

      Бас бухгалтер ____________________________ күні _______________

      Орындаушы ________________________________ күні _______________

      Телефон _______________________________________________________

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«Бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік баланс» нысанын толтыру
жөніндегі түсіндіру

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру «Бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік баланс» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Есептің нысанын исламдық арнайы қаржы компаниялары жыл сайын жасайды және есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша бөлінген активтер бойынша толтырады.
      4. Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      5. Есептің нысанына бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

      6. 3-бағанды толтыру кезінде есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті кезеңнің соңындағы деректер көрсетіледі.
      7. 4-бағанды толтыру кезінде алдыңғы есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, алдыңғы есепті кезеңнің соңындағы деректер көрсетіледі.
      8. 1 – 12-жолдар аралығында бас кітаптан немесе деректер базасынан алынған ақпарат негізіндегі және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары ескеріле отырып топтастырылған деректер көрсетіледі.».

Қазақстан Республикасының        
бағалы қағаздар нарығындағы      
қызмет мәселелері бойынша өзгерістер 
мен толықтырулар енгізілетін    
нормативтік құқықтық         
актілерінің тізбесіне         
4-қосымша               

«Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкі Басқармасының     
2013 жылғы 27 мамырдағы      
№ 130 қаулысына         
3-қосымша             

Нысан

«Бөлінген активтер бойынша пайда мен зиян туралы есеп»

Есепті кезең: 01.01.20 __ жыл

      Нысан индексі: Н2-ИАҚК

      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: жыл сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар аясы: исламдық арнайы қаржы компаниялары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін

(мың теңгемен)

Баптың атауы

Жол коды

Есепті жылы

Өткен жылы

1

2

3

4

Кірістер




Қаржылық жалдаудан түскен кірістер

1



Операциялық жалдаудан түскен кірістер

2



Инвестициялық жоба бойынша кірістер

3



олардың ішінде:




акциялар бойынша дивидендтер түрінде

3.1



Басқа да кірістер (түсімдер)

4



Кірістердің жиынтығы

5







Шығыстар




Исламдық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеуге байланысты шығыстар

6



олардың ішінде:




исламдық жалдау сертификаттары бойынша

6.1



исламдық қатысу сертификаттары бойынша

6.2



Комиссиялық сыйақылар

7



Операциялық шығыстар

8



оның ішінде:




амортизациялық аударымдар және тозу

8.1



ағымдағы салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

8.2



Басқа да шығыстар

9



Шығыстардың жиынтығы

10







Резервтік қорды құрғанға дейінгі таза пайда

11







Резервтік қорды қалыптастыру (қалпына келтіру) бойынша шығыстар

12







Таза пайданың (зиянның) жиынтығы

13



      Исламдық арнайы қаржы компаниясының толық атауы

      Бірінші басшы
      (ол болмаған кезеңде –
      оның орнындағы адам) _____________________ күні _______________

      Бас бухгалтер ____________________________ күні _______________

      Орындаушы ________________________________ күні _______________

      Телефон _______________________________________________________

      Мөр орны».

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«Бөлінген активтер бойынша пайда мен зиян туралы есеп»
нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру «Бөлінген активтер бойынша пайда мен зиян туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Есептің нысанын исламдық арнайы қаржы компаниялары жыл сайын жасайды және есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша бөлінген активтер бойынша толтырады.
      4. Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      5. Есептің нысанына бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

      6. 3-бағанды толтыру кезінде есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті кезеңдегі деректер көрсетіледі.
      7. 4-бағанда өткен кезеңдегі деректер көрсетіледі.
      8. 1 – 13-жолдар аралығында бас кітаптан немесе деректер базасынан алынған ақпарат негізіндегі және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары ескеріле отырып топтастырылған деректер көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 7 қаулысына   
3-қосымша     

Қазақcтан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5332 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5578 тіркелген) 3-тармағы.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 тіркелген) 3-тармағы.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 265 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6039 тіркелген) 3-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) тізбенің 20-тармағы.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) қосымшаның 5-тармағы.