Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша әуежай (әуеайлақ)пайдаланушысының қызметін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9394 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының қызметін тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 1 сәуірдегі    
№ 217 бұйрығымен бекітілді  

                                                             нысын

Ұшуды авариялық-құтқарумен әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының
қызметін қамтамасыз етуі бойынша тексеру парағы

Тексеруді белгілеген, мемлекеттік орган: ____________________________
Тексеруді белгілеу туралы актісі (№, күні): _________________________
Тексеруді өткізу күні, орны және кезеңі: ____________________________
Ұйымдардың атауы: ___________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН): __________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы: _______________________________________

Р/с №

Атауы

Сәйкестігін бағалау (+/-)

Сәйкессіздік ұстанымының нөмірі

1

2

3

4

1.

Әуеайлық ауданында және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспарды қоса алғанда, әуеайлықтың аэронавигациялық паспорты мен әуеайлық жөніндегі нұсқаудың болуы



2.

Әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысы авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әуежай аумағында орналасқан өзара іс-қимылдағы азаматтық авиация ұйымдарымен келісілген нұсқаулықтың болуы



3.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен, аумақтық денсаулық сақтау органдарының жедел медициналық көмегімен, әскери бөлімшелермен және құқық қорғау органдарымен, өзара іс-қимылдар жоспары болуы



4.

ҰІАҚҚҚ құруды көздейтін әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының белгіленген ұйымдастыру құрылымының болуы



5.

ҰІАҚҚҚ жеке құрамының нақты саны ҰІАҚҚҚ жеке құрамының белгіленген штат санына сәйкес болуы



6.

АҚЖ және ҰІАҚҚҚ құрамына кіретін персоналының лауазымдық нұсқаулықтарының болуы



7.

АҚЖ және ҰІАҚҚҚ инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және біліктілігін арттырудан өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі болуы



8.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын орындауды растайтын құжаттардың болуы



9.

АҚЖ басшыларын тағайындау және АҚЖ есептілігі туралы бұйрықтың болуы



10.

Әуеайлақ және Әуеайлақ ауданында ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықта (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында) жұмыс тәртібінің және ИКАО III санаты бойынша әуеайлақты пайдалану жағдайында әуеайлақ қызметімен өзара іс-қимылының болуы



11.

Авиациялық оқиға орнына немесе жинау пунктіне есептерді уақтылы жеткізу үшін автокөлік құралдарын жеткізудің бекітілген табелінің болуы



12.

Ұйым басшысы бекіткен әуеайлақтағы авариялық-құтқару құралдарының сәйкестігін тексеру актісінің болуы



13.

Жолақтарын салудың схемасының болуы



14.

Әуежайдың (әуеайлақтың) жабдығы мен жабдықтауының жарияланған ТӨҚД санатына сәйкестігі



15.

АҚЖ өрт сөндіру есептілігін жабдықтаудың белгіленген талаптарға сәйкестігі



16.

АҚЖ медициналық есептілігін жабдықтаудың белгіленген талаптарға сәйкестігі



17.

Авариялық-құтқару станциясының болуы



18.

Авариялық-құтқару станциясы жабдығы мен жабдықтауының белгіленген талаптарға сәйкестігі



19.

Өрт сөндіру автомобильдерді жабдықтаудың белгіленген талаптар мен техникалық құжаттамаға сәйкестігі



20.

Кезекті (ТӨКД қамтамасыз ететін) ӨА (құйылған ӨА ескермегенде) орналасқан санына Қарағанда көбік тудырушының кемінде екі еселік қорының болуы



21.

Өрт сөндіру автомобильдерін қайта құю үшін әуеайлақта кемінде екі пункттің болуы



22.

Оқиға орнына құтқарушыларды және авариялық-құтқару құралдарын жеткізуді қамтамасыз ететін әуеайлақ ауданында АҚЖ жүргізу үшін өткіштігі жоғары көлік құралдарының болуы



23.

АҚЖ ұйымдастыру және басшылық ету үшін жергілікті командалық пункттің болуы



24.

АҚЖ ұйымдастыру және басшылық ету үшін жергілікті командалық пунктінің электр байланысы құралдарымен жабдықтауының белгіленген талаптарға сәйкестігі



25.

АҚЖ ұйымдастыру мен басшылық ету үшін жылжымалы командалық пункттің болуы



26.

АҚЖ ұйымдастыру мен басшылық ету үшін жылжымалы командалық пунктінің электр байланысы құралдарымен және жабдықтарымен жабдықтауының белгіленген талаптарға сәйкестігі



27.

ӘК-нің барлық ҮҚЖ-да ұшу және қонуды бақылау үшін бақылау пунктінің болуы



28.

ӘК-нің барлық ӨҚЖ-да ұшу және қонуды бақылау үшін бақылау пунктінің электр байланысы құралдарымен және жабдықтарымен жабдықтауының белгіленген талаптарға сәйкестігі



29.

Өрт байланысы пунктінің болуы



30.

Өрт байланысы пункті жабдықтауының белгіленген талаптар құралдарына сәйкестігі



31.

Осы әуеайлаққа тұрақты ұшуды орындайтын әуе кемелері жинағының схемалары мен плакаттарының болуы



32.

АҚК есептерді таратудың әлеуметтік аппаратурасының болуы және жұмысқа қабілеттігі



33.

ҰІАҚҚҚ оқу-техникалық қорының болуы



34.

Авариялық-құтқару командасының күшеюін белгіленген уақытта орындау



      Қысқартуларды түсіндіру:
      ҰІАҚҚҚ - ұшуды іздестіру авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету
               қызметі
      АҚК -    авариялық-құтқару командасы
      ҰҚЖ -    ұшу-қону жолағы
      АҚЖ -    авариялық-құтқару жұмыстары
      ӨА -     өрт сөндіру автомобилі
      ТӨҚД -   талап етілетін өрт қорғанысының дәрежесі
      ӘК -     әуе кеме
      «Сәйкестігін бағалау (+/-)» бағанында:
      (*)  - осы ұйым үшін міндетті емес;
      (-1) - ұшу қауіпсіздігіне едәуір әсер ететін сәйкессіздік;
      (-2) - ұшу қауіпсіздігіне тиімді әсер ететін сәйкессіздік және уәкілетті органмен белгіленген мерзімде жоюға жататын сәйкессіздік;
      (-3) - ұшуды қауіпсіз орындауға елеулі әсер ететін шамалы сәйкессіздік.

      Тексерушілер: ___________________________________________
                    ___________________________________________
                    ___________________________________________
                                (қолы, ТАӘ)

Тексеруді өткізу күні: 20___жылғы «___»____________

Таныстым:

Тексеретін ұйымның басшысы: _________________________
                                  (қолы, ТАӘ)

Тексеруді өткізген кезде қатысқан заңды (жеке) тұлғаның өкілі:
_______________________________________
            (қолы, ТАӘ)