"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 науыздағы № 71 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 наурызда № 9207 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 маусымдағы № 148 (28087), 21 маусымдағы № 153 (28092) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада :
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:
      04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық, Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
      1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеттен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 55-ерекшелікпен толықтырылсын:
      «55 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық, органдары салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
      4 «Трансферттердің түсімдер» санатында:
      01 «Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер» сыныбында:
      1 «Облыстың бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алынатын трансферттер» кiшi сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 07 - ерекшелікпен толықтырылсын:
      «07 Астана қаласының бюджетінен алынатын бюджеттік алу»;
      бюджет шығыстарының функционалдық, сыныптамасында:
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      201 «Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «111 Қазақстан Республикасының 2011 -2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру аясында ic-шаралар өткізу»;
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 017 бюджеттік бағдарламасы бар 466 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «466 Ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      017 Шығыс Қазақстан облысының Солнечный кентінде қазандық салу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
      9 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік бағдарламасы бар 202 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «202 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      111 Қазақстан Республикасы «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын icкe асыру аясында ic-шараларды жүргізу»;
      253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 113 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру»
функционалдық тобында:
      9 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 033 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «033 Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту»;
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 013 бюджеттік бағдарламасы бар 384 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «384 Алматы қаласы жолаушылар көлігі басқармасы
      013 Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ic-шаралар жоспарын іске асыру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      385 «Алматы қаласының автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 046 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ic-шаралар жоспарын icкe асыру» бюджеттік бағдарламасы және 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» және «015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бюджеттік кіші бағдарламалары алып тасталсын;
      701 «Облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 009 бюджеттік бағдарламасы бар 465 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «465 Ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі
      009 Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және
ауылдың елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      700 «Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су
ресурстары басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына
орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында:
      214 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгi» бюджеттік бағдарламалары әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «034 Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың энергия тиімділігі орталықтарын құру»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
      1 «Мәдениет саласындағы қызмет» функционалдық кіші тобында:
      361 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдениет басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «012 Әлеуметтік маңызы бар және мәдени ic-шаралар өткізу»;
      4 «Туризм» функционалдық кіші тобында:
      701 «Облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы»
бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына орыс тілінде өзгеріс
енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер
қатынастары» функционалдық тобында:
      1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      255 «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісі бойынша:
      020 «Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды субсидиялау» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      020 «Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, және көктемгі  егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды субсидиялау»;
      460 «Ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» бюджеттік бағдарламалары әкімшici бойынша:
      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «017 Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу»;
      2 «Су шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      700 «Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына орыс тілде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      3 «Орман шаруашылығы» функционалдық, кіші тобында:
      700 «Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      5 «Қоршаған ортаны қорғау» функционалдық, кіші тобында:
      700 «Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су
ресурстары басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына
орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      9 «Ауыл, су, орман, балық, шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      701 «Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына орыс тілінде өзгеріс
енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:
      3 «Су көлігі» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 020 бюджеттік бағдарламасы бар 354 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «354 Астана қаласының Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы
      020 Астана қаласының әкімшілік-аумақтық, шекарасы шегінде Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесінде су жолы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету»;
      13 «Өзгелер» функционалдық тобында:
      3 «Кәсіпкерлік қызмет қолдау және бәceкeлecтiктi қорғау» функционалдық кіші тобында:
      701 «Облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі атауы орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мәтін мемлекеттік тілде өзгермейді;
      9 «Өзгелер» функционалдық кіші тобында:
      373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «026 Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде әлеуметтік-мәдени нысандарын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      700 «Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына ор ыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      701 «Облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
      03 «Ағымдағы трансферттер» сыныбында:
      310 «Заңды тұлғаларға берілетін ағымдағы трансферттер» кіші
сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «310 Бюджеттік субсидиялар»;
      311 «Заңды тұлғаларға соның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарына
берілетін субсидиялар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «311 Жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарына берілетін субсидиялар»;
      2 «Күрделі шығындар» санатында:
      04 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында:
      430 «Дамуға бағытталған күрделі шығындар» кіші сыныбында:
      436 «Бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартында концессиялық жобаларды icкe асыру» ерекшелігі алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6 санатпен толықтырылсын:
      «6 Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау»;
      мынадай мазмұндағы 08 сыныппен толықтырылсын:
      «08 Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау»;
      мынадай мазмұндағы 810 кіші сыныппен толықтырылсын:
      «810 Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау»;
      мынадай мазмұндағы 811 ерекшелікпен толықтырылсын:
      «811 Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау»;
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      310 «Заңды тұлғаларға берілетін ағымдағы трансферттер» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «310 Бюджеттік субсидиялар»;
      311 «Заңды тұлғаларға соның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарына берілетін субсидиялар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «311 Жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарына берілетін субсидиялар»;
      «Анықтама» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды және жеке тұлғаларға және шаруа (фермерлік) қожалықтарына берілетін субсидиялар.»;
      430 «Дамуға бағытталған күрделі шығындар» кіші сыныбында:
      «Анықтама» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы кіші сыныпта қолданыстағы объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар) жаңаларын салу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау), оларға байланысты технологиялық және инженерлік жабдықты монтаждау (бұзу), құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды жасау (өндіру), аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын шығарған объектілерді постулизациялау бойынша жұмысты жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру бойынша құрылыс қызметіне байланысты барлық шығындар көрсетіледі, сондай-ақ қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуден басқа, сол сияқты ақпараттың жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға және бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды icкe асыруға арналған шығындар көрсетіледі. Осы кіші сынып бойынша жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар көрсетіледі.
      Жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарды төлеу» ерекшелігі бойынша сыныпталады.»;
      436 «Бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартында концессиялық жобаларды icкe асыру» ерекшелігі алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 810 кіші сыныбымен толықтырылсын:
      «810 Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау»;
      мынадай мазмұндағы 811 ерекшелігімен толықтырылсын:
      «811 Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау»;
      мынадай мазмұндағы анықтамамен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа
енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                              Е. Досаев