Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.12.2015 № 840 және ҚР Қаржы министрінің 25.12.2015 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫЗ:
«Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 қазанда № 7251 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 27 қазанда № 157 (1973) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Кіріспе жаңа мәтінде баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 625-бабы 4-тармағын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер- Қазақстан Республикасының
Министрінің орынбасары – Өңірлік даму министрі
Қазақстан Республикасы _______________ Б. Жәмішев
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов