"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9310 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.18 № 403 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 маусымдағы № 170-171 (27444-27445) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
      04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
      1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
      21 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»  ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «21 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
      мынадай мазмұндағы 56 - ерекшелікпен толықтырылсын:
      «56 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық органдары салатын әкімшілік  айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
      4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 238 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «238 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
      9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 005, 010, 015, 016, 017, 018, 019, 020 және 021 бюджеттік бағдарламалары бар 621 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «621 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
      005 «Электрондық үкiмет» шеңберiнде халықты оқыту қызметтерi
      010 Жеке және заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн ұйымдастыру
      015 Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
      016 Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру
      017 Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу жөнiндегi қызметтерi
      018 «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасын дамыту
      019 «Электрондық үкiмет» дамыту
      020 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері
      021 Қазақстан Республикасы мобильдiк Үкiметi ақпараттық жүйесiн құру»;
      04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
      5 «Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасы бар 238 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «238 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      013 Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»;
      06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
      9 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 146 бюджеттік бағдарламасы бар 238 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «238 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      146 Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
      1 «Мәдениет саласындағы қызмет» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 007, 008, 009, 010 012, 014, 015 және 126 бюджеттік бағдарламалары бар 238 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «238 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      007 Ұлттық фильмдер шығару
      008 Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу
      009 Театр-концерт ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
      010 Тарихи-мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз ету
      012 Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, салу
      014 Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеуді жинақтау және жүйелеу
      015 Республикалық маңызы бар көпшілік кітапханаларында ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
      126 Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде мәдениет объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу»;
      3 «Ақпараттық кеңістік » функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 011 және 016 бюджеттік бағдарламалары бар 238 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «238 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      011 Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу
      016 Әлеуметтiк маңызы бар әдебиет түрлерiн басып шығару»;
      мынадай мазмұндағы 022 және 023 бюджеттік бағдарламалары бар 621 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «621 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
      022 Мұрағат құжаттары мен баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету
      023 Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»;
      9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 100, 103 және 104 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 бюджеттік бағдарламасы бар 238 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «238 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      001 Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру
      100 Мәдениет саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
      103 Әлеуметтік, сараптамалық зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету
      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»;
      мынадай мазмұндағы 002, 003 және 004 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «002 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің күрделі шығыстары
      003 Мәдениет саласындағы қайраткерлерді ынталандыру
      004 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»;
      мынадай мазмұндағы 100 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 005 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «005 Қолданбалы ғылыми зерттеулер
      100 Мәдениет саласындағы»;
      мынадай мазмұндағы 006, 100, 101, 102, 105, 109, 111, 114 және 116 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «006 Мәдениет саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығыстары
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      111 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында іс-шараларды жүргізу
      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 024 және 025 бюджеттік бағдарламалары бар 621 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «621 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
      024 Ақпарат саласындағы қайраткерлерді ынталандыру
      025 Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресті насихаттау»;
      12 «Көлiк және коммуникация» функционалдық тобында:
      2 «Байланыс жүйелерi» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 004, 006, 007, 011, 012 және 013 бюджеттік бағдарламалары бар 621 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «621 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
      004 Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерiн ұсыну жөнiндегi залалдарын субсидиялау
      006 Радиожиiлiк спектрiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторингi жүйесiн техникалық сүйемелдеу
      007 Қазақстан Республикасы ұялы байланыс жүйелерінде нөмірлерді тасымалдауды енгізу
      011 Байланыс операторларының басқару жүйесiн және желiлердiң мониторингiн сүйемелдеу
      012 Қазақстан Республикасының Радиожиiлiк спектрi мониторингi жүйесiн жаңғырту
      013 Қазақстан Республикасының орбиталдық-жиiлiк ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау және үйлестiру»;
      9 «Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      215 «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Көлiк, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының және 100 «Көлiк, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» кіші бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Көлiк және коммуникация саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі қызметтер
      100 Көлiк және коммуникация саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
      мынадай мазмұндағы 100, 103 және 104 бюджеттік кіші бағдарламалары бар және 001 бюджеттік бағдарламасы бар 621 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «621 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
      001 Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестiру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөнiндегi қызметтер
      100 Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестiру, бақылау, инфрақұрылымды және бәсекелес нарықты дамыту жөнiндегi уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
      103 Әлеуметтік, сараптамалық зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету
      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»;
      мынадай мазмұндағы 002, 003, 008, 009, 014, 100, 101, 102, 105, 109, 114 және 116 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «002 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттiгiнiң күрделi шығыстары
      003 Байланыс және ақпарат саласындағы қолданбалы зерттеулер
      008 «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингi» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту
      009 Байланыс және ақпарат саласында қызметтерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайту
      014 Ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң мониторингi жүйесiн сүйемелдеу
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
      458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», 483 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», 487 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», 490 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», 491 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй қатынастары бөлімі», 492 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», 495 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», 496 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» және 497 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
      060 «Мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту» бюджеттік бағдарлама бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                               Е. Досаев