Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.06.2014 № 267-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы 2 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 675-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9041 тіркелген және 2014 жылғы 9 қаңтардағы «Казахстанская правда» № 4 (27625), 2014 жылғы 9 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» № 4 (28228) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Әлеуметтік көмек департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Т. Дүйсенова