Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 33 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9317 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 33 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының портфелі үш санатқа бөлінеді:

      1) өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ баға бойынша бағаланатын қаржы құралдары;

      2) өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары;

      3) сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары.

      Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының ағымдағы құны:

      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 15 (он бес) пайызынан аспайды.

      Қаржы құралын "өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары" санатынан "сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары" санатына ауыстырған жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі бірлесіп - ұйым деп аталады), ауыстыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осындай шешім қабылдауының себептерін көрсете отырып, ауыстыру туралы хабарлама жібереді.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құнын қор биржасы мынадай формула бойынша айқындайды:



      мұнда:

      P – борыштық бағалы қағаздың әділ құны, номиналдық құнына пайызбен;

      i – купондық кезеңнің реттік нөмірі;

      n – облигацияның айналыста болу мерзімінде купондық кезеңдердің саны;

      Y – дисконттау ставкасы;

      T0 – есепті жылдың ұзақтығы, күнмен;

      Tn – белгіленген облигацияларды қайта бағалау күні мен облигацияларды өтеу күнінің арасындағы күндер саны;

      Tki – белгіленген облигацияларды қайта бағалау күні мен ол бойынша кезекті купонын төлеу күнінің арасындағы күндер саны;

      m – күнмен есептелетін есепті жылдың ұзақтығының күнмен есептелетін купондық кезеңнің ұзақтығына қатынасы;

      Ki – жылдық пайызбен есептелетін есепті жылға облигация бойынша купон ставкасының "m" көрсеткішіне қатынасы.

      Дисконттау ставкасы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен тоқсанына бір рет қор биржасының ресми тізімінің "Борыштық бағалы қағаздар" секторының әрбір жеке санаты (шағын санаты) үшін Борыштық бағалы қағаздар кірістілігінің орташа алынған ставкасын есептеу әдістемесінің негізінде осы тоқсанның алдындағы он екі айдың қорытындысы бойынша тиісті санаттағы (шағын санаттағы) жылдық кірістіліктің орташа алынған ставкасына қарай анықталады.

      Қор биржасының директорлар кеңесі есепті тоқсанға дисконттау ставкаларын бекітпеген жағдайда, өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың әділ құнын есептеу мақсатында қор биржасының директорлар кеңесі алдыңғы есепті тоқсанға бекіткен дисконттау ставкалары пайдаланылады.

      Қор биржасының директорлар кеңесінің шешімі есепті тоқсанның бірінші айының он бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылады.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 26 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8672 тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінде № 148 (2349) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді қаржы құралдарының атауы мен санын, номиналдық құнын, сондай-ақ осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліне пайыздық арақатынасын көрсете отырып, Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда мемлекеттік тілде және орыс тілінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін меншікті интернет-ресурсын пайдаланады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялағаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау (орналастыру) үшін пайдаланылған бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, растайтын құжаттардың қосымшаларымен бірге Қағидалардың 2 және 5-тармақтарының орындалғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.";

      Қосымша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің осы тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада "Заң газеті" газетінде № 180 (2381) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және нормалары 2013 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Қағидалардың 1-қосымшасын қоспағанда, 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы Қағидаларда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін пруденциялық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осындай сәйкессіздікпен байланысты инвестициялық қызметін дереу тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) іс-шаралардың атауын, олардың орындалуына жауапты ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін және орындалу мерзімдерін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шаралардың орындалғаны туралы есептерді ұсынады. Іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.";

      1-қосымша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің осы тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорының және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметін жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

Зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебі

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры айдың әрбір күнтізбелік күннің аяғында зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны қандай да болмасын айда осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептелген осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы құнын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мына формула бойынша есептейдi:



      Қi - осы күннің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнің бiр шартты бiрлiгiнің құны;

      ЗАі - осы күннің аяғында осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      ШБі - осы күннің аяғында осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.

      4. Осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):



      ЗА (і-1) – алдыңғы күнтізбелік күннің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      Жi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні түскен зейнетақы жарналары;

      Ti - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтерін осы күнгі ауыстыру;

      Кі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша осы күнге есептелген инвестициялық кірісі;

      Аі1 - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын уақтылы ауыстырмағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

      Аі2 - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін уақтылы инвестицияламағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

      Hi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан осы күнге есептелген зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жасалған ауыстыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына жасалған ауыстыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотына қателесіп түскен сомалар бойынша міндеттемелер (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және оған қызмет көрсететін кастодиан банк түскен күні қателесіп түскен деп таныған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және салымшылардың жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда);

      КСi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күнге есептелген комиссиялық сыйақылары.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:



      ШБ (і-1) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің аяғындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;

      Қ (і-1) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күннің аяғындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны туралы анықтаманы (бұдан әрі - анықтама) осы қосымшаның 1 және 2-нысандарына сәйкес электрондық нысанда есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ай сайын ұсынады.

      Есептердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

      7. Есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға жетілдірілген анықтаманы және анықтамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсіндірмені ұсынады.

      1-нысан

      ______________________________________________________ жылға

      (айдың атауы) (күнтізбелік жылды цифрмен белгілеу)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің
бір шартты бірлігінің орташа құны туралы
анықтама

Күні

Зейнетақы жарналары, келіп түсті

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан ауыстыру

Алынған өсімпұл

Төлемдер және жасалған ауыстыру

Есепке қате алынған сомалар бойынша міндеттемелер

зейнетақы жарналарын уақтылы ауыстырмағаны үшін

зейнетақы активтері уақтылы инвестицияланбағаны үшін

төленді

есептелді




1

2

3

4

5

6

7

8


      кестенің жалғасы

Зейнетақы активтерінің комиссиялық сыйақысы

Инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы

"Таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

Шартты бірліктердің саны1

Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны 2

Зейнетақы активтері бойынша бір күнде есептелген инвестициялық кіріс

есептелді

төленді

есептелді

төленді

9

10

11

12

13

14

15

16


      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы: ___________________________ _________ ____________________

      (лауазымы, тегі, аты) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойған күн 20 _____ жылғы "_____" __________

      Мөр орны

      1Үтірден кейін нақты үш белгіге дейін.

      2Үтірден кейін нақты жеті белгіге дейін.

      2-нысан

      ______________________________________________________ жылға

      (айдың атауы) (күнтізбелік жылды цифрмен белгілеу)

      _____________________________________________________________________

      (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ілік септігіндегі қысқартылған

      атауы)

ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің
бір шартты бірлігінің орташа құны туралы
анықтама

Күні

Зейнетақы жарналары, келіп түсті

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан ауыстыру

Алынған өсімпұл

Төлемдер және жасалған ауыстыру

Есепке қате алынған сомалар бойынша міндеттемелер

зейнетақы жарналарын уақтылы ауыстырмағаны үшін

зейнетақы активтері уақтылы инвестицияланбағаны үшін

төленді

есептелді




1

2

3

4

5

6

7

8


      кестенің жалғасы

Зейнетақы активтерінің комиссиялық сыйақысы

Инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы

"Таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

Шартты бірліктердің саны1

Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны2

Зейнетақы активтері бойынша бір күнде есептелген инвестициялық кіріс

есептелді

төленді

есептелді

төленді

9

10

11

12

13

14

15

16


      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер _______________________________________________________

      (тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы: ___________________________ _________ _________________

      (лауазымы, тегі, аты) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойған күн 20_____ жылғы "_____" __________

      Мөр орны

      1Үтірден кейін нақты үш белгіге дейін.

      2Үтірден кейін нақты жеті белгіге дейін.".