Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 наурызда № 9223 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 413 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 21 тамыздағы № 7869 болып мемлекеттік тіркелген, 2012 жылғы 26 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде №№ 622-630 (27701) болып ресми жарияланған.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы:
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығына (Р.Н. Закаргаева) жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                  Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 109 бұйрығымен  
бекiтiлген     

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде
мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың
көшірмелерін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөліністері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мөрмен бекітілген мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін қағаз тасымалдағыштарда беру болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету
процесінде іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мұрағаттық анықтаманы және/немесе құжаттардың мұрағаттық көшірмелерін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 122 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) Стандарттың 9-тармағына сәйкес ерікті нысанда жазбаша өтініш ұсынады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен аптасына бес жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады.
      Қабылдау Стандарттың 8-тармағына сәйкес алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz. интернет-ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылған.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) Стандарттың 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішін берген сәттен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіндегі
(өзара іс-қимыл) іс-әрекеттерді сипаттау

      9. Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы немесе оның аумақтық бөліністері және оқу орындарының хатшылықтары (бұдан әрі – құжаттамалық қызмет) арқылы жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қызметінің қызметкерлері;
      2) ІІМ-нің арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері;
      3) Ішкі істер департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі арнайы мемлекеттік 
мұрағаты мен оның аумақтық   
бөліністерінің шегінде мұрағаттық
анықтамаларды және/немесе мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентiне
1-қосымша              

Функционалдық өзара іс-қимыл жасасу сызбасы

Рәсім қадамдарының алгоритмі

Рөлі

Орындау тәртібі

БАСЫ

(адамға қызмет ұсыну туралы ақпарат алу қажет)

Қызмет туралы ақпараттандыру

(көрсетілетін қызметті алушы өтінішті не болмаса пошталық байланыс не болмаса электронды пошта арқылы жіберді)

Өтінішті беру

Өтініште барлық қажетті мәліметтер көрсетілді ме?

       
жоқ      иә
       

жойғанға    өтінішті
дейін      қабылдау
тоқтата және
тұру       өңдеу

орындау

Жазбаша
жауап,
мұрағаттық анақтама, құжаттың
мұрағаттық көшірмесін
беру не болмаса сұрау
салынған
мәліметтердің
жоқ екені
туралы жазбаша растау

Көрсетілетін қызметті алушыға жіберілді

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz. интернет-ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылған
 
 
 

Көрсетілетін қызметті алушы (оның сенімді адамы)
 
 
 
 
 
 

құжаттамалық қызмет қызметкері
 
 
 

Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарының қызметкері (бұдан әрі – АрММ)
 
 

АрММ қызметкері

құжаттамалық қызмет қызметкері

1. Мемлекеттік қызмет ұсыну тәртібі туралы ақпараттандыру
2. өтінішті ресімдеу үлгісі
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы немесе оның аумақтық бөліністері және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарының хатшылықтарына (бұдан әрі – құжаттамалық қызмет) өтініш беру
 
 

1.Өтініштің толтырылуын тексеру
2. Өтінішті тіркеу
 
 
 
 
 

1. Сұрау салуларды мұрағаттық қор шегінде тексеру
Жауапты дайындау және қол қою
 

Жауап өтініш берушінің (оны сенімді адамының) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтіне баруы арқылы беріледі не болмаса пошта байланысы арқылы жолданады.

1-кесте.


Негізгі үдеріс іс-қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)

1

іс-қимыл № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Құжаттамалық қызмет қызметкері

АрММ қызметкері

АрММ қызметкері

3

Іс-қимылдың атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті қабылдау

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін АрММ қызметкерінің қарауы

Мұрағаттық құжаттарды өңдеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Өтінішті тіркеу

Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздеу

Мұрағаттық құжаттардан көшірме жасау, мұрағаттық іс материалдары бойынша мұрағаттық анықтама әзірлеу

5

Орындау мерзімдері

1 күн

4 күн

3 күн

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4


Қабылдау кезіндегі негізгі үдеріс іс-қимылы (жұмыс барысы, ағыны)

1

іс-қимыл № (жұмыс барысы, ағыны)

4

5

6

2

ҚФБ атауы

АрММ қызметкері

АрММ қызметкері

Құжаттамалық қызмет қызметкері

3

Іс-қимылдың атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Әзірленген құжаттардың сапасын тексеру. Құжатты техникалық өңдеу

Әзірленген құжаттарды тіркеу

Дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Мұрағаттық құжаттардан көшірме жасау, мұрағаттық істердің материалдары бойынша мұрағаттық анықтама дайындау

Мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алуға ұсынылған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін есепке алу журналына жазу

Көрсетілетін қызметті алушыға мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру. Көрсетілетін қызметті алушының мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алғаны жөнінде қол қоюы

5

Орындалу мерзімдері

1 күн

1 күн

15 минут

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

5

6



2-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Негізгі үдеріс - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру.

Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

Құжаттамалық қызмет қызметкері

АрММ қызметкері

1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті қабылдау
2. Өтінішті тіркеу
3. Әзірленген құжаттарды тіркеу
4. Көрсетілетін қызметті алушыға мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру.
5. Көрсетілетін қызметті алушының мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алғаны жөнінде тізілімге қол қоюы

1. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін АрММ қызметкерінің қарауы

2. Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздеу

3. Мұрағаттық құжаттарды өңдеу. Мұрағаттық құжаттардан көшірме жасау, мұрағаттық іс материалдары бойынша анықтамалар әзірлеу

4. Әзірленген құжаттардың сапасын тексеру. Құжатты техникалық өңдеу.

5. Мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін есепке алу журналына жазу

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 109 бұйрығымен   
бекiтiлген      

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы
мемлекеттік мұрағатынан және оның аумақтық бөліністерінен
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөліністері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн қағаз тасымалдағыштарда беру болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету
процесінде іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді, сондай-ақ мынадай құжаттар:
      1) мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 122 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушыға өтініштердің бланкісін көрсетілетін қызметті көрсетуші Стандарттың 9-тармағына сәйкес береді.
      2) Стандарттың 9-тармағына сәйкес апостиль қою үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртек ұсынады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен аптасына бес жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz. интернет-ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылған.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) Стандарттың 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 2-бөлімінің 4-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіндегі
әрекеттерді (өзара іс-қимылды) сипаттау

      9. Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы немесе оның аумақтық бөліністері мен оқу орындарының хатшылықтары (бұдан әрі – құжаттамалық қызмет) арқылы жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде мынадай құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қызметінің қызметкерлері;
      2) ІІМ-нің арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері;
      3) Ішкі істер департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі арнайы мемлекеттік  
мұрағаты мен оның аумақтық     
бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық 
анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша            

Функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы (ФӨІҚС)

Рәсім қадамдарының алгоритмі

Рөлі

Орындау тәртібі

БАСЫ

(адамға қызмет ұсыну туралы ақпарат алу қажет)

Қызмет туралы ақпараттандыру

(көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің бланкісін оны орындау үшін беру не болмаса оны пошталық байланыс арқылы не болмаса электронды пошта арқылы жіберу)

Өтінішті беру

Өтініште барлық қажетті мәліметтер көрсетілді ме?

      
жоқ    иә
      
жойғанға    өтінішті
дейін     қабылдау
тоқтата       және
тұру      өңдеу

          

                     орындау

Апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсыну

жазбаша
жауап,
апостиль қойылған
мұрағаттық анақтама,
мұрағаттық көшірме
беру не болмаса сұрау салынған мәліметтердің
жоқ екені
туралы жазбаша растау

Көрсетілетін қызметті алушыға жіберілді

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz. интернет-ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылған

көрсетілетін қызметті алушы (оның сенімді адамы)

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы немесе оның аумақтық бөліністері және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарының хатшылықтары (бұдан әрі – құжаттамалық қызмет)

Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлінісінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орнының қызметкері (бұдан әрі – АрММ)

АрММ қызметкері

АрММ қызметкері

құжаттамалық қызмет қызметкері

1.Мемлекеттiк қызмет ұсыну тәртібі туралы ақпараттандыру

2. өтінішті ресімдеу үлгісі

Құжаттамалық қызметке өтініш беру

1. Өтініштің толтырылуын тексеру

2. Өтінішті тіркеу

1.Сұрау салуларды мұрағаттық қор шегінде тексеру

Жауапты дайындау және қол қою

Жауап өтініш берушінің (оны сенімді адамының) Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына немесе аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтарына жеке баруы арқылы беріледі не болмаса пошта байланысы арқылы жолданады.

1-кесте.


Негізгі үдеріс іс-қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)

1

іс-қимыл № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Құжаттамалық қызмет қызметкері

АрММ қызметкері

АрММ қызметкері

3

Іс-қимылдың атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін АрММ қызметкерінің қарауы

Мұрағаттық құжаттарды өңдеу

4

Іс-қимылдың атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсыну

Мемлекеттік баж төлеудің дұрыстығын тексеру

Тиісті номенклатуралық іске тігу

5

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Өтінішті тіркеу

Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздеу

Мұрағаттық құжаттардан көшірме жасау, мұрағаттық іс материалдары бойынша анықтама әзірлеу

6

Орындау мерзімдері

1 күн

4 күн

3 күн

7

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4


Қабылдау кезіндегі негізгі үдеріс іс-қимылы (жұмыс барысы, ағыны)

1

іс-қимыл № (жұмыс барысы ағыны)

4

5

6

2

ҚФБ атауы

АрММ қызметкері

АрММ қызметкері

Құжаттамалық қызмет қызметкері

3

Іс-қимылдың атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Әзірленген құжаттардың сапасын тексеру. Құжатты техникалық өңдеу

Әзірленген құжаттарды тіркеу

Дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Мұрағаттық құжаттатардың көшірмелерін жасау, мұрағаттық іс материалдары бойынша анақтама дайындау

Апостиль мөртабанын қою үшін ұсынылған мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін есепке алу журналына жазу

Көрсетілетін қызметті алушыға апостиль қойылған мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру. Көрсетілетін қызметті алушының апостиль мөртабанын қою үшін ұсынылған мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алғаны жөнінде қол қоюы

5

Орындалу мерзімдері

1 күн

1 күн

15 минут

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

5

6


2-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Негізгі үдеріс - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан және оның аумақтық бөліністерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою.

Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

Құжаттамалық қызмет қызметкері

АрММ қызметкері

1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау

2. Өтінішті тіркеу

3. Әзірленген құжаттарды тіркеу.

4. Көрсетілетін қызметті алушыға апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру.

5. Көрсетілетін қызметті алушының апостиль мөртабанын қою үшін ұсынылған мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алғаны жөнінде тізілімге қол қоюы

1. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін АрММ қызметкерінің қарауы, мемлекеттік баж төлеудің дұрыстығын тексеру

2. Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздеу

3. Мұрағаттық құжаттарды өңдеу. Мұрағаттық құжаттардан көшірме жасау, мұрағаттық іс материалдары бойынша анықтама әзірлеу

4. Әзірленген құжаттардың сапасын тексеру. Құжатты техникалық өңдеу. Апостиль мөртабанын қою және оны толтыру немесе оны компьютерлік әдіспен орындау.

5. Апостиль мөртабанын қою үшін ұсынылған мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін есепке алу журналына жазу