«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мына:
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурста өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысқан адамдар үшін);
2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Phd докторы, бейіні бойынша доктор (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми, педагог қызметкерлер арасынан) дәрежесін алу үшін оқытуды ұйымдастыруға;
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орындарының түлектері, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін);
4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тағылымдамадан өтуге;
5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, резидентурада (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарттар бекітілсін.
6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес, Phd докторы, бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурсқа өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысқан адамдар үшін).»;
Магистр, Phd докторы, доктор бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) арналған үлгілік шартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін)»;
1.2.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) отырысының 20 __ жылғы «__» ______________ хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» _________ №_____ қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүргізілген «Болашақ» стипендиясына тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша Орталық Стипендиаттың
_____________________________________________________________________
(оқу елінің, оқу орнының атауы) (бұдан әрі - Оқу орны) магистратура
бағдарламасы бойынша ________________________________________________
(мамандық атауын көрсетіңіз)
бойынша «Болашақ» стипендиясы бойынша оқудың ______ семестр/триместр,
жалпы _________ жыл мерзімімен Стипендиаттың Оқу орнындағы оқуын ұйымдастырады.»;
2.1.-тармақтың 2.1.1.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1.1. Бекітілген оқу жоспарына сәйкес Оқу орнындағы дайындық бағыты бойынша осы Шарттың 1.2.-тармағында көрсетілген оқуын ұйымдастыруға. Стипендиатты оқуға тіркеу туралы шешімін Оқу орны шығарады.»;
2.1.-тармақтың 2.1.3.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1.3. Стипендиат осы Шарттың 2.3.4-тармақшасына сәйкес ұсынылған оқу жоспарын ол ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ескертулер болмаған жағдайда бекітуге.»;
2.2.-тармақтың 2.2.5. және 2.2.6.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2.5. Орталық:
«Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуден өту;
Оқу орнында оның оқуын ұйымдастыру;
Оқу орнында оқуы;
осы Шарттың 2.3.22. тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бес жылдық қызмет ету кезеңінде алған Стипендиаттар туралы мәліметтерді пайдалануға. Көрсетілген мәліметтерді Орталық Республикалық комиссияға, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияға, Серіктестерге, Оқу орнына, Жұмыс берушіге және әлеуетті жұмыс берушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдарға ұсына алады.
2.2.6. Кепіл берушіге (кепілдік берушіге), ата-анасына (қорғаншысына) Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Стипендиат және/немесе кепіл беруші (кепілдік беруші) ұсынған осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндетемелерін орындауды қамтамасыз етуіне өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.»;
2.3-тармақтың 2.3.4. тармақшаларының бірінші, екінші, үшінші бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.4. Стипендиаттың оқу орнында оқуын басталғаннан кейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Оқу орны белгілеген міндетті оқу практикасын және/немесе тағылымдамасын көрсете отырып, Орталыққа оқу жоспарын бекіту үшін ұсынуға.
Оқу жоспарын құру кезінде күндізгі бөлім студентінің (full-time student) мәртебесін ұстану үшін қажетті сандағы кредитті жинауға.
Орталықта ұсынылған оқу жоспарына ескертулер болған жағдайда оларды алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Орталыққа түзетілген оқу жоспарын қайта бекіту үшін ұсынуға.
Бекітілген оқу жоспарына оқу мерзімдерін ұлғайтуды және қосымша қаржы шығындарын тудыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.»;
2.3-тармақтың 2.3.5 тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
2.3.5. Стипендиаттың Оқу орнында оқуы басталғаннан кейінгі 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Орталыққа Оқу орнының әкімшілігі Орталыққа құпия ақпаратты (үлгерім деректер туралы, академиялық мәртебе, оқу мерзімі) беруге құқылы болатын қол қойылған рұқсатты ұсынуға. Оқу орны белгілеген әрбір аралық оқу кезеңінің (семестр, триместр немесе т.б.) нәтижелері алынған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Оқу орнынан академиялық үлгерім туралы, оның ішінде Оқу орнынан шығару туралы ресми бланктегі, академиялық куратордың қолы қойылған және мөрмен куәландырылған ресми жазбаны, сондай-ақ Стипендиаттың бекітілген оқу жоспарын орындау бағасын және оқуын жалғастыру бойынша ұсынымды Орталыққа ұсынуға.»;
2.3.-тармақтың 2.3.7., 2.3.8., 2.3.9.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.7. Оқу сабақтарына қатысуға, бекітілген оқу жоспарында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін Оқу орны белгілеген мерзімде орындауға, сынақтарды, емтихандарды және өзге де бақылау түрлерін уақытылы тапсыруға, оқу процесінде Оқу орны белгілеген аралық оқу кезеңінің (семестрі, триместрі немесе т.б.) қорытындысы бойынша академиялық үлгерімді Оқу орнының бағалау жүйесіне сәйкес анықталатын үлгерімнің ең көпкөрсеткішінен 60-тан* (алпыс) кем емес процентке баламалы бағаға/балға қамтамасыз етуге.
2.3.8. Егер Стипендиаттың Оқу орнындағы белгілеген әрбір аралық оқу кезеңінің (семестр, триместр немесе оқу жылы) қорытындысы бойынша үлгерімінің көрсеткіші осы Шарттың 2.3.7 тармақшасында көзделген көрсеткіштен төмен болса, кейінгі аралық оқу кезеңі (семестр, триместр немесе оқу жылы) ішінде академиялық үлгерімін осы Шарттың 2.3.7. тармақшада белгіленген көрсеткішке дейін көтеруге. Стипендиат жоғарыда көрсетілген кезеңде үлгерімін көтермеген жағдайда, сондай-ақ келесі оқу кезеңдерде академиялық үлгерімін осы Шарттың 2.3.7 тармақшасында белгіленген көрсеткіштен кем азайтқан жағдайда, Орталық осы Шарттың 2.2.7 тармақшасында көзделген шараларды жүзеге асырады.
2.3.9. Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқу орнының күндізгі бөліміне мамандығы не оның баламасы бойынша осы шарттың 1.2-тармағында көрсетілген білім бағдарламасы бойынша өтуге және толық курсты уақытылы аяқтауға. Бекітілген оқу жоспарында белгіленген мерзімдерде диссертация қорғауға.»;
2.3.-тармақтың 2.3.14. және 2.3.15.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.14. Бекітілген оқу жоспарында көзделген практикадан/тағылымдамадан өту басталғанға дейін 40 (қырық) күнтізбелік күн ішінде Орталыққа практиканың/тағылымдаманың басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып не Стипендиаттың, ол Қазақстан Республикасының аумағында өтетін болса, практикадан/тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін қажетті құжаттарды практикадан/тағылымдамадан өту орнынан ресми хатты ұсынуға.
2.3.15. Бекітілген оқу жоспарында белгіленген мерзімдерге сәйкес практикадан/тағылымдамадан өтуге.»;
2.3.-тармақтың 2.3.18., 2.3.19., 2.3.20.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.18. Бекітілген Оқу жоспарында көзделген оқудың толық курсын аяқталғаннан және дәреже (магистрлар үшін) алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасына келуге, Орталыққа Қазақстан Республикасына кіруі туралы белгісі қойылған паспорт көшірмесін ұсынуға.
2.3.19. Бекітілген Оқу жоспарына сәйкес оқудың толық курсын аяқталғаннан және дәреже алған кейін Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Орталыққа оқуын аяқтағаны туралы өтінішті, сондай-ақ Оқу орны белгілеген үлгі бойынша осы Шарттың 1.2-тармағында көрсетілген мамандық бойынша магистр дәрежесі тағайындалғаны туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын, сондай-ақ диссертациялық/дипломдық жұмыс бағаларын көрсете отырып, қорытындысын қоса алғанда, оқуының барлық кезеңіне транскрипт ұсынуға.
Оқу орны белгілеген шарттар бойынша көрсетілген құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, Орталыққа уақытылы тапсырмау себебі мен тиісті құжат Оқу орнының мөрімен және академиялық куратордың қолымен куәландырылған растама хат ұсынылатын мерзімі көрсетілген жазбаша өтінішті ұсынуы қажет.
2.3.20. Бекітілген оқу жоспарында көзделген оқу мерзімін аяқтағаннан соң Қазақстан Республикасына қайтып оралған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде өз бетінше жұмыс іздеуді жүзеге асыруға.»;
2.3.-тармақтың 2.3.24. және 2.3.25.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.24. Болатын елі мен Қазақстан Республикасындағы өзінің тегін, байланыс ақпаратын (үй, жұмыс, ұялы телефондары, электрондық мекенжайы) өзгерткен жағдайда 10 (он) күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Орталыққа хабарлауға.
2.3.25. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және қажет болған жағдайда өтеу туралы шартты шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасу арқылы оған жеке қатысты республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша барлық талаптарды орындауға міндетті.»;
3.5.-тармақтың 3.5.2.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.5.2. Қағидаларда көзделген өзге де шығыстарды төлеуді Орталық:
1) Орталықпен жасалған шарт негізінде тиісті қызметті (билеттер ресімдеу және т.б.) көрсететін үшінші тұлғаларға. Шарттар болмаған жағдайда төлем шоттар (инвойстар) негізінде;
2) көрсетілген шарттар және төлем шоттар (инвойстар) болмаған жағдайда, төлем Стипендиат ұсынған қызмет көрсетілетін елдің заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжаттары (төлем шоты, түбіртек, фискальді чектер, отырғызу талондары және т.б.) негізінде Стипендиаттың төлем карточкасына жүзеге асырылады. Стипендиаттың төлем құжаттарын ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Стипендияттың төленген фактісін растайтын құжаттарды кейіннен ұсыну шартымен Орталықтың шешімі бойынша және Стипендиаттың жазбаша өтініші негізінде Қағидаларда көзделген және «Болашақ» стипендиясы тағайындалған күннен бастап туындаған шығыстардың жекелеген түрлері бойынша алдын ала ақы төленеді. Растайтын құжаттарға ақы төлеу фактісі алынбаған жағдайда, Стипендиат алдын ала ақы алған күннен бастап 2 (екі) ай өткеннен кейін Орталық кейінгі төлемдерден алдын ала жүргізілген ақы сомасын ұстауға құқылы. Бұған қоса келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Орталыққа өтеуіне жатады.»;
3.7.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.7. Осы Шарт бойынша Орталық төлемдері бекітілген оқу жоспарында көзделген академиялық оқу, бақылау (сынақтар, емтихандар және т.б.) тапсыру, міндетті оқу практикасын және/немесе тағылымдамадан өту кезеңдеріне ғана жүргізіледі. Оқуды, міндетті оқу практикасын және/немесе тағылымдаманы мерзімінен бұрын аяқтаған жағдайда стипендияны төлеу нақты деректер бойынша жүзеге асырылады.»;
Phd докторы, бейіні бойынша (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметщілер, ғылыми, педагог қызметкерлер арасынан) доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шартында:
1.2.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) отырысының 20 __ жылғы «__»______________ хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» _________ №_____ қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүргізілген «Болашақ» стипендиясына тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері бойынша Орталық Стипендиаттың
_____________________________________________________________________
(оқу елінің, оқу орнының атауы) (бұдан әрі - Оқу орны)
докторантура бағдарламасы бойынша ___________________________________
(мамандық атауын көрсетіңіз) бойынша:
- Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап, тілдік курстардан өтудің ______________________________ ай мерзімі;
- Стипендиаттың Оқу орнында оқуын бастаған күнінен бастап, академиялық оқудан өтудің ______ семестр/триместр мерзімі, барлығы _____ жыл _____ ай кезеңдерінен тұратын «Болашақ» стипендиясы бойынша оқудың жалпы ______ жыл мерзімімен (тілдік курстар мен академиялық оқу арасындағы кезеңді қоспағанда) оқуын ұйымдастырады.»;
2.1.-тармақты мынадай мазмұндағы 2.1.4.-1. тармақшамен толықтырылсын:
«2.1.4.-1. Республикалық комиссияның шешімі бойынша Стипендиатты тілдік курстардан өтуді жүзеге асыратын ұйымның жақын жинағына осы Шартты жасаған күннен бастап 1 (бір) күнтізбелік жылдан кешіктірмей орналастыруға.»;
2.2.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2. Орталық:
2.2.1. Стипендиаттан оның Оқу орнында оқыған уақытында қабылдаушы Оқу орнының ережелері мен талаптарын сақтауын талап етуге.
2.2.2. Орталық пен Серіктес арасында жасалған келісім негізінде Орталыққа стипендиаттарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуші ұйымдардың (бұдан әрі - Серіктес) қызметтерін пайдалануға.
2.2.3. Стипендиаттың оқуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың орынды мерзімдерін белгілеуге.
2.2.4. Стипендиаттан шарттық міндеттемелерді Стипендиаттың орындауын бақылау үшін құжаттарды талап етуге, сондай-ақ оны ұсынудың орынды мерзімдерін белгілеуге.
2.2.5. Орталық:
«Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуден өту;
Оқу орнында оның оқуын ұйымдастыру;
Оқу орнында оқуы;
осы Шарттың 2.3.18-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бес жылдық қызмет ету кезеңінде алған Стипендиаттар туралы мәліметтерді пайдалануға.
Көрсетілген мәліметтерді Орталық Республикалық комиссияға, Стипендиаттардың өтініштері мен арыздарын қарау жөніндегі комиссияға, Серіктестерге, Оқу орнына, Жұмыс берушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдарға ұсына алады.
2.2.6. Кепіл берушіге (алушыға), ата-анасына (қорғаншысына), Жұмыс берушіге Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Стипендиат және/немесе кепіл беруші (алушы) ұсынған осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуіне өндіріп алу шарасын қолдануға.»;
2.3.-тармақтың 2.3.7. және 2.3.8.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.7. Оқу сабақтарына қатысуға, бекітілген жеке оқу жоспарында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін Оқу орны белгілеген мерзімде орындауға, сынақтарды, емтихандарды және өзге де бақылау түрлерін уақытылы тапсыруға, оқу процесінде Оқу орны белгілеген аралық оқу кезеңінің (семестрі, триместрі немесе оқу жылы) қорытындысы бойынша академиялық үлгерімді Оқу орнының бағалау жүйесіне сәйкес анықталатын үлгерімнің ең көп көрсеткішінен 60-тан* (алпыс) кем емес процентке баламалы бағаға/балға қамтамасыз етуге.
2.3.8. Егер Стипендиаттың Оқу орнындағы белгілеген әрбір аралық оқу кезеңінің (семестр, триместр немесе оқу жылы) қорытындысы бойынша үлгерімінің көрсеткіші осы Шарттың 2.3.7. тармақшасында көзделген көрсеткіштен төмен болса, кейінгі аралық оқу кезеңі (семестр, триместр немесе оқу жылы) ішінде академиялық үлгерімін осы Шарттың 2.3.7. тармақшада белгіленген көрсеткішке дейін көтеруге.
Стипендиат жоғарыда көрсетілген кезеңде үлгерімін көтермеген жағдайда, сондай-ақ келесі оқу кезеңдерде академиялық үлгерімін осы Шарттың 2.3.7. тармақшасында белгіленген көрсеткіштен кем азайтқан жағдайда, Орталық осы Шарттың 2.2.7 тармақшасында көзделген шараларды жүзеге асырады.»;
2.3.-тармақтың 2.3.21. және 2.3.22.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.21. Болатын елі мен Қазақстан Республикасындағы өзінің тегін, байланыс ақпаратын (үй, жұмыс, ұялы телефондары, электрондық мекенжайы) өзгерткен жағдайда 10 (он) күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Орталыққа хабарлауға.
2.3.22. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және қажет болған жағдайда өтеу туралы шартты шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Орталықпен жасасу арқылы оған жеке қатысты республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша барлық талаптарды орындауға міндетті.»;
2.3.-тармақ мынадай мазмұндағы 2.3.25. тармақшамен толықтырылсын:
«2.3.25. Осы Шарттың 2.1.4-1.-тармақшасына сәйкес Орталық белгілеген мерзімдерде Республикалық комиссияның шешімі бойынша тілдік курстардан өту үшін шығуға.»;
2.4.-тармақтың 2.4.2.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.4.2. Орталыққа «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия тиісті шешім қабылдау үшін білім процесіне қатысты мәселелерді қарау үшін өтініш беруге құқылы.»;
2.4.-тармақты мынадай мазмұндағы 2.4.3. тармақшамен толықтырылсын:
«2.4.3. Оқу орнына тіркеу үшін қажетті шет тілін білу деңгейіне жеткен, бірақ тілдік курстардан, өтуді жүзеге асыратын ұйым белгілеген аралық оқу кезеңінен (семестр, триместр немесе оқу жылы) ерте емес жағдайда осы Шарттың 2.1.4-1.-тармақшасына сәйкес тілдік курстардан өтуді мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.»;
3.5.-тармақтың 3.5.2.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.5.2. Қағидаларда көзделген өзге де шығыстарды төлеуді Орталық:
1) Орталықпен жасалған шарт негізінде тиісті қызметті (билеттер ресімдеу және т.б.) көрсететін үшінші тұлғаларға. Шарттар болмаған жағдайда төлем шоттар (инвойстар) негізінде;
2) көрсетілген шарттар және төлем шоттар (инвойстар) болмаған жағдайда, төлем Стипендиат ұсынған қызмет көрсетілетін елдің заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжаттары (төлем шоты, түбіртек, фискальді чектер, отырғызу талондар және т.б.) негізінде Стипендиаттың төлем карточкасына жүзеге асырылады. Стипендиаттың төлем құжаттарын ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Стипендияттың төленген фактісін растайтын құжаттарды кейіннен ұсыну шартымен Орталықтың шешімі бойынша және Стипендиаттың жазбаша өтініші негізінде Қағидаларда көзделген және «Болашақ» стипендиясы тағайындалған күннен бастап туындаған шығыстардың жекелеген түрлері бойынша алдын ала ақы төленеді. Растайтын құжаттарға ақы төлеу фактісі алынбаған жағдайда, Стипендиат алдын ала ақы алған күннен бастап 2 (екі) ай өткеннен кейін Орталық кейінгі төлемдерден алдын ала жүргізілген ақы сомасын ұстауға құқылы. Бұған қоса келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Орталыққа өтеуіне жатады.»;
3.7.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.7. Осы Шарт бойынша Орталық төлемдері бекітілген оқу жоспарында көзделген тілдік курстардан өту, академиялық оқу, бақылау (сынақтар, емтихандар және т.б.) тапсыру, міндетті оқу практикасын және/немесе тағылымдамадан өту кезеңдеріне ғана жүргізіледі. Тілдік курстарды, оқуды, міндетті оқу практикасын және немесе тағылымдаманы мерзімінен бұрын аяқтаған жағдайда стипендияны төлеу нақты деректер бойынша жүзеге асырылады.»;
4.2.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4.2. Жылжымайтын мүлік кепіл шартының бағалау құны Шарттың жалпы сомасынан төмен болса, қосымша кепілдік шарт(тар)ы жасалады.»;
Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (жоғары оқу орындары түлектері, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) үлгілік шартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (бұқаралық ақпарат құралының редакциясы қызметкерлер, мәдениет қызметкерлер, шығармашылық қызметкерлер, жоғары оқу орындары түлектері, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) үлгілік шарт»;
2.2.-тармақтың 2.2.6. және 2.2.7.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2.6. Орталық:
«Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуден өту;
Оқу орнында оның оқуын ұйымдастыру;
Оқу орнында оқуы;
осы Шарттың 2.3.22.-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бес жылдық қызмет ету кезеңінде алған Стипендиаттар туралы мәліметтерді пайдалануға.
көрсетілген мәліметтерді Орталық Республикалық комиссияға, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияға, Серіктестерге, Оқу орнына, Жұмыс берушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдарға ұсына алады.
2.2.7. Жұмыс берушіге, Кепіл берушіге (кепілдік берушіге), ата-анасына (қорғаншысына) Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Стипендиат және/немесе кепіл беруші (кепілдік беруші) ұсынған осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндетемелерін орындауды қамтамасыз етуіне өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.»;
2.3.-тармақтың 2.3.9.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.9. Оқу басталғаннан кейінгі 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Орталыққа Оқу орнының әкімшілігі Орталыққа құпия ақпаратты үлгерім деректер туралы, академиялық мәртебе, оқу мерзімі) беруге құлы болатын қол қойылған рұқсатты ұсынуға. Оқу орны белгілеген әрбір аралық оқу кезеңінің (семестр, триместр немесе оқу жылы) нәтижелері алынған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Оқу орнынан академиялық үлгерім туралы, оның ішінде Оқу орнынан шығару туралы ресми жазбаны, академиялық куратордың, қолы қойылған және мөрмен куәландырылған ресми бланкідегі Орталыққа ұсынуға.»;
2.3.-тармақтың 2.3.11. және 2.3.12.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.11. Оқу сабақтарына қатысуға, бекітілген оқу жоспарында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін Оқу орны белгілеген мерзімде орындауға, Оқу орны белгілеген мерзімдерде оқу жоспарында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға, сынақтарды, емтихандарды және өзге де бақылау түрлерін уақытылы тапсыруға, оқу процесінде бекітілген оқу жоспарының әрбір аралық оқу кезеңінің (семестрі, триместрі немесе оқу жылы) қорытындысы бойынша академиялық үлгерімді Оқу орнының бағалау жүйесіне сәйкес анықталатын үлгерімнің ең көп көрсеткішінен 60-тан* (алпыс) кем емес процентке баламалы бағаға/балға қамтамасыз етуге.
2.3.12. Егер Стипендиаттың Оқу орнындағы белгілеген әрбір аралық оқу кезеңінің (семестр, триместр немесе оқу жылы) қорытындысы бойынша үлгерімінің көрсеткіші осы Шарттың 2.3.11. тармақшасында көзделген көрсеткіштен төмен болса, кейінгі аралық оқу кезеңі (семестр, триместр немесе оқу жылы) ішінде академиялық үлгерімін осы Шарттың 2.3.11. тармақшада белгіленген көрсеткішке дейін көтеруге.
Стипендиат жоғарыда көрсетілген кезеңде үлгерімін көтермеген жағдайда, сондай-ақ келесі оқу кезеңдерде академиялық үлгерімін осы Шарттың 2.3.11. тармақшасында белгіленген көрсеткіштен кем азайтқан жағдайда, Орталық осы Шарттың 2.2.8 тармақшасында көзделген шараларды жүзеге асырады.»;
2.3.-тармақтың 2.3.22.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.22. Бекітілген Оқу жоспарында көзделген оқудың толық курсын аяқталғаннан және дәреже алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасына келуге, Орталыққа Қазақстан Республикасына кіруі туралы белгісі қойылған паспорт көшірмесін ұсынуға және Жұмыс берушіде алған мамандығы бойынша кемінде бес жыл үзіліссіз жұмыс немесе мемлекеттік қызметшілер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін Қағидаларының 27-тармағы 5) тармақшасының төртінші абзацына сәйкес басқа ұйымда істеуге.»;
2.3.-тармақтың 2.3.25. және 2.2.26.-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.25. Болатын елі мен Қазақстан Республикасындағы өзінің тегін, байланыс ақпаратын өзгерткен жағдайда 10 (он) күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Орталыққа хабарлауға.
2.3.26. Стипендиат осы шартқа қосымша келісімді және қажет болған жағдайда өтеу туралы шартты шешім қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Орталықпен жасасу арқылы оған жеке қатысты республикалық комиссияның, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетілген шығыстардың қажетті сомасын өтеу бойынша барлық талаптарды орындауға міндетті.»;
2.4.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.4.Стипендиат:
2.4.1. Орталықтан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын талап етуге.
«2.4.2. Орталыққа «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия тиісті шешім қабылдау үшін білім процесіне қатысты мәселелерді қарау үшін өтініш беруге.
2.4.3. Оқу орнына тіркелу үшін қажетті шет тілін білу деңгейіне жеткен, бірақ тілдік курстардан өтуін жүзеге асыратын ұйым белгілеген аралық оқу кезеңін (семестр, триместр және т.б.) аяқтағаннан ерте емес жағдайда, осы Шарттың 2.1.2 тармақшасына сәйкес тілдік курстардан өтуін уақытынан бұрын тоқтатуға құқылы.»;
2.5-тармақтың 2.5.8. тармақшасы және 2.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.5. Жұмыс беруші:
«2.5.8. Стипендиатқа өз шарттық міндеттемелерін орындауын бақылау үшін қажетті ақпаратты Орталыққа ұсыну бойынша көмек көрсетуге міндетті.
2.6. Жұмыс беруші:
2.6.1. Стипендиаттан Орталық пен Жұмыс берушіге қатысты міндеттемелерін тиісінше орындауын талап етуге.
2.6.2. Орталыққа, Республикалық комиссияға, мемлекеттік органдарға практикадан/тағылымдамадан өту нәтижелері туралы ақпаратты беруге құқылы.»;
3.5.-тармақтың 3.5.2.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.5.2. Қағидаларда көзделген өзге де шығыстарды төлеуді Орталық:
1) Орталықпен жасалған шарт негізінде тиісті қызметті (билеттер ресімдеу және т.б.) көрсететін үшінші тұлғаларға. Шарттар болмаған жағдайда төлем шоттар (инвойстар) негізінде;
2) көрсетілген шарттар шарттар және төлем шоттар (инвойстар) болмаған жағдайда, төлем Стипендиат ұсынған қызмет көрсетілетін елдің заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжаттары (төлем шоты, түбіртек, фискальді чектер, отырғызу талондар және т.б.) негізінде Стипендиаттың төлем карточкасына жүзеге асырылады. Стипендиаттың төлем құжаттарын ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Стипендияттың төленген фактісін растайтын құжаттарды кейіннен ұсыну шартымен Орталықтың шешімі бойынша және Стипендиаттың жазбаша өтініші негізінде Қағидаларда көзделген және «Болашақ» стипендиясы тағайындалған күннен бастап туындаған шығыстардың жекелеген түрлері бойынша алдын ала ақы төленеді. Растайтын құжаттарға ақы төлеу фактісі алынбаған жағдайда, Стипендиат алдын ала ақы алған күннен бастап 2 (екі) ай өткеннен кейін Орталық кейінгі төлемдерден алдын ала жүргізілген ақы сомасын ұстауға құқылы. Бұған қоса келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Орталыққа өтеуіне жатады.»;
4.2.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4.2. Жылжымайтын мүлік кепіл шартының бағалау құны Шарттың жалпы сомасынан төмен болса, қосымша кепілдік шарт(тар)ы жасалады.»;
Тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шартында:
2.2.-тармақтың 2.2.4.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2.4. Кепілдік беруші мен Жұмыс берушіге Стипендиаттың осы Шарттың шарттарын орындамауы туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың шарттарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Стипендиаттан және/немесе кепілдік берушіден осы Шарт бойынша қарыз сомасын өндіру бойынша шаралар қабылдауға.»;
2.3.-тармақтың 2.3.14.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.14. Тағылымдамадан өту мерзімдері аяқталғаннан кейінгі 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасына қайтып оралуға және Жұмыс берушіде жұмыс істеуге. Осы шарттың 1.2-тармағында көрсетілген мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл үздіксіз жұмыс істеуге;»;
2.3.-тармақтың 2.3.16.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.3.16. Келу елі мен Қазақстан Республикасында өзінің тегін, байланыс ақпаратын өзгерткен жағдайда, 10 (он) күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Орталыққа хабарлауға.»;
3.5.-тармақтың 3.5.2.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.5.2. Қағидаларда көзделген өзге де шығыстарды төлеуді Орталық:
1) Орталықпен жасалған шарт негізінде тиісті қызметті (билеттер ресімдеу және т.б.) көрсететін үшінші тұлғаларға. Шарттар болмаған жағдайда төлем шоттар (инвойстар) негізінде;
2) көрсетілген шарттар шарттар және төлем шоттар (инвойстар) болмаған жағдайда, төлем Стипендиат ұсынған қызмет көрсетілетін елдің заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжаттары (төлем шоты, түбіртек, фискальді чектер, отырғызу талондар және т.б.) негізінде Стипендиаттың төлем карточкасына жүзеге асырылады. Стипендиаттың төлем құжаттарын ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Стипендияттың төленген фактісін растайтын құжаттарды кейіннен ұсыну шартымен Орталықтың шешімі бойынша және Стипендиаттың жазбаша өтініші негізінде Қағидаларда көзделген және «Болашақ» стипендиясы тағайындалған күннен бастап туындаған шығыстардың жекелеген түрлері бойынша алдын ала ақы төленеді. Растайтын құжаттарға ақы төлеу фактісі алынбаған жағдайда, Стипендиат алдын ала ақы алған күннен бастап 2 (екі) ай өткеннен кейін Орталық кейінгі төлемдерден алдын ала жүргізілген ақы сомасын ұстауға құқылы. Бұған қоса келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Орталыққа өтеуіне жатады.»;
4.1.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4.1. Осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету үшін шарттың жалпы сомасынан кем емес сомаға кепілдік шарты жасалады.»;
Резидентурада оқу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) арналған үлгілік шартында:
2.2.-тармақтың 2.2.5. және 2.2.6. тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2.5. Орталық:
1) «Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуден өту;
2) Оқу орнында оның оқуын ұйымдастыру;
3) Оқу орнында оқуы;
4) осы Шарттың 2.3.23-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бес жылдық қызмет ету кезеңінде алған Стипендиаттар туралы мәліметтерді пайдалануға. Көрсетілген мәліметтерді Орталық Республикалық комиссияға, «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштері мен арыздарын қарау жөніндегі комиссияға, Серіктестерге, Оқу орнына, Жұмыс берушіге және әлеуетті жұмыс берушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдарға ұсына алады.
2.2.6. Кепіл берушіге (кепілдік берушіге), ата-анасына (қорғаншысына) Стипендиаттың осы Шарттың талаптарын орындамағаны туралы хабарлауға, сондай-ақ Стипендиат осы Шарттың талаптарын орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Стипендиат және/немесе кепіл беруші (кепілдік беруші) ұсынған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарт бойынша Стипендиаттың міндетемелерін орындауды қамтамасыз етуіне өндіріп алу шарасын қолдануға құқылы.»;
4.2.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4.2. Жылжымайтын мүлік кепіл шартының бағалау құны Шарттың жалпы сомасынан төмен болса, қосымша кепілдік шарт(тар)ы жасалады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Төлеков):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 56 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 163 бұйрығына 7-қосымша
Phd докторы, доктор бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін) арналған
|
ТИПОВОЙ ДОГОВОР
|
1. ШАРТТЫҢ НЫСАНЫ |
1. ПРЕДМЕТ ДОГОВОРА |
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ |
2. ОБЯЗАННОСТИ И ПРАВА СТОРОН |
3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ |
3. ОБЩАЯ СУММА ДОГОВОРА И ПОРЯДОК ОПЛАТЫ |
4. ШАРТТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ |
4. УСЛОВИЯ И ВИДЫ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ДОГОВОРА |
5.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ |
5. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СТОРОН |
6. ШАРТТЫ БҰЗУ ШАРТТАРЫ |
6. УСЛОВИЯ РАСТОРЖЕНИЯ ДОГОВОРА |
7. ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ |
7. ОБСТОЯТЕЛЬСТВА НЕПРЕОДОЛИМОЙ СИЛЫ |
8. ӨЗГЕ ДЕ ТАЛАПТАР |
8. ПРОЧИЕ УСЛОВИЯ |
*Ескерту: Ирландия Республикасы, Австралия, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі үшін үлгерім көрсеткіші кемінде 50 (елу) пайыз.
*Примечание: для Ирландской Республики, Австралии, Соединенного королевства Великобритании и Северной Ирландии показатель успеваемости не менее 50 (пятидесяти) процентов.
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/
АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН
«ОРТАЛЫҚ»/«ЦЕНТР»«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ/АО «Центр международных программ» Мекен-жайы/Адрес: _________________________________ |
«СТИПЕНДИАТ»/«СТИПЕНДИАТ»____________________________________ |