"Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 138-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9398 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 25) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілсін.
      2. Халықты жұмыспен қамту департаменті:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің төрағасы
      _______________ Ә. Смайылов
      2014 жылғы 2 сәуір

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің    
2014 жылғы 1 сәуірдегі  
№ 138-ө бұйрығына    
қосымша         

                                                           Нысан

Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер
туралы мәліметтер

Есепті кезең 20 ___ жылдың ____ айы

Индексі: 1-жұмыстан босату

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынушылар: Қызметкерлерді жұмыстан босатуды жоспарлап отырған кәсіпорындар
Мәліметтер өңірлік жұмыспен қамту органдарына ұсынылады

Ұсыну мерзімі: есепті айдың 1-күніне

жолдың шифры

жұмыстан босатылатын қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (қызметкердің келісімімен)

жұмыстан босатылатын қызметкердің туған күні, айы, жылы

жұмыстан босату жоспарланып отырған қызметкердің жынысы

білім деңгейі

кәсібі (қызметкердің білімі туралы құжат бойынша мамандығы)

қазіргі жұмыс орны бойынша кәсібі (лауазымы)

кәсібі бойынша жұмыс өтілі

жұмыстан босатылатын қызметкердің біліктілігі

қысқартылатын лауазым бойынша еңбекақы мөлшері (теңгемен)

жұмыстан босатудың күтілетін күні

Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша коды

кәсібінің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Барлығы _______________ адам
      Нақты жұмыстан босатылған қызметкерлер (жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен) ____________________________________________ адам
Кәсіпорындағы қызметкерлердің тізімдік саны (тізімдерді ұсынған күнге) ________________________________________________________ адам
      Қызметкерлерді жұмыстан болжамды босатудың себебі (кәсіпорынның таратылуы, жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы) ________________________________________

      МО күні 20 __ жылғы «____»_____________________________________
      Басшы _________________________________________________________
                         (тегі, аты, әкесінің аты) қолы
      Орындаушы _______________________________ _____________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты) қолы
      Телефоны ______________________________________________________

      Экономикалық қызметтің жалпы сыныптаушы бойынша экономика
      саласы (қызмет түрі)___________________________________________
      Кәсіпорын, мекеме, ұйым _______________________________________
      Мекенжайы _____________________________________________________
      ЖСН/БСН _______________________________________________________

      Ескертпе:
      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме.

«Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы
мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуымен не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуымен, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруымен байланысты «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктіліктерін және еңбекақы мөлшерін және олар жұмыстан босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын жұмыс беруші қызметкерлердің саны мен санаттары туралы деректерді ұсынады.
      2. Көрсеткіштер ағымдағы айдың 1-күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.
      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
      5. 2-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің (қызметкердің келісімімен) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      6. 3-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің туған күні, айы, жылы (кк.аа.жж.) көрсетіледі.
      7. 4-бағанда жұмыстан болжамды босатылатын қызметкердің жынысы көрсетіледі.
      8. 5-бағанда қызметкердің білім деңгейі көрсетіледі.
      9. 6-бағанда қызметкердің кәсібі (білімі туралы құжат бойынша мамандығы) көрсетіледі.
      10. 7-бағанда қызметкердің Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіптің коды көрсетіледі.
      11. 8-бағанда қызметкердің Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша кәсіптің атауы көрсетіледі.
      12. 9-бағанда кәсібі бойынша жұмыс өтілі көрсетіледі.
      13. 10-бағанда қызметкердің біліктілігі көрсетіледі.
      14. 11-бағанда жұмыстан босатылатын қызметкердің қысқартылатын лауазымы бойынша еңбекақы мөлшері (теңгемен) көрсетіледі.
      15. 12-бағанда жұмыстан босатудың күтілетін күні көрсетіледі.